Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 06:42, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім – ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді:
1) білім дәрежесі;
2) озық әдістемені меңгеруі;
3) мақсат-бағыттылығы;
4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.

Содержание

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
1.1.Мұғалім- адамтанушы мамандық
1.2.Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика
1.3. Мұғалімнің дидактикалық дайындығы жалпы кәсіби — педагогикалық
даярлықтың негізгі және маңызды саласы

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

МҰҒАЛІМ ПЕДАГОГИКА КУРС.docx

— 68.41 Кб (Скачать документ)

1.3. Мұғалімнің дидактикалық дайындығы жалпы кәсіби — педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы

 
Дидактикалық даярлық деген ұғымды қалай түсіну керек? Бұл өте күрделі ұғым. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқьпу процесінің теориясы мен практикасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаттары мен мазмұнын, оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді — дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай, педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынадай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлай білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы, жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. 
Мектептегі оқыту — дидактикалық процесс болғандықтан, мұғалім оған тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктерін білуі өте қажет. 
Оқьпу процесінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Жалпы білім беру, негізінен, үш түрлі мақсатты көздейді: 
Біріншісі — табиғат, қоғам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдағы негізгі зандылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа, дүниетанымдық идеялар мен сенімдер, практикалық біліктер мен дағдылар және ғылыми ойлау тәсілдері жатады. 
Екіншісі — оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, өз бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге дайындау. 
Оқытудың үшінші мақсаты — оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру оқу пәңдерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін мейлінше толығымен пайдалануды керек етеді. 
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріл шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". 
Оқыту — екі жақты процесс. Оқыту процесі — оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын қызметінен тұратын   күрделі   әрекет.   Оқыту -мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу — баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. 
Л.В.Зенковтың пікірінше, оқыту — оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет. Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды бейім-оқу әрекетінің стилі қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін ізденуге тырысса, үлгермейтін балалар мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады, оларды шешуге күш жұмсадай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіңдердің бәріне тән ортақ қасиеттер бар, олар: өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау және т.б.) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды. 
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін күшті фактор — ол оқытушымен қарым-қатынас жасау әрекеті. Сондықтан оқыту үрдісі — мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын керек етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның әрекеті мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыра білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі тәрбиелеуі) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту — баланың рухани дамуын қамтамасыз етеді; оқыту — бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. 
Оқыту — белгілі дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады: 
— оқушыларға беретін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды   әрекетке   бағыттайтын мотивтерді туғызу. Осыған орай оқу міндеттерін (тапсырмаларды) анықтау; 
— оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауға басшылық ету; 
—  оқушының санасында білімнің қорытылып, ғылыми ұғымдар мен тұжырымдардың қалыптасу процесіне басшылық ету; 
— берілген білімді бекітуге басшылық ету; 
— білімді практикада қолдануға басшылық ету; 
— оқушылардың білімі мен дағдысын есепке алу, тексеру және бағалау. 
Оқу материалын ұғыну процесі оқуға ынта қою, оқу материалын қабылдау, ойша қорыту, есте қалдыру, қайталау сияқты бірнеше психикалық процестердің жиынтығынан тұрады. 
Оқытудың дидактикалық буындары бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Әр буын оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес қолданылады. Мысалы, жаңа білімді баяндау кезеңінде оқушылар оның мазмұнын қабылдаумен қатар, ойша қорытып, ғылыми тұжырымдар жасайды және оны практикада қолдануы мүмкін. 
Сондай-ақ, білімді бекіту кезінде жаңа білімді қайталау, жаттығу, прак-тикада қолдану сияқты оқыту процесінің элементтері бірлесіп қолданылады. Ұйымдастыру жағынан алғанда, дидактикалық әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі бар. 
Оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректілік, есте сақтау, творчество-лық қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі. 
Акыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы — мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске алады. Ол мақсат-міндеттер мыналар: 
— оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру; 
— білім беру негізінде оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыру; 
— баланың таным қабілеттерін дамыту; 
— оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді әдіс-амалдарын орынды меңгеруге үйрету; 
—  балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру; 
—   ақыл-ой  еңбегінің  жалпы мәдениетін арттыру. Бұл міндеттерді отбасы мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді. 
В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құраддары мен тиімді жоддары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесше қарағанда, мұғалімдердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр. 
Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады: 
—    оқушылардың   танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде; 
— дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде. 
Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады: 
—  ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі; 
— білімнің мазмұнын игеру ісі; 
— оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі; 
—  сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі; 
—  оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет); 
— оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті; 
— оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті. 
Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мынылар: 
—  оқыту  процесінде   оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар; 
—  оқушылардың    оқу   әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; 
—   дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар. 
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда. 
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп – мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық. 
Бүгінгі студент —ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдары іздестірілуде. 
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелі бағыттылық зерттеулерде инновациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе болшегін талдауда анық айқын қарастырылады. 
В.А.Сластенин мен Л.С.Подымова инновациялық іс-әрекетті шығармашылық пен кәсіпшіліктің сәйкестілік тұрғысынан қарастырады. Авторлардың айтуы бойынша, инновациялық іс-әрекет мәнін акмеологиялық тұрғыдан талдау мұғалімнің жеке бас дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіншілік туғызады. 
Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекеті құрылымын қарас-тырған кезде, "инновация" және "педагогикалық іс-әрекет" деген негізгі түсініктердің мәнінің мағынасын талдауды қолдану керек деген ғалымдардың (В.А.Сластенин, Л.С.Подымова) ой-пікіріне қосыламыз. Белгілі зерттеушілердің (А.А.Бодалев, Ф.Н.Гоноболин, В.А.Кан-Калик, С.В.Кондратьева, Н.В.Кузин және т.б.) еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы туралы түсінік жан-жақты қарастырылған. Олар мұндай қасиеттерге жатқызатындары: жалпы және кәсіби мәдениет, педагогикалық бағдарлылық, моральдық қасиеттер, ди-дактикалық қасиеттер, ерік қасиеттсрі. Сөйлеу қабілеттері, ұйымдастырушы-лық, коммуникативтік, педагогикалық елестету. 
Бұл ғалымдардың еңбектерінде іскерліктің екі үлкен тобы жіктелгені көрсетілген: операциялық және жеке бас. Бірінші топ білім беру үрдісіне жататын болса, екінші балалармен, ата-аналармен, мектеп оқушысымен нәтижелі қарым-қатынас құруға қажетті әлеуметтің және жеке бас іскерліктері жатады. 
И.Ф.Исаева, И.М.Шиянова, А.И.Мищенконың зерттеулерінде инновация-лық іс-әрекеттің құрылымында іс-әрекеттің жеке бас және операциялық аспектілердің өзара байланысы қарастырылады. 
Инновациялық іс-әрекет сонымен қатар, жаңашылдықты іздеп шешугедайын болу қасиетімен де тығыз байланысты. 
Ал іс-әрекеттің "негізгі құрастырушысы" ретіндс Б.Ф.Ломов мыналарды бөліп көрсетеді: мотивті, мақсатты, жоспарлауды, күнделікті мағлұматтарды өңдеуді, оперативті бейнелеуді, шешім қабылдауды, іс-әрекеттерді, қорытын-дыны тексеру және әрекеттерді түзету. 
Біздің ойымызша, жалпы іс-әрекеттің осы құралы бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетіне тән. Автордың айтуы бойынша, мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің диагностикасында ескерілетін бірнеше ережелер қатары бар: 
1. Өз қызметін және әріптестерінің қызметін оның жоғарыда сөз болғандай тиімділігін бірізді талаптар бойынша жан-жақты бағалауға үйрету. 
2.  Ұжымдық істі ұжымдық талдау жасауға, өз жұмысының өзіндік талдауына үйрету маңызды. 
3. Өзінің кәсіби қасиеттерін өзіндік бағалау мен өзіндік тануға көшу, өзіне және басқаға талап қоя білуге үйрету. 
4.  Мұғалімдердің инновациялық қызметін бағалау белгілеріне сүйеніп, педагогикалық кызметті сараптау бағалауға тарту. 
Осы жұмыстардың барлығында диагностика өзіндік мақсат емес, педагогикалық қалыптасудың алғы шарттары мен шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдерді тәрбиелеу тәсілдері. Инновациялық іс-әрекет — педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады: 
♦   өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті; 
♦    жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен; 
♦    жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен; 
♦   педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен; 
♦   педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен. 
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар: 
♦   педагогикалық еңбектің тиімділігі; 
♦   оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі; 
♦   жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы; 
♦   мұғалім беделінің өсуі; 
♦  оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі; 
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары. 
Педагогтың инновациялық іс-әрекетін сараптау бағасы В.К.Криллов, М.Р.Львов, Н.В.Путилин, А.А.Талмачев және т.б. көрсеткен белгілері негізінде жүзеге асады. Мұнда методологиялық мәдениет кіреді, оның құрамында мы-налар кездеседі, дейді зерттеушілер: қазіргі білім берудегі философиялық білім; негізгі ұғым жайлы педагогика ғылымы мен осы түсініктердің озара қатынасы жайлы педагогикалық терминология; педагогикалық ақпаратты қолдану, өңдеу, алу әдістерін меңгеру; педагогикалық құбылыстың диагностикалық тәсілі (диалектикалық ойлау); педагогикалық үрдіс пен құбылыстарға, өзінің педагоги-калық тәжірибесін баяндауға жүйелі амал жасау; педагогикалық қызмет жайлы, тұлға мен ұжым құрылымы жайлы білімі; оқу-тәрбис құбылысындағы, үрдісіндегі факторлар мен шарттарды, қозғаушы күштерді, қарама-қайшылықтарды табу, талдау, баяндау қабілеттілігі; педагогикалық жаңашылық салдары: баланың жеке тұлғасын, оның өзіндік көңіл-күйін, денсаулығын, белсенділігін дамыту, мұғаліммен ынтымақтастығын нығайтатын жаңа педагогикалық бағыттар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

 

Тақырыбы:  «Мұғалім – мамандық, ұстаз – қасиет».

Мақсаты:

Білімділік: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану.

Дамытушылық: Оқушылардың өлең шумақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу. 

 

 

     8-сынып.   Тұрыңыздар келе жатыр мұғалім!

Айдана:   Кім боласың?

Кім болсаң да аман бол.

Бастықпысың?

Өте жақсы, тұра қал.

Мұғалімді келеке еткен бар құлар,

Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

Әлібек:     Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары –

Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!

Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,

Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

Айзат:     Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,

Отырармыз қуанышта, тойда біз.

Сондай кезде есте болар бір нәрсе:

Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз! 

Досым :   Ақыл. Сана. Сабыр. Талас-тартысу –

Мұғалімнің табиғаты, жалпы осы.

Бос уақыты: ойдан басқа ойы жоқ,

Бос уақыты: әрбір түннің жартысы.

Қайырбек:Махабатты: бала және Отаны,

Сүйікті ісі: Қағаз-кітап қопару.

Демалысы: шәкірттерге хат жазу,

Ал, кәсібі: от беру мен от алу!

Айдана:   Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны.

Күлетіні: бақыттылық нышаны,

Байлықтары: шәкірттердің хаттары!

Әлібек:     Ал, мұғалім барса алдыңа, дұрысы:

Жүрегіңмен сездір дағы ұлы ісін,

Ұшып тұрып, қалбалақтап қол беріп,

Тастай қылып тындырып бер жұмысын!

Айза : ... Кім боласың?

Ұмтылмаңыз жоғары.

Мұғалімнен үлкен адам жоқ әлі!

Кім болмаңыз, прокурор ма, сотсыз ба,

Тұрыңыздар, келе жатыр мұғалім!

4 жүрг:    Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар,                    

 ата – аналар  және оқушылар!

5 жүрг:    Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,

1 жүрг:    Қажымас қайрат,

2 жүрг:    Шығармашылық табыс,

3 жүрг:    Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!

4 жүрг:    Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.

5 сынып оқушылары: Т.Ақерке және Х. Гүлжамила 

орындауында өлең « Ұстазым » 

5 жүрг: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры

Ерубаева Ақбаян Қайырбекқызына  беріледі.

6 сынып : «Ұстазға»

Еламан: Менің балғын қиялымды тербеткен,         

 Құшағымды  алыстарға серметкен.         

 Айта аламын  жұрт алдында қысылмай,          

 О, мұғалім, бір өзіңді ер деп мен.

Ерхат: Әр шәкіртке бола білген жанашыр,          

 Бүгін от  боп әр жүректе жанасың.        

 Сен бергенсің  алғашқыда айырып,       

 Жақсылық пен  жамандықтың арасын.

Абдрахман:  Аралатқан ғалымдардың мол бағын,                  

 Әлі есімде  сол бір бейнең, сондағы үн.                

 Көрген сайын  жанарыңнан оқимын,                  

 Ізгілік пен парасаттың жолдарын. 

 

 

 

1 жүрг:    Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес балаға,

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

2 жүрг:  Әл-Фарабидің мына сөзіне көңіл бөліп көрейікші: «Ұстаз... Жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жақсану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек».Мектебіміздің зейнеткері және бүгінгі кештің қонағы

Мәншүк апай – мектепте орны бөлек,

Сүйеді шәкірттіңіз сізді ерек.

Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,

Жел жағымызда  тұратын сіз бір бәйтерек.деп келесі нмер сіздің құрметіңізге арналады.

Сізге мектебіміздің    3-4 сынып оқушыларының орындауында 

«  Асыл әжем » әнін сізге арнаймыз.

Мұғалімдермен ойын « Скрепка тізу »

3 жүрг: Ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезовтың «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»Осы үздік ой жетегінде ең алдымен Зейнат апай Сізді мерекемен құттықтай отырып

4жүрг: Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын», 

Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры. 

Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,

Даңқыңыздың биік болсын тұғыры. –

дей отырып     8-сынып оқушылары көрінісі «Геометрия» 

 көрінісін тамашалаңыз.                      

                Мұғалімдермен ойын « Мұғалім ептілігі.Корзина »

5  жүрг: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы - мұғалім», - деген екен Ғабит Мүсірепов. Сондай ұстаздарымыз                 

1 жүрг: Нұр көңілін балаға төккен ұстаз,

Төбемізді жеткізеді көкке біздің.

Қимастықпен қарайды Күләш апай,

Ұмытқандай бұрынғы өкпелерін.                                

2  жүрг: Арамызда ақылды адам,                  

 Бәрінен сол жақын маған.                     

 Гүлсім  апай бізбен жүрсе,                   

 Батырларша  батылданам.    

3  жүрг:  Жамандықтан сақтандырған,

Жақсы ісімді мақтан қылған.

Жанна апай  жүргізген сабақтарын,               

 Өнерімен шаттандырған,         - дей отырып құрметті  Күләш апай, Гүлсім апай, Жанна апай, келесі орындалар номер сіздерге арналады, қабыл алыңыздар.

2-сыныптың орындауында  «Ертегілер» өленің қабыл алыңыздар.

Ойын « Планета құру»

4 жүрг:    «Қазақ тілім, өз тілің, ана тілің,

Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілің.

Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,

Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін», - деп   

5 жүрг: Зердемізге құятын, 

Бар ізгілік бойларына сыятын.

Туған дәстүрі, салт-сананың тірегі,

Бұл ұстаздар, алда жүрер үнемі.

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ақбаян апай және кітапханашымыз Нүргүл апай   өз еңбектеріңідің жемісін тамашалаңыздар.

Кішкентай ғана  1- сынып оқушыларының орындауында би «Қуыршақтар»

1 жүрг: Құтты болсын мерекелеріңіз,              

 Айгүл ,  Алтынай, Алмагүл  апай ұстаздарымыз,             

 Орындалсын ойға алған армандарыңыз.            

 Болашаққа білім мен жол сілтеген             

 Еңбектеріңізге  біз мәңгі қарыздармыз. - дей отырып құрметті  Айгүл апай, Алтынай апай,Алмагүл апай  келесі орындалар номер сіздерге арналады, қабыл алыңыздар.

1 жүрг: Отанымды сүюге де шақырдың,                 

 Тарихтағы ісін айттың  батырдың.            

 Түсінген соң ойларыңды  саналы,           

 Темірбай ағай көрсеткен жолмен келе жатырмын.

2 жүрг: Қанат ағадай  болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіподақ абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

3 жүрг: Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Руслан ағай өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз! -  дей отырып құрметті  ер мұғалімдерге  келесі орындалар номер сіздерге арналады, қабыл алыңыздар. Көрініс «Әкесі мен баласы». 

 

4 жүрг:    Мұғалім – бұл адамның ардақты аты,

Білімдік – бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты... 

 

5жүрг «Бар  ғалым, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәнгі-бақи беріп төрін

Пожалуйста, Плейз деп бізде

Сәуле,Айжан мұғалімдерге береміз төрін», - деп жас ұстаздарымызды Сәуле, Айжан мұғалімдерді құттықтай отырып келесі орындалар ән-шашу сіздер үшін.  

8-сынып оқушысы  Т.Айдананың орындауында «Нәзігім»  

 

Мұғалімдермен ойын  « Шоколад » 

 

2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Әрбір пән мұғаліміне жан – жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ!

1 – жүргізуші: Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқыған жас – кәріден Оқушының бәрінен Ұстаздарға мың алғыс! 

 

3 жүргіз Аяулы да ардақты, байсалды да салмақты, біздің сүйікті ұстаздарымыз – «Мұғалім – мамандық, ұстаз – қасиет» атты мерекелік кешіміз аяқталып келе жатыр.

4 жүргіз Ұстазым – саф алтын, діңгегім,                

Мәңгілік өзіңмен біргемін.              

 Бүгінгі мереке күніне            

 Сәл ғана құрметім бұл менің. 

 

Мұғалімдерге гүл сыйлау, бенгал отын жағу. 

«Ұстазым» өлеңін хормен орындау.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

                         МҰҒАЛІМ-МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: кәсіби сөздердің дұрыс айтылуын,жазылуын меңгерту. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушыларды шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды өздерінің қалаған мамандықтарын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, көрнекілік.

Технология: Сыни тұрғыдан ойлау және жазу.

Сабақтың көрнекілігі мен техникалық құралдары: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбат.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жай сөйлемнің түрлерін  қайталау.

2.Білім тақырыбына арналған  мақалдарды жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқушылар, алдымен мына сөзжұмбақты шешейік.

Сан әріптердің әліпбидегі орнын көрсетеді. Егер әріптерді дұрыс қойсаңдар мұғалім мамандығы туралы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың айтқан сөзі шығады.

8 * 16 * 7 * 38 * 19

8 * 23 * 25 * 8 * 19 * 38

3 * 28 * 5 * 38 * 18 * 5 * 38

10 * 1 * 24

27 * 23 * 22 * 1 * 15 * 25 * 37 * 19

15 * 20 * 16 * 37 * 18 * 7 * 1

1 * 16

10 * 1 * 24

27 * 23 * 22 * 1 * 15 * 25 * 37 * 19

25 * 1 * 6 * 7 * 37 * 23 * 37

27 * 24 * 25 * 1 * 11 * 7 * 37 * 19

15 * 20 * 16 * 37 * 18 * 7 * 1

Елдің ертеңі - бүгінгі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында.

Н.Ә. Назарбаев.

(Оқушылардың өздерінің  қалаған мамандықтары туралы  пікірлері тыңдалады).

Жаһандану заманында бәсекеге қаблетті болудың көрсеткіші-білім деңгейімен өлшенеді. Бұл мәселені шешудің кілті ұстаз қолында.Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы - ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы-сабақ.

Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз - еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу.Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын.

Мұғалім қандай болуы керек? Сын есімді толықтыр.

Мұғалім: әділетті, ізденімпаз, жауапты, білімді, .......

Енді ұстаз туралы ұлы адамдардың айтқан сөзін оқып, кластерді толықтырамыз.

1.Ұстаз болу-өз уақытыңды  аямау,басқаның бақытын аялау.

Жан Жак Руссо.

Информация о работе Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесіндегі педагогикалык практика