Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.
Қазақ еркін күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І.ЕРКІН КҮРЕС ......................................................................................................5
1.1.Еркін күрестің даму тарихы.............................................................................5
1.2.Халықаралық спорттық аренада еркін күрестің алатын орны......................9
1.3 Еркін күрес техникасы....................................................................................15
ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ........................................18
2.1 Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары.................................20
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

ерк3н к8рес курсовая.docx

— 89.33 Кб (Скачать документ)

Мұны 2006 жылдан 2009 жылға дейін  Қытайдың Шыңжаң провинциясында келісімшартпен бапкерлік жұмыспен айналысып келген, қазір Қазақстан ұлттық құрамасының  тізгінін ұстағанына бір айдың жүзі ғана болған Нұрғали Рахманқұлов  та мойындайды. Білікті маман: «Елімізде  күреспен, оның ішінде еркін күреспен айналысатын жастар саны аз емес, оған Пекин Олимпиада ойындарында  да, содан кейін ел ішінде өткен  турнирлерде де көзім анық жетті. Шынына келсек, сары құрлықта еркін  күрес өте жақсы дамыған.

Әсіресе, бұл салада әлемдік  деңгейдегі халықаралық бәсекелерде  Иран, Өзбекстан және Оңтүстік Корея  палуандары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, жиі-жиі салым салып жүр. «Генерал болуды армандамайтын сарбаз болмайтынын» ескерсек, ұлттық құрама алдына қойған мақсат та айқын, ол — биылғы жылдың қараша айында Қытай жерінде өтетін Азия ойындарында ең кем дегенде  бір алтынға қол жеткізу.

Бұдан басқа Үндістанда Азия біріншілігі, Мәскеуде Әлем біріншілігі  өтеді. Одан да құрқол қайтпаспыз деген  үмітіміз бар. Әзірше палуандар Алматы қаласындағы «ТемірДос» спорт кешенінде  қызу дайындық жаттығуларын өткізіп, шеберліктерін  шыңдаумен айналысып жатыр. Қазір  менің қол астымда Әсет Серікбаев (55 келі), Жасұлан Мұхтарбекұлы (60), Самат  Жақыпов (66), Ақжүрек Таңатаров (74), Дәулет Шабанбай (96) секілді талантты палуандар  жаттығып жүр. Алла бұйыртса, ел намысын  Ресейде өтетін бәсекеде осылар қорғайды. Бұларға Леонид Спиридонов (74), Семен  Семенов (84) және Асқат Құсеповтер (120) келіп қосылады. «Иван Ярыгинді»  еске алуға арналған халықаралық турнир келесі жылы Баку қаласында өтетін Гран-при күрес бәсекесінің алғашқы кезеңі болып табылады. Красноярскіде алғашқы бестік қатарына кірген балуан Әзірбайжан астанасында өтетін жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жолы болмағандар жаз кезінде Тбилисиде жалауын көтеретін Гран-при жарысының екінші кезеңінде бақтарын сынайды. «Иван Ярыгин» турнирінің деңгейі өте жоғары, себебі, оған әлемнің 20-ға жуық елінен ат арытып келген ең үздік палуандар қатысады. Олай болса, аталған турнирді шеберлік шыңдау мектебі деуге болады.

Кемшілігі — халықаралық  деңгейде өтетін жарыстарға өз еліміздің  талантты палуандары көбірек қатысу мүмкіндігінен айырылады. Пайдалы  жағы, жастар сақа палуандармен қоян-қолтық араласа жүріп жаттығып, олардың  мол тәжірибесінен өздеріне керекті  айла-тәсілдерді үйреніп, шеберлік деңгейлерін  көтереді. Жалпы, кезінде еліміз тәуелсіздік  алған алғашқы жылдары еркін  күреске айтарлықтай көңіл бөлінбей қалған тұста, ҚР Күрес Федерациясы  еркін күрес шеберлерін сырттан  шақыруға мәжбүр болған-ды.

Өйткені, бізге байрақты жарыстарда ел намысын қорғап, құрама қоржынына нақты медаль сала алатындай  мықты палуандар қажет болатын. Ал, қазір жағдай басқаша. Еркін күреспен айналысуға билік тарапынан барлық жағдай жасалған. Соның да әсері  болар, бүгіндері осы спорт түрімен  айналысатын жастардың саны артса, құрама сапындағы легионерлер санының  азайып келе жатқан жайы бар.

Құрама сапы толықтай кілең  өзіміздің ұлт өкілдерінен тұратын  кез де алыс емес екеніне сенімдімін. Ал, Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан  біріншілігіне ұлттық құрама сапында  өнер көрсететін палуандардың барлығын қатыстыру көзделген. Себебі, биылғы жылы өтетін әлемдік ірі жарыстарға сол ел біріншілігінде топ жарған палуандар ғана бара алады. Әрі ол құрама мүшелері мен олардың өкшесін  басып келе жатқан ізбасарлардың  дайындықтары мен шеберліктерінің  қаншалықты деңгейде екендігін анықтауға  мүмкіндік беретін таразы рөлін  атқаратын бәсеке болмақ. Сондықтан, одан күтер үмітіміз зор»,— дейді. Өз ісінің қыр-сырын бес саусағындай  білетін білікті маман сөзі бозкілем үстінде шынайы нәтижемен дәлелденіп, еліміздің мерейі артып жатса, нұр үстіне нұр емес пе.

 

2.1 Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары

 

Күрес түрлерінен Қазақстан  командалары ішінде еркін күрес  құрамасы ғана толық құраммен Лондонға аттанады. Қазіргі уақытта жеті балуанның  алтауы Астанада соңғы дайындықтарын  пысықтауда. Жігіттер 2-тамыз күні ұшаққа отырып, Тұманды Альбионда олардың  қатарына Ресейде жеке бағдарлама бойынша  жаттығу жүргізіп жатқан 96 келі салмақ дәрежесінің өкілі Таймураз Тигиев қосылады.

  Дәл осы Тигиев  команда сапындағы ең тәжірибелі  спортшы. Оның еншісінде Бейжің  Олимпиадасының күміс жүлдесі  бар. Дегенмен де, командадағы  жас балуандарға да бапкерлердің  артар үміті зор. Бас бапкер  Алтай Танабаев Бейжің Олимпиадасында  екі жүлде алынса, биыл одан  да көп болады деп болжауда. Алтай Танабаев: «Олимпиадаға басты  дайындық былтыр Ыстамбұлда өткен  әлем чемпионатынан бастауын  алды. Сол кезде араға 14 жыл  салып қазақ жігіттері Дәулет  Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев  жүлдеге қол жеткізді. Әрине, Мәулен  Мамыровтан кейін медаль алғандар  болды, Магомед Куруглиев, Ислам  Байрамуков және тағы басқалары. 

Дегенмен, дәл осы екі  өреніміздің жеңісі ерекше қуантады. Бір ғана біріншілікте біз төрт жолдама  иелендік, тағы екеуін Астанадағы Азия іріктеу турнирінде алсақ, соңғысын Қытайда өткен әлемдік іріктеуден қанжығаға байладық. Бәрімізге белгілі, еркін күрестен әлемде Ресей мен  Иран көш бастап келеді. Қазақстан  командасы үздік төрттікке енеді  деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі  уақытта командамыздың дайындығы  жақсы», - деп түйін жасады. Барлық салмақта Олимпиада жолдамасына  қол жеткізген балуандар барады, тек ең ауыр салмақ дәрежесінде Марид  Муталимовтың орнына Дәулет Шабанбай сынға түспек. Дүбірлі доданың  алдында қос балуанның шамасы мен жағдайына қарап, бапкерлік  кеңес осындай шешім қабылдады. Дәулет те артылған жауапкершілікті ерекше сезіп жүрсе керек, журналистермен тілдесуден де бас тартады.

  Олимпиадада осымен  екінші рет бағын сынағалы  тұрған Ақжүрек Таңатаров: «Әзірге  ешқандай қобалжу жоқ. Қанша  жыл бойы жасап келе жатқан  күнделікті жаттығуды істеп жүрміз. Мүмкін Лондонға барып, салмақ  өлшеніп, күресетін күні таңертең  бір нәрсе сезілер. 

2008 жылы Бейжіңде өткен  Олимпиада Ойындарында да жүлдеген  ілігем деген үміт болған, қанша  қарсыласты көрдік. Енді, осы жолы  қалай да жеңіс тұғырына көтерілуім  керек. Дайындығымыз өте жақсы,  бапкерлеріміз білікті. Ұлттық құрамада жүргеніме қанша жыл болса да, дәл осындай жаттығуды бірінші рет көруім. Бір салмақта 19 балуандай өнер көрсетеді, барлығы басты қарсылас, ешқайсын төмен бағалауға болмайды», - деп 66 келіде жүлдегерлер қатарына ену үшін барын салатынын жеткізді.

74 келіде ел намысын  қорғайтын Абдулхәкім Шәпиев  Азия Ойындары, Азия және әлем  чемпионатының жүлдегері атанып  үлгерген, енді тек Олимпиада  медалі ғана жетпей тұр. Дәл  осы күні орда бұзар отыз  жасқа келген Ермек Байдуашевтың  да жүлдеден үміті зор, 84 келіде  шымкенттің шымырына барша қазақ  сенім артады.

  Мәулен Мамыровтан  кейін қазақтың қолы жетпеген  Олимпиада жүлдесіне басты үміткерлер 55 келідегі Дәулет Ниязбеков пен  60 келідегі Дәурен Жұмағазиев. Дәулет  Ниязбеков: «Дайындығымызға көңілім  толады. Жаттығу керемет өтіп  жатыр, еліміздің барлық аймақтарынан  бізге көмектесуге өте көп  балуандар келді. 

Олардың саны алпысқа жуық. Және бапкерлердің де бар назары бізде, бар білгенін бізден аямайды. Тек  бұл жарыста психологиялық тұрғыдан қиын болмақ. Бұл үлкен сынақ, бұйырғанын көреміз». Ал, Дәурен болса, өзіне тән  сенімділікпен: «Адам ешқашан да бір орында дамылдамайды. Мен де сол сияқты әр белдесу, әр жарыс сайын  балуан ретінде есейіп келемін. Қола жүлде еншілеген әлем чемпионатынан  бері бір жылға жуық уақыт өтті, одан бері күресімде қателіктер де орын алды. Дегенмен, қазір соның  барлығын дұрыстап, Олимпиадаға қызу дайындық жүргізудеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстандағы еркін күресінің даму кезеңдері бойынша халықаралық спорт түріне дейін тұрақты түрде дамып келе жатқандығы анықталды. Қазақ күресінің дамыундағы осы спорт түрі бойынша мамандар дайындау жағдайлары, әдістемесі мен құралдарының қарқынды жақсарту қезендері бөлініп белгіленді.

Мамандар дайындау бағдарламаларында  және спорттың осы түрі бойынша сабақтар өткізуде оқу, дағды мен біліктіліктің  кең ауқымын игеруді жоспарлаған  ғылыми, әдістемелік жұмыстар талданды.

Қорытынды жасап айтқанда, қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жалпы және арнайы дене дайындығын, спорттық жаттығу мен  жарыс өткізу ережелерін жетілдіру, қазақ күресінің әдістемелік  құралдары мен оқулықтарын шығару кезеңдерімен дамуы белгіленді.

Қазақстанда еркін күресіңің танымалдығы спорттың бұл түрін сауықтыру орындарында дене жаттығуларымен жаппай шұғылдануды дамытудағы маңызын арттырады. Еркін күрестің қазіргі заманғы дамуы спорттың осы түрі бойынша мамандар даярлау жағдайларын, әдіснамасы мен сапасын жақсартуды талап етеді.

Еркін күресі жарысының кеңінен танылуы мен мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі сабақтарында, сабақтан тыс уақытта және спорт секцияларында дәл осы спорт түрімен шұғылдануды қалауы сабақтарды ұйымдастыруға белгілі бір талаптар қояды.

Еркін күреспен айналысу жеке тұлғаның денсаулығының нығаюына, оның үйлесімді дамуына, шұғылданушылардың денесінің дамуы мен шымырлануына сеп болатындығы, жастардың дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, икемділік) дамытудың және дене тәрбиесінің тиімді құралы болып табылатындығы дәлелденді.

Еркін күресінің кең танымалдығы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы оқыту тиімділігі, ішкі ағзалардың физиологиялық өмір сүру қабілетін дамытуды, дене даярлығының сапасы мен  дене қабілеттерін қамтып, күш-жігер мен басқа да психологиялық сапаларды тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілдерін тәрбиелеу үдерісіне енгізілуі, сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесіне көп жағдайда қажеттілігі және олардың күреске қызығушылықтары, осы күрес түрінің орта мектептегі дене тәрбиесі пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.Байдосов К.Р. Казахская национальная борьба. Алматы: Мектеп, 1987.

2.Бектурганов О.Е., Донбаев А.Б., Камбаров Н.К., Агадилов А.Е. Техника, применяемая на соревнованиях по борьбе казах-курес // Ұлттық спорт пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы: респ.ғыл.тәжір.конф.мат. (20-21 мамыр 2010 ж.). – Алматы: ҚазСТА, 2010. – 220-224 бб.

3.Бектұрғанов Ө.Е., Дөңбаев Ә.Б., Ағаділов Ә.Е. Жастардың дене тәрбиесіндегі күрес тәсілінің қалыптасуы // Дене тәрбиесінің жаршысы. – 2010. – №3. – 73-75 бб.

4.Блах В., Елисеев С., Игуменов В., Кулик Н., Мигасевич Ю., Подливаев Б., Селуянов В., Табаков С. Биологические концепции в подготовке борцов (самбо, дзюдо). М. 2005.

5. Галковский Н.М., Катулин А.З.(под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1968.

6. Дөңбаев Ә.Б. Қазақтың ұлттық жарыстары мен ойындары дене тәрбиесі мен спортты танымал етудің құралы ретінде // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 204-206 бб.

7. Дөңбаев Ә.Б. Қазақ күресі жарысында алысу әдәстерін талдау // Дене тәрбиесі және еліміздің бәсекелестік мүмкіндігі: халық.ғылыми практ.конф.матер. (14-16 қазан 2010 ж.). – Алматы, 2010. – 207-209 бб.

8. Қазақша курес. Жарыс ережесі. Алматы: Туран. 2002.

9. Купцов А.П. (под общ. ред.) Спортивная борьба. Москва. 1978.

10. Матущак П.Ф. 100 уроков вольной борьбы. Алматы. 1990.

11. Матущак П. Ф., Мухиддинов Е. М. Казахша курес. Алматы: Рауан, 1995.

12. Матущак П.Ф., Жолымбетов О. и др. Казахша курес: Методическое пособие. Алматы: Казахстан, 1973.

13. Матущак П.Ф. Наследники Кажымукана. Алматы: Казахстан, 1969

14. Матущак П.Ф., Болгамбаев М.Х. Классификация, систематика приёмов борьбы казахша курес. Алматы. 1973.

15. Матущак П.Ф. Батыры на ковре. Алматы: Рауан, 1992.

16. Мухиддинов Е.М. Қазақша күрес. Алматы: Казахстан, 1984.

Рахимкулов М.Р. Казахша  курес: Правила соревнований. Алматы: Каз. гос. изд-во, 1957.

17. Таникеев М.Т. Мир народного спорта. Алматы. 1998.

18. Таникеев М.Т. Казахские национальные виды спорта. Современные проблемы. Алматы. 1991.

19. Табаков С.Е., Новик С.А. Оценка соревновательной деятельности в единоборствах. М. 2003.

20. Табаков С.Е., Новик С.А. Инновационные технологии в спортивных единоборствах. М. 2005.

21. Туманян Г.С. Спортивная борьба. М. 1985.

22. Туманян Г.С. Школа мастерства борцов, дзюдоистов и самбистов. Москва. 2006.

 23. Шепетюк М.Н. Совершенствование в спортивной борьбе. Алматы.2005.

24. Шепетюк М.Н. Обучение в спортивной борьбе. Алматы. 2003.

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары