Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 18:32, реферат
Қазақ халқының Ресей отаршылдарына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық кезеңдерінің бірі-20 ғасыр басында бастау алған Алаш қозғалысы болып табылады. Алаш қозғалысы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге-интеллектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді. Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Б.Сәрсенов) танытты, тарих сахнасына шығарды. Қазақстан Республикасының егемендік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттік қалыптастыру бағытында ізденіс үстінде дамып келеді.
Кіріспе..................................................................................................................3-7
I тарау. Ұлт зиялылырның қоғамдық саяси қызметі. ….....................................
1.1 Райымжан Мәрсеков-алаш азаматы..............................................................
1.2Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі жылдары
1.3. Биахмет Сәрсеновтың өмір жолы................................................................
II тарау. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын мектепте оқыту әдістемесі
2.1. Сабақ үлгілері.................................................................................................
2.2.Сыныптан тыс жұмыс....................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..
Университет қабырғасында оқып жүріп Райымжан қазақ даласында білім іздеп келген жастармен қоян-қолтық араласады. Жақып Ақбаевпен бірге стеденттік жерлестер ұйымын құрып, елдегі болып жатқан саяси, әлеуметтік жағдайларды қадағалап, өз мәжілістерінде талқылап отырған. Ол атақта оқымысты ғалымдардан дәріс алған. Райымжан 1899 жылы Санкт-Петербургте патша үкіметі мен отаршыл саясатқа қарсы бағытталған студенттік қозғалысқа қатысады. Жас студент үкіметтің қазақ жеріне жүргізіп жатқан қанаушылық, отаршылдық істеріне қарсылығын осы қозғалысқа қатысу арқылы білдірген еді. Осы әрекеті үшін оқудан шығарылып, соңынан қатаң бақылау қойылды. Сол кездерде Райымжанмен бірге оқыған қазақ студенттерінің көпшілігі осй толқуға қатысқандары үшін университеттен қуылып, шет аймақтарға айдауға жіберіліп жатты. Райымжан үлкен қйыншылықтармен қайтадан университет қабырғасына қабылданып, оны 1905 жылы аяқтайды. Университет қабырғасында жүріп ол өзінің қазақ қоғамына деген саяси көзқарасын қалыптастады.
Райымжанның үкімет ісіне араласуы 1908 жылы Омбы қаласында адвокаттық қызметінен басталады. Бұл кезеңде патша үкіметі үкімет ісіне қарсы шыққан шыққан қазақтың бас көтерер азаматтары мен зиялыларын(Ж. Ақбаев, а.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов) жаппай қудалап, түрмеге жауып,, жер аударып жатқан еді. Міне , осы жағдайларға Райымжан куә болады. Райымжан заң органдарында қызмет істеп жүріп патша үкіметінің қазақ жеріне жүргізіп отырған әділетсіз, заңсыз әрекеттерін өз көзімен көрді. Өзінің «Теек жатпау керек» деген мақаласында : «Жауыз патшалар, оның бергі жағында залым төрелер халыққа шығынды көбейтіп, тапқан малын өздеріне ала берді. Қазақты мал есебінде ұстады. Оларға тиісті правосын бермеді. Ел арасында миссионерлер жіберіп өазақ халқын сүйікті дінінен айыпрып жіберіп, өз діндеріне шығаруға құтыртты.
Ескі үкімет бар уақытта мектеп, медресе ашуға рұқсат болмады. Деп жазады. Әсіресе қазақ жерінде әкімшілік орындарында жұмыс істеітін »
Қосымша
Алашшыл қазақ зиялыларының өмірбаян беттері мен 1917-1920 жылдар аралығындағы қоғамдық-саяси қызметтеріне қатысты кейбір анықтамалық мәліметтер.
1.Ақаев Серікбай
1881 жылы туған. Білімі-орта арнаулы. Мұғалімдер Семинариясын тәмамдаған.
11917 жылға дейін Перовск
қаласында адвокаттық және
(ШҚО ЖТҚО 48-қ.-2-т.-1-іс-138-139-п.; 43-іс.-8-п.; 72-қ.-2-т.-1-іс.-2-п.)
2.Ғаббасов Халел Ахметжанұлы
1888 жылы Семей уезі,
Шаған болысында дүниеге
(ҚР ҰҚҚҚА №011494-іс, 1-том, 314-316-п.)
3.Дүйсебаев Абдұл-Кәрім.
Туған жылы белгісіз. Туған жері-Зайсан уезі. 2 кластық орыс-қазақ училищесін, 1909-1914 жылдар аралығында Семей Мұғалімдер Семинариясын бітірген. Семей облыстық қазақ комитетінде, Алаш партиясында «Жанар» атты жастар ұйымдарында белсенді қызметтер атқарған. Алыш қаласындағы Уақ қарыз серіктігінің төрағасы ретінде танылған.
(ҚР ОМА 503-қор.-1-т.-20-іс.-21-22.; 23-іс.-14-п.; 1-іс-120-п.)
4.Зейінов (Сәтбаев) Әбікей (Әбухұрайра) Зейінұлы
Павлодар уезі, Ақкелін болысында туған.1904-1905 жылдары Семей мұғалімдер семинариясында қоып, білім алған. 1908-1910 жылдары Павлодар уезі, Уакчем болысында, 1910-1917 жылдары Павлодарда 2кластық орыс-қазақ училищесінде ұстаздық еткен.
1918-20 жылдары Семей облыстық Земство Басқармасының мүшесі, әрі оқу бөлімінің меңгерушісі, Семей облыстық Алашорда кеңесінің мүшесі және Уақытша сібір үкіметінің Әскери Штабының жанындағы Алашорда өкілі қызметтерін атқарған.
(ҚР ОМА 503-қор.-1-т.-10-іс. 87-п.; 11-іс.-65-п.; 21-іс.-3-п.; ШҚО ЖТҚО 48-қ.-2-т.-1-іс-139-п.; Сарыарқа.-1917.№19)
5.Ермеков Әлімхан Әбеуұлы
1891 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысында дүниеге келген. Семей қаласындағы гимназияны және 1923 жылы Томскідегі Технологиялық институтты бітірген. 1917-20 жылдар аралығында Семей облыстық қазақ комитетінде, Облыстық Земство Басқармасында және Алашорда Ұлт Кеңесінде мүше болған.
Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің белді қайраткерлерінің бірі. Алашорда үкіметіне дипломатиялық дарынымен ерекше көзге түскен азамат.
(ҚР ОМА 1398-қ.-1-т.-59-іс.-10, 11.; ШҚО ЖТҚО 73-қ.-2-т.-167-іс.-1-п.)
6.Итбаев Ережеп Итбайұлы
1867 жылы Зайсан уезі, Қызылтас болысында туған. Гимназияны және Томск Университетінің медицина факультетібойынша 2 курсын аяқтаған. 1908-1917 жылдары Омбы округтік сотында аудармашылық жұмыста болған. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің Ақмлоа обылысындағы жетекшілердің бірі. Алаш партиясы атынан Құрылтай Жиналысына депутаттыққа үміткер ретінде тіркелген.
7.Мәрсеков Райымжан Мәрсекұлы
1879 жылы Өскемен уезі,
Айыртау болысында дүниеге
Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы, кейін орынбасары, 1918 жылдары Семей облыстық Земство Басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. Большевиктік билікті мүлде мойындамағандықтан, 1922 жылы Қытайға эммиграцияға кетуге мәжбүр болған.
(ҚР ОМА 1398-қ.-1-т.-99-іс.-1-7-п.; ШҚО ЖТҚО 73-қ.-318-іс-3,4,7-п.)
8.Мұздыбаев Құрманбай
Туған жылы белгісіз. Семей мұғалімдер Семинариясында 1903-1907 жылдары білім алған, қазақтар арасындағы ең алғашқы түлек ретінде бітіріп шыққан. Мұғалімдікпен қатар, қоғамдық істерге де араласқан. 1917 жылы Семей уездік Земство жиналысның мүшесі болып саналған және Қаржы-бағалау Комиссиясының құрамына енген.
(ҚР ОМА 503-қ.-1-т.-1-іс-2, 64-п.; ШҚО ЖТҚО 37-қ.-1-т.-3-іс.-20-п.)
9.Сабатаев сатылған Сабатай ұлы
1874 жылы Жетісу облысы,
Верный уезінде дүниеге келген.
Лазаревкский атындағы Шығыс тілдері институтының арнайы класын және Москва ауыл шаруашлығы Академиясын бітірген. 1916 жылы 18 мамырдан 1918 жылдың 1сәуіріне дейін жер шаруашылығы департаменті жанындағы Семей-қарқаралы ауданы бойынша агроном, 1918 жылы 1 шілдеден Семей облыстық жер комитетінде, 1918 жылы 1 қарашадан Семей облыстық Алашорда кеңесінің жанындағы ауыл шаруашылығы бойынша маман, 1919 жылы 25 маусымнан семей облысының агрономы міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
(ШҚО ЖТҚО 72-қ.-3-т.-1-іс.-67-п.)
1886 жылы Зайсан уезінде дүниеге келген, 1905-1909 жылдары Семейдегі Мұғалімдер Семинариясында оқыған. Ақпан революциясына дейін ауылда ұстаздық еткен. 1917 жылы Құрылтай Жиылысына дейін Алаш партиясының атынан депутаттыққа кандидат, Алаш қаласындағы ұлттық мұғалімдік курстығ алғашқы басшысы, 1-жалпықазақ съезіне оқу комиссиясының мүшесі болып сайланған.
1918 жылдан Семей облыстық Алашорда Кеңесінің төрағасы, 1920 жылдан бастап Қазақ АКСР-ң оқу комиссариаты коллегиясының мүшесі, әлеуметтік тәрбие бөлімінің бастығы, Орынбор мұғалімдер курсының оқытушысы қызметтерін атқарған. 1921 жылы қайтыс болған.
(ҚР ОМА 503-қ.-1-т.-1-іс.-28, 115-п.; 1398-қ.-1-т.-154-іс-3-п.; ШҚО ЖТҚО 48-қ.-2-т.-39-іс.-737-п.; Сарыарқа. 1917.-№19; Өркен.-1991.-15 маусым.)
I тарау. Ұлт зиялылырның қоғамдық саяси қызметі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Ахмет Байтұрсынов. Революция и киргизы //Жизнь национальностей.-1919.-№27(39) 3 август
2.Елеуов Т. Установление и упрочие Советской власти в Казахстане-Алма-ата:Изд.Ан КазССР,1961.-527с.
3.Карагусов Ж. Казахская советская интеллигенция,
рожденная Октябрем.-Алма-Ата:
4.Бейсенбиев К. Идейно-политическое
течения в Казахстане конца ХIХ
5.Нурпеисов К. Советы Северо-Восточных областей Казахстане в борьбеза установление и упрочие Советской власти (февраль 1917 г-июнь 1918 г) Дисс. На соиск уч. ст.к.и.н.-Алма-Ата, 1963;
Советы Казахстана в борьбе за упрочение власти рабочих и крестьян.-Алма-Ата:: Наука, 1968.-172 с.
6.Кенжебаев С. Советы в борьбе за построение социализма .-Алма-Ата Казахстан,1969.-359с.
7.Қазақстан азамат соғысының от-жалынында//Ұлы Октябрь революциясына және Қазақстанда азамат соғысына қатысқандардың естеліктері. (орысша ред. Басқарғандар: Бейсембаев С., Пахмурный П.)-Алматы: Қазақ Мемлекеттік баспасы,1960.-411 б.; Установление Советской власти в областиях Казахстана (1917-1918)// Сборник статьей(ред. Кол. Елеуов Т.Е., Покровский С.Н., Русаков И.В). Алма-ата:Каз.гос.изд-во, 1957.-237с.; Великая Октябрьская социалистическая революция в Казахстане.-Алма-Ата: «Наука», 1967.-455с.
8.Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы:Санат, 1995.-368 б.
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Семей өңіріндегі ұлт зиялылары