Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 18:32, реферат
Қазақ халқының Ресей отаршылдарына қарсы үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық кезеңдерінің бірі-20 ғасыр басында бастау алған Алаш қозғалысы болып табылады. Алаш қозғалысы қазақ халқының ұлт-азаттық күресін жаңа сапалық деңгейге-интеллектуалдық деңгейге көтерді, бейбіт-дипломатиялық, саяси ұстанымдар арнасына түсірді. Сонымен бірге, бұл тарихи белес өздерінің қоғамдық-саяси қызметтерінде қайраткерлік, ұйымдастырушылық, дипломатиялық және шығармашылық қасиеттерімен дараланған біртуар азаматтарды (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, М.Тынышпаев, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Р.Мәрсеков, Б.Сәрсенов) танытты, тарих сахнасына шығарды. Қазақстан Республикасының егемендік алуымен бірге қазақтың тарих ғылымы да коммунистік идеология шырмауынан босап, ұлттық-өркениеттік қалыптастыру бағытында ізденіс үстінде дамып келеді.
Кіріспе..................................................................................................................3-7
I тарау. Ұлт зиялылырның қоғамдық саяси қызметі. ….....................................
1.1 Райымжан Мәрсеков-алаш азаматы..............................................................
1.2Әлихан Бөкейхановтың Семейдегі жылдары
1.3. Биахмет Сәрсеновтың өмір жолы................................................................
II тарау. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларын мектепте оқыту әдістемесі
2.1. Сабақ үлгілері.................................................................................................
2.2.Сыныптан тыс жұмыс....................................................................................
Қорытынды..........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер..
1917 жылы қазан төңкерісінен соң ақ патша тақтан түсіп, уақытша Үкімет орнаған тұста қазақ сахарасының шығысында Семей қаласы ұлт-азаттық қозғалыстың аса қуатты орталығына айналды. Бұл өзі Уақытша өкімет органдарымен қатар бір мезгілде жер-жерде жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестері, қазақ комитеттері, Земстволық басқармалар тәрізді тағы басқадай жаңа билік тармақтары енді-енді өмірге келе бастаған кез болатын. Әсіресе, қазақ комитеттерін құрудың себептері сол кезеңдегі тариха қажеттіліктен келіп туындағанын тарихшы-ғалым М. Қойгелдиев «...Қазақ крмитеттері ұлт-азаттық қозғалыстың ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңдегі даму нәтижесі, оның өзінің түпкі, негізгі мақсаты-мемлекеттік еркіндікке ұмтылысының көрінісі, ұлттық мемлекет болуға жасалған алғашқы қадам болатын» деп түсіндіреді.8
1917 жылдың көктемінде елімізде жаппай облыстық, уездік және болыстық деңгейде қазақ комитеттерінің құрыла бастауына байланысты Алаш қайраткерлерінің шақырыуымен Биахмет Сәрсенов Семейге келеді. Ол алғашқы күннен бастап осы облыстық комитеттің мүшесі ретінде қызмет етеді. Мысалы қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағатындағы құжаттарда 1917 жылдың 7 наурызында Семей облыстық қазақ комитеті ел өмірінде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты шұғыл түрде құрылып, жергілікті билік ісіне араласу мүмкіндігінен құр қалмас үшін өзінің ұйымдық-шаруашылы шараларын өткізгені, сондай-ақ облыстық комитеттің төрағалығына Р. Мәрсеков, төрағаның орынбасарлары болып Х. Ғаббасов пен И. Тарабаев, хатшылыққа Ә.Ермеков және қазынашылыққа Ә.Молдабаев бекігені, комитет басқармасына мүшелікке С.Сабатаев, Н.Құлжанов, А.Қозыбағаров, Б.Сәрсенов, С.Дүйсенбин, М.Малдыбаев, Д.Қияқов, С.Молдыбаев, С.Торайғыров, Ш.Керейбаев енгені туралы деректер жазылады. Ал енді 28 наурызда бұрынғы Алаш, қазіргі Жаңасемей қаласында Семей уездік қазақ комитетін құруға қатысты өткен жалпы жиында, оның төрағалығына Ж.Алдаоңғаров сайланады.15-қор, 02-тізбе, 433-іс, 19-25 папкалар. Дәл осы мезгілде әйгілі ақынымыз Нарманбет Орманбетовтың басшылығымен қарқаралы уездік қазақ комитеті құрылады. Қазақ газеті Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы 1998. 384 б.
Міне, сол кезеңде елімізде билікке белсене кіріскен қазақ комитетттері Орынборда жалпы қазақ съездерінің өтуіне, «Алаш» партиясының құрылуына, облыстарда Земстволық басқару жүйесінің енгізілуіне, қысқаша ұлттық саяси қозғалыстың өрлеуіне ерекше ықпалын тигізді. Семейде қазақ комитеттері облыс өміріндегі күнделікті саяси істерге қызу араласып, өз баспаханасынан «Сарыарқа» газетін аптасына бір рет шығарып тұрды. Сондай-ақ Семей облыстық атқару комитеті қалалық Дума, жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестері, кооперативтер одағы, әскери-өнеркәсіптік комитет, сауда қызметкерлері қоғамы секілді басқа да қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен құрылған кезде қазақ комитеті бұл істен шет қалған еді. Осы жоғары билік органының жаңа құрамын сайлау кезінде қазақ комитеттері ел ішіндегі саяси күштермен бірлесе қимылдап, ұйымшылдық көрсете білді. Мысалы, Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарлары болып қазақ комитеті атынан ұсынылған Х.Ғаббасов пен Ә.Ермеков, ал төралқаның мүшелері құрамында Б.Сәрсенов, А.Қозыбағаров, Р.Мәрсеков, жалпы саны жиырмадай ұлт зиялылары қызмет жасады.Е.Сайлаубай Алашорда Үкіметінің шығыс бөлімі туралы кандидаттық диссертация
1917 жылы шілде айының соңында Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде Ресей Құрылтай Жиналысына депутаттыққа ұсынылғандар тізімінде Семей облысы атынан Ә.Бөкейханов, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасовтармен бірге Биахмет Сәрсенов та болды. Міне, осы съезде алғаш болашақ «Алаш» партиясын құру туралы мәселе көтерілді. 1917 жылы қазан айында Тоамс қаласында өткен Сібір республикасы съезіне қатысып қайтқан алаш көсемі Әлихан Бөкейханов жергілікті қазақ комитеттері, мұсылман мұғалімдер одағы, «Бірлік» жастар ұйымы секілді бірнеше саяси-қоғамдық ұйымдардың көмегімен Семейде «Алаш» партиясының облыстық комитетін құрды. Ал енді жаңағы Семей облыстық «Алаш» партиясы комитеті атынан Ресей Құрылтай Жиналысына депутаттыққа ұсынылғандар арасынан тағы да Биахмет Сәрсеновтың есімін көреміз. Бұл жолы Ә.Бөкейханов депутаттыққа «Алаш»
партиясының тізімі бойынша ұсыныпты.
Семей облыстық қазақ комитеті (төрағасы Ә.Бөкейханов пен Х.Ғаббасов) Мұсылман мұғалімдер Одағы (төрағасы М.Тұрғанбаев) тәрізді саяси-қоғамдық ұйымдардың ел өміріндегі оқиғаларға белсене араласып, ерекше табандылық танйтуының нәтижесінде 1917 жылдың қараш айында уездік Земстволық жиынға депутаттыққа өзег ұлт өкілдеріне қарағанда қазақтар көбірек сайланды. Олардың арасында ұлт зиялылары Ш.Құдайбердиев, Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Б.Сәрсенов, Ә.Молдабаев, А.Қозыбағаров, М. Малдыбаев және тағы басқалар болды. Сол кезеңдегі Семей облыстық комиссариатының органы «Деол» газетінде жарияланған «О выборах гласных в Семипалатинское уездное Земство» атты мақалада (авторы С.Возмитель) «...Киргизское население совершенно отнеслось иначе. Они отложили всякая домашняя обстоятельства даже организовали транспорты для перевозки лиц, имеющих право участвовать в выборах. И в проведении Земства оказались у них самые лучшие результаты. Прошли все образованные лучшее работники и даже на славу провели одну женщину» деп жазды( Дело №145 30 ноябрь 1917 годас3лтеме)
Семей уездік Земствосының бірінші төтенше жиынында басқарма төрағалығына А.Қозыбағаров, төрағаның орынбасарлығына Н.Воробьев, басқарма мүшелері болып А.Булатов, С.Дүйсенбин, Н.Богатырев сайланды. Ал Б.Сәрсенов, К.Ляшкевич, Ә.Молдабаев, И.Әлімбеков, Т.Ибрагимов, М.Просековтер Семей уездік Земствосы жиналысына депутаттыққа ұсынылды. Міне, осы мезгілде Семейдің Алаш аталатын бөлігінде қалалық Думаға депутаттар сайлау науқаны өткізіледі. Алаш қалалық Думасы мәжілісінде , оның төрағалығына Б.Сәрсенов, орынбасарлығына М.Малды-
баев, қала басшылығына П.Шквченко, орынбасарлығына А.Ерыкалыков, хатшылығына К.Грязнев, ал басқарма мүшелері болып А.Бейсекеев, Н.Үйсінбаев сайланды.
Әлихан Бөкейханов «земство қолға алып қылатын істің бір зоры-бала оқыту» деп айтқандай, Семей уездік Земство басқармасы «Алаш» партиясы , облыстық қазақ комитеті мен мұсылман мұғалімдер одағының көмегімен бастауыш білім беру жүйесін қалыптастарумен қатар жер-жерде дәрігерлік көмек көрсету, сот, милиция құру, шаруашылық жұмыстарын жүргізу шараларын жүзеге асыра бастады. Мысалы, Алаш қайраткерлері М.тұрғанбаев, Ә.Сәтбаев, Б.Сәрсенов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Мұстафин, Қ.Ибрагимов, А.Жиенбаев және тағы басқалардың күш-жігері арқасында Семейдің Алаш қаласы бөлігінде тұңғыш бастауыш қазақ мектептері ашылып, жұмыс істей бастады. Семей облысына қарасты уездерде де мектеп саны көбейе түсті. Әсіресе, Алаш қаласында ауыл мектептеріне арнайы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын қысқа мерзімді педагогикалық курстардың ашылуы , сауатсыздық жою ісіне айтарлықтай үлес қосты. Мысалы, 1917-1921 жылдары аралығында Семей қаласы бойынша орыс мектептерін айтпағанда, 13 мұсылман (қазақ-татар) мектептері, соның ішінде Алаш қаласында таза 3 бастауыш қазақ мектебі мен 1 қазақ қыздар гимназия мектебі болды, 37 мұғалім сабақ берді, сондай-ақ аталмыш педагогикалық курстардан бірнеше ондаған бастауыш мектеп мұғалімдері даярланып шығарылды.
Семей өңірінде білім беру жүйесін қалыптастыру ісінде, сондай-ақ 1918 жылы желтоқсанда орынборда өткен екінші жалпы қазақ съезінде қабылданған мәдени-ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру кезінде Алаш зиялыларымен бірге Биахмет Сәрсенов те бел ортасында жүрді. Осы екінші жалпы қазақ съезінің қаулысына сай Алашорда үкіметі құрылып, оның уақытша тұратын жері-Семей қаласы болып бекігені белгілі. Сонымен бірге съезде оқу мәселесі қаралып, А.Байтұрсынов, басқарған оқу комиссиясы құрылды, оған М.Мұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов мүше болып кірді.
Міне, осы жылдары Семей Алашорда үкіметі ұүрамында қызмет етіп, облыстық Земство басқармасында халық ағарту бөлімінің қазақ бөлімшесін басқарған Биахмет Сәрсенов ұлттық мектептерді ашу және оларды қаржыландыру, қажетті ққулықтармен қамтамасыз ету тәрізді тағы басқа жұмыстармен айналысты. Әрі Семейдегі мұғалімдер семинариясында, Алаш қаласындағы қысқа мерзімді педагогикалық курстарда сабақ берді. Ол сол кездегі «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне үзбей мақала жазып тұрды. Мысалы, оның «Автономия кеңесі», «Біріккен елде-береке», «Азық-түлік», «Россияда осы күнде зор мәселе азық-түлік» атты мақалалары ұлт мүддесімен үндес әрі дер кезінде жазылуымен құнды болып есептеледі. Қ.егізбаев. Тағылым, Семей-2001. 250 бет
Алаштың ақиық ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров Әлихан, Халел, Әлімхан сынды бір топ Алашорда үкіметі басшыларын халыққа таныстыру өлеңінде Биахмет Сәрсенов туралы былай дейді:
Біреуі Биахмет Сәрсенұлы,
Ыңғайлы, қырғиға ұқсар көрсең түрі.
Түрінен де, сөзінен, жүрісінен,
Екенін біле алмайсың қандай қыры.
Ақылы да оның көп, айласы да,
Көңілінің жылдам сезгіш айнасы да.
Бар дейді бұрынырақ ұмытылатын,
Түлкідей жалт ететін таймасы да.
Ісі де, таланты да қалыспайды,
Жұмсаса тегіс халық пайдасына.
Жастардың біреуінен кейін емес,
Қазақ деп жүрегінің қайнасы да.
Халел мен Әлімханда ай деп айтсақ,
Шолпандыққа жарайды ай қасына.
Әуелден қатарынан туысы артық,
Сондықтан күн-күн сайын барады артып.
Ілімнің аймағында жоқты дағы,
Еріксіз тумысымен алар тартып.
Өкінішке орай, жібектей мінезіне қарап бүкіл қазақ Бияш деп еркелеткен Биахмет Сәрсенов өмірден ерте кетті. Ол 1921 жылы Орынбордан Ахаңмен, Ахмет Байтұрсыновпен бірге Оқу комиссариатында қызмет етіп жүргенде кенеттен небәрі 36 жасында оба ауруынан қайтыс болды.
Семейдегі губерналық «Қазақ тілі» (қазіргі «Семей таңы») газетінде жарияланған Алаш арыстары Мәннан Тұрғанбаев пен Жүсіпбек Аймауытовтың «Бияш» атты еске алу мақаласы, шын мәнінде Биахметті ұлт мүддесі жолындағы сіңірген еңбегіне берілген үлкен баға еді. Бұл мақаланы алғаш арапшадан аударып, жұртшылыққа таныстырған белгілі ғалым-филолог Арап Есенбетов болды. Онда: «Өткен шілденің 17-де Орынбор қаласында Қазақстан оқу комиссариатының мүшесі Биахмет Шегедекұлы оба ауруынан қаза болды.
... Ол Семейде учительскаяны
бітіріп, алғашқы кезде ел ішінде
аульная школада бала оқытып,
соңынан әкімшілік ісіне
Бияш қазақша айтқанда сегіз қырлы, өнерлі жігіт еді. Алған орысша біліміне қарағанда шын мағынасымен педагог еді...
Төңкеіс заманға душар болып, әлеумет ісіне оқығаны аздықтан қазақтың ана жұмысы да, мына жұмысы да Бияшты керек қылды, сүйреді. Оның араласпаған қызметі болмады. Қандай жұмысқа кірісседе, тереңінен біліп, тез бітіретін Бияш болатын...
Ол әкімшілік іске өте жетік, тағанды, құнтақты болатын... Ол орны толмайтын дипломат еді... Ол ақылды еді... Оның тағы бір қасиеті:нашарға, мұқтаж шәкіртке, жолдас арасында жүрегі қайырымды , қолы ашық болатын... Ол досшыл, жолдасшыл, еркөңіл еді... Жолдасы үшін, ел үшін қатерлі жерде жалғыз қалуға жарайтын, жанын қиюға шыдайтын еді. Еш нәрседен тауы шағылып, тез қайтпайтын, қажымайтын қуатты, пысық еді. Бияш қысқаша айтқанда алмас қылыштай, қырағы қаршығадай жігіт еді. Оқу комиссариатының қандай ісі болсын бір өзі басқарып бара жатыр еді. Хакімшілік жұмыстан арқасы босағанда Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) Бияшқа сеніп отырушы еді. Енді...
Төңкеріс заманында талай жігіттер шығын болды. Тағы талайлар шығындалар. Бірақ Бияш сықылды жігіттен айырыла беру аса шымбайға батарлық қайғы, өкінішті қаза. Марқұмның арттағыларына сабырлық берсін » деп жазылды. Ал сол жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақжол» газеті редакциясының басқармасы: «Қазақ елінің кқгінде үркердей азғана жұлдыздарының бірі сөнді. Биахмет сол санаулы жұлдыздардың арасындағы ең жарық, нұрлы кқрінгендерінің біреуі еді. Оның өлімі қазақ жұрты үшін орны толмайтын қаза, қаруы қайтпайтын шығын» деп көңіл айту беріледі.
Райымжан Мәрсеков-алаш азаматы.
Кеңес дәуірі кезеңінде қазақ зиялы қауымының тарихы ашық зерттелінбегені баршамызға белгілі. Өйткені ұлттық езгіге, отаршыл жүйеге қарсы, халқымыздың тәуелсіздігі мен бостандығы жолында күрескен, 1937 жылдың қармағына ілінеген асыл азаматтарымыздың есімін атауға үкімет органдары қатаң тиым салған еді. Сондықтан абзал азаматтарымыздың өмір тарихын, күрес жолдарын зерттеу, ашып айту мүмкін болмады.
Алаш тарихына зер сала үңілсек халық қамын жеген, елі үшін еңіреген небір қазақтың аяулы азаматтарының аты-жөнін кездестіреміз. Әрине, осы азаматтардың барлығын жете танып-біліп, олардың қазақ қоғамына қосқан үлесін әлі ьолық зерттеп үлгере қойған жоқпыз. Осындай азаматтарлың арасында Райымжан Мәрсеков та бар. Райымжан жөнінде газет беттерінде бірлі-жарым мақала жарияланғаны болмаса, өкінішке орай осы уақытқа дейін өзіне лайықты бағасын ала алмай келеді.
Жеек адамға табынудың құрбаны болған, заңгер, ірі қоғам қайраткері, білімпаз Райымжан Мәрсеков қазақ халқының аяулы ұлдарының бірі еді. Ол саналы ғұмырын патша шенеуніктеріне қарсы күреске, халықтың бостандығы мен тәуелсіздігіне арнайды.
Райымжанның өмір жолына үңілсек, ол Өскемен губерниясының Айыртау болысында (Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында) 1879 жылы дүниеге келген. Жастайынан алғыр болып өскен Райымжан зеректігінің арқасында кезінде Ресейдің астанасы болған Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі. Ол кездерде үлкен қалалардағы оқу орнына түсу оңай емес еді.
Информация о работе ХХ ғасыр басындағы Семей өңіріндегі ұлт зиялылары