Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2013 в 15:02, курсовая работа
Қозғалу белсендігінің танымал түрлерін қолдану, көпшіліктің шұғылдануы үшін көптеген секциялар құру, әсіресе, адамның қозғалу белсендігі техникалық ілгерілеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың даму мен білім беру жүйесі салдарынан әлсіреген қазіргі таңда өзектілігі зор.
Қазақ еркін күресінің кең танылуы, түрлі қолданбалы дағдыларды қалыптастырудағы білімдік тиімділігі, дене шынықтыруға енгізілуі, ерік-күші мен басқа да психологиялық сапаларын тәрбиелеу, денсаулықты нығайту тәсілінің сауықтыру тиімділігі мен жастардың дене тәрбиесі көп жағдайда осы күрес түрінің орта мектептегі дене шынықтыру пәні бойынша оқу және сыныптан тыс сабақтар бағдарламасына енгізілуіне ықпал етеді.
КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І.ЕРКІН КҮРЕС ......................................................................................................5
1.1.Еркін күрестің даму тарихы.............................................................................5
1.2.Халықаралық спорттық аренада еркін күрестің алатын орны......................9
1.3 Еркін күрес техникасы....................................................................................15
ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ........................................18
2.1 Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары.................................20
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................25
Сондықтан әрине, еркін күрестен өткен алғашқы Олимпиадалық сайысқа АҚШ-тан басқа бірде бір ел қатысқан жоқ. Оған 38 американдық балуан қатысты. Әрине сол жылы бұл спорт түрінен барлық Олимпиадалық алқаларды да олжалаған Америка болатын.
Төрешілік Америкада қабылданған тәртіп бойынша жүргізілді. Күрес жеті салмақ категориясында жүргізілді (фунттан аударғанда) ең жеңіл салмақ – 47,628 кг; жеңілдеу салмақ – 52,164 кг; жартылай жеңіл салмақ – 56,7 кг; жеңіл салмақ – 61,236 кг; жартылай орта салмақ – 65,272 кг; орта салмақ – 71,668 кг; ауыр салмақ – 71,668 кг-нан жоғары.
Қазіргі күнге дейін алқа саны жағынан Америка алдына жан салмай келе жатыр. Тек соңғы уақыттарда онымен Түркия мен Иран бәсекеге түсіп келе жатыр. Бұл күрес түрінің соңғы кезде кеңінен танымал болғандығы сонша, одан әйел адамдар арасында да жарыстар өткізілетін болды.
Соған орай Халықаралық Олимпиада комитеті Олимпиадалық ойындар бағдарламасынан грек-рим күресін алып тастауы мүмкін деген қауіпті ойларымен кейбір спорт шолушылары бөліскен болатын.
Олимпиадалық ойындар 1906 жылы Афина қаласында өтті. Гректер өздеріне түсініксіз де таныс емес еркін күресті бағдарламадан алып тастап, грек-рим күресін (классикалық күрес) қалдырды.
Еркін күрестің тағдыры 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиадалық ойындарда шешілді. Ағылшындар өздері жарыста жеңіске жетеміз деп үміттеніп өз күрестерін бағдарламаға қосты. Бірақ мұнда грек-рим (классикалық) күресті қайтеміз деген мәселе туындады. Бір Олимпиадада екі күрес түрі бола ма? Мұндай нәрсе ешқашан болған емес.
Бірақ Олимпиада ойындарының иесі ретінде грек-рим (классикалық) күресінің Еуропада кең танымалдыққа ие болғандығын ескере отырып, екі күрес түрінен де еркін күрес және грек-рим күресінен жарыстар өткізу шешілген болатын.
Ендігі еуропалықтар жаңа күрес түрін тамашалап қана қойған жоқ, сондай-ақ кейбір Еуропа елдері өз күштерін де сынап бақты. Барлық салмақ категорияларынан американдық және ағылшын балуандары жеңіске жеткеніне қарамастан еркін күрес еуропалықтарға қатты ұнады. Еркін күрес Олимпиадалық спорт түріне айналды, алайда
Олимпиададан басқа ешқандай халықаралық жарыстарда балуандар өз күштерін сынай алмады. Сол уақыттарда еркін күресінен ешқандай халықаралық жарыстар өткізілмейтін.
1912 жылы Олимпиадалық ойындар грек-рим (классикалық) күресі танымал болған Швецияның астанасы Стокгольмде өтті. Ойындар бағдарламасына тек осы күрес түрін енгізді. Міне осы себепті еуропалықтар еркін күресті 1920 жылы Антверпенде өткен Олипиадалық ойындарда қайта тамашалай алды. Бұл жолы жеңімпаздар арасында
еуропалық балуандардың саны біршама болды.
Тек бір ғана американдық балуан алтын алқаға ие болды. Финдік және шведтік балуандар алдына жан салмады. Скандинавиялық балуандар да күшті болғандары соншалық, ең нашар деген «классиктердің» өздері еркін күрестің әдіс-тәсілдерін оңай меңгеріп жеңіске жетті.
Алғашқы
жеңіс еуропалықтардың еркін
1928 жылы Парижде еркін күрестен бірінші Еуропа чемпионаты өткізілді. Еуропалық чемпионаттар бұдан былай Олимпиадалық ойындардан кейінгі Еуропа континентіндегі ірі жарыстардың біріне айналды. Күрестен әлем чемпионаттары ол кезде өткізілетін.
Соғыс алдындағы соңғы Еуропалық біріншілік 1937 жылы Мюнхенде өткізілді. Ұлы Отан соғысынан кейін Еуропалық чемпионаттар 1946 жылы жанданды.
Сол жылы Стокгольмде континенттің ең мықты балуандары жиналды. Алтын алқаға негізгі талапкерлер Скандинавия, Швейцария және тағы басқа елдердің балуандары болады деп күтілген. Бірақ күтпеген жерден халықаралық жарыстарда бұл спорт түрінен еш тәжірибесі жоқ түрік балуандары бәрін таңқалдырды. Олар жарыс нәтижесінде үш алтын, екі күміс және екі қола алқаға қол жеткізді.
Лондонда өткен XIV Олимпиадалық ойындар кеше «тұсауы кесілген» түрік балуандары Еуропада ғана емес бүкіл әлемде өздеріне ешкімді тең келтірмейтіндіктерін көрсетті. Олар төрт алтын және екі күміс алқа жеңіп алды. 1951 жылы Токио қаласында тарихта алғаш рет өткен еркін күрестен Әлем чемпионатында түрік балуандары бұдан да көп табысқа жетті. Сегіз алтын алқаның алтауын түріктер олжалады. 50-жылдарда халықаралық жарыстарға Жапон, Болгария және Иран балуандары қатысқан кезде еркін күреске деген қызығушылық арта түсті. Өйткені олардың өзіндік күресу мәнері болатын. КСРО-ның құрамында болған кезде еркін күреспен қазақ балуандары айналыса бермейтін. Оған көптен-көп көңіл бөлген Азербайжан, Армения және Грузия болатын. Өйткені олардың ұлттық күрес түрлері халықаралық ережелермен өтетін еркін күресіне ұқсас болады.
1945 жылы дене шынықтыру және спорт бойынша Бүкілодақтық кеңесте жаңа күрестің түрін үйрету үшін бапкерлердің арнайы жиналысы өтті. Елдегі еркін күрестің дамуын сол кездегі басшы И.В.Сталиннің өзі қадағалады.
Ең алғашқы чемпионат та осы 1945 жылы өтті. Жаңа күрес түріне көптеген «классик» балуандар машақаттанып, грек-рим күресінде бәсекелестік көп болғандықтан толықтай ауысып алды. Халықаралық жарыстарда тәжірибенің аз болғанына қарамастан
кеңестік балуандар күшті балуандардың қатарын толықтырды.
Ал Хельсинкиде өткен XV Олимпиадалық ойындарға алғаш рет кеңестік балуандар қатысты. Олар қоржындарына екі алтын, бір күміс алқа олжалап команда бойынша жеңіске жетті. Олардың жеңістері де елдің бәрін таңқалдырды.
Бұдан бұрын бір ғана халықаралық кездесу Олимпиадалық ойындардың иесімен өткенде 8:0 нәтижесімен кеңестік балуандар ұтқан болатын. Бірінші алтынды ауыр салмақтағы Арсен Мекокишвили шведтік Балуан Бертиль Антонссонды ұтып алған болса, екінші алтынды орта салмақтағы Давид Цимакуридзе ұтып алған болатын.
Олимпиадалық алтынды көп олжалаған жылдар Москвада өткен ойындар болатын. Онда 7 алтын алқа тағындық. Ал 1972 жылы және 1976 жылы 5 алтын алқадан ұтып алдық. Жалпы алғанда кеңестік балуандар Олимпиадалық баспалдақтың ең жоғарғы сатысына 30 рет көтерілген болатын.
1954 жылы
еркін күрестен кеңестік
Кеңестік 6 спортшы чемпион атағын алып қайтты. Олардың ішінде атағы Кеңес Одағына таралған еркін күрес балуаны Александр Медведь, еркін күрес тарихындағы бірінші үш дүркін Олимпиада чемпионы да бар еді.
Оның есебінде сонымен қатар Әлем чемпионатында ұтып алған 7 алтын алқасы бар, Еуропа чемпионатында алған 3 шені, ел чемпионатында алған 8 олжасы тағы бар.
Халықаралық жарыстардағы бәсекелестіктің күшеюі еркін күреспен айналысатын балуандардың тактикалық жағынан және техникалық жағынан шеберліктерін арттыра түсті. 50-жылдары еркін күрес басқа күрес түрлерінің арасында көшбасшылық орынға ие болды.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері спортқа көп көңіл бөліп келеді. Төрт жылда бір өтетін Олимпиадалық ойындарға еркін күрес балуандарымыз қалмай қатысады. Әрбір ойындарда кем дегенде бір алқа еркін күрес балуандарының үлесінде. Атап айтар болсақ, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, еңбегі сіңген спорт
шебері, Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері, үш Олимпиадалық ойындарына қатысушы Ислам Байрамуков;
Грек-рим күресі мен еркін күрестің ортақ элементтерімен қатар айырмашылықтары да жоқ емес. Кішігірім салыстырмалы анализ жасай кетейік. Ұқсастықтары:
1. Киім киіс үлгісі бірдей;
2. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына енген;
3. Тұрып және жатып күресуге болады;
4. Жеңіске жауырынымен кілемге тықсыру арқылы (туше) немесе техникалық артықшылықпен ұпай санын жинау арқылы жетуге болады;
5. Салмақ категориялары бірдей;
6. Жарақат алу мүмкіндігі де бірдей;
7. Жарыста екі кезең (1,5 минуттан) беріледі;
8. Кілем аумағы, түсі, формасы да бірдей;
9. Адам денесіне ауыр жарақат келтіретін тәсілдерге тиым салынады;
10. Екі күрес түріне де ортақ ұйым – ФИЛА.
Айырмашылықтары:
1. Грек-рим күресінде аяқтан шалуға, белден төмен ұстауға тиым салынса, еркін күресте рұқсат етіледі.
Сараптай келе көреріміз екі күрестің ортақ элементтері айырмашылығынан гөрі көбірек. Сонда да еркін күресте әдіс-тәсілдерді орындау үшін және сол арқылы жеңіске жету үшін көп еркіндік беріледі, соған орай оны «еркін күрес» деп атайды. Еркін күрес көптеген ұлттық күрес түрлерінен ең жақсы деген әдіс-тәсілдерді алған. Әдіс-тәсілдерді орындау үшін рұқсат етілген қимыл-қозғалыстың еркіндігі арқасында еркін күрес көрермен үшін тамашалауға қызықты да темпераментті.
1.3 Еркін күрес техникасы.
Еркін күрес – екі спортшының
белгілі бір тәртіптерге
Еркін күрес икемділік пен күштің үйлесуі болып табылады. Күрестің ерекшелігіне байланысты жаттығуларда «көпірге» аса мән беріледі. «Көпір» деп кілемге спортшының тек қолы, маңдайы, кейде иегі мен табаны тиіп, арқасы иіліп тұруды айтады. Икемділіктің дамуы үшін белгілі бір: тоңқалаң асу, дөңгелек, құты, рондат, қолда жүру, арқамен иіліп тұру сияқты акробатиялық жаттығуларды жасайды. Спортшының дене буындары, қан тамырлары мен лимфожүйесі мықты әрі иелімді болмаса оның жеңіске жетуі екіталай. Өйткені, жерге құлау мен өзін-өзі сақтау техникасы өте мұқият қарастырылады. Дем алу жүйесі мен жалпы шыдамдылығы алыс қашықтыққа жүгіру мен қозғалысты әсіресе, баскетбол мен регби секілді танымал ойындар арқылы дамытылады.
Техникалық іс-қимылдар алдымен манекенде (қуыршақ, тұлып) содан соң серіктесімен бірге орындалады. Оқу-жаттығу барысындағы айқаста техникасы жетілдіріліп, шыдамдылығы арнайы дамытылады. Шыдамдылық үлкен маңызға ие.
Қазақ күресін спорттық күрестің басқа түрлерімен салыстыра отырып, әдіс-алайлылық, тәсілдердің қайсыбір топтарының түрлерін қолдану жиілігі мен нәтижелілігіндегі елеулі айырмашылықтар айқындалды. Талдау жасалған сайыстарда қолданылатын тәсілдердің барлық топтарының ішінде балуандар санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып түсіруды бәрінен жиі (0,73 әрекет/мин) және нәтижелі (0,35 ұпай/мин) қолданған.
Әрі қарай, қолданымдылық көрсеткіштері бойынша жамбасқа алып лақтыру, кеудедеден ұстап қағып жығу, арқалап алып лақтыру, табанмен қағып түсіру әдіс топтары жатады. Қарсыласқа жарияланатын ескертулер есебінен балуандар орта есеппен – 0,21 ұпай/мин алған және мезгілінен бұрын 0,05 жеңіс/мин. Аталғандардан басқа, талдау жасалған жарыстарда тәсілдердің ең жиі әрі нәтижелі қолданылатын топтарына жағадан жұлқып жығу, сирақпен іліп жығу, қарсыластың аяғын орап лақтыру, иықтан асыра тастау (қол ұстап кеудеге таянып), кеудеден асыра тастауды да жатқызуға болады.
Қазақ күресінен жарыстарда тұрып лақтырудың әр түрлі әдістері қолданылады, оны спорттық күрестің басқа түрлерінде де қолдануға болады. Сондықтан, жамбасқа алып лақтыру, арқалап алып лақтыру және аяқ әрекеттерін (санмен аяқ сыртынан не ортадан қағып, табанмен қағып, сирақпен іліп және қарсыластың аяғын орап) қолданудың жоғары белсенділігі мен нәтижелілігі қазақ күресі жарыстарының ережелері спорттық күрестің басқа түрлерінен айырмашылығына байланысты. Бұл әдістерді қазақ күресіндегі орындау тәсілін қоян-қолтық ұрыс, дзюдо, самбо, еркін және грек-рим күресетерінде балуандарды дайындауда пайдалануға болады.
Күшті снарядтарда (маңдайша мен бөрене), сондай-ақ, салмақ салу (отырып тұру, тарту, штангіні тұрып немесе отырып көтеру, пауэрлифтинг/бодибилдинг/ауыр атлетика жаттығуларын), еденге жатып-тұру, жгутпен жұмыс жасау арқылы дамытылады. Жгутпен жұмыс жасағанда гимнастикалық қабырғада айналуларды, бөксені шыңдау ету үшін жасаған дұрыс деп кеңес беріледі.
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРКІН КҮРЕСТІҢ ДАМУЫ
Қарап отырсақ, сары құрлық біріншілігінде ең соңғы рет алтын медальды сонау 1994 жылы Мәулен Мамыров жеңіп алса, одан бергі уақытта өткен үш бірдей біріншілікте елге құрқол қайтқан екенбіз. Рас, бізде бозкілем үстінде асықтай ойнап, қарсыласымен тең өнер көрсететіндей талантты жастар жоқ емес, бар. Бірақ, солардың көбісінің шеберліктері мен дайындықтары бір арнада тоғыспай, нәтижесінде опық жеп жатады.
Информация о работе Еркін күрес балуандары - Олимпиада жеңімпаздары