Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 19:34, курсовая работа
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді.
Кіріспе......................................................................................
І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихынан.....................
1.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі....................
1.3. Экологиялық тәрбие мақсаттары мен міндеттері, мазмұны.....
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздер.......................................................................
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалану...................................................................
2.3. Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту................................................................................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................
Қорытынды
Балабақша бүлдіршіндеріне қоршаған ортамын таныстыра отырып, экологиялық тәрбие беру, бүгінгі күннің өмірлік талабы, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қажетті түсініктер қалыптастыру.
Табиғат- сұлулықтың қайнар көзі эстетикалық тәрбие берудің пәрменді құралы, балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, талғам қиялын дамытады. Табиғат құбылыстарымен жақын таныстыру баланың мысалы: күн сәулесінің нұрын, судың сылдырын, жапырақ сыбдырын, құстардың сайраған үнін түсіне білуге баулиды.
Халықтық тәрбие тағылымындағы асыл мұралардың бірі табиғатқа үлкен құрмет, зор ілтипатпен қарауы, сондай-ақ оны көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа тәрбиелік маңызы бар әңгімелер, ұлағатты терең ойлар жеткізе білуінде. Үлкендердің балаларға «көкті жұлма» болмаса «құсты атпа», «су анасы-бұлақ», «судың да сұрауы бар» – деген сөздерін де мағынасы терең, ауқымы кең философиялық терең ой, тәлім- тәрбиелік бастау жатыр.
Экологиялық тәрбие мазмұнының дені ашық аспанда, серуендеу кезінде жүргізілетіндіктен бақылау, мақсаты серуеннің соңы ойынға ұласады. Әрбір топ балаларының жас ерекшелігіне орай алынған ойын түрлері, балалардың психологиялық ерекшеліктерін айқындап, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Балалардың көңілін өсіріп, ойын сергіту мақсатындағы бағдарлаудың мазмұнына сай тәулік, апта, ай, жыл мезгілдерін бір-бірінен ажыратуға байланысты алынған дидактикалық ойындар. Уақыт бойынша бағдарлай білу, адам тәрбиелілігінің көрсеткіші атты қағиданы басшылыққы ала жүргізіледі. Күнделікті өмір тәрбиесінен алынып, табиғатқа қамқорлықты одан әрі жүргізуге бағытталған кең ауқымды тәрбие жұмысының үлгі жоспарлары табиғат қорғауға жасалған алғашқы әрекет қадамдар. Ал табиғат және халық даналығы, қызыл кітап, қорықтар, тақырыптарда қоршаған ортаны қорғаудың қажеттілігі, табиғат заңдылығының шынайы құндылығы. Қоршаған ортамен таныстыружәне экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің календарлық жоспары бала санасында табиғат қорғау туралы таным, түсінік ұялатып, тәрбие жұмысының жүйкелі жүргізілуіне бағыт –бағдар береді.
Бiлiм беру ұйымдарындағы экологиялық бiлiм беру маманданды -рылған жəне
пəнаралық бiлiм беру бағдарл
Табиғат қорғау мен табиғат байлықтарына ұқыптылықпен қарауға белсендi азаматтық ұстанымды тəрбиелеу бiлiм беру ұйымдарындағы тəрбиенiң басым мiндеттерiнiң бiрi ретiнде танылады.
Мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндеттi бiлiм беру стандарттары мен қоршаған ортаны қорғау жəне табиғат пайдалану саласындағы мамандықтар бойынша кəсiби бiлiм берудiң үлгiлiк оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi. Мемлекет мынадай басым бағыттар бойынша:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуi үшiн бiлiм беру саласында ұзақ мерзiмдi iс-қимыл жоспарын айқындау;
2) экологиялық бiлiм беру мен ағартудың оқу-əдiстемелiк жəне ғылыми-
əдiстемелiк негiздерiн жетiлдiру;
3) қоршаған ортаны қорғау саласында бiлiктi мамандар даярлау;
4) экологиялық бiлiм беру мен ағарту жөнiндегi оқу жəне əдiстемелiк материалдардың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
5) қоғам мен отбасында экологиялық ағарту жөнiндегi бағдарламаларды
жəне iс-шараларды жүзеге асыратын ұйымдарды дамытуға жəрдемдесу жөнiнде экологиялық бiлiм беру мен ағартуды қолдауды жүзеге асырады.
Мемлекеттiк қолдау шаралары:
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қуатбаев А.Т. Жалпы экология. – Алматы, 2008. 220 б.
2. Күлтелеев С.Т., Рахметов Е.Ш. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. – Алматы, 2008. - 10 б.
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2007.– 85 б.
4. Байдельдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы. -Алматы. 2005 – 396 б.
5. Байдельдинов Л.Л. Экологическое законодательство РК. Алматы, 1995. - стр. 128.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы