Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 18:41, реферат
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;
Мінез құлықты тексеру тестілері
Тест кілті
Иә төрт қайталанса, сіздің міңезіңіз жақсы болғаны
Жоқ бес ретінде қайталанса сіздің мінезіңіз нашар болғаны
Адамның қолтаңбасына қарап, оның мінез-құлқын ажырату
Адамның қолтаңбасына қарап, оның мінез-құлқын ажырататын ғылым – графалогия деп аталады. Бұл ғылымның тарихы ежелгі Грекиядан бастау алады. Ал ғылыми графологияның негізін қалаушы – неміс психологы Клягес. Оның зерттеуінше, адамның жүріс-тұрысы, бет-әлпеті, іс-қимылынан мінезі-құлқын білуге болатыны секілді, оның қолтаңбасы арқылы да адамға тән психикалық ерекшелікті байқауға болады. Сондай-ақ орыс графолог-ғалымдарының ішінде Зуев-Инсаровтың «Қолтаңба және тұлға» атты 1930 жылы шыққан кітабында біршама қызықты деректер келтірілген. Ғалым өзінің еңбегінде өмірден өткен ұлы тұлғалардың және өз заманының белгілі адамдарының қолтаңбаларын зерттеп, олардың мінез-құлқына сипаттама берген. Мысалы, сол жаққа қарай қисайып келетін жазу адамның тік мінезділігін, жан адамға сенбейтіндігін білдіреді. Ал тез жазатын адамның қолтаңбасы оның жылдам ойлайтынын байқатса, әріптері бір-бірінен алшақ болып келетін жазу адамның тұрақсыздығын, қиялилығын білдіреді екен. Бүгінде көптеген елдерде адам қолтаңбасын сараптайтын сот сараптамасының зертханалары бар. Мұнда криминалистер белгілі бір жазудың тек кімнің қолтаңбасы екенін ғана анықтап қоймай, бұл қолтаңбаны адамның қандай жағдайда жазғанын да анықтайды. Айталық, адам жазу жазған кезде ауырып тұрды ма, өте алаңдаулы болды ма, әлде мас кезінде жазды ма, тіпті ол жазуын әдейі өзгертіп жазғанын да сараптама нәтижесі анық көрсетіп береді екен. Кейбір зертханалар жазған адамның ер немесе әйел екенін де анықтайды.
Тағам арқылы мінез-құлықты анықтау
1. Тәттіні ұнататындар – стресті игере алатын іскер, мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.
Алайда бұл семіздік пен сусамырға алып келеді.
2. Ет жегіштер – резоноперлер, мейірімсіздер деп те есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.
Қонышынан басып өмір сүремін деп арпалысып жүріп миокард, инфаркт, жүрек талмасына, инсультқа, бүйрек пен қуық тас байлануына ұрынады, олардың өмірлері қысқа.
3. Ұн тағамдары мен
ұннан дайындалған әшекейлі
Жүйкелері ауырады, депрессияға ұшырайды, жыныс ақауларына бейім.
4. Таптыра бермейтін экзотикалық тағамдар мен ащы тұздықтар, дәмдеуіштерге әуестер – ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз, өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Достыққа өнімсіз. Жақсы басшы емес. Оған қаншама ақша құйылып жатқанымен сусып қолында тұрмайды.
Мұндай кісілердің көбінесе сүйектері сынады.
5. Тамақүсті бір рөмке шарап ұрттап, темекі шегіп, шынтақтарын стол үстіне кеңінен тастап жайылып отыратындар өмір рахатына батқандар және бұлар өркөкірек. Тіршілік ләззатына емін-еркін сіңіп, қонышынан басып, бұның бәрі солай болуға тиісті деп ұғынатындар. Олардың отбасында күн құрғатпай шаң-шұң. Балалары жабыңқы өмір сүреді. 6. Дастарқанға не үшін отырғанын ұмытып кететін, ол есіне түскенде әр нәрседен сәл-пәл алып жейтіндер, керісінше, ауызы әңгімеден босамайтындар - өзін-өзі сүйетін тыраштар. Өзінен гөрі кәсібін көбірек ардақ тұтады. Бұлардың ішінде көркемөнер өкілдері көп. Олардың ерлі-зайыптылық өмірі: «Болса болар, болмаса қояр».
7. Картоп жегіштер – флегматиктер, жатыпішерлер, бірақ қолға алған істері өнімді. Бірден шешім қабылдамайды. Бір мәселені шешсе, ол тиянақты. Салиқалы мәнді кітаптар оқиды, философиялық ой айтудан да қашпайды. Ғылыми теледидарларды көреді. Картопшылардың басты аурулары: подагра, тас байлану науқастары, остеохондроз.
8. Бәрін де жей беретіндер жан-жақты келеді. Олар еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді. Тек олардың арасында аяқ-асты өліп қалатындар көп кездеседі.
Қорыта айтқанда, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Информация о работе Девиантты мінез -құлыққа сипаттама және оны анықтау жолдары