Қиын балалармен жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 08:52, курсовая работа

Краткое описание

Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.

Прикрепленные файлы: 1 файл

готовая курс. работа.doc

— 240.50 Кб (Скачать документ)

19 ғасырдың аяқ шенінен  бастап Қазақ музыкасы шет  ел және орыс саяхатшыларының  назарына ілікті. П.Георги, В.Андреев, В.Добровольский, С.Рыбаков, А.Левшин, А.Алекторов, М.Готовский, Р.Пфенниг, А.Эйхгорн, Н.Савичев секілді шығыстанушылары Қазақ музыкасы, оның көрнекті өкілдері туралы тың әрі қызықты мәліметтер жеткізді. 

А.В. Затаевич  қазақтың музыкалық фольклорын жинап, оларды нотаға түсіріп, жүйелеуде үлкен қызмет атқарды. Алайда Қазақстанда кәсіби музыка өнерінің туып, қалыптасуы 30-жылдардан басталады. Осы кезеңде А.Жұбанов, Қазақстанға шақырылған  Е.Г. Брусиловский, Б.Г. Ерзакович, т.б. музыка мамандары кәсіби музыка өнерінің негізін қалады. Жұбанов халық аспаптары оркестрін ұйымдастырып, халық композиторларының өмірі мен шығармашылығын зерттеді. 

Брусиловский “Қыз Жібек”, “Жалбыр” секілді алғашқы қазақ операларын жазды. И.Н. Надировтың “Терең көл” (1939), А.А. Зильбердің “Бекет” (1940), В.В. Великановтың “Тұтқын қыз” (1939), Брусиловскийдің “Ер Тарғын” (1937) опералары Қазақ музыкасының кезекті жетістіктері болды.

2-дүниежүзілік соғыс жылдары  қазақ композиторлары “Гвардия  алға” (Брусиловский), “Амангелді” (Брусиловский, М.Төлебаев), “Абай” (Жұбанов, Л.Хамиди), “Біржан – Сара” (М.Төлебаев) секілді күрделі туындылар берді. Опера жанрымен қатар композиторлар “Сарыарқа” (Брусиловский), “Абай” (Жұбанов), “Қазақ симфониясы” (Великанов), “Ризвангүл” (Ќ.Ќожамияров), “Жайлауда” (Ќ.Мусин) атты симфониялық шығармалар (поэма), “Коммунизм оттары”, “Кеңестік Қазақстан” атты кантаталар жазды. Брусиловский мен Жұбанова оркестр мен жеке музыкалық аспапқа арналған концерт жанрында да елеулі еңбек етті. Қазақ музыкасының жетістіктері кәсіби және көркем өнерпаздар ұжымдарының қатысуымен Мәскеуде өткен әдебиет пен өнер он күндіктерінде (1936, 1958) көрсетілді.

Қазақ музыкасын шетелдіктерге алғаш паш етушілердің бірі Ә.Қашаубаев болды. Ол  1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндағы Франкфуртте ән шырқады. 60–70-жылдары  Қазақстан композиторлары ұжымдық тәсілмен бірқатар опералық шығармалар жазды. Бірақ бұл шығармашылық тәсілдіңң елеулі кемшіліктері болды. Соның бастысы – бір шығарманың әр түрлі нақышта жазылуы еді. Сондықтан композиторлар бұл тәсілден бас тартып, С.Мұхамеджанов “Айсұлу” (1964), Е.Рахмадиев “Алпамыс” (1972), Жұбанова “Еңлік-Кебек” (1975), Қожамияров “Садыр Палуан” (1977) атты опералық шығармалар жазды, Жұбанова, Ќожамияров, М.Сағатов балет жанрында еңбек етті. Брусиловский бесінші, алтыншы, Қожамияров бірінші, екінші, Жұбанова “Жігер” атты симфонияларын жазды. Рахмадиев “Дайрабай”, “Ќұдаша думан” симфониялық күйлерін ұсынды. Қазақ музыкасы үшін бұл күй жанрының өзіндік жаңалығы болатын.

60 – 70-жылдарда ән жанрында  жемісті еңбек еткен Б.Байқадамовтың, Ә.Еспаевтың, М.Маңғытаевтың, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтің, Т.Базарбаевтың, Е.Хасанғалиевтің шығармалары халық ілтипатына бөленді. Кейінгі жылдары опера, симфония, балет саласында – С.Мұхамеджанов (“Ақан сері – Ақтоқты”), Б.Жұбаниязов (“Махамбет”), Жұбанова, Рахмадиев, С.Кибирова (“Үш торай”), А.Серкебаев (“Мой брат Маугли”), С.Еркінбеков (“Мәңгі алау”), аспаптық-камералық және вокалдық музыкада – Ж.Дастенов, Маңғытаев, Сағатов, Ж.Тұрсынбаев, Т.Мұхамеджанов, т.б. композиторлар жемісті еңбек етті.

Қазақстан өнер шеберлері Венгрияда (1970, 1973), Германияда (1970, 1972, 1975), Польшада (1971, 1975), Моңғолияда (1971), Чехословакияда (1972, 1974), Кубада кеңінен танымал болды. Азияда – Сингапур, Малайзия, Шри-Ланка, Пәкістан (1973), Үндістан; Еуропа  елдерінде–Финляндия (1971), Франция, Германия (1972), Италия (1976), Швецияда (1970, 1984) өткізілген КСРО мәдениеті күндерінде Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымдары Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі, хор капелласы, ән-би ансамблі, классикалық би ансамблі, “Отырар сазы” оркестрі, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Арай” ансамбльдері, “Сазген” этнографиялық ансамблі, т.б. қатысты. КСРО халық артистері – Б.Төлегенова,  Р.Бағланова, Е.Серкебаев  және  Р.Жамановалар  ќойған концерттерін шет ел көрермендері жоғары бағалады. 70-жылдарда Қазақ музыкасының талантты жас өнерпаздары бүкіл одақтық және дүниежүзілік музыка сахнасына шықты.

Олардың қатарында Паганини атындағы халықаралық скрипкашылар байқауының (Италия, Генуя, 1971) лауреаты Э.Нақыпбекова, Глинка атындағы бүкіл одақтық әншілер бәйгесінің (Мәскеу, 1976) лауреаты М.Мұсабаев, осы байқаудың дипломанты Р.Жұбатырова, бүкіл одақтық дирижерлер байқауының (Мәскеу, 1976) лауреаты Т.Мыңбаев, Герберт фон Кароян қорының халықаралық байқауының дипломанты (1978) Т.Әбдірәшев, Глинка атындағы бүкіл одақтық әншілер байқауы (1975) мен Р.Шуман атындағы халықаралық әншілер байқауының (Германия, Цвиккау, 1977) және Рио-де-Жанейрода өткен әншілердің халықаралық байқауының (Бразилия, 1979) лауреаты Ә.Дінішев, халықаралық скрипкашылар байқауының (Белград, 1977) дипломанты және халықаралық скрипкашылар байқауының (Жапония, Токио, 1982) лауреаты А.Мұсаходжаева, Глинка атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (Мәскеу, 1977) лауреаты, әнші Ќ. Есімов, Болгарияда өткен халықаралық эстрада әндері байқауының (Болгария, София, 1977) “Алтын Орфей” жүлдесін жеңіп алып, “Алтын микрофон” атты халықаралық байқауда (Түркия, Стамбул, 1979) екінші орынды иеленген әнші Р.Рымбаева, Ж.Б. Виотти атындағы халықаралық пианинода ойнаушылар байқауының (Верчелли, 1980) үздік І сыйлығына ие болған Г.Қадырбекова,  М.Лонг және Ж.Тибо атындағы байқаудың (Франция, Париж, 1983) жеңімпазы атанған Ж.Ж.Әубәкірова, Халықаралық скрипкашылар байқауының (Париж, 1985) лауреаты Г.Мырзабекова, т.б. бар. 1988 – 99 жылдары “Франциядағы қазақ күндерінде” Ж.Әубәкірова жеке концертімен, М.Бисенғалиев (скрипка), А.Бөрібаев (виолончель), Т.Ормантаев (пианино), М.Мұхамедқызы мен Н.Үсенбаева (екеуі де – әнші) өз өнерлерін көрсетті. 2003 жылы мамырда композитор Б.Жұманиязовтың “Махамбет” операсының (либреттосы – Б.Аманшиндікі) беташар қойылымы өтті. Қазақтың музыка мәдениеті аясында музыкатану ғылымы да қанатын кең жайды. Затаевич, Жұбанов, Ерзакович, Н.Тифтикиди, И.Дубовский, Ю.Аравин, М.Ахметова секілді аға буын ғалымдардың Қазақ музыкасын зерттеуге қосқан үлестері көп. Олардың ізін баса З.Ќоспақов, Т.Бекхожина, Ә.Мұхамбетова, С.Елеманова, С.Күзембаева, Б.Қарақұлов, т.б. өнер зерттеушілері шықты. Бүгінде Қазақ музыкасы – аяғына нық тұрған, әлем мәдениетінде өзіндік орны айқындалған өнер саласына айналды.

2. ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ

 

2.1 Қазақ халқының музыкалық аспаптары

 

Музыка әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арќылы ғана түсінуге болады.

Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық,  ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді.

Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық.

Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасап алады екен.

Белгілі композитор академик А.К.Жұбанов: «Халық аспаптарының ішектерінде ғасырлар бойғы даналық тұнып тұр»  деген еді.

Қазақтың көптеген музыкалық аспабы халық поэзиясында аталатыны тектен-тек емес. Батырлар жырларында үрлеп ойналатын және ұрып ойналатын аспаптардың аттары кездеседі.

Еліміздің әр түрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы.

Қазақтың музыкалық аспаптарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

Үрлеп тартылатындар - үрмелі  аспаптар:

1. Флейталық - сыбызғы, ќұрай-ысқырғыш, үшпелек, саз  сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

2. Тростық -  қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

3. Мундштуктік -  мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

Ішекті:

1.Шертіп  ойналатын- жетіген,шертер, домбыра,  адырна.

Адырна – көп  ішекті, шертіп  ойнайтын  көне  саз аспабы. Садақ  тектес.Түркі халықтарына кеңінен танымал бұл аспап Қазақстанда  археалогиялық  қазба  жұмыстары  кезінде  табылған. Шерту  әдісі  арфа  аспабымен  ұқсас.

2. Қияқпен  ойналатын -  қыл қобыз.

Мембраналы:

1.Ұрып  ойналатын- даңғыра, кепшік, дабыл, дудыға, дауылпаз, шыңдауыл,

2. Сым  тілшелі: шаңқобыз.

Сілкіп ойналатын аспаптар:

Аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау.

Аспаптар негізінен мынадай мақсаттарға пайдаланылады : дудыға, шың, мүйіз сырнай, керней, ұран, дабыл әскери жорықтарда дабыл қағу үшін; бүғышақ, дауылпаз, шыңдауыл аңшылық кезінде қолданылған. Ал металл сылдырмақтары  бар даңғыра мен қылқобызды және аса таяқты көбінесе бақсылар өздерінің бақсылық ісінде қолданған; сыбызғы, шертер, қос сырнай, қамыс сырнай бақташылардың аспаптары болып саналады; домбыра, металл сылдырмақтары жоқ қылқобыз, жетіген, кепшік, саз сырнай, үскірік, тастауық,  қоңырау және  шаңқобыз  халық таланттары ойнаған аспаптар.

Үрлеп тартылатын аспаптар-  қамыс сырнай және қос сырнай.

«Сырнай» деп музыкалық аспаптардың бірнеше түрін атаған. Үрлеп тартылатын аспаптарды бір-бірінен бөліп атау үшін «сырнай» деген сөзге аспап жасалатын материалға  немесе оның жасалу ерекшелігіне қатысты сөзді және кейде үн шығару тәсіліне байланысты сөз қосып айтқан. Мысалы: қамыс сырнай, мүйіз сырнай, саз сырнай.

Қамыс сырнай мен қос сырнай өзінің үніне және тембріне қарай қазақтың басқа да үрлеп тартылатын аспаптарынан өзгеше болып келеді.

Бұл аспаптардың көлемі шағын болғанымен дауысы ашық болады. Қамыс сырнай мен қос сырнай күйлерінің диапаоны қысқа шағын боп келеді.

Саз сырнай, үскірік және тастауық.

Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері- саз сырнай, үскірік және тастауық. Бұл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қыйлы болып келеді.

Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Мұндай аспаптардың  бәрі  де ысқырып  ойналатын  флейтаның  тобына  жатады.

Саз сырнай жасау үшін- қоймалжың балшықты арнайы жасалған қалыптың сыртынан қаптап қатқан соң екіге бөліп алып, ол бөліктерді қайта біріктіреді де кепкеннен соң ойықтар ояды. Ойықтардың саусақпен басуға ыңғайлы болуы үшін аспаптың оңтайлы ұсталатын болуы да ескеріледі.  Үрлеуге арналған ойық екі еріннің аралығынан оң жақтан келетіндей етіп және орта тұстан сәл солға қарай қыйыстап ойылады.

Мүйіз сырнай – мүштік арқылы үрлеп ойналатын аспаптардың ескі түрі. Мүйізден жасалады.

Саздан жасалған тағы бір музыкалық аспап -  үскірік.

Үскіріктің үнін құстың дауысына немесе басқа да түрлі дыбыстарға ұқсас шығарған және халық әндерін орындаған.

Үскірік жасау үшін- арнайы саздан үшбұрышты етіп екі жапырақша істеп,

оларды кептірмей арасынан қуыс қалдырып екеуін бір-біріне қосады. Үстіңгі жағындағы бұрыштың оң жағына үрлейтін ойық теседі. Екінші бұрышының екі жағынан екі ойық тесіп шығарады. Кепкеннен кейін дыбыстың тазалығын келтіреді.

Тастауық аспабын да саздан жасаған. Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше, тауыққа немесе балапанға ұқсайды. Бұл аспаптардың бір-біріне ұқсастығы дыбысталу  және ойнау тәсілдерінде.

Окарина тектес аспаптарда музыканттар көкек, тау құдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың дауысына салып ойнаған. Тастауықтың өзгеше тембрі, ашық та жағымды үні бар.

 

Сыбызғы.

Сыбызғы - қурайдан, ағаш, мыстан, кейде жезден жасалатын көне үрлемелі музыкалық аспап.

Шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағынан сәндік үшін, терінің жұп-жұқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, шеберлікпен өңделеді. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып жабылады. Сыбызғыны қурай мен ағаштан жасаумен бірге темірден де жасаған. Аспапты бір жағы ұзына бойына қуыс болып келетін екі ағашты беттестіріп  жасалған  қорап  ішіне сақтайтын болған.

 

Ұран.

Ұран - үрлеп ойналатын музыкалық аспап.  Оны жауынгерлер көп пайдаланған. Ұзындықтары әр түрлі екі түтіктің әрқайсысында үш – үштен тесігі бар.

 

Жетіген.

Жетіген көп ішекті аспап.

Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі жеті байлық, жеті қазына  дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы кен терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Жеті ішекті аспап - жетіген деп аталады. Бұл аспаптың дауысы майда  қоңыр, әрі әуезді. Онымен неше түрлі күйге келтіріп, мың ќұбылта ойнауға болады. Оның ќұрылысы бұған қолайлы. Қазақтың шертіп ойналатын  өзге музыкалық аспаптарына ќарағанда жетігенде тербеліске келетін ішектері тұтас шанақтың бетіне орналасқан.

 

Шертер.

Шертер - домбырамен  қобыздың  арғы  тегі   саналатын ежелгі   ішекті  аспап. Оны  шертіп те, ысқымен де  ойнаған. 

Шертердің  көлемі  ішектің  ұзындығына  орай  70 см аспайды.  Аспаптың  көне  үлгілерінде   үстіңгі  қақпағы  болмаған. Кейін  оның  беті  терімен  қапталып, ішек  орнына  тарасыс  тартылған. Шертер  аспабы аңыз, ән,  ертегілерді  айтқанда  қолданылған.

Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді.

Ертеректе қазақ даласына тараған аспаптың бірі - шертер. Шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас болған, мойны қысқа, қыл ішек тағылған, үлкендігі қобыздай, қырғыздың қомузы  секілді шертер де пернесіз, үш ішекті, беті қобыздағыдай көн терімен қапталған. Мойны имектеу, басында шайтан тиегі жоқ, құлақтардың  жасалуы да қобызға жақынырақ.

 

 Қобыз.

Қобыз шаман дінінен кейін шыққан.  Қобыз -  тек  ұлттық  саз  аспабы  ғана  емес, сонымен  бірге тәңірге табынған  ежелгі  ата -  бабаларымыздың  қасиет  тұтқан  бір  төтемі. Ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап.

Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады.

 

Домбыра.

Ќағып, шертіп ойнайтын ішекті аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді.

 

Тілшелі шаңқобыз.

Шаңқобыз - бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады.

Шаңқобыз тек металдан ғана жасалмаған, жұқа ағаш тақтайшадан жасалған, ішінде жіңішке тілшесі бар шаңқобыздар да болған. Шаңқобыздың ќұрылысы күрделі емес. Оның көлемін әртүрлі етіп жасаған. Ол екі жақ ұшы сүйірленген, ортасында жіңішке тілі бар лираға ұқсайды. Тілшенің ұшы тік бұрыштай иілген, ол тілшені шалып тербеліске келтіруге арналған. Тілшенің екінші ұшы жиекке бекітілген. Тілшенің тербелуіне ештеңе бөгет жасамауға тиіс. Ойнау кезінде ауыздың екі ұрты резонатор қызыметін атқарып, дыбысты күшейтеді.

Информация о работе Қиын балалармен жұмыс