Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 20:50, курсовая работа
Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
КІРІСПЕ
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
2. Толық (айғақсыз) өткен шақ
деп сөйлеушінің болған я болма
1) –ып (-іп, -п) жұрнағы (алыпты, көріпті).
2) –ған екен (-ген екен, -қан екенғ –кен екен) форманты (алынған екен, кешіккен екен, сасқан екен).
3) –а, +ды екен (-е + ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңеесіп жүреді екен).
3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары арқылы жасалады.
1) –шақ еді (-мек еді, бақ
еді, пақ еді, пек еді)
Ә. Төлеуов өткен шақты
Жедел өткен шақ. Істің істелгендігін үзілді-кесілді кесіп, оның таяу уақытта болғандығын көрсетеді. Мысалы, Ай құлақтанып көтерілді. Кісендерімізді сылдырлатып, булыға тұрып, қарағанның бұтасына сындыруға кірістік. Жедел өткен шақ етістіктің негізгі ие туынды түбіріне –ты (-ті, ды, ді) жұрнағын қосып, одан соң жіктік-жоқ жалғауы қосылуы арқылы жасалады:
Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл жебені көрдім.
Бұрынғы өтекен шақ. Істің сөйлеп тұрған уақыттан, кезден әлдеқашан бұрын істелгенін көрсететін етістіктің түрі. Жазғы демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Ауылдары жақын балалар кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.
Етістіктің бұрынғы өткен шағы есімшенің – қан (-кен, ған, -ген) қосымшасынан кейін жіктік жақ жалғауы арқылы жасалады: Мұндай өткен шақтың түрі - сөйлеуші істің істелетіндігіне анық көзі жеткендігін, ол істе өзінің болғанын ақиқатиап, тұжырымдайды. Ол студент кезінде қалада болған, мен колхозда болғанмын.
Ежелгі өткен шақ. Көсемшенің (-ып, іп, -п) жіктелуі арқылы жасалады. әйел кәрі де емес, бірақ жасына жетпей боржып, бет-әлпеті бұзылып болыпты.
Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық ар-ұяттан аттанып, алақан жайдырып қойыпты. Мұнда сөйлеуші өткен істің өзі басы-қасында болмай, ол туралы басқа сырт біреуден, не екінші бір мәлімет арқылы білдіргендігін көрсетеді. Істің бұрын болғандығын білдірумен бірге, ол істің ақиқат болғандығы, дүдамалдығы да бар тәрізді.
Тиянақсыз өткен шақ (имперфект).
Есімшенің (-ған) мен көсемшенің (-ып)
түрінен соң жіктеліп келген я
көмекшісі тіркесу арқылы тиянақсыз
өткен шақтың күрделі түрі жасалады.
«О, Қызыл Жебе» - деген дауыс
Шолақ Шабдардың үстінде
Шартты райы керек сөзі тіркесу арқыла да тиянақсыз өткен шақ жасасуға болады: кетсе керек, айтса керек, болса керек, көрсе керек т.б. Мұндай тиянақсыз өткен шақ бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен қатысын көрсетеді.
Сонымен, бұрын болып өткен істің осы уақыттағы іспен ұштасуын көрсетсе (танысқан едім, көрген едің), екінші түрі жақында болған, не болып жатқан істің осы уақыттағы басқа бір іспен ұштасуын көрсетеді: танысып еді, көріп еді, көріп едің т.б.
Ауыспалы өткен шақ жасау үшін етістікке есімшенің атын (-етін, -йтім, йтын) жұрнағын қосып, онан соң жіктік жалғауы жалғанса, ондай тұлғада құралған сөйлемнің мағынасы шақ жағынан ауысып отырады: Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Ай үлкен сәске тұсына жетіп толықсып тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен.
Синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын ауыспалы өткен шақ формаларының тұлғалануы әртүрлі. Стильдік жағынан айырмасы болғанымен, «...сезіндіруші едім, айтушы едім, білуші едім» формаларын сездіретін айтатын, білетін деп өзгертсек, адам бұлардың мағыналарына ешқандай өзгеріс енбейді. 31 (104-105).
Ал «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқулықта қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақтың бірнеше формалары бар екендігін атап көрсетеді. Өткен шақ формалры мағыналарына қарай 4 бөлінеді. 1) Жедел өткен шақ. 2) Бұрынғы өткен шақ. 3) Ежелгі өткен шақ 4) Дағдылы өткен шақ (32, 51-52).
Жедел өткен шақ формасының грамматикалық көрсеткіші – ды, -ді, ты, ті жұрнақтары жалғанған етістіктің жіктеліп қолданылуы. Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, оқы-дың-дар, оқы-ды. Көбінесе –ды, -ді –ты, -ті жұрнағы жалғанған етістік қимыл-әрекеттің жуық арада өткенін білдіреді. Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шықты. Сондықтан бұл форма жедел өткен шақ деп аталады. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті білдіруі мүмкін. Мысалы, 1917ж ұлы Қазан революциясы болды.
А.Құнанбаев қазақ жазба
Бұрынғы өткен шақтың морфологиялық көрсеткіші – есімшенің – ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары. Бұрынғы өткен шақ формалары жедел өткен шақ формасымен синонимдес қолданыла беруі мүмкін. Мысалы: Біз киноны кеше көрдік. Біз киноны кеше көргенбіз. Дегенмен бұл екі форманың мағыналарында өзгешіліктер де бар. Олар мыналар:
1. –ған, -ген (қан, -кен) жалғанған
формалар ешқашан сөйлеп
2. Жедел өткен шақ та, бұрынғы өткен шақ та қимыл-қозғалыстың болып өткенін аңғартқанымен –ды, -ді, -ты, -ті формалары сөз нақтылықты аңғартса, -ған форомалы сөзде ондай нақтылық болмайды. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстырамыз:
Ол үйге кетті (анық білемін, көрдім). Ол үйге кеткен (әйтпесе көрініп қалар еді) –ған, -ген, -қан, -кен форманы өткен шақ формасы еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, барған едім, барған едің, барған еді.
Ежелгі өткен шақтың морфологиялық көрсіткіші –ы (п), -і (п) жұрнағы арқылы жасалған көсемшенің жіктелген түрі. Ежелгі өткен шақ формасы ертеде өткен іс-қимылды аңғартуда жиі қолданылады. Масылы, ертеде бір кемпір мен шал боыпты. Сондықтан да бұл форма ежелгі өткен шақ деп аталған. Бірақ өткен шақтың бұл формасы қимыл-әрекеттің ерте кезде, не жуықта болғанын ажыратпай қолданыла беретін кезі де болады. Масылы, сен бүгін ерте келіп қалыпсың, бізге ескертпепсіз.
Ежелгі өткен шақ формасының негізінен мағыналық өзгешелігі мынадай: 1) әс-әрекеттің орындалу кезінде сөйлемнің басы-қасында болмағанын білдіреді. Мысалы: ол Алматыда оқыпты. 2) Сөйлеуші тарапынан іс-қимылдың саналы түрде орындалмағанын, білудің, ұмытудың нәтижесінде орындалғанын білдіреді. Мысалы: ерте келіппін, (уақытын білмегендітен), кілтті тастап кетіппін (Ұмытқандықтан), түс көріппін, қате көріппін т.б.
Ежелгі өткен шақтың жіктелуі
Жекеше Көпше
Мен көріппін Біз көріппіз
Сен көріпсің Сендар көріспіңдер
Сіз көріпсіз Сіздер көріпсіздер
Ол көріпті Олар көріпті.
Сонымен, ежелгі өткен шақ формасы қимыл- әрекеттің болып өткен кезде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе білмегенімен, жаңасақтықтан байқалатыны аңғартады.
Дағдылы өткен шақ ерте кезде болып өткен дағыдыға айналған (қайталанып отыратын) қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Біз киноға бірге баратынбыз.
Сонымен дағдылы өткен шақтың сөйлеу кезінен бұрын болған қимылдарды білдірумен қатар, ол қимыл-қозғалыстың дағдыға айналғандығын, дүркін-дүркін қайталанып тұрғандығын аңғартады.(33(51-52)).
Сөйлем мүшелері деп аталған синтаксистік категория өзінің грамматикалық мағынасымен және морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындала түседі, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тиесілі атқаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен қатар сөз синтаксистік қатынастарды да қалыптастырады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Бұған Т.Сайрамбаевтың: «Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз. Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады», - деген пікірі нақты дәлел [8, 66]. Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді.
Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады. Ал, сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, мақсаты, уақыты, объектілік тұрғыдан, сондай-ақ түр-түс, сын-сапа жағынан толықтырады.
Айқындауыш – қазіргі қазақтың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, анықтауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды нақты, дәл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішінде бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Жалпы айқындауыш мүше өзінің анықтайтын сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің не болмаса бір сөйлем мүшесінің мағынасын ашып, айқындап тұрады.
Сөйлем арқылы айтылатын ойға қатысты сөздер өзара мағыналық және грамматикалық байланыс негізінде тұрлаулы, тұрлаусыз қызметінде жұмсалса, бірқатар сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, оның мағынасын дәлелдеуге қатысты болғанымен, сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан соңғылар сөйлем мүшесі қызметін атқармай, сөйлемдегі, басқа мүшелерден оқшауланып айтылады. Оқшау сөздер сөйлемдегі сөздермен синтаксистік байланысқа енбей, дауыс ырғағы арқылы бөлектеніп айтылатын сөздер.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ал жақсыз сөйлемде іс-әрекет баяндауыш арқылы үш жаққа ортақ ұғымда жұмсалады. Толымсыз сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бірнешеуі түсіріліп айтылуы мүмкін. Атаулы сөйлемдер жеке сөзді не сөз тіркесін айрықша сөйлемдік интонациямен айту арқылы жасалады. Жай сөйлемнің құрамын ұлғайтып, көлемін кеңйтуге бірыңғай мүшелер де ықпалын тигізеді.
Жалпы тюркологиялық және қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әрқайсысы арнайы зерттеу объектісі ретінде қаралып келеді. Сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелері тіл мәдениеті, әдеби тілдің дамуы, қалыптасуымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда тіл ғалымдарының көпшілігі бұл мәселеге зор маңыз беріп отыр.