Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 19:34, курсовая работа
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді.
Кіріспе......................................................................................
І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихынан.....................
1.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі....................
1.3. Экологиялық тәрбие мақсаттары мен міндеттері, мазмұны.....
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздер.......................................................................
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалану...................................................................
2.3. Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту................................................................................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................
Қоғамның экологиялық
мәдениетiн қалыптастырудың
1.3. Экологиялық
тәрбие мақсаттары мен
Экологиялық білім мен тәрбие
берудің мақсаты:
• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға
жол бермеу;
• жастардың бойында экологиялық мәдениет
дағдысын қалыптастыру;
• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі
арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
• экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық
тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың
экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа
үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын
қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның
мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы
қалыптасады.
Экологиялық
тәрбиенің басты міндеттері:
• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық
білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты
оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке
қосу;
• мектепте экологиялық білім және тәрбие
қорамын ұйымдастыру;
Ең басты
міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты
қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық
және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық
тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты,
өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында
адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты
эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды
суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды,
улы химиялық заттарды беру мөлшерінің
мерзімін технологиялық талаптарға спйкес
есепке алып отырады.
Оқушылардың
экологиялық білімнің белгілі жүйесін
игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын
тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті
жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.
Экологиялық білім беру – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру.
Экологияның негізгі міндеттері қатарына: табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің
халыққа жетуін қамтамасыз ету жатады.
Қорыта айтқанда, экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім мен тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты болады. Экологиялық тәрбиеге байланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастыру қажет.
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП
ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық
білім мен тәрбие берудің педагогикалық
негіздері
Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға
болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық,
жүйелілік ұстанымдарына негізделген
үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін
құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау
өзекті мәселелердің бірі болып саналады.
Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі
мектепке дейінгі мекемелердегі экологиялық
тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын
бағдарламадағы «Балаларды табиғатпен
таныстыру» бөлімінен бастау алады. Ал
табиғатпен таныстыру – балалардың танымын
дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда
балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым
түсініктерін байытатын жалпы және нақты
ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор.
Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат
– бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,
тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі
жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі
он жылдықта мектепке дейінгі балаларының
тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік
қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында
табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты
қорғау – экологиялық тәрбие жұмысымен
ұштастырылды.
Экологиялық
тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен
және оның тармақтарымен тікелей байланысты.
Ал классикалық экологиядағы негізгі
түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның
өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір
аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір
сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы
және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста
болуы.
Бұл екі ұғым
мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған
орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту
арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Қоршаған ортаға деген жағымды
қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы
баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек,
экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс
табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін
атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін
немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін
білдіретін сюжетті-рольді ойын;
- балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы
еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе
оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ,
заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды
және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың
табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде
бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің объектілерімен еркін түрде
байланыс жасау – бақылау, оларды еркелету,
күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету
мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді
қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау – бақылау нәтижесндегі
өз пікірін айтумен сабақтасып келген
іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- тіл, сөйлесу іс-әрекеті, сұрақтар, хабарламалар,
әңгіме, диалогқа қатысу;
- т абиғатқа байланысты кейбір мәліметтер
мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді
пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат
жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге
табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың
іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды
қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды,
суреттерді көріп тамашалу, шағын шығармалар
оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан
түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал
ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың
табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп
беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат
жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын
тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп,
қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды,
оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру
ата-аналардың және тәрбиеші-ұстаздардың
көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды
өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның
мазмұнын талдау балалардың жеке басы
ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің
деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді.
Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың
жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық
тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты
руға болады.
Балалармен
экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері
кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу
тәрбиеші-ұстаздың кәсіби шеберлігін
танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде
тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз
етеді. Сол себепті балалардың экологиялық
тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың
тұлға ретіндегі экологиялық білімін
дамытуда пайдалануға болатын мынадай
әдіс түрлерін ұсынамыз.
«Тіршілік
иелерінің өміріне қажетті түғызу және
қолдау әдісі» балаларға экологиялық
тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып
саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау
дағдыларын, икемділіктерін айқындауға
бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің
нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды
бағалауға бағытбереді және оларға сипаттама
беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық
тәрбиеде жақсы нәтижеге жету – осы әдіс
түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің
бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ,
заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде
және жаңартуға қатысу балаларға қажеттітәжірибелік
дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау-
табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі,
мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім
мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық
күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік
объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей
байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи
объектілер мен табиғат құбылыстарын
бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен
таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.
Бақылау балаларға табиғат жөніндегі
нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін
, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді,
құстарды бақылау арқылы бала көптеген
жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау
баланың жеке басының бақампаздығын аңғартады,
осының әсерінен баланың дүниетанымы
кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік
көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы
арта түседі.
Табиғатты
бейнелеу әдісі – экологиялық тәрбие
жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі.
Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби
шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді,
музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап,
табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу
өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен
тікелей байланыста алынған халқымыздың
ұлттық тұрмыс бұйымдары балалардың ол
жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен
жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,
бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға
жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі
көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне
әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге
итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.
Тіл дамыту
іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне
қарай «табиғатты бейнелеу әдісінен»
«сөздік әдеби әдісін» өз бетінше бөліп
қарауға болады. Сөз белгілі бір формада
және деңгейде кез келген іс-әрекетті
қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде
үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, «диалог»
түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен
мен баланың қарым-қатынасында табиғат
туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті
туралы түсініктердің көрініс табуымен
нақтыланады. «Монолог» арқылы (мұғалім
әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің
жаңа саласына енеді.
Жоғарыдағы
әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық
тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі
экологиялық білімін дамыту мақсатында
жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамын:
- балабақшаның немесе мектептің, туған
қаласының орнын картаға белгілеп, тәрбиеші
көмегімен желімдеу;
- теңіздер мен мұхиттар жөнінде қарапйым
түсініктер беру;
- өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен
белгілеу;
- экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп,
желімдеу.
Картамен
жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың
алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып
және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын
игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық
жағдайларын танып білуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар
үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады
және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының
жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде,
қорытынды жасауға белсенді түрде қатыса
алады.
Өнер туындыларынан
көрмелер ұйымдастыру, ондағы табиғаттың
әсем көрінісін балалардың әңгімелеп
жеткізе білуі олардың сезімдік талғамын,
әдемілікке ұмтылу қабілеттерін дамытады.
Кішігірім көрмелерді көру, мұражайларға
саяхат жасау, мәдени байлықтарды бағалай
білу баланың тұлға болып қалыптасуына
ықпал етеді. Үлкендердің басшылығымен
қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып
ұйымдастырылатын жақын жердегі экожүелерге,
орманға, жорықтарға шығу, көргендерін
шамаларына қарай қағаз бетіне түсіру
– экологиялық сауықтыру мәні бар өте
маңызды жұмыстар. Бұдан балалар таза
ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық
ләззат алады, өсімдіктер мен жануарлардың
бірлестігі туралы біледі, олардың қимыл
қозғалыстарын бақылайды.
Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дамытушы ойындар мен сөздік ойындардың маңызы өте зор. Олар байланыстырып сөйлеу мен есте сақтауды, ойлауды дамытады.К.Ушинский бұл жөнінде былай деген: “Егерде педагог бір нәрсені баланың есінде қалдыруды көздейтін болса, ол сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолымен ұстау және сезім мүшелерін қолдануы керек”.
Балаларды үй жануарлары, құстар, балықтар, гүлдер, аңдар, жәндіктер, жеміс – көкөністермен таныстырып болған соң, “Қайсысы артық, неге?”, “Не өзгерді?”, “Дәмінен айыр?”, “Даусынан айыр” т. б. ойындар ойналады. “Егерде мен үлкен болсам” ойыны балаларды шығармашылдыққа, жауаптылыққа үйретеді, табиғатты қорғауға тәрбиелейді.
Сонымен қатар экологиялық сәттер оқып беру арқылы балалардың адамгершілік, танымдық қабілетін дамытамыз. Ойын барлық сабақпен тығыз байланысты, ойынсыз сабақ өтпейді десем жаңылмаймын. Ойын баланы жан-жақты дамытып, оқыту мен тәрбиелеуде өз септігін молынан тигізеді. Жиі сұрақ қойылады: тәрбиеші ойынға қатыса алама және қатысуға тиісті ме? Әрине құқық қа біз иеміз, егер бұл ойынға қажетті бағыт берсе. Бірақ үлкендердің ойынға араласуы тек оны бала қалап, сенім білдіріп, сыйласа, егер ол ойынды қызғылықты өтіп, ережесін бұзбай ойнай алса ғана іске асады.
Көркем шығармаларды сахналауды балалар өте қызығушылықпен ойнайды. Мысалы: “Аңшы мен бала”, “Гүлдер туралы аңыз” бойынша сахналауда олар жағым-ды және жағымсыз кейіпкерлерді тауып, шығарманың мазмұнын талдағанда табиғаттың қорғаушысы болған ба-лаларға ұқсағысы келетіндері байқалды.
Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: “Кім тез үреді?”, “Толқын”. Көптеген ойындар таза ауада ойналады, балалардың қимылдауына, ойлауына септігін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде әр түрлі ойындар ойнауға болады. Мақсатты серуендерде ағаштарды бақы-лау, өзгерісті айту, құстарға қамқорлық жасау, гүлдерді суару т.б арқылы балаларды еңбек сүйгіштікке, сұлулық-ты көруге, сезінуге тәрбиелейміз.
Ойын алаңында қимылды ойындарда ұйымдастырылады “Аю мен түлкілер”, “Қасқыр мен қояндар” т.б ойындарда балалар жануарлардың мінез-құлқын, жүрісін, даусын салады. Ойын арқылы олардың шығармашылық қиялдауы да-мыды. Олар ойындарда бірнеше құбылысты біріктіреді, жаңасын қосады, кейде өмірден, ертегіден қосып алады. Мысалы: Орманшы, зообақтағы аңдар т.б олар өз ойындарына қосып біреуі орманшы болып, қалғандарына өз ақылын айтады, оған қаладан зообаққа аң қоюға адам келеді.
Экологиялық шығармашылықты ойын арқылы дамытуда бала белсенділігі мен қабілеттілігінің маңызы зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын
кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден
тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.
Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.
Жоспарлы – прогностикалық оқыту үрдісінің біріккен сұлбасы
Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушылық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.
Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.
Экологиялық біліктілік арқылы ұжымдық, топтық, жеке қабілеттерді ашуға болады. Жалпы экология барлық оқыту – тәрбиелеу үрдісімен байланысты.
Осы оқу іс-әрекеттерді тиімдідұрыс пайдалануы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыта отырып,білімді игеруге қызығушылықтарын тудырады. Балалар оқу іс-әрекетінде алған білімдерін іс-жүзінде тәжірибелерде өздері жасап, нәтижесін көреді. Мысалы: өсімдікке ауа қалай енетінін анықтауды қызыға орындайды.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы