Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 18:41, реферат
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Сондықтан да, жасөспірімнің қандай да бір мінез –құлқының ерекшілігінің ауытқушылық деп жіктемес бұрын, психолог оның ахуалын, тұрақтылығын, оның көріністерінің жиілігін, тұлғалық ерекшеліктерді, мінезді, оқушының жасын және т.б. ескеруі қажет. Тек содан кейін ғана қандай да бір пікір айтуға немесе ықпал ету іс – шараларын тағайындауға болады.
Кейде жасөспірім өзінің мінез - құлқы туралы пікірлердің шырмауына шалынып қалады. Соған сәйкес айдар тағылып, оның қоршаған адамдарымен өзара қарым - қатынас сипаты және ол туралы бағалап пікір айту жүйелері қалыптасады. Керісінше, мінез - құлықтың жағымпаздылығын немесе ыңғайлылығын (қызметшіл, сыншыл емес, назарының мұғалімде болуы, күткен түрде әрекет ету және т.б.) мұғалім жағымды деп бағалап, оны ынталандырады, ал оқушы болса сынып алдында еліктеудің үлгісі ретінде тартылады.
Ауытқушы мінез - құлықтары бар жасөспірімдердің мінез –құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен шақырылады. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез - құлықтағы өзгерістер біртіндеп жиналып көрінеді немесе бірден шарт кетеді. Бұған мысал ретінде тойтарыс беруі, қарсы шығуы, кетіп қалуы, аггрессияны келтіре аламыз. Осыдан кейін ауытқушы мінез - құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық комплекстер туындайды [37.231].
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторлары:
а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез – құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік –педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз отбасылық қарым – қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт – санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым – қатынастың орнамағандығынан, ата – аналарының, мұғалімдердің , сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психоневрологиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік – психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.
Мінез - құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым -қатынасын, өзін - өзі бағалау ауытқушылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік - құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез - құлықтың, қарым - қатынастың, өзін - өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету [38.22].Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік - педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
Девиантты мінез-құлық
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан
құқықтық және өнегелік ережелерді тек
белінен басып, аттап өту деп
түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық
әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік
аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге
қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық
әлеуметтік себептері қоғамның мәдени
құндылықтары мен оларға қол жет-
кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының
арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың
әлсіздігі мен қарама-
Девианттық мінез-құлық
әлеуметтенудегі девиантты
Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады:
-девиантты
- делинквентті
-риминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Агрессия (лат. agressio - шабуыл) - мемлекеттің егемендігіне, саяси тәуелсіздігіне қарсы бағытталған, БҰҰ- ның Жарғысына қайшы келетін тікелей немесе жанама күш қолдану.Агрессия ұғымы 1974 жылы желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бекітілді. Агрессия белгілі бір мемлекет екінші бір мемлекетке қатысты бірінші болып күш қолданғанда орын алады. Қарулы шабуыл - аса қауіпті түрі. Бірақ агрессия экономикалық, идеологиялық, психологиялық түрлері де кездеседі. БҰҰ-ның Жарғысы агрессияны айыптайды. Қазіргі халықаралық құқық талаптарына сай агрессия актілері үшін жауапқа тартылады. Бұл тұрғыда қолданылатын санкциялар саяси, экономикалық, қылмыстық, өнегелік сипат алуы мүмкін. Агрессияның алдын алу - кез келген мемлекеттің, халықтың, бейбітшілікті сүйгіш демократиялық күштердің басты парызы.
Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
«Наркомания» түсінігі. «Наркомания» — бұл сөз грек тілінен алынған және екі түрлі түсінік береді: нарке -бұғаулық, жансыздану; мания — есалаңдық, ақылсыздық. Бұл ауру нашақорлық заттарды қолданумен және оларға деген құштарлықтың пайда болуымен байланысты. Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз. Есірткі заттардың қалай әсер ететіндігін және оған адамның қалай үйренсіп кететіндігін түсіну үшін гоместаз туралы түсінік болуы қажет.
Нашақорлық – бұл тұлғаның жан-жақты зақымдануы, көп жағдайда адам тәнінің мүшкіл қалына әкеп соқтырады. Бұл дегеніміз, адамның нашақор болуы, біртіндеп өзінің адами қасиеттерін жоғалтады; психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды; достары, отбасы, жұмысынан айырылады; қылмыстық ортаға тартылады; өзіне және өзінің айналасындағыларға түпсіз бақытсыздық әкеледі, осылайша өз өмірін өзі бұзады. Нашақорлық еліміздегі ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер, дегенмен бұдан сорақысы нашақорлыққа тәуелді жас жеткіншектердің санының өсуі.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
жанұяда берекенің болмауы;
ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
ұрпақтан-ұрпаққа берілетін
немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы
заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың
физикалық, психикалық т.б. сырқаттары
себеп болатын генетикалық
психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
оқудағы декомпенсация –
баланың жалпы мектепке деген
қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе
бірнеше пәнді оқуда
мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі
факторы - ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты
дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
Информация о работе Девиантты мінез -құлыққа сипаттама және оны анықтау жолдары