Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 18:41, реферат
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛЕРІ
ҚАЙНАР УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және әлеуметтік ғылым кафедрасы
Өзіндік жұмыс
Тақырыбы: Девиантты мінез -құлыққа сипаттама және
оны анықтау жолдары
Алматы 2012
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар . Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Мінез-құлық ауытқушылығын
сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады
– делинквенттілік және девианттылық.
Делинквентті мінез-құлық – заң
арқылы жазаланатын күрделі заң
бұзушылық пен қылмыстан өзге
ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер,
айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық
дегеніміз – қоғамда
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психологиясы
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері бала еркінің дамып жетілмеуі оның өз іс - әрекетін, мінез – құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез – құлқын үйлестіре алмайды. Мұндай ерекшеліктер өте жас кезден байқалады. Және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Мұндай балалар төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктерін іздестіріп, оларды әрі қарай өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың психикалық даму заңдылықтарымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Баланың жоғары дәрежедегі психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескерту керек. Баланың дамуы мен ойлау қасиеттері оның бүкіл өмір, өткен өмір кезеңдерде қалыптасқан заңдылық сияқты. Алайда бұл қасиеттер баланың бойынан бірден даяр күйінде аңғарылмайды.
Егер баланың бойындағы кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олықылықтары қалайшы толтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан былайғы даму кезеңдерін де жоюды жандандырудың әдіс - тәсілдерін іздестіру қажет.
Осы орайда бала кемістігін қарапайым жаттығулар арқылы түзетуге болады.
Ал шетел психологтары бала психологиясы жайындағы көзқарасын терістейді. Өйткені адам психикасының дамуының жалпы заңдарын негізделген табиғи әрі міндетті құбылыс деп түсіндіреді.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінде өзіндік бағалау әлі де болса мінез – құлық мотивінің үстемді түрінде көрінбейді. Бұл балалар өз іс - әрекеттеріне иек артпайды, жасаған кемшіліктерін көре бермейді. Оларды жөндеудің, қайталаудың жолдарын іздестірмейді, өзін басқалармен салыстырмайды [32.172].
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктері үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғалыстық тән екенін байқауға болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қажеттілігінде тежеулер әлсіз, өзінің талаптану, тілек – ықыласы сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларды олар ата - аналарының, мұғалімдердің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау - жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет.
Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеден ұру сияқты көріністер керек емес. Керісінше жан – жақты көмек, адамдық сезімінің жылылығы шын көңілімен сүю, ұғу қажеттірек [33.127].
Тіпті жай ғана мысалды алып қарайық; егер де гүлді күтсең, суырсаң, жақсы қарасаң онда ол жайқалып өседі. Адамдарға әсемдігін, түсін береді. Ал егер оны қарамасаң, оны күтіп баптамассаң, таптасаң ол сарғайып, солып қалады. Міне бұл өмірдің шындылығы.
Бірақ, осы шындық сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасыларда ұмытылып жатады. Немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді.
Әрине мұндай отбасыда тәрбиеленіп жатқан әр балада тыныштығы мен жайбырақаттығы, әлі қалыптасып үлгермеген психикасы бұзылады, яғни мінез – құлқы бұзылады. Отбасының дұрыс құрылмауы, оның сәтсіз болуы, ондағы жанжал ұрыс- керістер мінез – құлықтағы қиындықтың пайда болуына, оның тәрбиесіне елеулі әсерін тигізеді.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің пайда болу себептерін Р.Г. Илимешова өз зерттеулерінде 4 топқа бөледі.
1-кесте. Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың пайда болу себептері
Отбасы, өскен ортасы |
Алған тәрбиесі |
Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты толық емес отбасы, отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни балаға кері әсер етушілік, маскүнемдер. |
Жаман қылықтарға, әдеттерге әуестенеді, кекшілдік, ашуланшақ |
Бала жағдайы толық жасалған, еш-қандай өмір қиындығын көрмеген. |
Балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым–қатынаста алаңдау-шылық қасиеттері төмен. |
Отбасы мүшелерінің көзқарасы тек қана осы балада, оның қылықтарын үнемі мақтан тұтады, Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата - ана баланың айтқанын орындайды |
Өзімшіл, өзіндік бағалауы өте жоғары. |
Ата – аналар өте қатал. Баланы шамасынан тыс талаптар қояды |
Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды, қорқақтық алаңдаушылық бар. |
Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі балалардың мінез – құлқындағы ауытқушылық олардың ортасына, отбасысына байланысты.
Жалпы мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар балалар әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Балалардың мінез - құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады [34.258]. Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын - ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.
Егер баланың мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуы ықтимал. Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.
Осы мәселелерді жойып, жеңіу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек.
Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Кеңес психологиясында мінез – құлықтың ауытқығаны қоғамдағы құқыққа немесе адамгершілік - өнегелі қалпына қарсылық білдіретін жеке қылықтар және қылықтардың жүйесі деп түсіндіреді [35.75]. Ауытқушылық мінез - құлық алғашқы пайда болуы, балалалық жаста, әсіресе жасөспірім жаста байқалады.
Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мәдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тәртіп жүйесін айтады.
Л.Кулагин оқудың сәтсіздігі мен мінез – құлық ауытқуының қайнар бұлағы физикалық және психикалық денсаулық жағдайының әр түрлі ауытқуларының әлеуметтік, педагогикалық тұрғыда қараусыз қалуында. Көп жағдайда мінез- құлықтың ауытқуы туа пайда болған психикалық және физиологиялық кемістіктердің себептерінен ғана емес, сонымен қатар, отбасы мен мектепте дұрыс тәрбие бермегеннің салдарынан болады деп дәріптейді.
«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез –құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне -өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының ) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу [36.136].
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез – құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез – құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс -әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез – құлықтың концепциясына сәйкес кез – келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Ауытқушы мінез –құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқыған мінез –құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез –құлық.
Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса- қылмыс деп аталады.Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы ) және қылмыстық іс - әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А. Беличева ауытқушы мінез –құлықты әлеуметтік ауытқуын былайша жіктейді.
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алып – салу, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.
2. Агрессиялық бағытта:
адамға қарсы бағытталған
әрекеттер (бағыттану,
3.Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне -өзі қол жұмсау)
Мінез –құлықты баланың осы немесе басқа да ахуалының, оның даму тенденциясының күәгері ретіндегі феномен деп қарастыра отырып, біз мінез – құлықтың сырттай ұқсас ерекшеліктері индивид психикасында жүріп жатқан әр түрлі үрдістерден хабар беруі мүмкін екенін естен шығармауымыз керек.
Информация о работе Девиантты мінез -құлыққа сипаттама және оны анықтау жолдары