Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 18:32, реферат
Қазақ халқының Ресей отаршылдарына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық кезеңдерінің бірі-20 ғасыр басында бастау алған Алаш қозғалысы болып табылады. Алаш қозғалысы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге-интеллектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді. Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Б.Сәрсенов) танытты, тарих сахнасына шығарды. Қазақстан Республикасының егемендік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттік қалыптастыру бағытында ізденіс үстінде дамып келеді.
Кіріспе..................................................................................................................3-7
I тарау. Ұлт зиялылырның қоғамдық саяси қызметі. ….....................................
1.1 Райымжан Мәрсеков-алаш азаматы..............................................................
1.2Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі жылдары
1.3. Биахмет Сәрсеновтың өмір жолы................................................................
II тарау. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын мектепте оқыту әдістемесі
2.1. Сабақ үлгілері.................................................................................................
2.2.Сыныптан тыс жұмыс....................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..
ХХ ғасыр басындағы Семей өңіріндегі ұлт зиялылары
Кіріспе.......................
I тарау. Ұлт зиялылырның қоғамдық
саяси қызметі. ….............................
1.1 Райымжан Мәрсеков-алаш
1.2Әлихан Бөкейхановтың
1.3. Биахмет Сәрсеновтың өмір
жолы..........................
II тарау. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын мектепте оқыту әдістемесі
2.1. Сабақ үлгілері................
2.2.Сыныптан тыс жұмыс........
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Өзектілігі. 1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы армандаған егемен мемлекет мәртебесіне жеткеннен кейін төл тарихымыздың қасақана бұрмаланып, мән мағынасышындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізу мүмкіндігі туды.
Қазақ халқының Ресей отаршылдарына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық кезеңдерінің бірі-20 ғасыр басында бастау алған Алаш қозғалысы болып табылады. Алаш қозғалысы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге-интеллектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді. Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Б.Сәрсенов) танытты, тарих сахнасына шығарды. Қазақстан Республикасының егемендік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттік қалыптастыру бағытында ізденіс үстінде дамып келеді. Қазақ зиялыларының тарихын, олардың қоғамдық-саяси, ағартушылық-шығармашылық қызметіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру мен зерттеп-зерделеу ісінде қомақты еңбектер жарық көрді. Ал сол жергілікті жерлердегі ұлт зиялыларының атқарған сан-салалы қызметін бағалау, зерттеу жұмысы әлі де болса да кенже қалып келеді. Бір жағынан алғанда бұл заңды құбылыс болып та есептеледі.Өйткені, жоғарыда аталған саяси қайраткерлер бүкіл ресейлік масштабта, қала берді, күллі Түркістан көлемінде әйгілі болғандықтан және олардың атқарған істері мемлекеттік деңгейде көрінгендіктен бірден зерттеу нысанасына айналды. Сондықтан да жергілікті жерлердегі зиялылыр қауымының қоғамдық-сяси қызметіне тарихтан лайықты бағасын беру өзкеті мәселелердің бірі болып саналады.
Тарихнамасы.А. Байтұрсынов «Революция және қазақтар»
атты мақаласында қазақ
халқының Ақпан және Қазан төңкерісіне
қатынасын, қазақ зиялыларының азаматтық
позицияларын, Азамат соғысы кезіндегі
Алашорданың автономияны баянды ету
мақсатында жүргізген саясатына жан-жақты
тарихи-пстхологиялық тұрғыда толдап
береді.[1]. 1950-60 жылдары жарық көрген Т.Елеуовтың[2],
Ж.Қарагусовтың[3], К.Бейсенбиевтың[4], К.Нүрпейісовтың[5],
С.Кенжебаев-тың[6] зеррту еңбектері мен
«Қазақстан азамат соғысының от-жалынында»
естеліктер жинағы мақалалар жинағы
және «Великая Октябрьская социалистическая
революция в Казахстане» құжаттар жинағында
[7] Алаш қозғалысын сол 20-30 жылдары берілген
«буржуазиялық-ұлтшылдық» ағым тұрғысында
қарастырады. Бұл көрсетілген еңбектердің
ішіндегі біздің зерттеу жұмысымызға
тікелей қатысы бар Т.Елеуов, К.Бейсенбиев,
К.Нүрпейісовтың еңбкетерін атап өтер
едік. Сол кезеңнің идеологиялық талаптарына
сай жазылса да, бұл авторлардың зерттеулеріндегі
проблемалық мәселелердің қойылуымен
және фактологиялық материалдармен ерекшеленеді.
Мәселен, Т. Елеуовтың «Установление
и упрочие Советской власти в Казахстане»
аты көлемді монографиясында әрбір аймақтарда
Кеңес өкіметінің орнатылу ерекшеліктеріне
тоқтала келе, Алаш партиясы мен Үш жүз
партиясының арақатынасына қатысты құнды
деректер береді. Алашорданы, автор буржуазияшыл-ұлттық
ұйымдардың клерикалды-оңшыл қатарына
жатқызса, Үш жүз партиясын ұсақ-буржуазияшыл
, ұлтшыл ұйым қатарына қосады. Сонымен
бірге, большевиктер «Үш жүз» партиясын
Алашордаға қарсы айдап салып, ұлттық
элемент ретінде «Үш жүздің» өзіне
де қарсы саясат жүргізгендігін орынды
атап көрсетеді[8,237,427].К.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіне зерттеулердің тарихнамадағы жаңа сапалық кезеңі-1988 жылдан бастау алады. Оған жол ашып берген 1988 жылдың тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті жанынан құрылған комиссияның шешімдері негіз болды.10,20Осы кезеңнен бастап Алаш қозғалысына қатысты тарихи шындықты қалпына келтіру жолында жаңа ғылыми әдістеме мен теориялық негіз қалыптаса бастады. Бұл бағытта алғашқы қадам 1989 жылы шілде айында Қазақстан Коммунистік партиясының жанындағы Партия институтының ұйымдастыруымен «Алашорда:пайда болуы, қызметі және күйреуінің тарихы» атты тақырыпта пікір алысу ұйымдастырылды. Аталмыш пікір алысу қорытындысына Алаш қозғалысы , Алаш партиясы мен Алашорда тарихын зерттеудің негізгі бағыттарын айқындап берді. Ал, пікір алысуға қатысқан ғалымдардың ең алдымен баспасөз бетінде жаңа тұрпаттағы гуманистік ұстанымдарға сүйене отырып жазылған мақалалары жарық көре бастады.33Алашшыл қазақ зиялыларына қатысты тың деректер мен объективті тұжырымдары арқылы ғылыми-көпшілік қауымның көзқарасына, жалпы қоғамдық санаға оң ықпал етіп, Алаш қозғалысының табиғатына тарихи сайықты бағасын беруге ұмтылыс жасалды. Соңын ала тарихшы-ғалымдардың танымдық ізденістерінің нәтижесінде Алаш қозғалысына арналған қадау-қадау зерттеу еңбектері жарыққа шықты. Атап айтқанда ең алғашқы еңбектердің бірі ретінде жарық көрген А.Ғ.Сармурзиннің «Крушение Алаш-Орды»атты зерттеуі Алаш партиясы мен Алашорда тарихына қатысты маңызды теориялық тұжырымдарымен және деректік негізімен өте құнды болып табылады. Сонымен бірге, 1992 жылы басылып шыққан Х.Әбжанов пен Ә.Әлпейісовтың «Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы» атты зерттеу еңбегінде қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихын қазақ хандығықұрылған кезеңнен атап көрсетеді, интеллигенция атауына , сөздің мәніне анықтама береді.34 Алаш қозғалысынң тарихын алғашқылардың бірі болып Д.Аманжолованың еңбектерінде Алаш қозғалысына қатысты Ресейдің архив қорларында жинақталған деректерді ғылыми айналымға негізе отырып, Алаш зиялыларының большевиктерге қарсы күресте түрлі саяси күштермен байланысы жөнінен, Алашорда үкіметі мен Уақытша Сібір үкіметі арасындағы автономия турасында жүргізілген келіссөздері жөнінен құнды мәліметтер арқылы баяндайды.35,10 А.Қ.Мамраевтың диссертациялық жұмысы қазақ қоғамының 20 ғасыр басындағы саяси, рухани, қоғамдық дамуы мен ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілігі рөлін атқарған Ә.Бөкейхановтың қағамдық-саяси, шығармашылық еңбегін шет елдік тарихнамадағы материалдарды алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға енгізілуімен ғана құнды емес, сонымен бірге біздің зерттеу нысанамыз үшін «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы арасындағы пікірталасқа жасаған ғылыми талдауы мен Ә.Бөкейхановтың саяси күрес жүргізуде тактикалық қадамдарына байланысты жасалған теориялық тұжырымдарымен маңызды болып табылады.37 Сондай-ақ Семей облысындағы ұлт-зиялыларының жетекшілерінің бірі ретінде танылған Р.Мәрсековтың көзқарасының қалыптасу эволюциясын және қоғамдық-саяси қызметін зерттеген К.Канафиннің еңбегінде оның «Айқап», «Қазақ» беттеріндегі мақалалары арқылы әрі Ресей, Қазақстан архивтерінің деректеріндегі мәліметтермен сабақтастыра отырып өмірбаяндық тарихын баяндайды. Әсіресе, автор білім алған ортасына орай айтылып жүрген кейбір жаңсақ пікірлерге қарсы ғылыми сыны арқылы, құжат материалдары негізінде өзінің дәлелді тұжырымдарын береді және Р.Мәрсековтың земство жүйесіндегі қызметін жан-жақты талдап көрсеткен.
Қазақстанда 1997 жылды «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» есебінде жариялануына орай және 1998 жылды «Ұлттық тарих жылы» ретінде жариялануына байланысты ұлт зиялыларының таоихын зерттеп-зерделеуге анрналған баспасөз бетінде («Ақиқат», «Қазақ тарихы» журналдарында) жарияланған ғылыми-публицистикалық мақалалар сериясының маңызы ерекше болып табылады. Міне, біз жоғарыда тарихнамаға жасаған шолуымызда көрсетілгендей, жергілікті жерлердегі алашшыл қазақ зиялыларының әлеумет істеріндегі қызметіне, Алашорданың облыстық-уездік Кеңестеріне қатысты мәселелер толық қамтылғандықтан Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында шоғырланған ұлт зиялыларының қызметін зертеуді нысанаға алдық. Сонымен бірге, бұл еңбектің дерек көзі ретінде архив құжаттары, Алматы, Семей, Астана, Омбы қалаларындағы кітапханаларда сақтаулы 20 ғасыр басындағы мерзімдік баспасөз материалдары, құжаттар жинағы, заман куәгерлерінің естеліктері алынды.Өңіріміздегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеп-зерделеуде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архивінің 15; 369; 503; 840; 992; 1398-қорларында жинақталған Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің 811-қоры (естеліктер мен көшірмелер), Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздігі Комитетінің Алматы қаласы мен облысы департаменті жанындағы Архивінен тматериалдар, Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық жаңа тарих құжаттар орталығының 37; 44, 48; 50; 72; 133-қорлары, «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас Азамат», «Алаш», «Үш жүз», «Сибирская жизнь» газеттері, Уақытша Сібір үкіметінің ресми органдары «Сибирский Вестник», газеттері мен «Айқап», «Абай» журналдарының деректері кеңінен тартылды.
Зерттеу мақсаты.Бүгінгі таңда ұлттық сана мен ұлттық рухты өсіріп-өркендету үшін тарихшылар қауымының алдындағы басты мақсаттардың бірі-Отан тарихандағы ұлт зиялыларының ел азаттығы жолында жүргізген қажырлы күресін өз дәрежесінде обьективті түрде халықтың санасына жеткізу. Сонымен бірге мектепте теориялық мәселелерді толықтырып, оқу-әдістемелік кешеніні жасау және осы тақырыпты мектепте оқытудың жолдарын, әдіс-амалдарын көрсету арқылы оқушылардың тарих сабағына деген қызығушылығын арттыру . Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаттарының қатарына студенттердің тарихи танымын арттыру жолында Семей өңіріндегі ұлт зиялыларның Отан тарихында алатын орнын бағалау болып табылады. Ұлт зиялыларының қызметіне талдау жасау.
Зерттеу міндеті:
-Қазақстанның Солтүстік-Шығыс
аймағында зиялылар қауымының
қалыптасуының алғышарттары
-Ұлттық білім беру жүйесін
қалыптастыру жолындағы
-20 ғасыр басында Семей өңірінде
қызмет атқарған ұлт
Зертту объектісі. ХХ ғасыр басында өңірімізде қызмет атқарған ұлт зиялылыры.
Зерттеу болжамы. ХХ ғасыр басында Семей өңірінде қызмет атқарған ұлт зиялыларын мектепте оқыту, оқушылардың Отанға , туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Тақырыпты зерттеуде біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі методологиялық және теориялық өзгерістерді негізге алдық. Алаш зиялылырының проблемасына қатысты нақты деректерге сүйене отырып тарихи білімді жинақтау тұрғысында зерттеудің методологиялық негізі тарихи және шыншылдық принциптері болмақ. Ғылыми жұмыста біріктіру-салыстыру, нақты тарихи және хронологиялық талдау әдістерін пайдалана отырылып жазылды. Сонымен қатар, кейнгі кезде қалыптасып келе жатқан тың бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, жаңа тарихи көзқарас тұрғысында жазылған еңбектерді басшылыққа алдық.
Хронологиялық шегі. ХХ ғасырдың 1-ширегі.
Практикалық маңызы. Зерттеудің өзегіне айналып отырған мәселе бойынша кеңінен пайдаланылған архивтік және құжаттық деректер негізінде жасалған кейбір теориялық тұжырымдарын, қорытындылары мен ізденіс нәтижелерін ұлттық жаңғыруға бастаған ұлт зиялылырның қызметтерін мектепте оқыту жолдары, әдістері көрсетілген, диплом жұмысы практика кезіндегі студенттерге және мектеп мұғалімдеріне таптырмайтын әдістемелік құрал.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Биахмет Сәрсеновтың өмір жолы.
Алаш қозғалысы тарихында Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханов-
тың басшылығымен ұлт мүддесі жолында қалтықсыз қызмет қазақ зиялылар-ын-ың бірі Биахмет Сәрсенов болды. Ол өзінің қысқа ғұмырында өлшеусіз еңбегімен ел жадыгда өшпестей із қалдырып кетті. Алаш қайраткері Б. Сәрсеновтың 1885 жылы бұрынғы Семей облысының Зайсан уезіне қарасты Нарын болысында (қазіргі Ақсуат селосы жерінде) дәулетті отбасында дүниеге келіп, жастайынана білім-өнерге бейім өскені, 1905-1909 жылдары, бастапқыда Семейдегі мұғалімдер семинариясының даярлық бөлімін, одан соң толық курсын үздік бағаға бітіріп шыққан жалғыз қазақ екені, ауыл мектебінде бес жыл сабақ беріп бала оқытқаны, үш жыл болыс болып ел басқарып, бастауыш мектептер ашқаны,1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде Алашорда үкіметінің құрамында, ал кеңес өкіметінің алғашқы жылдары халық-ағарту саласында басшылық қызметтер атқарғаны, 1921 жылы жаз айында Орынборда 36 жасында оба ауруынан қаза болғаны туралы деректерді сол өңірдің қарт шежіреші, әдебиетшісі Қарпық Егізбаев «Тағылым» кітабында айтады.
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Семей өңіріндегі ұлт зиялылары