Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 08:52, курсовая работа
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жүктелім жүйесі. Жанрлық жүктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе ќұрайды. Мысалы, музыкадағы “үн”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж”, “портрет” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс”, “жыр”, “әңгіме”, “роман”, “эпопея”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлыќ өнер түрі үшін ортақ жанрлыұ жүктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандыќтан, оған көзқарас та біртекті емес.
Аспапты ойнағанда сол қолдың бас бармағы, сұқ саусақ пен ортаңғы саусағы аспапты ұстап тұрады. Қалған екі саусақ жартылай бүгіледі де ортаңғы саусаққа тақалады. Алақан жартылай жұмылып қуыс жасайды, ол қуысқа аспаптың дыбысы шоғырланады да соның нәтижесінде дыбыс күшейеді.
Дыбыстың күші ойнау кезінде ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Арадағы қуыс неғұрлым тарлау болса, тілшеге бағытталған ауа толқыны соғұрлым көбірек шоғырланады, демек, дыбыс соғұрлым күшті шығады.
Аспаптың тамылжыған үні көбінесе тілшенің еркін тербелуіне және оған бағытталған ауаның шоғырлану дәрежесіне байланысты.
Ол сонымен қатар ауыз қуысындағы резонаторлық кеңістікке де тәуелді. Егер мұндай кеңістік тым шағын болса, аспаптың дауысы анық шыққанымен күшті болмайды.
Ұрып ойнайтын аспаптар.
Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзінше ерекшелігі болған. Бұл аспаптардың сыр-сипаты мен ерекшелігі олардың тембрлік және динамикалық дыбыстануына қарай айқындалады. Ұрып ойналатын аспаптармен аңға шығу, діни жоралғыны орындауға т.б. осы сияқты жиынға шақыратын болған.
Дабыл.
Халықтың ауыз әдебиетінде дабылды, дабыл қағатын аспап ретінде айтқан.
Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл дауысының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған.
Дабылдың өзге ұрып ойналатын аспаптардан айырмашылғы оның шеңберіне екі жағынан көн тері қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады немесе қайыс ілгешек тағылады.
Даңғыра және кепшік.
Даңғыра мен кепшік те мембраналы топ аспаптары қатарына жатады. Дабылдан айырмашылығы кепшіктің бір жақ беті ғана көн терімен қапталған. Даңғыраның ішкі қуысына әр түрлі формадағы шынжыр, сақина, пластинкалар ілінеді. Ал кепшіктің даңғырадан айырмашылығы кепшікте жаңағы айтқан әр қыйлы сылдырмақ болмайды. Бұл аспаптардың екеуінің де дауысы шаңқылдаған ащы.
Дауылпаз және шыңдауыл.
Қазақтың ер басына іліп жүретін музыкалық аспабы – шыңдауыл, қол тоқпақпен ұрылады. Аспаптың шанағы жезден болады.
Сілку арқылы үн шығаратын музыкалық аспаптар.
Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Қазақта ќоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сыяқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.
Асатаяқ - шу шығаратын музыкалық аспап. Бақсылар оны даңғыра және қылқобызбен қоса қолданған. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әдемі әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап, сыртынан көн терімен қаптауға болады. Асатаяқты сілкілеген кезде жаңағы бұршақтар өзгеше үн шығарады.
Қоңырау - бұрын халық өнерпаздары көп қолданған музыкалық аспап. Ол халық әндері мен күйлерін сүйемелдеу үшін қолданылған. Домбырашылар мен қылқобызшылар қоңырауды аспаптың басына, мойнына немесе шанақтың ішіне іліп қоятын болған. Керек кезінде музыкант аспапты сілкіп қалса болды қоңырау сыңғыр ќағып қоя береді. Бақсылар қоңырауды асатаяқ пен қылқобыздың басына ілген.
Шартылдауық.
Алтын домбыра туралы аңыз.
...Ерте, ерте, ерте заманда «ер етігімен су кешкен, келте заманда» елім деп егіліп, тоғыз тарау елді тарихын жадында сақтаған қарт жыршы болыпты.
Кәрілік жеңіп, дәмі таусылар сәт жақындағанын сезген ол, бүкіл ел-жұртын, үрім-бұтағын жинап: «Уа, жарандар, қазір менің көкірегімде тоғыз тараудың шежіресі қаттаулы. Ел есінде қалар шаруаны өзіммен бірге жасасып, бірге қартайған осы бір домбырамның көмегімен үлкен - кішіңе паш етіп келдім. Көз жұмар шақта білгенімді кімге қалдырам деп жүз ойланып, мың толғанып, шешімін таппадым .Ендігісін өздерің біліңдер» – деген екен.
Жас – кәрісі, ерлі - зайыптысы, жарлы- жақыбайы түгелдей жиналған жұрт өзара кеңесіп, тоғыз тарауды қарт жыраудың домбырасының шанағына ќұю керек деп шешкен екен. Сонда осынша байлық оның қуыс мойнынан шығып кетпесін ћам тоғыз тараудың белгісі болсын деп бүкіл ел болып домбыраға тоғыз тосқауыл перне, ал қарт жыраудың құрметіне аспаптың бетіне екінші ішек таққан екен. Осыдан барып оның шанағы кеңейіп, мойны ұзарып, шежірелі сыр шертетін халық мұрасы – алтын домбыра боп сол заманнан ќалған екен. Сөйтіп, домбыра сан ғасырларды артқа салып, қуыс мойын түрінде қала берген. Бірақ кейіннен қолайсызда, ыңғайсыз болғандықтан оның мойнын бітеп, әрі ұзын ағаштан жонып ұзартқан екен.
Республикамызда музыкалық аспаптарды жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс 1932 жылыдан басталды.
Алматыда арнайы музыка шеберханасы ұйымдастырылды. Алғашқы музыка шеберлері ағайынды Борис және Имануйл Романенко, Қамар Қасымовтар болды. Кейінірек Арыстан Ермеков қосылды.
Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрін тұңғыш ұйымдастырушы академик Ахмет Жұбановтың музыка шеберлерімен бірлесе отырып домбыра, қылқобыз түрлерін жасау, сыбызғы мен дауылпазды жетілдіру жөнінде көптеген проблемалық мәселелерді шешуіне тура келді. Қобыз тобына ішегі жылқы қылынан таңылған екі ішекті көне қылқобыз негізгі аспап саналады.
Қобыздар тұтас ағаштан жасалды, шанақтың бет жағының жоғарғы бөлігі ағаш қақпақпен жабылмайтын, ал төменгі бөлігіне көн тері қапталатын. 1956 жылы төрт ішекті қобыз жасау ісі ќолға алынды.
Сыбызғы ойналатын бес ойығы бар метал түтік түрінде жасалды.
Дауылпаздың алғашқы үлгісі сақталынбаған. Шанағын ағаштан жасап, көн терінің үнін өзгерту үшін арналған бұрандалы вйнт орнатып жаңартылған түрі жасалды.
Қазақтың аспаптық мәдениетінің өте ерте заманнан-ақ бастап қалыптаса бастағанын археалогиалық қазба жұмыстары да дәлелдеп отыр.
Зерттеушілердің, әсіресе профессор Б.Сарыбаевтың талдауларына сүйене отырып, аспаптардың көпшілігінің бірыңғай тұтас тарихи және мәдени кеңістікте сақталғанын, өздерінің құрылымы мен дыбыс ерекшеліктері жағынан басқа халықтардыкін қайталай бермейтінің, тіпті бізде қалыптасқан аспаптық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін аңғартатын тембрлік- дыбыстық қасиеттерін көреміз.
1957 жылы
халық аспаптарын қайта
60-70-інші жылдары белгілі аспап зерттеуші профессор Б. Сарыбаев, қазақтың көне мұрасының білгірлері С.Қасиманов, О.Хаймолдин тағы басқалар халық аспаптарын зерттеу, жетілдіру және насихаттау ісінде белсенділік көрсетті.
Шертерде ойнаушы Өтепберген Хамзин және үш ішекті домбырада ойнаушы Жарқын Шәкәрімовтар саз аспаптарының түрлерін жетілдіруде көп еңбек сіңірді.
Жоғарыда айтылғандай, көне аспаптарды қолға түскен нұсқасына сай және аздап жетілдіріп жасау, ойнау дәстүрін игеру және ансамбілге қосу сияқты, аса күрделі жұмыстар бір-бірімен ұштастырыла жүргізілді.
Қазақ халқының музыка мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Музыка аспаптарының әр түрлілігі де соның бір айғағы. Ұмыт болған аспаптарды қайта өңдеу және оларды жетілдіре түсу, аспаптарды дамыту сондай–ақ осы аспаптарға байланысты ұлттық өнерімізді тұрмысымызға кеңінен енгізу біздің азаматтық парызымыз.
Уақыт шаңына көміліп ұмыт қалған қазақтың көне аспаптарында ойнау тәсілдерін қайта өрбітіп, қалпына келтіру-әуезшілік шығармалардың мазмұнын жаңа көркемдік сатыға көтеріп қоймай, ұлттық мәдениетімізді байытып, оған дәстүрлік тұрпат беретіні сөзсіз.
2.2 Қазақтың халық аспаптық өнері
Әр халықтың шығу тегі, болмыс-бітімі, тілі мен діні, салт-дәстүрі болады. Мұның бәрі ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Қазақ ұлты да осы жолмен яғни тақырдан емес, ќұнарлы топырақтан жаралып, талайды тамсандырып, таңдай қақтырар небір ќұндылықтармен кешеден бүгінге жеткен.
«Көне түркілік салтты, оның наным – сенім, әдет-ғұрып, той-думан, жол-жоба дәстүрлерін, жыр-өлең сипатында жалғасқан тарихи аңыздарын, әртүрлі уақытта өткен жырау жырларын, салтанат пен әуенге деген құштарлығын, халық әдеті мен билердің шешендік өнері мен билік айту өнегесі сияқты парасат, ақыл –ой мұраларын сақтаушылары деп қазақтарды айту қажет»-деп, кезінде Ш.Уалиханов ескерткен Қазақ өнері әлем халықтары арасында шоқтығы биік өнерінің бірі. Қай өнер түрін айтпасақ та, өзінің артықшылығы, дәстүрі, қайталанбас түр-сипаты жағынан басқа мәдени ошақтардан дараланып тұратын ерекше болмыс-бітімі бар, тарихи терең тамыры бар өзгеше өркениет ордасы. Сондықтан ғасырлар бойы өркендеген мәдениетімен талай елдің шашбауын көтеріп, мәдени мұрасы мен өнерінің қалыптасуына игі ықпал еткен. Қазақ халқы көптеген халықтарға қарағанда оқ бойы алда келе жатқан көне сазды халықтын бірі. Ғасырлар бойы қалыптасқан сан-салалы әншілік өнері, сан-сырлы сазды, сұңғыла әуені бар ерекше халық.
Қазақ халқының табиғи болмысы, әлемге нұрын шашып, айналасына шат-шадыман саз думанның шуағын шашқан көн сияқты. Сондықтан да екінің бірі әнші, сазгер, ақын. Көкіректері күмбірлеген күйге толы, жүректері нәзік сазды сырға толы өнерпаз халық.
Қазақтың халық аспаптық өнері негізінен күй жанырында өркендеген. Күй-қазақ музыкасындағы ең айтулы жанрдың бірі.
Күй тарту қазақ халқындағыдай басқа халықтарда онша өркендемеген. Күй бар сырын ішіне бүгіп жатқан тұңғиық-тылсым өнердің бірі. Кейде ет бауырыңды елжіретер қайғы-мұңдысарында тартылса, кейде жігеріңді жанитын өршіл екпінмен адуыңды сарында орындалады. Кейде жан дүниеңді жадырататын, қуаныш-шаттыққа толы әуенде тартылады.
Осындай өнердің орындаушылары қазақ халқында көп болған. Олар дауылпаз күйші композиторлар : Ықылас Дїкенұлы, Ќұрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Дина Нұрпейісова т.б.
Қазақ музыка өнерінде жыраулық, күйшілік, ақындық саласында қолданылатын көптеген әуенді аспаптар бар. Олардың көбі өте ерте заманнан белгілі. Солардың кейбіреуінің екі-үш мыңжылдық тарыхы бар. Ондай аспаптарға: барбыт, шертер, домбыра, адырна, қобыз, жетіген т.б. жатады.
Қазіргі өзіміздің төл аспабымыз-домбыра сонау көне заманнан белгілі. Халқымыздың көшпелі тұрмыс-тіршілігінің ерекшелігіне байланысты өнеріміз ғасырлар бойы тек қана жеке орындаушылық формада дамыды. Ол әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкіндік туғызады.
Аты аңызға айналған қарт Нартай, Асан қайғы сияқты ең таңдаулы өкілдерінің есімдері біздің заманымызға да жетті. Олардың күйлері халқымыздың басынан өткерген қиын, қилы кезеңдерін бейнелеп, халық тарихы туралы сыр шертеді.
«Домбыра көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі» - деп сиппаттады академик А.Жұбанов. Ол халқымыздың мұңымен қайғысын, күйінішін, тұрмыс-тіршілігін, арман-тілегін, батырлардың ерлігін, салт-дәстүрін, қазақтың кең сахара даласын, сұлу табиғатын, аңыз күйлері арқылы суреттеген, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа осы заманымызға дейін мұра боп қалған, қазақтың киелі аспабы, қасиетті қара домбыра десек қателеспейміз.
Домбыра қазақ халқының жан сезімі, жан серігі. Сондықтан «әу» демейтін қазақ жоқ, қазақтың той думандары домбырасыз өтпейді, бір үйден домбыра үні шықса, халық тез арада жиналып,тамсана тыңдап отыратын болған.
Домбыра өнері яғни күй дәстқрінің өркендеуі ата-баба дәстүрінің кәсібін дамытып, әрбір баланың өнер арқылы білімге, терең ойға, өз бойындағы қабілетін шыңдауға мүмкіншілік туғызады. Әрине домбыра өнері бұл күнде өз жалғасын тауып, өркендеп, дамып отыр. Домбыра аспабы соның ішінде дәстүрлі күйшілік өнері негізінде қалыптасқан тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Қорытынды
Домбыра өнер ортақтығын көрсете отырып, халықтар туыстығын көрсете алады. Бірақ домбыраның 6000 жылдық тарихы болса, оны жасаған қазақ өркениеті қашан қалыптасқан? Әлемдегі бүгінгі күні қолданып жүрген музыка аспаптарының ең көнесі, яғни атасы-Домбыра !!!
Музыка - әуен ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбалаған. Домбыраның 6000 мың жылдық тарихы болса, онда ежелгі Египет, Вавилон мемлекеттерімен қатар Сырдария мен Амудария бойында өзіндік өркениеті бар бір мемлекет болғаны ғой.
Қорыта айтар болсақ, ежелгі Қазақ жері, қазақ елі мәдениетінің даму тарихы өзгеше. Қазақ халқының тарихы небір оқиғаларға толы. Ондай оқиғалар сол ортада өмір сүрген адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырып, мәңгі есте сақталып қалады. Әсіресе қоғамдық өмірдің сан алуан сыры күмбірлеген күй мен шырқалған әндерден өз көріністерін тауып отырған.
Ақын-жыраулар көбінесе тарихи оқиғалар жайында толғаса, ол жырлар өз заманының шежіресі болып қалғандығы белгілі. Ал аңыз, өлең, музыка ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалатыны сөзсіз.
Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан-шәкіртке, өткеннен -болашаққа жеткізіліп отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі мен тұрмысының, сөздік және ақындық көркем өнердің біртұтастығын көрсетеді.
Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі
қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни
және тұрмыстық салт- дәстүрлермен біртұтас
дүниеге айналды. Қазақ этносының қалыптасу
кезеңінде пайда болған ірі эпикалық баяндаулар
– жыраулар орындауындағы жырлар әртүрлі
дәстүрлермен байланысты болды. Халық
жадында жүзден аса эпос сақталған, олар
мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра
Қазақ халқының аспапта жеке шығарма орындаушылық, яғни күйшілік өнері сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласы. Күй, көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады.
Күйшілік өнер құрылымдық және орындаушылық тұрғыдан өзара бірнеше дәстүрлерге бөлінеді. Әр дәстүрдің өзіндік орындау мәнері, өзіндік саздық жүйесі болады. Домбыра аспабында орындалатын күйлер негізгі екі топқа, "төкпе "күйлер мен "шертпе "күйлерге бөлінеді. Төкпе күйлер Батыс Қазақстанда, ал, шертпе күйлер Арқа, Жетісу мен Қаратау өңірлерінде көп орындалады. Төкпе мәнерінің көрнекті өкілдері - Құрманғазы, Сейтек, Ұзақ, Дәулеткерей, Абыл, Дина, Қазағап, Есір, және тағы басқалар. Төкпе күйлер өзінің өлшемі мен ырғағы жағынан нақты болып, саусақтардың бірыңғай сілтеуімен орындалады, олар көбінесе жігерлі, асқақ келеді.