Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 19:34, курсовая работа
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде. Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері қандай және одан қалпына келмейтін қандай тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым, екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын білім ғана шешіп береді.
Кіріспе......................................................................................
І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихынан.....................
1.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі....................
1.3. Экологиялық тәрбие мақсаттары мен міндеттері, мазмұны.....
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздер.......................................................................
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалану...................................................................
2.3. Мектепке дейінгі экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін ойын арқылы дамыту................................................................................
Қорытынды.............................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты
«Мәдениет және өнер колледжі»
Курстық жұмыс
Пәні: Мектепке дейінгі педагогика
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы
Курс: 4
Тобы: 2МТ-10-1
Дайындаған: Закирова С.
Тексерген: Нурабаева М.
Мазмұны
Кіріспе.......................
І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ
ТЕОРИЯСЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Экологиялық білім мен тәрбие беру
тарихынан.....................
1.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі....................
1.3. Экологиялық тәрбие мақсаттары мен
міндеттері, мазмұны.....
ІІ ТАРАУ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаларға
экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздер......................
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен
таныстыруда логикалық тапсырмалардың
пайдалану.....................
2.3. Мектепке дейінгі
экологиялық оқыту, тәрбиелеу үрдісін
ойын арқылы дамыту........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазіргі кезде адамзатты қоршаған ортаның
күрделі экологиялық проблемалары толғандыруда
және оларды жедел шешу тәсілдері іздестірілуде.
Бұл ізденістерде айналадағы орта туралы
білімнің берері мол.
Бұл арада шешілуге тиісті ең негізгі
мәселе адамның табиғатқа тигізетін әсері
қандай және одан қалпына келмейтін қандай
тізбекті өзгерістер туындайтынын анықтауда
болып отыр. Бұл мәселені бір жағынан ғылым,
екінші жағынан ғылымның ашқан жаңалықтары
негізінде, іс -әрекет жасауға бастайтын
білім ғана шешіп береді.
Қазақстан
Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына
түскенде экологиялық білім мен тәрбие
берудің маңызы арта түсуде. Бұл проблемалар
президент Н.А.Назарбаев ұсынған "2030
стратегиясы" бағдарламасында басты
орында тұр.
Қоршаған орта
бүлініске ұшырап ауқымды экологиялық
проблемалар туындаған қазіргі жағдайда
білім мен насихат барлық адамдардың -
мұғалімдердің, дәрігерлердің, ғалымдардың,
бизнесмендердің, өндірушілердің, саясаткер-лердің
назарына ілініп отыр. Қоғамның іргелі
құрылымынан қолдау тапқан экологиялық
білім мен насихат қана жаңа адамды - XXI
ғасырдың азаматын қалыптастырады және
аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік
- экологиялық жағдайда іс - әрекет жасауға
үйретеді.
Экологиялық білімнің тиімділігі жүйелілік
тәсілге негізделіп үздіксіз жүзеге асырылғанда
ғана артып табысқа жетеді. Үздіксіз экологиялық
білім беру жүйесін құрудың мақсаты - ғылыми
және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде
окушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру,
қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын
құндылықты, мінез-құлықты, іс-әрекетті
қамтамасыз ету.
Қазіргі
кезеңнің ерекшелігі экологиялық білім
және тәрбие беруді қолма - қол өмірге
енгізіп жетілдіру керек. Өйткені табиғаттағы
апатты жағдайлар жасынан "Экология-ландырылған"
ұрпақтың өсіп жетілуін күтуге, ұзақ мерзімді
эксперимент жүргізуге уақыт қалдырмайды.
Экологиялық
білім көпшіліктің санасына айналадағы
ортаны сақтаудағы жауапкершілік идеясын
ұялатып, қоғамның әр мүшесінде табиғатқа
аялай қарауды қалыптастыруы тиіс. Мұны
тездету үшін іс - әрекеттің нақтылы бағдарламасы
және үздіксіз экологиялық білім беруге
қатысатындардың істерін үйлестіріп отыру
кажет. Ұсынылып отырған ұлттық бағдарлама
осы мәселелерді шешу мақсатымен жасалып
отыр.
І ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕ ТЕОРИЯСЫ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1.Экологиялық білім мен тәрбие беру тарихынан
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана
пайда болды. Экология сөзін «Естественная
история происхождения» атты өзінің кітабында
ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест
Геккель 1968. Экология ойкос деген грек
сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді.
Экологиялық
зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда
бола бастады, ал соңғы 10 – 15 жылдардың
ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның
табиғатқа көз – қарасының тікелей өзгеруімен
байланысын көрсетеді. Адам табиғатты,
оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз
керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған
байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық
орта азғындап ластануда. Жер бетінде
өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер,
теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс
- әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы
табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа
ұшырауда.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата-ана баланың қоғамдағы негізгі мінез-құлық нормаларымен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Қазіргі кездегі ситуациялардан кейбір парадокстарды байқауға болады. Көбіне, балалардың экологиялық білімділігі ата-аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата-аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай-ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды-солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады - бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозольдарды қолдану және т.б. Сөйтіп экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзіле бастайды.
Одан кейінгі экологиялық тәрбиенің қалыптасуы қоғамның қатысуымен болуы керек. Бұл көбіне елдің басшыларына, олардың экологиялық мәдениетінің деңгейіне, қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарына қаншалықты көңіл бөлініп жатқанына байланысты.
Экологиялық білім беру - балабақша, орта мектеп, лицей, гимназия, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесі.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді, әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ, кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Бәріне ортақ принципі бойынша экологиялық тәрбие мен білім беру қоғамның барлық мүшесін қамтуы керек. Экологиялық пәндерді оқыту жоғары оқу орындарының барлығында жүргізілуі керек. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек, бұл жерде баспасөз ақпарат құралдарының, қоғамдық экологиялық ұйымдардың да ролі зор.
Экологиялық тәрбие мен білім берудің кешендік принципі бойынша, әртүрлі екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі.
Үздіксіз принципі, азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты - қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Экология міндеті - адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Экологиялық ақпараттар алуға және қоршаған ортаны қорғау саласында шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы бойынша Қазақстан қол қойған Орхус Конвенциясы халықтың экологиялық саясатқа қатысуына үлкен жол ашады.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323 000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген, қазіргі таңдағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.
1.2. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша көңіл аударғаны баршамызға белгілі.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау
барысында, білім беру мәселесінің
өзектілігі күннен күнге артып келеді.
Экологиялық тәрбиенің
Экология – бұл әлеуметтік
проблема. Өндіріс орындарының күрт
арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның
дамуына байланысты, қоршаған ортаны
сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды
үнемді пайдалану қазіргі күннің
өзекті проблемаларының бірі болып
отыр. Бұл мәселелерге
Қазақстанда экологиялық жағдайдың қалыптасуы халықтың денсаулығына әсер етпей қоймайды, экономикалық мағынаға әкеледі, сондықтан экологиялық қауіпсіздік – мемлекет аймақтарының стратегиялық міндеттерінің бірі, ерекше атап көрсетсек, экологиялық қауіпсіздік – бұл халықтың тұрмыс жағдайының тұрақтылығы мен қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету. Экологиялық жағдайдың нашарлау себептерінің бірі халықтың экологиялық білім деңгейінің төмендігі немесе жеткіліксіздігі.
Осыған орай, қоғам өміріндегі ең басты міндеттердің бірі – табиғатты қорғау мәселелерімен жастарды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру.
Көрсетілген пәндер бойынша экологиялық мәліметтерді сол пәндердің негізінде бағдарламаға енгізу қажет. Мысалы, география пәні бойынша: жерді қорғау, тиімді пайдалану, орман-тоғайларды, өсімдіктерді қорғау, оларды өрттен сақтау, өзен-көлдердің ластануына қарсы күрес жүргізу, ауаның тазалығын сақтау, өндірістерді, топырақ, ауа жағдайларын есепке алып тұрған жерлерде дұрыс орналастыруды қамтамасыз ету.
Арнайы экологиялық пәндерді
енгізумен бірге, дәстүрлі пәндер де,
мазмұны жөнінен жердің тұтастығы,
барлық тіршілік етушілердің ортақ
мекені жөніндегі идеяларымен
Экологиялық білім беру мектепке
дейінгі мекемелерден бастау алуы қажет.
Бұл – экологиялық мазмұнға құрылған
танымдық негіздегі амалдар мен
ойындар, табиғатқа қамқорлық сипаттағы
әдістер. Мұнан соң, бастапқы экологиялық
білім, орта мектептерді қамтып, стандартты
мәселелер мен табиғатқа әсер
ету модельдерін пайдалану
Экологиялық білім беру жүйесіне
қойылатын ортақ талап –
Қоршаған орта проблемаларына білім беру екі бағытты қамтиды: бірі – іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін мамандар, басшы кадрлар даярлау, әр түрлі пәндердің мазмұнын экологияландыру; екіншісі – жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау мақсатында көпшілік пікірлерін қалыптастыру. Оқу процесінің логикасы, қарапайым экожүйеден күрделіге өту арқылы сабақтастырылып, тіршілікке экологиялық пікір қалыптастыра жасалуы қажет. Қоршаған ортаның проблемаларына сын көзбен қарап, оны сақтай білуде жауапкершілік сезім тәрбиелеу – ең маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі техникалық құралдарды қолдану мен оқытуды компьютерлендіру, оқытудың жаңартылған әдістерін, пәнаралық тәсілдерді, ұжымдық оқытуды ендіру, ақпарат жинақтау орнын құру – бағдарламада негізгі орын алатын тұстары болып саналады.
Экологиялық білім берудің мақсаты мен маңызы экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруда жатыр. Қазіргі жағдайда, экологиялық білім беруді басқаратын ұйымдастырушының қажеттілігі анық сезіліп отыр. Осындай ұйымдастырушылық бағытты үздіксіз білім беру бағдарламасы атқара алады. Бағдарлама білім беру процесіне қатысатын барлық субъектілердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және олардың әрқайсысы, кезеңіне сай қандай қызмет атқаратынын анықтап жәрдемдеседі.
Информация о работе Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы