Қиын балалармен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 08:52, курсовая работа

Краткое описание

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая курс. работа.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

Төкпе күйлердің өзі ішкі мазмұны мен орындалу, тартылу әдіс-тәсілдеріне орай, түрлі салаларға бөлініп, жеке-жеке қалыптасқан, бір-біріне ұқсамайтын, әртүрлі орындаушылық мектептер ќұрайды. Мұндағы әр мектептің өзіндік саусақ басу, қағыс қолдану әдістері бар.

 Мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің  орындаушылық әдістері бір-біріне  мүлде ұқсамайды. Дина күйлері де айрықша мектеп құрайды. Сыр бойының, Маңғыстау өңірінің күйлері де өзіндік орындаушылық дәстүр түзеп, айрықша құрылымдық, орындаушылық мәнерлерді байқатады.

Шертпе күйлер ән негіздес өте сазды, құрылысы шағындау болып келеді. Күй әуені екі ішекте кезекпен орындалып, көбінесе бірдауыстылығы басым болады. Бұл күйлердің ежелден қалыптасқан қағыс қағу, саусақ басу тәртібі бар.

Тарихи ұзақ дамудың нәтижесінде, қазақтың халықтық аспапты музыкасында домбыра, қобыз және сыбызғыда орындалатын күйлердің белгілі жанрлары қалыптасты.

Домбыра өнер ортақтығын көрсете отырып, халықтар туыстығын көрсете алады. Әлемдегі бүгінгі күні қолданып жүрген музыка аспаптарының ең көнесі, яғни атасы-Домбыра.

Музыкадағы әуен ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған. Домбыраның 6000 мың жылдық тарихы болса, онда ежелгі Египет, Вавилон мемлекеттерімен қатар Сырдария мен Әмудария бойында өзіндік өркениеті бар бір мемлекет болғаны ғой.

Қорыта айтар болсақ, ежелгі Қазақ жері, қазақ елі мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Қазақ халқының тарихы небір оқиғаларға толы. Ондай оқиғалар сол ортада өмір сүрген адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырып, мәңгі есте сақталып қалады. Әсіресе қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күнбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз көріністерін тауып отырған.

Ақын-жыраулар көбінесе тарихи оқиғалар жайында толғаса,ол жырлар өз заманының шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Жұбанов А.  Ғасырлар  пернесі,  Дайк-Пресс,  2002.

2. Жұбанов А.  Өскен  өркен. – Алматы,  Ғылым  баспасы, 1985.

3. Жұмақова Ү.  Күй  құрылымындағы  метроритм  мәселелері.  Алматы,  Ғылым  баспасы,  2000.

4. Күзембаева С,  Егінбаева Т.  Қазақ  музыкасы  тарихынан  лекциялар. –Алматы,  «Таймас»  баспа  үйі,  2005.

5. Қазақтың музыкалық аспаптары: /Б.Сарыбаев - Алматы: Жалын, 1978. - 136 бет.

6. Мұхамбетова Ә.  Қазақ  күйі.- Алматы,  Дайк-Пресс,  2002.

7. Өтеғалиева С.  Көшпенді  халықтардың  музыкалық  аспаптар  қоры. –Алматы,  Ғылым,  1995.

8. Сарыбаев Б.  Қазақтың  халық  аспаптары. – Алматы,  Өнер,  1978.  

9. Сейдімбек А.  Қазақтың  күй  өнері. – Астана,  Күлтегін  баспасы,  2002.

10. Шегебаев П.  Дәстүрлі  музыка  туындату  саласындағы  домбыра  стерео типінің  функциялары. – Алматы,  Ғылым,  2002.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Қиын балалармен жұмыс