Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа
Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде қарастырдым. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігін жаздым. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде қиын балалар мәселесінің зерттелуін жаздым. Екінші бөлімде қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын және Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларына тоқталдым. Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметі мен қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі н жаздым. Зерттеу жұмысымның баяндау тілі анық әрі жеңіл жазылған.
Кіріспе
I. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде
1.1 Педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігі
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі
II. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі
2.3 Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Психология – педагогика факультеті
Педагогика – психология мамандығы
Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары Курстық жұмыс
Орындаған:
Қожахмет Айғаным 2 курс студенті
Ғылыми жетекші:
Маженов Б
Алматы
2013 жыл
Жоспар
Кіріспе
I. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде
1.1 Педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігі
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі
II. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі
2.3 Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аннотация
Мен «Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары» деп аталатын зерттеу жұмысымның мақсатын кіріспе бөлімінде айқындап көрсеттім. Зерттеу жұмысымның бірінші бөлімінде Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде қарастырдым. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігін жаздым. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде қиын балалар мәселесінің зерттелуін жаздым. Екінші бөлімде қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын және Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларына тоқталдым. Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметі мен қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі н жаздым. Зерттеу жұмысымның баяндау тілі анық әрі жеңіл жазылған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар және жасөспірімдер арасында (ұрлық, бұзықшылық, зорлық-зомбылық) саны артуда. Үлкендер жасөспірімдірдің арасындағы тәрбиесі «қиын» балалармен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы жан-жақты ізденістер үстінде. Бұл тек біздің облысымыздаң ғана емес, бүкіл Республика бойынша өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында «Біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық жолдары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрамыз» деген. Бұл, яғни бәсекеге қабілетті ел болу үшін жас ұрпақты тәрбиелей білуіміз керектігі. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет. Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы» дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігер, психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетін де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: қиын балалар тәрбиесі.
Зерттеу міндеттері:
- Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде зерттеу;
- Педагогикалық әдебиеттер қиын балалар түсінігін ашу;
- Қиын балалар мәселесінің зерттелуіне шолу жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын ашу;
- Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларды көрсету;
- Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметіне талдау жасау;
- Қиын балалармен жұмыс істеу әдістемесін ұсыну
Зерттеу объектісі: қиын балалар
Зерттеу пәні қиын балаларды тәрбиелеуге қатысты құбылыстар мен процесстер
Зерттеу әдістері: талдау, жүйелеу, эксперимент, тәжірибежүргізу, сараптама жасау, ғылымилылық.
Зерттеу болжамы: кез келген қоғамда мінез құлқында қиындығы бар балалар қалыптасады, олармен жұмыс істеу ерекше педагогикалық проблема туындайды, сондықтан бұл мәселені жетік зерттеуден қиын балалар тәрбиесінің жетістігі тәуелді.
1. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде
1.1 Педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігі.
Педагог – ғылымдар «қиын»
балалар мәселерін жан-жақты
Оқушының жан-жақты тәлім-
Әсіресе,ұстазбен оқушының
өзара түсіністігі ,оқушыға сенім
көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік
қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің
дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы
ұрыс – талас, даужанжал,
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы
жан – жақты зерттеп, мінез
– құлықтарының бағыт –
2) Әрбір оқушының адамгершілік
сынды тәжірибелердің құра
3) Әрбір жеке тұлғаның
ерекшеліктері мен
4) Кейбір қиын оқушылардың
оқу – тәрбие процесінде
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын
жүргізу кезінде таланттар
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың
тәртібінің төмендеуіне
- екінші кезең
– қиын оқушылар мен көш
жора – жолдастары арасындағы
байланыстырудың дәрежесін
1.2. Қиын балалар мәселесінің зерттелуі
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін ,тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет. Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық. «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз. Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін , заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жасөспірімнің субъективті талап-тілегін ескеріп, бейім-қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы шығармашылык қасиетін одан әрі - дамыту кезек күттірмейтін мәселе.
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы.
Информация о работе Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары