Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:16, курсовая работа

Краткое описание

Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде қарастырдым. Бірінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігін жаздым. Ал бірінші бөлімнің екінші бөлімшесінде қиын балалар мәселесінің зерттелуін жаздым. Екінші бөлімде қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар мазмұнын және Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шараларына тоқталдым. Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметі мен қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі н жаздым. Зерттеу жұмысымның баяндау тілі анық әрі жеңіл жазылған.

Содержание

Кіріспе
I. Қиын балалар тәрбиесі педагогикалық мәселе ретінде
1.1 Педагогикалық әдебиеттерде қиын балалар түсінігі
1.2 Қиын балалар мәселесінің зерттелуі
II. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық
іс шаралар мазмұны
2.1 Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық іс шаралар
2.2 Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының
атқаратын қызметі
2.3 Қиын оқушылармен және ата – аналармен өткізілетін жұмыс ерекшелігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

багдат агай.docx

— 62.77 Кб (Скачать документ)

Күнделікті өмірде мінез-құлық  ерекшеліктері және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар  байқалады, осы ерекшеліктердің  дүрыс құрылмауы мінез-құлықтың кері әрекеттерінің пайда болуына  әкеліп соғады. Осыдан зерттеу тақырыбының  терең теориялық және тәжірибелік өзектілігі байқалады. В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, окушыларды екі қатарға бөледі.

Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен  алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары  бар оқушыларды жатқызады, олар: тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дерекі, өтірікші балалар. Мінез-құлықтың тәртіптілігі және тәртіпті емес белгілері бөлініп карастырылады. Тәртіптілікті мынандай қалыптасқан  тәртіпті қатаң сақтау, берілген тапсырманы тез және нақты орындауға тырысу, өзіне және басқаларға деген жоғарғы  талап қоюшылық, киіміндегі тазалық  және жинақылық сияқты және т.б. көрсеркіштер бойынша айқындайды. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтырап кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау адал еместік жеке қызығушылыктарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан т.б. байқалады.

Екінші қатарға жеке акцентуациясына  және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды  жатқызады. Мінез акцентуациясы - бұл  жеке бітімдегі аса күшейген, мөлшердің  ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік  ықпалдарға жататын белгілі катардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік  бүзылудың дамуы үшін сендірілген  факторлардың (өткір жан күйзелісі  реакциясы, жүйкенің ауруы, психопатиялық  даму, реактивті жынданып ауру, мінез - құлықтың патологиялық бұзылуына  себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады). «Қиын» оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психикалық қиындық проблема ретінде күн тәртібінде түспей отырғаны мәлім. Мұның өзі «қиын оқушылар» санының жылдан жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бұл уақыттарда «қиын оқушыларға» көбінесе жас өспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар да аз емес. Сондықтан «қиын оқушыларды» ерте жастай басынан кезеңінен бастап қолға алып, олардың саналы білім мен сапалы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. «Қиын оқушыларды» тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психологиялық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен бұрынғыша пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі болып отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан имандылық, инабаттылық, мейрімділік, кіші пейілділік, ата-мекеніне, еліне сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішіндегі ерекше категория болып табылатын «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие берудің формулаларын әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндеттерді жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі. Табиғат пен қоғам құбылыстарына қиындық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Қиындық қатынас адам мен қоғам өмірінде жалпы ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. Ғылыми әдебиеттерде құндылық түсінігіне әр-түрлі анықтамалар берілді. Филологиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар адам үшін пайдалы, яғни адамзат қоғамының іргелі даму мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндердің барлығы болып табылады.  Адамгершіліктің өрісі кең, бұл қасиет әр адамның еңбекке қоғам өмірінде, тұрмыста көпшілік орында өзін ұстауынан басқалармен қарым-қатынасынан, жүріс – тұрысынан, қимылынан байқалады. Адамгершілігі мол адам бақытты, ел жұртына қадірлі, қоғамға да пайда келтіреді. Яғни маңайындағыларға үлгі-өнеге бола алады. Сондықтан «қиын оқушыларды» жас кезінен адамгершілік қасиеттерге баулу олардың келешекте азамат болып қалыптасуына кепілдік береді. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері: а) адамгершілік сананы қалыптастыру; ә) адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамыту; б) адамгершілік мінез құлық біліктілігі мен әдеттерін қалыптастыру. Бастауыш сыныпта «қиын оқушыларды» адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту процесінде жүргізіледі. Баланың адамгершілік қасиеті сабақ үстінде, мұғаліммен және құрбы-құрдастарымен ұдайы қарым-қатынасында қалыптасады. Халық адамгершілік қасиеттеріді жоғары бағалаған. «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»,- іспеттес мақал -мәтелдер соның айқыны. «Қиын» оқушыларда адамгершілік қатынасты қалыптастыру бағытында ұйымдастырылатын тәрбиелік істерге адам санасының адамдық мәдениетінің бір бөлігі мораль туралы түсінікті қалыптастыру соның негізінде оқушыларда адамгершілік ой пікірлер мен сенімдерді тәрбиелеу жатады. Осы бағытта этнопедагогикалық құралдарын пайдалану арқылы «қиын оқушылармен» ұйымдастырылатын жұмыс жоспарын білуге болады. Тәрбиелік істерді ұйымдастыруға қойылатын педагогикалық талаптар: «қиын оқушыларға» адамгершілік тәрбие беруде этнопедагогика құндылықтарының алатын орны және атқаратын рөлін сапалы олардың білімділік дамытушылық және танымдық мүмкіндіктерін жүзеге асыру, тәрбиелік іс-әрекетте қолдану аясын көрсету. Ғылым педагогикалық, психологиялық фольклорлық құндылықтардың алатын орнымен озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтау, талдау ауыз әдебиетімен оқып үйрену, баланың адамгершілік саналарының қалыптасуына ықылас жасайтынын көруге мүмкіндік береді.

Бізге белгілі деректерге қарағанда мектептегіқиын балалардың салдарынан қылмыс жасау фактілері, темекі шегу, алькаголдік ішімдіктерді пайдалану, сонымен қатар нашақорлық бұрынғыға қарағанда біршама  көбейген. Ал бала мұндай әрекеттерге  мұғалім мен ата-ана бақылауынан  шет қалған кезде баратыны белгілі. Алдымен бала тәрбиесіндегі ата  –ананың рөліне келсек көз алдымызға  көптеген міндеттермен жауапкершіліктер келетіні анық. Өйткені бала тәрбиесімен  бірге ата-ана балаларының дүние  тамақтануы мен бүтін өз замандастарынан  кейін қалдырмауға т.б. осы сияқты мәселелерге тікелей жауапты. Баланың  тәрбиелі білімді болып өсуіне де ата-ананың қосар үлесі орасан. Ата  –аналарынан мектеп қабырғасында жылылық  сезінбеген жас өспірім өмірде «мен ешкімге қажетсізбін»,- деп санап  уайымға жиі саналады. Осындай іс-әрекеттің салдарынан мінез құлқы күрт өзгере бастайды. Бұл құбылыс кәзіргі таңда қала балаларында көптеп кездесіп жүр. Ата-аналар жас өспірімдердің мінезіндегі ауытқуларға назар аудару олардың психикалық әр-түрлі ауыр жағдайларға шалдығуына себепші болып отыр. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысының арасында мінез құлқында қиындықтары бар оқушылар бүгіндері көптеп кездесіп жүр. Мектеп те мұндай оқушыларды мінез – құлқында ауытқулары бар оқушылар қиын тәрбиеленуші қиын балалар деп әр түрлі атпен атайды. «Бала тәрбиесінің ең  үлкен мектебі  -  әке мен шешенің қарым -қатынасы» - деп В.А.Сухомлинский  айтқандай , « Ата – ана  -  өз  баласының тәрбиесі үшін  ел , халық  алдында  жауапкер». Жүргізілген  зерттеулеріміздің  нәтижесі  бойынша  « қиын » оқушылардың  тууына итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік , таршылық.Қазір   материалдың  байлықтың  рухани байлықтан  жоғары тұрған  уақытында  жасөпірімдер  арасында  « анау да керек ,  мынау да керек » деген көрсеқызарлықтың әсерінен , «өзгелерде бар нәрсе менде неге жоқ » деген оймен баланың көзқарасының өзгеріне әкеп соғуы мүмкін. Жасөспірім бойындағы жағымды қасиеттерді  дамытуда әлеуметтік – педагогикалық ,  психологиялық  әдістерді  қолданып , тәрбиені ерікті , зорлықсыз  түрде іске асыру керек. Ата – аналар  бала тәрбиесінде қолданатын  әдістерді  таңдауда  жиі  қателеседі. Мәселен, кей отбасы жолды ұстанады. Жасөспірімдердің  жеке  басын сыйламау , адам қатарына санамау) , негіссіз  жазалау , көп  сөз , қорқыту , ұру – жасөспірімнің  қатыгез , қатал , ашықтан  - ашық  отбасы  талабын  орындамай , өз білгенің  істеуге бейім  болып  өсуіне  әкеліп  соқтырады. Ымырашылдық  жол – бұл , керісінше , баланың  барлық  талабын ойланбай орындау , жазаламау. Мұнда  қолданылатын  әдіс , негізінен , әңгіме , сол арқылы  баланың  барлық  іс - әрекеттерін  жақтау , балаға  жалыну , өтіну болады. Ондай жеткіншек бойында өзімшілдік , дарашылдық , жеке басты ойлау , қоғамдық мүддеден гөрі өз басының мүддессін бірінші орынға қою , өзгелердің ойымен санаспау , өз ісін атқаруда өзгеге талап қою әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Үнемі ескерту естіп , үлкендер тарапынан кеміту қорлаудан арылмаған бала өзіне сенімсіз , тұйық , өзіне – өзі көңілі толмайтын , көңгіш , келеңсіз болып қалыптасады. Қиын жасөспіріммен жұмыс істегенде , сынып жетекшісі мен мұғалімдер оны жеке тұлға ретінде танып, біліп қана қоймай , мынадай үш кезеңді ескеруі , оның дамуын көре білуі  қажет:

- Бұрынғысы;

- Қазіргісі;

- Болашағы;

Оқушының мінез – құқының  ерекшеліктерін анықтау барысында  төмендегілерге көңіл бөлгенміз  жөн:

- Оқушының тәртібін сабақ  үстінде және сабақтан тыс  кезеңде бақылау;

- Оның қызметін талдау (әр пән бойынша дәптерін , бақылау  жұмыстары , шығармалары , т.б.);

- Оқушыдан оны не қызықтырады  және жақсы көретін сабақтарын  жөнінде әңгімелесу;

- Достарымен , ата – анасымен  әңгіме жүргізу;

Жазалау мен көтермелеу әдістерін  қатар қолдану – педогогтің негізгі  құралы болуы тиіс. Таңдап алынған  әдіс – тәсілдер баланы өз қылығына басқаша  қаратып , мінезін жақсы  жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған  әдіс – тәсілдер оқу – тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп , қиын оқушы  мен педагог қарым – қатынас  жақсартатыны сөзсіз. И.А. Невский қиын баланың пайда болуы отбасындағы,

1) отбасының әлеуметтік  және экономикалық жағдайы; 

2) ата-ананың баласына  немқұрайлы қарауы;

3) қараусыз қалған бала  немесе шектен тыс қамқорлық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Қиын балалармен жұмыс істеудің педагогикалық

іс шаралар мазмұны.

2.1 Қиын балалармен жұмыс  істеудің педагогикалық іс шаралар.

Қазір — жаһандану мен  ақпараттық тех­но­логиялар дамы­ған заман. Сол себептен де болар, бала­лардың  ой-өрісінің, ойлау қабілетінің, өмірге көзқарасының кейінгі жылдары өзгере бастағаны анық байқалуда. Оны тәжірибелі психологтар да растап отыр. Көп  жағдайда біз — балаларды, балалар  бізді түсіне алмай, кей кездері  арты қай­ғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Біздің ойымызша, бәріне кінәлі тек ата-ана ем­ес, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын­дағы кемшіліктердің де қолтаңбасы бар. Мо­йындау керек, кейбір мұғалімдердің  де мінездерін мінсіз деп айтпас едік. Отбасындағы тұрмыстық жағдай да әсер етпей қойсын ба?! Психологтар  сон­дай-ақ «шектен тыс қамқорлықтың да зар­дабы жоқ емес» дейді. Қалай  деген күнде де бала тәрбиесі тек  отбасы мен педа­гогиканың ғана міндеті  емес, оған бүтіндей бір қоғам жауапты. Бүгінгі ұрпақ — еліміздің  ертеңі. Қиын балалар қатары көбейіп  кетсе, не болмақ? Көз алдыңа елестетудің  өзі қорқынышты...

Бұл ұйым 1999 жылы Қиын жасөспірімдерді  оңалту орталығы де­ген атпен құрылған-ды. Кейін, яғни 2006 жылы Девианттық мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім  беру ұйымы болып қайта құрылады. Осындай мекемелерді ашуға түрткі болған жағдайлар – қиын балалар  санының көбеюі. Ал бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес, мемлекет те жауапты. Өздеріңіз білесіздер, КСРО тараған  жылдары елімізде әлеуметтік жағ­дай  қиындап кетті. Халық бұған дайын  емес еді. Ойламаған жерден бұрындары  таңсық болып келген құбылыстармен  бетпе-бет келуге тура келді. Ересектердің дағдарысқа ұшырауы балаларымызға, отбасына ызғарын тигізбей қоймады. Міне, үйірінен адасқан балалар сол жылдары көптеп саналды.Балалар мұнда сот ше­шімі­мен жіберіледі. Барлық пән бойынша үздіксіз сабақ оқиды. Компьютер кабинеттері жұмыс істейді. Балаларды түрлі үй­ір­мелерге қа­тыстырып, уақыты­­ның барлығын пайдалы жұм­сау­ларына ықпал етеміз. Негізі, мұн­да бір айдан бір жылға дейін оқ­шау­ланады. Тіпті араларында уақыты аяқталғанда кеткісі келмейтіндер де бар.Қазіргі кезде бізде 38 бала тәрбие­ленуде. Ал негізі әр кезде әрқалай. Кейде көп, кейде аз дегендей. Менің бір байқағаным, балалардың қай-қайсысы болсын қабілетті, білімге құштар. Жылы сөйлеп, тілін тапсаң, жаман бала жоқ. Олардың осындай жолға түсуінің себебі  — отбасындағы қиындықтар немесе ата-аналарымен түсінісе алмауларында, сондай-ақ ба­қылаусыз қалып, жаман жолға бастайтын ортаға түсіп кетуі, – дейді сөз болып отырған мекеме директоры Мұратбек Елеуов. Мұнда түскен балалардың мінездері алғашында, шынымен де, қиын болып келеді. Кейбіреуі сөйлесуден бас тартып, қиқарлық танытады. Бірақ баланың аты бала емес пе, райларынан тез қайтады. Әрқайсысымен жеке-дара сырласып, ұққаным: барлығы бірдей – ата-ана жылуына, мейіріміне шөліркеп жүргендер. Содан барып жоғын сырттан іздейді. Міне, дәл осы тұста біз балаларымызды уысымыздан шығарып аламыз. Біреуі қылмысқа барып, біреуі нашақорлыққа салынып, енді біреуі көше кезіп кетеді. Мұндай балалар негізінен ашуланшақ, қатыгез болып келеді. Балаға ең керегі ананың махаббаты мен әкенің мейірімі екен. Сонда бала үйінен безбейді. Ал бәленің бәрі балаға сырттан «жұғады», — дегені ойлантпай қоймайды екен.

Қазір — жаһандану мен  ақпараттық тех­но­логиялар дамы­ған заман. Сол себептен де болар, бала­лардың  ой-өрісінің, ойлау қабілетінің, өмірге көзқарасының кейінгі жылдары өзгере бастағаны анық байқалуда. Оны тәжірибелі психологтар да растап отыр. Көп  жағдайда біз — балаларды, балалар  бізді түсіне алмай, кей кездері  арты қай­ғылы оқиғалармен аяқталып жатады. Біздің ойымызша, бәріне кінәлі тек ата-ана ем­ес, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын­дағы кемшіліктердің де қолтаңбасы бар. Мо­йындау керек, кейбір мұғалімдердің  де мінездерін мінсіз деп айтпас едік. Отбасындағы тұрмыстық жағдай да әсер етпей қойсын ба?! Психологтар  сон­дай-ақ «шектен тыс қамқорлықтың да зар­дабы жоқ емес» дейді. Қалай  деген күнде де бала тәрбиесі тек  отбасы мен педа­гогиканың ғана міндеті  емес, оған бүтіндей бір қоғам жауапты. Бүгінгі ұрпақ — еліміздің  ертеңі. Қиын балалар қатары көбейіп  кетсе, не болмақ? Көз алдыңа елестетудің  өзі қорқынышты...

Ата–аналармен атқаратын  жұмыстарында сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.

1. Ата–аналарды сыныптағы  оқу тәрбие процесінің мазмұнымен  және әдістемесімен таныстыру.  Сынып жетекшісі ата – аналар  жиналысының бірінші отырысында  осы мәселеге қатысты өзінің  ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын  баяндайды. Оның мақсаты және  міндеттерімен, соған сай әрекет  ету бағдарламасы және тәсілімен  тәрбие жоспарымен таныстырады.  Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге  асыру жолдары қарастырады. Осындай  отырысқа сол сыныпта сабақ  беретін пән мұғалімдерін және  мектеп әкімшілігінде шақыру  мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер  өздері жүргізетін пәндердің  ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі  және оқушылардың үй тапсырмасын  орындау жұмыстарынан қатысты  мәселелерімен ата–аналарды таныстырады. 2. Ата–аналармен педагогикалық  және психологиялық ағарту жұмыстарын  ұйымдастыру. Сынып жетекшісі  бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық  және психологиялық білімдер  жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік  ортадағы мінез – құлқын жақсы  білуіне сай, оларға ағартушылық  қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп  жағдайында ата – аналардың  жалпы білім деңгейі сөзсіз  артуда бұл олардың педагогикалық  көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. 3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады:

- сабақтан тыс әр түрлі  тәрбиелік шараларға қатыстыру  (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.;

- жалпы мектеп көлемінде  өткізілетін дәстүрлі шараларға  қатыстыру (мектеп бітірушілермен  кездесу, соңғы қоңырау, жаңа  жыл шыршасы, халықаралық әйелдер  мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.);

- балалардың сабақтарына,  олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.;

- мектептің кәсіптік бағдар  жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен  кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби  бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары);

- өздерінің мамандықтарына  сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;

- балалардың аула клубтарын құруға;

- мектептің немесе сыныптың  жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру  қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға;

- мектептің немесе сыныптың  әртүрлі шараларын ұйымдастыру  және оларды өткізуге өндіріс  және фирмалар арқылы материалдық  көмек сұрау т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Қиын балалармен жұмыс істеуде отбасының атқаратын қызметі.

Қиын балалардың отбасындағы  беріктігі және өнегелі отбасында  өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында  қарым-қатынастарды орнату.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың  сабақ үлгерімінің жақсаруымен  қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді  және балалардың 3-4 сыныптарға деиін  бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға  шақырады.

Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы  атқаратын  қажеті сан қырлы . «Отан  отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты  тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны  баршаға аян.

А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен  ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс  ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген  ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.

Баланың айтайын деген  өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін  ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі  керек.

Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың  тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының  әсері мол екені белгілі.

Информация о работе Қиын балаларға педагогикалық көмек көрсету жолдары