Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 20:50, курсовая работа
Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.
КІРІСПЕ
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады. Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты. Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен айтылады.
Граматикалық шақ
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар. Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен байланысты енгізілген терминдер болып табылады.
Абсолютті шақ – белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш –шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты тікелей айқындалады.
Қатыстық шақ (13) – сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес, граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады. Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан ажыратылады.
Түркі тілдері граматикалық шақ категориясына бай тілдерінің қатарынан орын алады. түркі тілдерінде, жоғарыда аталып өткендей, бір шақтың бірнеше түрі бар. Ол түрлердің әрқайсысы белгілі бір шақтың әр түрлі мағыналық ретін білдіреді. Осы жағынан алып қарағанда, әр түрлі мағыналарды білдіретін белгілі бір граматикалық шақ тілдің лексикалық жүйесіндегі көп мағыфналы сөз тәрізді; мысалы, көп мағыфналы сөз әр түрлі лексикалық мағынаны білдірсе, белгілі бір граматикалық шақ та түрлі-түрлі граматикалық мағыналадрды білдіреді. Полисематизмді сөздің сан алуан лексикалық мағыналарының арасында мағыналық байланыс болатындығы және олардың бәрі де негізгі номинативті мағынаның айналасына талаптарындағы сияқты, белгілі бір шақтың да, мысалы, өткен шақтың, түрлі-түрлі граматикалық мағыналарының арасында байланыс болады, олар қаншама әр түрлі болғанымен, жалпылама ортақ граматикалық мағынаға, жалпы өткен шақтық мағынаға келіп тіреледі. Әрине, сөздің көп мағыналығы мен әр түрлі мағынаны білдіретін белгілі бір граматикалық құбылыстың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұл жерде мұндай салыстыру айқынырақ түсіну үшін жасалып отыр.
Шақтарды бір-бірімен
Ал шақ пен рай
Қазақ тілінң шақ категориясынң жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-әрект, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ, өткен шақ болып үшке бөлінеді.
2.1 Етістіктің осы шағы
Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақта іс - әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр – сіздер, бала жатыр. Т.б.
ә) осы төрт етістік – ып, -іп, -п және –а, -ә, -й тұлғалы көсемшелермен тіркесіп айтылады. Мұндайда отыр, жатыр, жүр, тұр етістіктері екінші орында тұрып, айт-ып, отыр-мыз, кел-е жатыр, оқы-п, жүр, біл-ме-й тұр-сың болып жіктеліп қолданылады.
б) Жатыс септіктегі - у тұлғалы қимыл есімдері жүргіз-у де –мін, ізден – у-де сіздер болып баяндауыш қызметінде айтылуда да нақ осы шақ мағынасында жұмсалады.
Бұдан басқа –ұлы, -улі тұлғалы етістіктер жеке де жатыр, бұр, отыр, жүр етістіктерімен тіркесіп те 3-жақтық шақ осы шақ мәнін білдіре алады.
Бір күрек пен бір қайла керегеге сүйеулі тұр. (Ғ.Мұстафин)
Есік жақта тілектестері дір-дір етіп, екі ішкі мен бір арық торпақ та байлаулы тұр (Мүсірепов)
Осындағы байлаулы тұр дегенмен іздену – у –де –міз дегеннің айырмасы бар. Соңғы дәл сөйлеу үстінде болып жатқан, сондай-ақ бұрын басталып, осы кезде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді де білдіре алады. 14. Қаз.т. грам. (199)
Ауыспалы осы шақ бұрыннан болып келе жатқан, сонымен қатар сөйлеп тұрған тұста болып тұрған іс-әрекетті білдіреді. Бұл шақ – а, -е, -й тұлғалы көсемшелердің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады. Бұл тұлға ауыспалы осы шақ мағынасында дара да, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелермен тіркесіп те жұмсала береді.
Мысалы: бар –а, -мын, кел-е-сің (дер), білме-й-сіз (дер), айт-ып бер –е-ді, қайт-ып кел-е-міз т.б.
Бұл тәрізді етістіктер келер шақ мағынасында да жұмсала береді. Сол себепті ауыспалы осы шақ деп аталады. Формалық өзгешелігі жоқ бұл тұлғалардың ауыспалы осы шақ немесе ауыспалы келер шақ екендігі контексте белгілі болады.
Жаз шыққан соң, әркім өзіне жер барак жасап алушы да болады; ... көмір тегін беріледі. (Мүсірепов).
Бұл форма арқылы бұрын орындалған іс жайында да баяндауға болады.
Сол ауылда өткен күні ақтың екі офицері кеп, мылтық атып, ауылдан еріксіз ат жектіреді. (Мұқанов).
Ауыспалы осы шақ екен сөзімен: өтеді екен, біледі екен болып айтылуда өткен мезгілде болған іс-әрекетті көрсетеді. 15 (200)
А.Ысқақов осы шақты
Қазақ тілінде осы шақ категориясының арнаулы морфологиялық көрсеткіштері жоқ. Бірақ етістік жүйесінде оның қилы-қилы мағыналарын білдіруге икемделіп, замандар бойы сол қызметтерді атқару нәтижесінде әбден орнығып, қалыптасқан грамматикалық амал-тәсілдер бар.
1. Жалпы осы шақ етістік
Бұл форма тек жалпы осы шақ мағынасында ғана емес, жалпы іс-әрекетті тыңдаушысының көз алдында бұрын болғандай, қазір болып жатқандай және келешекте шүбәсіз болатындай етіп суреттеп көрсету үшін жұмсала береді. Сол себептен бұл форма, әдетте, ауыспалы шақ формасы деп те аталады. 16. (330-331).
2. Нақ осы шақ көсемшенің өткен шақ (-ып, -іп, -п) және осы шақ (-а,-е,-й) түріндегі етістік формасына жатыр, жүр, тұр, отыр деген жай-күй етістіктерінің біреуі тіркесу арқылы жасалады. Мысалы, айтып отырмын; көріп тұрмын; оқып жүр; келе жатыр т.б.
Жалпы осы шақ пен осы шақ мағыналарының айырмашылықтарын мына мысалдан да аңғаруға болады: мен келемін дегеннен келу процесі тек жалпы аталғаны аңғарылса, мен келіп тұрмын; мен келіп жүрмін; мен келіп жатырмын; мен келіп отырмын дегендерден келу әрекеті жалпы түрде емес, ситуация нақтыланып аталатыны көрінеді. Бірақ бұл 4 етістік тек нақ осы шақ мәнін ғана білдіріп қоймайды. Олар шақ осы шақ мағынасын тек тікелей жіктеліп тұрғанда ғана білдіреді. Бұл төрт етістік амал-әрекеттің белгілі бір қалыпта (тұрған, отырған, жүрген, жатқан) ұзақ, уәдік-создық, өзгеріссіз дәйім болатынын білдіретіндіктен, өткен шақта да, келер шақта да, рай түрлеріне де, субстантивтеліп те жұмсалады. 17. (381)
3. Ниғайбыл осы шақ екі түрлі аналитикалық формант арқылы жасалады. Оның біріншісі - көсемшенің келер шақ (-ғалы, -гелі...) формасындағы етістікке (барғалы, келгелі) жатыр,, жүр, тұр, отыр етістіктерінің бірі тіркеседі де, соңғы көмекшіге жіктік жалғау тікелей жалғанып жасалады (мысалы: барғалы отырмын; жүргелі отырмысың? Аттанғалы жатырмыз, көргелі тұрмыз, оқуға түскелі жүрсіңдер ме? екіншісі – йын дер (-йін деп) форманты жалғанған етістіктің бірі тіркеседі де, оған жіктік жалғау тікелей қосылу арқылы жасалады. (Мыс, барайын деп отырмын, жүрейін деп тұрмын).
Бұл форма келешекте істелмекші болған амал туралы ойды сөйлеп отырған кезде (осы шақта) жүзеге асыратындай етіп көрсетеді. Бірақ, бұл форма да, қажетіне қарай, есімше, көсемше, рай, шақ қосымшаларын қабылдап, осы шақтан басқа да қызмет атқарады (кетіп қалайық деп отыр едік; жүріп кеткелі отырғанда, олар келе қалды; сәті түсейін деп тұрған іс екен; жұмысты бітіріп тастайын деп отырып қалыппын т.б) (18. 331-332 б)
Ескерту: Оқулықтарды «өсуде дамуда..» формасы осы шақ көрсеткіші саналып жүр. Бұл формада ешқандай да вербалдық мағына болмайтындықтан және оған етістікке тән қосымшалар қосылмайтындықтан, етістіктің шақ формасы ретінде қаралмауы тиіс екендігін көрсетеді (19. 332).
М.Серғалиев, А.Айғабылов, О.Күлкеновалардың «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты еңбекте осы шақ – етістіктің сөйлеу кезінде болып жатқан іс-әрекетті білдіретін бір түрі. Осы шақ формасы беретін мағыналарына қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ деп 2 бөлінеді.
Нақ осы шақтың арнайы морфологиялық көрсеткіші жоқ. Бұл форма отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері жіктелу арқылы жасалады. Мысалы:
Жекеше Көпше
Мен отырмын Біз отырмыз
Сен отырсың Сендер отырсыңдар
Сіз отырсыз Сіздер отырсыңдар
Ол отыр Олар отыр
Болымсыз түрі жоқ сөзі арқылы жасалады.
Мен отырған жоқпын Біз отырған жоқпыз
Сен отырған жоқсың Сендер отырған жоқсыңдар
Сіз отырған жоқсыз Сіздер отырған жоқсыздар
Ол отырған жоқ Олар отырған доқ
Егер отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері басқа жұрнақтар қабылдаса, басқа шақты білдіреді. Мен отырдым т.б.
Қалып етістіктері осы шақ
Бірақ бұл етістіктер қолдануда парықсыз емес. Қар жауып тұр дегендегі қалып етістіктеріне отыр, жүр етістіктерімен ауыстыруға болмайды. Өйткені жатыр, тұр етістіктері қимыл иесі жанды, жансыз зат болғанда айтыла береді. Ал отыр, жүр тек жанды затпен ғана байланысты айтылады. Қалып етістіктерінің қолданылуында бұйрық рай түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде және ашық райдың осы шақ түрінде бір-біріне сырттай қарағанда ұқсас болып келетіні бар. Мысалы, сен тұр (жүр, отыр) дегенде бұйрық райдың екінші жағында қолданылып тұр. Ал ол тұр (жүр, отыр, жатыр) дегенде осы шақты білдіреді.