Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 15:02, курсовая работа

Краткое описание

Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.
Қазақ еркін күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І.ЕРКІН КҮРЕС ......................................................................................................5
1.1.Еркін күрестің даму тарихы.............................................................................5
1.2.Халықаралық спорттық аренада еркін күрестің алатын орны......................9
1.3 Еркін күрес техникасы....................................................................................15
ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ........................................18
2.1 Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары.................................20
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................25

Прикрепленные файлы: 1 файл

ерк3н к8рес курсовая.docx

— 89.33 Кб (Скачать документ)

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І.ЕРКІН КҮРЕС ......................................................................................................5

1.1.Еркін күрестің даму тарихы.............................................................................5

1.2.Халықаралық спорттық аренада еркін күрестің алатын орны......................9 

1.3 Еркін күрес техникасы....................................................................................15                                                                                                               

ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ........................................18

2.1 Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары.................................20

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда еркін күрестің кең танымалдығы осы ұлттық спорт түрін сауықтыру мақсатында жаппай айналысуды дамыту үшін маңызды етеді.

Қозғалу белсендігінің танымал  түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық  технологиялардың даму мен білім  беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі  таңда өзектілігі зор.

Қазақ еркін күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.

Казіргі жасөспірімдер мен  жастардың ұлттық ойындарға  қызығушылықтарын ескере отырып, орта мектептер мен  колледждерде дене тәрбиесіне және сыныптан тыс қосымша сабақ кезінде  тек бағдарламадағы жаттығуларды ғана емес, ұлттық спорт түрлері мен  ойындарын оқу жоспарына енгізуге болады.

Кеңестік Қазақстанда  қазақ күресінен жарыстар олимпиадалық және халықаралық спорттық күрес  түрлерінен бірнеше онжылдық бұрын  өткізіле бастады.

Қазақстан жастарының спорттың осы түріне әуестенуі қазақ күресінің  даму деңгейінің едәуір жоғарылауына, балуандардың шеберлігінің қалыптасуына, жастардың қазақ күресімен жаппай шұғылдануына септігін тигізеді. Қазақ  еркін күресімен шұғылданатың жастар арасынан, өздерінің спорттық кемелденуін спорттық күрестің халықаралық және олимпиадалық түрлерінде жалғастырып, ең жоғары нәтижелерге жеткен көптеген атақты балуандар шыққан.

Курстық жұмыстың мақсаты – еркін күрестің Қазақстанда қазақ ұлттық күресінен мамандар дайындаудағы оқу пәні және жастардың дене тәрбиесі құралы ретінде халықаралық спорт түріне дейін қалыптасу кезеңдерін атап көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Еркін күресінің ерекшеліктерің талдап, жарыста қолданылатын әдіс-тәсілдерін тіркеп реттеу.

2. Еркін күресті дене шынықтыру әдістемесінде, дене тәрбиесінде және Қазақстанның оқушы жастарының салауатты өмір салтына қажеттілікті қалыптастыруда пайдалану мүмкіншіліктерін зерттеу. 

3.Еркін күресті оқушы жастардың денелерін шынықтыру мен тәрбиелеу және құрама командалар резервін дайындау құралы ретінде пайдалану тиімділігін негіздеу.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          І. ЕРКІН КҮРЕС

 

    1. Еркін күрестің даму тарихы

 

Еркін күрес өз бастамасын ағылшындардан алады.Ағылшын еркін  күресінде ( кэтчгольд ) шолақ шалбар киіп күрескен, қарсыласына әртүрлі  захватжасай отырып, аяқпен әдіс жасайды,жауырынын  жерге тигізгенше уақытқа бағынбай күресіп, жеңіске жетеді.Баскезінде кәсіпқой спорт ретінде таралды,XVIII ғасырда американдықтар әлемдік  денгейге көтерді. Сол себепті америкалық еркін күрес атанды.

Еркін күрес, диам. 9 м арнайы кілемде өтеді. 19 ғ-дың аяғында  Англияда пайда болған. 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. Қазақстанда  еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өтіп келеді. 1956 ж. өткен КСРО халықтары  спартакиадасында Қ.Байдосов, Ж.Ысқақов  жүлдеге ие болды. Еркін күрес, кілем  үстінде әдіс қолдану еркін жасалынатындықтан  осылайша аталған. Бұл дүниежүзі  халықтарының күрес турлерінің әдістерін  түгел қолдануға байланысты айтылады.

Еркін күресте белдескен  балуандар ұпай санымен немесе қарсыласының жауырын кілемге тигізіп, таза жеңіске  жетеді. Оның тарихы кене замандарға кетеді. Ертедегі Мысырда, Вавилонда, Қытайда  және Жапонияда еркін күрес болган. Алғаш рет еркін күрес 1904 ж. Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді. Мұнда  кілемге небәрі 38 балуан шығып, жалпыкомандалық 1-орынға АҚШ-тың кұрамасы ие болды. Еркін күрестен Еуропа чемпионаты 1928 ж., ал Әлем чемпионаты 1951 ж. бастап етіп келеді. Еркін күрес салмақ дәрежелері жарыс басталар алдында оған қатынасушыларға  жіберілген жарыстың тәртібінде көрсетіледі.

Америкалық кәсіби еркін  күрес (реслинг) – АҚШ, Франция, Италияның  кәсіби палуандары арасында кең тараған. Күрестің бұл түрінде күрестің қарапайым  киімін киіп күрескен, тұншықтыру әдістерін  қолданған. Қарсыласының жауырынын  жерге тигізіп, жеңіске жеткен. Палуандар  күресуге шығар алдында канша  уақыт күресетіндеріне келісіп  алған.

1904 жылы АҚШ-ның Сент-Луис  қаласында өткен ІІ-Олимпиадалық  ойындар бағдарламасына бірінші  рет еркін күрес кіріп, 47.6,52.1, 56.7, 61.2, 65.7, 71.6, 77.6 салмақ категорисындағы  палуандар күресіп, барлық салмақ  бойынша АҚШ палуандары жеңіске  жеткен.

1955 жылы елімізде еркін  күресті дамыту мақсатында Қазақстан  спорт комитеттінің басшылары  П.Ф. Матущакты шақыртады. Жоғарғы  деңгейлі палуандарды дайындауға  А. Купцов пен Х. Гиоев те  үлкен үлес қосты. Еркін күрестің  елге тез таралуының басты  себебін мынадан көруге болады, еркін күрес қазақтың ұлттық  күресі қазақ күресіне өте  ұқсас.Екеуінде де ұқсас, жақын  техника элементтері қолданылады.  К. Байдосов Кеңес Одағының  Қазақстандағы бірінші спорт  шебері болды, ҚР еңбегі сіңген  жаттықтырушылар А. Айханов, А.  Габсаттаров, А. Бугубаевтар Кеңес  Одағының біріншілігінің жүлдегерлері  мен чемпиондары атанды, ал М  Мамыров Олимпиада ойындарының  қола жүлдегері болды.

Палуандардың күрес өнері  көпжылдық тарихы бола отырып біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жыл бұрын  бастау алған, көне Грецияда пенталонның  бір түрі ретінде дамып, адамның  жылдамдық, төзімділік, ептілігін дамытып  және әскерді дайындаудың негізгі  құралы болды.

Панкратион – гректердің күрестерінің көне түрлерінің бірі. Бұл  күрес түрінде қысқа шалбар киіп, аяқпен жұмыс жасап, қолға және аяқтан ұстап әдіс жасап күрескен, қарсыластың  жауырынын жерге тигізіп жеңіске  жеткен, уақыт шегі жоқ. Күрес әрі  қарай дамуын Франциядвн алып, сол  себепті күрестің бұл түрі әлемде француз күресі ретінде танылды. Бірінші рет,1848 жылы Монтенье көшесінде  күрес аренасы ашылды, француздар күреске қатты қызығушылық танытты. Көлемі жағынан үлкендеу екінші арена 1867 жылы ашылды. 1905 жылы әлем біріншілігі  өтті, мұнда Иван Поддубный бірінші  орын, Қажымұқан Мұңайтпасов екінші орын алды, осы арқылы әлемде мықты  палуандардың бірі екендерін дәлелдеді.

Қазақ халқының палуаны, біртуар  батыры Қажымұқан Мұңайтпасов бұл  күрес түрінен 4 рет әлем чемпионы атанды.

Алғашқы рет 1896 жылы Афинада  өткен олимпиада ойындары бағдарламасына классика түріндегі күрес еніп, палуандар  салмақ мөлшеріне қарамай күресті, чемпион атағын Германиялық палуан К.Шуман, күміс медальды Грециялық  Г.Цитат жеңіп алды.

Қазақстанда грек-рим күресінің  дамуы Ұлы Отан соғысынан кейін  бастау алды. Күрес өнерінің дамуына  Қазақстанда П. Ф. Матущак үлкен  үлес қосты. Қазақ дене тәрбиесі институтында күрес бөлімін ашып, осы арқылы күрестің дамуына себепкер болды. Дене тәрбиесі институты күрестен мамандарды дайындау орталығына айналды. Осы жерден үлкен спортқа екі дүркін олимпиада  ойындары чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Европа чемпионы В. Резанцев, олимпиада ойындары чемпионы Ж. Үшкемпіров, Ж. Серіков, әлем, Европа, Азия чемпионы, екі олимпиада жүлдегері, жеті дүркін Кеңес одағының чемпионы Д. Тұрлыханов, әлем чемпионы Б. Байсейтов  жолдама алды.

Біздің дәуірімізге дейінгі  бірінші мыңжылдықтың көне авторларының жазуынша, Қазақстанның даласы мен  таулы айқаптарында сақ, массагет, исседондардың  көптеген тайпалары өмір сүрген.

Тайпалар арасында және рулар  арасында қақтығыстар туындап, тайпалық одақтар құрыла бастады. Бұл туралы тек археологиялық материалдардан ғана емес, жазбалардан да байқауға болады. Бұл қолжазбалар, археологиялық  зерттеулер Қазақстанның басты аумағын  біздің дәуірімізге дейінгі VII–IV ғасырларда жайлаған тұрғындар, алып тайпа сақтықтар  екенін көрсетеді.

Олар одақ құрып, көшпелі  өмір кешті және мал шаруашылығымен айналысты. Көне грег жазушысы Клавдий  Элион жазады сақтарда мынандай салт болған, жігіт тек күресте жеңіске  жеткен нен соң ғана үйлене алатын болған. Италияндық Марко Поло Орта Азияға саяхаты кезінде былай  деп жазады, сақтар үшін күрес әскери-қолданбалы жаттығу болған, бойжеткендер жас  жігіттермен тең дәрежеде күрескен.

Король Кастилии Генрих-ІІІ  тапсырмасымен Орта Азияда болған уақытында  Рей Ганзалесс Клавдио құнды  деректер келтіреді. Атақты қолбасшы Тимурдың сарайында ол белдесу күресін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары болған, байқағанымыздай белдесу күресі өте ертеден бастау алады.

Ертеде қазақ күресі салмақ дәрежесіне қарамай өткізілген, бұл  қатысушыларға тең жағдай тудырмады.

1938 жылы Алматыда бірінші  колхозшылырдың республикалық спартакиадасы  өтті. Спортакиада бағдарламасына  қазақша күрес күресі енгізілді.  Тарихта бірінші рет бұл ұлттық  спорттық ойын біріншілігі үш  салмақ категориясы бойынша өткізілді.( жеңіл салмақ 65 кг дейін, орташа  салмақ 76 кг дейін, ауып салмақ 76 кг жоғары).

1952 жылы Түркіменстанның  астанасы Ашхабад қаласында Орта  Азия және Қазақстан республикаларының  кезекті спортакиадасы өтті. Спортакияда  бағдарламасына ұлттық күрестен  жарыс енгізілді. 

Бес туыстас республикалар  арасынан ұлттық күрестен жарыс ережелері  негізі ретінде қазақ күресінің  ережелері алынды, өйткені бұл  күрестің жарыс ережелері спорттық күрестің классикалық түрлеріне  біршама жақынырақ.

1955 жылы сегіз салмақ  категориясы енгізілді және қазақ  күресі күресіне ережелер шықты.  Бірінші қазақ күресінен жазба  ережелердің авторы М. Рахымқұлов.

Қазақстандағы еркін күрес, республикалық чемпионаты 1951 ж. бастап өткізіліп келеді. Бұдан ең алғаш  шыққан СШ-лері Ж.Сқақов, Қ.Байдосов, Қ.Қожанов  және т.б.

Алғашқы жылдары оның секцияларына барушылар аз болғандықтан грек-рим  күресіне қатысушылар да еркін күрестен бақтарын сынап көрді. Кейін Ә.Айханов, А.Гапсатаров, А.Бұғыбаев, М.Қапанов, Ю.Курапаткин, И.Байрамуков сияқты балуандар халықаралық  жарыстарда көзге түсті. Республиканың  құрама командасы 2003 ж.

Алматыда өткен Азия кубогі үшін жарыста жалпыкомандалық 1-ші орынды жеңіп алды.

 

 

    1.  Халықаралық спорттық аренада еркін күрестің алатын орны 

                                                                                                                 

Еркін    күрестің     отаны     Англия     болып     есептеледі.    Жеке     спорт    түрі   ретінде  халықаралық  спорттық  аренада еркін күрес грек-рим күресінен кейін  қалыптасты. Кейін Англиядан АҚШ территориясына таралып кең танымалдыққа ие болды. Америкада ол екі  бағытта дамыды: 

 Кәсіпқойлар арасындағы күрес;  АҚШ       колледждері       мен     университеттерінде         өткізілетін     әуесқойлар  арасындағы күрес ретінде. 

 Кәсіпқойлар  арасындағы  күресте  әдетте  көптеген  тиым  салынған  әдіс-тәсілдер  қолданылатын:        буындарды      бұрау,    ауыртатын       әдіс-тәсілдер,    буынға   қарсы   қапсыра  ұстаулар және т.с.с. Әрине  әдетте кәсіпқой балуандар ауырсынған түр жасайтын,  өйткені жұрт қызығушылығын жоғалтпау керек еді. 

Ал   АҚШ   университеттері   мен   колледждерінде   өткізілетін   күрестің  тәртіптері  қазіргі халықаралық еркін күрестің тәртіптеріне ұқсас болды.  

XIX   ғасыр   Еуропада   кәсіпқой   күрестің   қарқынды   дамыған ғасырға   айналды.  Спорттағы  кәсіпқойлық  Американы  да  шарпыды.  Күрес  ақшалай  пайда  әкелетін  кәсіпке  айналды. 

Кәсіпқой  балуандарқолданатын  күрестің  бар  түрлерінің  ішінде  ағылшын  күресі  әлдеқайда танымалдыққа ие болды. Біртіндеп ол қалғандарын шеттетті. 

Солтүстік Америкада күресті  уағыздайтын жастар спорттық үйірмелері пайда бола  бастады. Оған ендігі тек ойын-сауық  түрі немесе ақшалай пайда  әкелетін  кәсіп деп  қана  емес, қызықты да пайдалы спорт түрі ретінде қарай бастады.  Кэтч күресі (күрестің ағылшын түрі) екі бағытта дамыды. Кәсіпқойлар арасындағы  күрескөбіне жануарлық сезімді оятуға бағышталған жиіркенішті көрініс болатын. 

Бұл  күрес  Америкада  әлі  де  танымал  спорт  түрі.  Онда  күшті  адамдарды  жақсы  көреді.   1904   жылы   АҚШ-та   реті   бойынша   III   Олимпиадалық   ойындар   Сент-Луис  қаласында  өткізілді.  Американдықтар  өздерінің  қожайындық  құқықтарын  пайдаланып  алғаш рет кэтч күресін (студенттік түрін) Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізді.  Олимпиадалық  комитет  бұл  ұсыныстарын  қабылдап  оны  еркін  күрес  (Free  style)  деп  атады. 

       Еуропалықтар ол  кезде  бұл  күрес  түрімен  таныс  болмағандықтан  ешқандай  ел  өз  балуандарын  бұл  күрес  түріне  қосқан  жоқ.  Олимпиадалық  турнир  өткізілмеуі  мүмкін  деген  қауіп  пайда  болды.  Бірақ  тапқыр  американдықтар  өздерінің  кезекті  еркін  стильді  күрестен   өтетін   ел   чемпионатын   Олимпиада   өтетін   кезбен   тұспа-тұс   келтіріп,   оны  Олимпиадалық  сайыс  туының  астында  ұйымдастыруды  шешті. 

Информация о работе Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары