Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа

Краткое описание

Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде қарастырдым. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігін жаздым. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде қиын балалар мәселесінің зерттелуін жаздым. Екінші бөлімде қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын және Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларына тоқталдым. Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметі мен қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі н жаздым. Зерттеу жұмысымның баяндау тілі анық әрі жеңіл жазылған.

Содержание

Кіріспе
I. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде
1.1 Педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігі
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі
II. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі
2.3 Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

багдат агай.docx

— 62.77 Кб (Скачать документ)

 

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз. 2. Мұғалімнің қоғамдағы  рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз. 3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі  емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз. 4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз. 5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің  мүшесімін деп есептеңіз. 6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан  қалыс қалмаңыз. 7. Өз балаңыздың мектептен  тыс уақыттағы өміріне аса  үлкен жауапкершілікпен қараңыз. 8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз  оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын  уақытылы әперіңіз. 9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз. 10. Өз уақытымен  балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз. 11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып  жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз. 12. Өз мүмкіндігіңізге  қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде  өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға  қатысыңыз. 13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады. 14. Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз: 1. Сынып жетекшісі; 2. Пән мұғалімі (қажет жағдайда); 3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; 4. Әлеуметтік педагог; 5. Мектеп басшысы.

Сынып жетекшісінің ата –  аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен  бірге жалпы күш жігерді біріктіру  арқасында мұғалімдер балаларға  үлкен адамдық бақытты беруі  мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның  тұтастай негізгі ықпал ету факторларын  жасайды. Сондықтанда педагогикалық  әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің  көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше. Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай  мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасатары  олардың өзара қарым–қатынасы сабақтың ұйымдастыру формаларымен өткізу технологиясы көптеген оқу пәндерін оқытудағы  жаңа көзқарас сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысын мектепті басқару  ісі біртіндеп демократиялық  бағытты ұстануда яғни, педагогикалық  әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім - оқушы  – ата – анаға қатысты жағдайда жаңа демократиялық қарым – қатынасқа  ие болды. Олай болса осы қарым  – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік  басқару жүйеде ендігі жерде келмеске кетті. Бүгінде мектептің ата  – аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын  жоюда: ата – аналар жиналысы, ата  – аналар лекториясы мен университеттері, ата – аналардың ашық күні, ата  – аналардың жұмыс орындарымен  байланыс, баланың отбасына бару т.с.с. Түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар ата –  аналармен оқушылар өзара байланыссыз  жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата–аналармен  ынтымақтастық қарым – қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір –  біріне айтар ақыл кеңесі ауадай қажет  болып отыр. Сондықтан да ата –  аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеп пен қарым – қатынас, тікелей  байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені, олардың  өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу –  тәрбие жұмысының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін  жақсарту үшін отбасы мен мектептің  ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет  етеді. Мектептің ата – аналармен  жүргізетін жұмысының ерекшелігі осы  екі жақтың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәрбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысына байланысты. Мұндай жағдайда отбасының негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде мектеп пен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысын негізінен мектеп пен ата – аналар және балалардың өзара қарым қатынасымен әрекетінде бірлікке, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл күй мен жағдай жасау. Оны нәтижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұмысының негізінде сол ынтымақтастық әрекет орын алған жағдайда ғана болады. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір – біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс. Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсіресе, сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата – аналарымен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшін де ата – аналармен қоян – қолтық жұмыс істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол үшін, жанұяны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан – жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді. Олай болса сынып жетекшісінің ата–аналармен жұмыс істеу қажеттіліг неде:

 

- баланың өмірін ұйымдастыруда,  оның тәрбиесіне қатысты мәселелелерді  шешуде ортақ көзқарастың болуында  баланың отбасы мен мектеп  жағдайындағы дамуын және әлеументтенуін  тиімді ұйымдастыру мақсатында  тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын  қоюда;

 

- баланың әлеуметтік-педагогикалық  және психологиялық даму жағдайын  ескере отыра, тәрбиенің мақсаты  және міндеттері дұрыс анықтау,  оларды жүзеге асырудың болуында;

- баланың жан – жақты  үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік  ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;

- балаға мектеп пен  мектептен тыс тәрбие мекемелерінің,  ата – аналармен жұртшылықтың  педагогикалық қолдануын ұйымдастыруда;

- баланы әртүрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан – жақты жақсы танып білуі үшін;

- балаға ықпал етудің  жалпы тәсілімен техникасын ойластыруда,  әртүрлі өмір жағдайында оның  тұлғасына әсер етуде күш жігерді  біріктіру үшін;

 

- сынып жетекшісі, оқушылар  және ата – аналардың жағымды  көңіл күйін өзара жағымды  түсіністік пен ынтымақтастық  қарым – қатынасын орнықтыруда.  Осыдан барып мектеп пен отбасы  тәрбиесінің жағымды факторларға  негізделген өзара қызметінің  маңыздылығы түсінікті.

 

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

1.Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. Ондағы мақсат: отбасының, оның мүшелерінің өзара қарым–қатынасы мәдениет деңгейі, отбасының жеке басқа ықпалы ата–ананың педагогика білім дәрежесінің жай – күйін анықтап, кеңес беріп, оларды бала тәрбиесіне ортақтастыруды көздейді. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. Ондағы мақсат өмір сүріп отырған қоғамға сай белгілі бір мінез құлық нормалары балаға үйрету, жаттықтырудың жүйелілігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сол сыныптағы дәріс беретін мұғалімдерді ата – аналармен ортақ іске ұйымдастыру. 3. Ата–аналар ұжымын құру. Бұл күрделі әрі жауапкершілігі мол маңызды міндет. Бұл бағытта ата–аналар комитетін құру, оның жұмыс жоспарын жасау, оларды мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатыстыру, атқарылатын істерге талдау жасап отыру т.б. жұмыстарды міндеттейді. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру. Ол үшін ата–аналардың жаппай педагогикалық білім алуларын ұйымдастыру. Бұл бағытта баспасөз беттерінде, радио, көгілдір экран арқылы, пеадагогикалық білімдер жетілдіру универсистеттерінде лекторияларды, семинарларға, ғылыми практикалық конференцияларда, ата–аналар жиналыстарында педагогикалық білімдерін насихаттау. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. 5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.). Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері. Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе: Бүгінгі отбасыларындағы ата-аналардың бала тәрбиесін заман талабына ұйымдастырудағы қабілеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялылыарының бірі М. Жұмабаевтың «тәрбиедегі мақсат-баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емесе, келешек өз заманына лайық қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата-аналар алдында үлкен жауапкершілікте тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрби қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емесе. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысндағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс. Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болды. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата-аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектепке оқуға береді. Оқушылардың ұлыттық тәрбие алу мен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кірістіру және т.б. жүзеге асырылады. Қазақ халқында тәрбиесі қиын балалар жоқ болуына ел болып, қоғам болып атсалысайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.

2. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 1999.

3. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер  үшін. - Алматы, 1972.

4. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

5. В.А.Сухомлинский. Ата-ана  педагогикасы. -Алматы, 1983.

6.  Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

7.  К.Ж.Қожахметова. Сынып  жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.

8.Қазақстан мектебі 2002 ж.№1

9.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары .2007 ж. №5

10. М.Жұмабаев «Педагогика»

11. Класс жетекшісінің  жұмысы туралы. .-А: ҚазССР оқу  мииистрлігінің мектептер басқармасы, 1997.

12. Мектептегі тәрбие , жұмысы. - А.:.Мектеп, 1998.

13. Ілиясова А. Н. Класс  жетекшісінің жүргізетін тәрбие  жұмысының жүйесі. -А, 1991.

14.Хусаннова.Б.Конференциялық  сабақ.-Қазақстан мектебі,2007,N2.

15.Құнанбаев Абай. Қара  сөздер. - "Қазақстан мектебі". Алматы. 2005.

16.Тұнғатарова. Г. Қырғыз  халқының балаларды еңбеке баулудың  ұлттық идеалары.-Білім-образование,2006.N4.

17.Құрсабаева.М.Ұлтық тәрбиенің  маңыздылығы.-Ұлттағлымы,2006.N2.


Информация о работе Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары