Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 06:42, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:
1) білім дәрежесі;
2) озық әдістемені меңгеруі;
3) мақсат-бағыттылығы;
4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
1.1.Мұғалім- адамтанушы мамандық
1.2.Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика
1.3. Мұғалімнің дидактикалық дайындығы жалпы кәсіби — педагогикалық
даярлықтың негізгі және маңызды саласы

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА КУРС.docx

— 68.41 Кб (Скачать документ)

2.Мұғалім-баланың рухани  әкесі.

Жалалдин Дауани.

3.Ұстаздың мінез-құлық  сипаттары мынадай болуға:оның  тілі тым қатты да болмауы,сондай-ақ  ырыққа да тез жығыла бермеуі  тиіс.Өйткені,тым қаттылық шәкіртті  өз ұстазына қарсы қояды,ал  тым ырыққа көнгіштік ұстаздың  қадірін кетіреді.Оның берген  сабағы мен біліміне шәкірттері  салқын қарайтын болады.Ұстаз  өз тарапынан қашан да ынталылық  пен табандылық көрсетуі керек.

Әл-Фараби.

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

А.Құнанбаев.

Шығармашылық жұмыс.

«Менің болашақ мамандығым - мұғалім»тақырыбына эссе жазу.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу, хормен оқу.

Оқушылар аударып,дәптерге жазады:

-Үй тапсырмасын қайталаңдар.

-Кітаптарыңды ашыңдар.

-Мәтінді тыңдаңдар.

-Қайталаңдар.

-Мәтінді оқыңдар.

-Мәтінге сұрақ қойыңдар.

-Қаламыңды ал.

-Шығарма жазыңдар.

-Ауызша сөйлесіңдер.

-Үй тапсырмасын алыңдар.

-Жарайсыңдар!

Жаңа сөздерді қолдана отырып екеуара сөйлесуді толықтыр:

Екеуара сөйлесу “Сабақта”:

-Сәлеметсіздер!

-........ !

-Сыныпта кім кезекші?

-....................

-Сыныпта кім(кімдер) жоқ?

-................

-Қандай себеппен жоқ?

-.................

-Үйге қандай тапсырма  берілді?

-...........

-Кім жауап береді?

-.............

-Жарайсың,өте жақсы.

Оқушылар өз беттерінше диалог құрастырып,екеуара сөйлеседі.

ІУ.Жаңа сабақты бекіту

Мақалдарды хормен оқу,дәптерге жазу.

1.Шәкіртсіз-ұстаз тұл.

2.Шәкірт болмаған,

Ұстаз да болмас.

3.Ұстаз жолын ұстанған  қор болмас.

4.Ұстазы жақсының ұстанымы  жақсы.

5.Ұстаз алдында тіліңді  тый,

Ұста алдында қолыңды тый.

6.Атпаз көрген ат таныр,

Ұстаз көрген хат таныр.

7.Аға-ініге ұстаз,

Апа-сіңліге ұстаз.

8.Қызықтырар ұстаз болса,

Қызықпайтын шәкірт болмас.

9.Қыран түлегіне қайыспас  қанат сыйлайды,

Ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды.

10.Шәкірт келеді зейінді,

Ұстазы болса бейімді.

Өлеңнен үзіндіні оқу,жаттау, аудармасы арқылы мағынасын түсіну:

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ғафу Қайырбеков

V.Үйге тапсырма.

Жаңа сөздер,мақалдар жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бұл міндетті шешуде ҚР аумағында  2010 жылдан бастап білім берудің мемлекеттік стандарттарының қайтадан жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейіне сай білім алуының талап етілуі, білім беру үдерісінің өзекті мәселесінің бірі. Ол үшін бүгінгі таңда оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, оқыту үдерісіндегі педагогикалық озық технологияларды тиімді қолдануды және мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптарды күшейте  отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен формаларын ұтымды ұйымдастыруды жетік меңгере білгенде ғана өз шешімін таппақ.

Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі - мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру арқылы мектеп мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан да бүгінгі мектеп мұғалімдерінің бойында шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдерінің ұстаздық қызыметіндегі шығармашылық жұмыстарын зерделеу қажеттілігі туындайды деп түсіндіреді . 

Жалпы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі. Демек мектеп өмірімен тығыз байланысты. 

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша екенін педагогика ғылымында тереңінен зерттелген дүние екені белгілі деп өз еңбегінде атап көрсетеді.

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жалпы баланың алғашқы күннен қолына қалам ұстатып әліппені жаттатқызатын мектеп мұғалімі. Сандықтан да  алғашқы білім алу кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Демек, баланың қандай білім беру мекемесінен және қандай мұғалімнен білім алғанына байланысты. Ол алған білімдерінің сапалық құндылығы келешекте баланың сабақ үлгеріміне және  жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты ықпалын тигізеді.  

Ал тәлім-тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін еңбек дағдылары арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп екендігі даусыз. Мектептің бастауыш сыныптарында қалана бастайтын еңбек дағдысы мен іскерлік қабілеттері мектептің жоғары сыныптарында  өз жалғасын табып, тереңдетіліп отырады.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.  Дегенмен, баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез құлқы мектепке дейінгі тәрбие  негізінде қалыптасса, одан ары қарай бастауыш сынып, жоғары сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп,  қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақьлдың дәнін сеуіп, нұр құятьн тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді .

Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі  мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз .

Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының  педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  

 

  1. Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптаструдың негіздері. Монография. Түркістан-2011.
  2. Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.
  3. Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 1997 ж
  4. Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж.  №6
  5. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.
  6. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі. - Алматы: КазПИ,1991.
  7. Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б. - Ал-маты: Педагогика, 2000
  8. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004.
  9. Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылым-дарының.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авто-рефераты.
  10. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби қүзіреттілігін қалыптастыру. - Қарағанды, 2005. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика