Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 06:42, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:
1) білім дәрежесі;
2) озық әдістемені меңгеруі;
3) мақсат-бағыттылығы;
4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
1.1.Мұғалім- адамтанушы мамандық
1.2.Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика
1.3. Мұғалімнің дидактикалық дайындығы жалпы кәсіби — педагогикалық
даярлықтың негізгі және маңызды саласы

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА КУРС.docx

— 68.41 Кб (Скачать документ)

                                                  МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 
І.МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ  БАСТЫ  ТҰЛҒА 

1.1.Мұғалім- адамтанушы мамандық

1.2.Мұғалім кадрларын кәсіби  окыту жүйесіндегі педагогикалык  практика

1.3. Мұғалімнің дидактикалық дайындығы жалпы кәсіби — педагогикалық

       даярлықтың негізгі және маңызды саласы

 
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

 
ҚОРЫТЫНДЫ

 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың  өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:

1) білім дәрежесі;

2) озық әдістемені меңгеруі;

3) мақсат-бағыттылығы;

4) ғылыми тілмен сөйлеу  мәдениеттілігі.

Маманның мінсіз даярлығы сапалық бейнелеу моделі В.Сластенин, Ю.Васильева, Е.Белозорцев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар профессиограмма арқылы маманның кәсіби даярлығының мазмұнын, тәсіл- құралдарын, түрі және басқа да тиімді тәсілдерін табуға болады деп есептейді. Келесі көзқарас иелері: К.Дурай-Нованова ынталық, танымдық – бағалау, қызметтік бөліктерін, ұсынса, У.Даясенко-Кандыбович ынталық, бағдарлық, сезімдік, еріктілік бөліктерін алға тартады.

Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.

  1. Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
  2. Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
  3. Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
  4. Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.

Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір

бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды: а) зерде, өй- санасы; ә) эмоция және ырық; б) тәжірибелік іс-әрекет.

Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру. Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.        

 Бүгінгі таңда жаңаша  жұмыс жасау, оқу мен тәрбие  үрдісін жаңаша  ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің   дамуы  мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалімнің практикалық іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен  шеберлік  мәселелері.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік  мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазіргі қоғамдағы педагогикалық әдеп пен шеберлік ұғымын  сипаттау.

Курстық жұмыстың міндеттері:       

- Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны;      

-  Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.;       

-  Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы;        

- Педагогикалық шеберліктің  мазмұны мен компонеттері;       

 -  Педагог профессиограммасы.;       

-  Педогикалық әдептің негіздері;       

- Педагогикалық шеберлікті  қалыптастыру  жетілдіру;     

   - Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.

Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие  туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне  сүйеніп жасалған. 

Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

ҰСТАЗ ДЕГЕН... 
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. 
                                                                                                          Әл-Фараби

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. 
                                                                                             Ыбырай Алтынсарин

Адамның адамшылдығы... жақсы ұстаздан болады. 
                                                                                                    Абай Құнанбаев

Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес. 
                                                                                                     Мұхтар Әуезов

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім. 
                                                                                                   Ғабит Мүсірепов

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.                                  

                                                                                                     Мәлік Ғабдуллин

Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады. 
                                                                                                     Жүсіп Баласағұни

Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін 
                                                                                                   Серке Қожамқұлов

Оқытушы әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс. 
                                                                                                   Спандияр Көбеев

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз. 
                                                                                                       К.Д.Ушинский

Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз 
                                                                                                      Ыбырай Жақаев

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол нағыз ұстаз. 
                                                                                                      Л.Н.Толстой

 

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. 
                                                                                          Ахмет Байтұрсынов

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. 
                                                                                            Мағжан Жұмабаев

Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. 
                                                                                             Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім. 
                                                                                                М.Әуезов

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. 
                                                                                                  К.Д.Ушинский

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. 
                                                                                              В.А.Сухомлинский

      І.МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ  БАСТЫ  ТҰЛҒА 
                1.1.МҰҒАЛІМ- АДАМТАНУШЫ МАМАНДЫҚ

 

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген. 
Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады. 
Бұдан сал бұрын бітірген студентгерде бұл мүмкіндік болған жоқ. Мектепке тек 3-курста ғана келген студент-практиканттар бірден балалармен араласып кете алмайды, бейімделу уақыты үздікке созылды. Педагогикалық практика алдында 3-курс студенттерінен алынғак бақылау сұрақтарына алынған жауаптардан, жүргізілген әңгімелерден, мектепке баруға деген қорқынышты, сенімсіздікті, өздерінің үлкен сынға үшырауы мүмкін деген ойдың мазалауын байқадық. Студенттердің барлығы дерлік балалар өздерін қалай қабылдайды, мектеп ұжымы — «практикант» балалар арасында тығыз байланыс бола ма?! Міне, студентгердің практика алдындағы ойлары осыны қамтиды. Біздің ойымызша, бұл олардың мектеппен, оқушылармен байланысының болмағандығының нәтижесі. Егер студенттер 1-курстан бастап практикада болса, жоғары курста мұндай келеңсіз құбылыстар кездеспеген болар еді, Бұған дәлел ретіндс 1-курс студенттерінің педагогикалық практикадан кейінгі нәтижелерді талдауын келтіруге болады. Олардың күнделікке түсірген ойларынан, сонымен қатар "Мектеп - бірінші курс студентінің көзқарасымен" шығармасынан көп жағдайдың мәнін білуге болады. Студенттер күндсліктеріндегі жазбаларында көргенін сипаттап, оған талдау жасамаған, ал шығармада олар өздерінің алғашқы әсерлерін ерекше көрсетіп, практиканың маныздылығын жан-жақты, өр кырынан сипаттаған. 
Студенттердің барлығы да бұл практиканың дер кезінде ендірілгенін, оның қажет екенін жазады. Олардан үзінді келтірер болсақ: "... Мен мектепке оны кеше бітірген оқушы ретінде емес, мұғалім ретінде қарап және ол жерді өзімнің болашақ жұмыс орным ретінде қабылдай бастадым" десе, келссі бір студент: "Мектеп — бұл керемет мекеме, онсыз өмір қызық болмас еді. Мен мұны практикаға барған кезден жақсы түсіндім" деп жазады. 
Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды. Бұл айтылғандардың барлығын студенттік аудиторияда сезіну мүмкін емсс екені айтпаса да белгілі. 
Жоғарыдағы студенттер 2-курста ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практикадан өтті. Бұл практиканың мақсаты — болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалык бағыттауды одан әрі жетілдіру, сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттерін шешуді талдау ыңғай тұрғысынан дамыту, гылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және әдістерімен таныстыру. Демек, үздіксіз практиканы ендіру нәтижесінде студенттерді бірінші курстан бастап педагогикалық қызметке жүйелі түрде және оларды үшінші курста өтетін практикаға біртіндеп дайындаута мүмкіндік береді. 
Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады: 
1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс); 
2)  ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс); 
3)  бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс); 
4)  оқу-тәрбие практикасы (4-курс). 
Әр курстың студенттері үшін орындауға міндетті тапсырмалардың жүйесі анықталған. Біздің ойымызша, бұл тапсырмалар жүйесі жыл сайын психологиялық-педагогикалық циклдар пәндерінің мазмұнына қарай ықтиятталуы тиіс, яғни міндеттер жәнс студентгер іс-әрекеттерінің мазмұны біртіндеп күрделенуі қажет. Олар ең алдымен болашақ мұғалімдердің мүмкіндігінше кәсіби бағытының деңгейін кетеруді қалыптастырады (педагогикалық мамандыққа кызығушылығын, балаларға деген сүйіспеншілігін, жұмысқа жауапкершілік және шығармашылық қарым-қатынасты). 

1.2.Мұғалім кадрларын  кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика

 

Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады: 
-  студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу; 
-  нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту; 
-  болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу. 
Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік. 
Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс: 
-  оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау; 
-  оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу; 
- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.); 
-  оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу; 
-  балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау); 
-  мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу; 
-  оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау; 
-  ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу. 
Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын. 
Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс. 
Жаңа ғасыр біздің қоғамымыздың білім беру жүйесін "ашық ақпараттық қоғамның" қадам басуымен байланыстырады. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат негіздеуші рөл атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, өндеумен, оларды кеңінен пайдаланумен байланысты. 
Бастауыш мектепте ақпараттық басқару мәселелері тек техникалық және бағдарламалық аспектілерге, оның ішінде компьютердегі ақпаратты өндеу және сақтаумен ғана мәселе шешіліп қоймай, өзіне қатысты белгілі бір талаптары бар: 
а)  педагогикалық колледжде ақпаратты және ақпараттық ағымды қалыптастыру; 
ә) болашақ мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін қалыптастыратын әдістемені өңдеу; 
б) бастауыш мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін оқу орындарындағы барлық факультеттер мен кафедраларда жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны игеруі. 
Осыдан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология оқыту үрдісінде, алдыңғы қадамда ақпаратты басқарудың сауаттылығын қалыптастыруы, берілетін білімді сауатты түрде беру, сақтау және еңдеу қажет болады. 
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың зерттеу жұмысын жүргізуге үлкен мүмкіндіктері бар. Біріншіден, бүгінгі күні зерттеу материалдарын жинақтайтын және дифференциялайтын бірқатар объектілі бағдарланған бағдарламалар бар. Екіншіден, зерттеушіге ешқандай артық шығындарды басынан өткізбейтін тестілеуді, анкеттеуді, респонденттермен әңгіме жүргізуді, статистикалық өндеуді қамтамасыз ететін компьютерлік бағдарламалар бар. Қазіргі заманда зерттеу жұмыстарын компьютерлік бағдарламалар арқылы жүргізу кең көлемде өткізілуі мүмкін. Осыдан, біз бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесін жасау қажеттілігін айқындайық. 
Электронды зерттеу жүйесі инвариантты және вариативті компоненттерінен құралады. 
Электронды зерттеу жүйесінің инвариантты компонентін ғылымның психология-педагогикалық жетістіктерге негізделген педагогикалық зерттеулер мәлімет базасы және электронды-білім бағдарламасы құрайды. 
Электронды зерттеу жүйесінің вариативті компонентін бастауыш мектептегі болашақ мұғалімдердің педагогикалық технология негізінде орындалатын интерактивті ғылыми-зерттеу іс-әрекеті құрайды. 
Электронды-білім бағдарламасы электронды зерттеу жүйесінің теориялық бөлімі болып анықталған. Ол бағдарлама зерттеу іс-әрекетіне қажетгі теориялық мәліметгерден құралған модульден тұрады. 
Электронды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімдердің зерттеу-таным логикасын қалыптастыру мақсатын көздейді. 
Педагогикалық зерттеудің бірінші кезеңінде жоспарлаған зерттеу жұмысының негізгі мақсатын анықтау қажет. Ол үшін жас зерттеуші электронды зерттеу жүйесіндегі бірқатар арнайы үлгілері бар тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың негізіне жоғарыда аталган мәлімет базасындағы педагогикалық зерттеулер алынған, олар қүндылық бағдарды қалыптастыру механизміне сәйкес іздену, тандау, жобалау сатыларынан өтеді. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағдайында зерттеу жұмысының екінші кезеңінде болашақ мұғалімдер зерттеудің объектілі диапазонын айқындайды. Әрине, аталған кезең дәстүрлі жағдайда да орын алады. Бірақ, бұл кезеңнің ерекшелігі мен қиыншылығы компьютер жолдарымен болашақ маманды өзінің зерттеу жұмысының теориялық және практикалық диапазонын анықтап, тренингті жағдайға қамтылуы болса керек. 
Білім беру жүйесінде зерттеу объектісі ретінде, мысалы, мектепке дейінгі тәрбие, оқу-тәрбие үрдісі, азаматтық тәрбие, рухани тәрбие, білімді ақпараттандыру, үздіксіз білім беру және т.б. Зерттеу объектісін анықтау біршама объективті және субъективті факторлармен айқындалады. Объективті факторлар: маңыздылық, мәселелердің шешілмегендігі, жаңалығы, болашақта дамуы. Субъективті факторлар: білім беру, өмірлік тәжірибе, зерттеушінің қызығушылығы, практикалық іс-әрекетпен байланысы, ғылыми жетекшісі және т.б. 
Болашақ мұғалім зерттеудің ғылыми аппаратын құрастыру кезінде зерттеудің мақсаттарын айқыңцау барысында және жалпы ғылыми процедурасын жасауда бірқатар қиыншылықтарға кездеседі. Ал электронды зерттеу жүйесі барысында зерттеудің анықтау іс-әрекетін қалыптастыру төмендегідей болады. 
Ол үшін зерттеу мәлімет базасынан студент болашақ зертгейтін тақырыбына жақын зерттеуді тандап алуы қажет. Содан кейін сол тандаған тақырьш бойынша түрлі тапсырмалар орындалуы тиіс. Оның ішінде зерттеу мақсатын анықтауда негізгі зерттеу терминдерді қолдану немесе берілген гипотезаны өзінің зерттеу гипотезасына жақындату, ғылыми жаңалықты құрастыру жолдарын үйрену және т.б. Барлық жоғарыда аталған әрекеттердің дұрыс немесе бұрыс екенін зерттеуші болған кезде біле алады. Өйткені барлық жауаптар алгоритмдік тәсілмен құрастырылған. 
Электроңды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімге іздену жолдарын көрсетіп отырады, мұндай процедура біржақтылықты байқатпайды, ал керісінше, шығармашылықты байқатады. 
Бізге белгілі жай, жас зерттеуші зерттеу жолына түсу кезінде ғылыми жетекшісімен немесе арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауы қажет. Басқа барлығымызға белгілі жолдар бүгінгі күні жоқ. Ал электронды зерттеу жүйесімен жұмыс жасау барысында жас зертеуші психологаялық немесе тағы басқа қиындықтардан өтеді. Өйткені, ол жеке өзімен-өзі жаттығып, қажетті деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін ғана ғылыми жетекшіге немесе ғылыми кеңесшіге келіп сауалдарына жауап алады. Яғни студент электронды зерттеу жүйесімен жұмыс барысында қызметтің субъективті-объективті қарым-қатынасына қамтылған. 
Педагогикалық зерттеудің екінші кезеңінде болашақ мүғалімнің зерттеудің теориясын оперрационализациялауы. Оның мәні абстракті теориялық психология-педагогикалық ұғымдарды зерттеу барысында түсінікті етіп өңдеу, яғни концептуалды деңгейден операционалды деңгейге көшу. 
Біздің ойымызша, оперрационализациялау кезеңі зерттеу процесінің негізгі компоненттерін қамтыды. Оның мазмұнына іс-әрекеттің жоспары кіреді, өйткені мұндай бақылаудың графикалық жүргізілуі тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді. 
Келесі кезеңнің аталуы — педагогикалық экспериментгің жүргізу технологиясы. Бұл — адекватты зерттеу әдістерін таңдау болып табылады. Біріншіден, болашақ мұғалім электронды-білім бағдарламасының зерттеу әдістерінің классификациясымен танысады, олардың әрқайсысының мәнін қарастырады. Электронды-білім бағдарлама гипермәтінінде аналитикалық, процедуралық, ғылыми-зерттеу мәліметтер және бейнефрагменттер көрсетілген. Бұл кезеңде болашақ мұғалім өзінің зерттеуінің даму стратегиясын, жоспары мен механизмін айқындауға дайындалады. 
Бастауыш мектеп мұғалімі теориялық білімдерді бекіту үшін үш деңгейдегі (репродуктивті, зерттеу, шығармашылық) тапсырмаларды орындайды. Біздің технологияның ерекшелігі мынада: болашақ мамандар меңгерген білімдерін электронды зерттеу жүйесінің кейінгі кезендерінде белсенді қолдануына жағдай жасайды. Автоматтандырылған оқу үрдісіне іс-әрекеттің нәтижесі программаланған (автоматтандырылған). 
Электронды зерттеу жүйесінің мазмұнына зерттеу әдістерін қолдану процедурасы нақты көрсетілген. Мысалы, бақылау әдісіне тоқталатын болсақ, бұл жерде болашақ мұғалім арнайы параметрлерді қосып қалай өзінің зерттеуінде қолдануға болатынын көреді. Ол үшін жас зерттеуші бейне-материалды қосып, арнайы берілген параметрлердің ішінен тиісті параметрді тандап жаттығады. 
Технологияның келесі кезеңінде анықтау және қалыптастыру эксперименттерінің мәліметтерін өңдеуді қарастырады. 
Электронды зерттеу жүйесі болашақ мұғалімнен түрлі компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасауды талап етеді. Соның ішінде, "Місrоsоft Ехсеll" бағдарламасы электронды кестелерді жасап, ондағы мәліметтерді жылдам және дұрыс талдауға мүмкіндіх береді. 
Бұдан басқа электронды зерттеу жүйесінде айқын объективті жағдайлар бар — соңғы уақыттағы зерттеулерді әсемдейтін диаграммалар мен гистограммаларды жасау. Жас зерттеушінің назарына арнайы компьютерлік панель пайда болады, онда ол диаграмманың типін тандайды. Одан кейін әр қадамда диаграмма мен гистограмманы жасаудағы операцияларды орындайды. 
Зерттеудің соңғы кезеңі — ол зерттеу нәтижелерін интерпретациялау. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау дегеніміз барлық қарастырылған операцияларды жүйелеп теориялық деңгейге шығару. 
Сонымен, біз электронды зерттеу жүйесін зерттеу іс-әрекетін ақпараттандыру технологиясының маңызды құрылымы ретінде қарастырдық. Қазіргі білім саласындағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялардың зерттеу іс-әрекетін меңгеруде де қажет екеніне көзіміз жетті. Өйткені, арнайы бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған электронды зерттеу жүйесі негізгі екі жағдайды көрсетеді: біріншіден, соңғы нәтиженің айқындығын, екіншіден, зерттеу іс-әрекетін қалыптастыруды жоспарлау. 

Информация о работе Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика