Етістіктің шақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Тіл – қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем – сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

етістік шақ курс.doc

— 184.00 Кб (Скачать документ)

Жоспар.

КІРІСПЕ

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.

1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының  тіл білімінде зерттелуі.

1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының  түркі  тіл білімінде зерттелуі.

1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының  қазақ тіл білімінде зерттелуі.

ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.

ІІ.1. Етістіктің осы шағы.

ІІ.2. Етістіктің келер шағы.

ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған   әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тіл – қарым-қатынас  жасаудың құралы да, сөйлем – сол  қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис – «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол – грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис – сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Сөйлем – синтаксис  ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен  сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің  орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.

Сөйлем синтаксисі өз ішінде екі үлкен салаға, яғни жай  сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың  әрқайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны – жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері, жай сөйлемдердің топтастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің әр қилы мағыналық-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің қызметі мен жасалуы болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол арқылы күрделі ойды білдіруі болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді. Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара деңгейлерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты. Жай пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөйлемді құрайтын грамматикалық амалдарды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді.

Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын  ғана зерттеумен шектелмейтінін уақыт  көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен.

 

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.

1.1. Етістіктің, етістіктің  шақтарының тіл білімінде зерттелуі.

 

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ  тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік.

Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары  да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.

Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».

Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».

Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист  М.Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен  байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан  әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.

Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.

Күні бүгінге дейін өз мәнін  жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.

М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.

Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы  барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың  әміршісі болған. Махмуд кейінде  Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың  дәл қай қалада туылғаны мәлім  емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: «...нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов, 136 – 138, Конанов, 4 – 5);

Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі  ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде  Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.

Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.

Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері  тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.

Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай  біркелкі емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.

Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан  күрделі болып келетін бұл  етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.

М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.

Автор өз ережелерінде үнемі өткен  шақта беріліп отырған етістіктердің  тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра, қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының  архетипті –г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä  (ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.

М.Қашқари өз еңбегінің классикалық  әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына  түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.

Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі  - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.

Етістіктің жіктелуін сөз еткенде  оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.

Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ  тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте»  кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.

Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.

Абу Хайман кітабында  берілген граматикалық материалдарды  қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы  деуге болады деушілер де бар.

ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек  ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.

Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – етістік сөздер.

Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.

Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін  көрген тіл – мували тілі. Бұл  еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак – киргизского языка» деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.

 

 

 

 

1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.

 

30 – 40 жылдардан бастап түркі  тілдерінің граматикалары бірінен  соң бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А.Доровковтың «Учебник уйгурского языка», 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған «Граматика якутского языка», 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің «Граматика башкирсого языка», 1941 жылы А.Н.Кононовтың «Граматика турецкого языка», 1948 жылы «Граматика узбекского языка», атты еңбектері жарияланды.

А.Н.Кононовтың «Очерк истории изучения турецкого языка» деген 1973 жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада, Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.

1845 жылы М.А.Казембектің «Общая  граматика турецкого - татарского  языка» деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі «де» етістігінің көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың сөйлеміндегі орны туралы: «Глаголы в турецком языке вообще пологаются на конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка» (Казембек, 1893 493 - бет) – дейді (2 (493 бет)).

Мұны ғалым Н.Длисенова: «Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында және ортасында келеді», - деп толықтытрады.

Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология  мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы, Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан, араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.

Филолгия саласында  Казамбек «Араб тілі граматикасының тәжірибесі», - «Түрік – татар тілінің граматикасы», «Түрік тілінің оқу құралы» атты еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу, жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің «Түркі–татар тілінің граматикасы» атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым «Общая граматика турецкого – татарскаого языка» деп аталады. Осы басылым 1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.

Етістіктер туралы «Алтай тілінің граматикасында»  да айтылады. Онда «жатыр, тұр, отыр, жүр» етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында тоқталады.

Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы «материалы к изучению киргизского наречие» деген  еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан «Краткая граматика татарского языка»  кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан «Сравнительный словарь турецкого – татарский наречие» атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар тілдеріндегі «де» етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869 жылғы «Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі» еңбегінде тува, урянхай тіліндегі «де» етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса,  З.А.Алексеев  1884 жылы Ташкентте басылып шыққан «Самоучитель сартовского  языка» еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.

Информация о работе Етістіктің шақтары