Дамыта оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.

Содержание

Кіріспе
І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері
1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыту теориясының тарихнамасы
1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

ІІ тарау. Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологияларының практикалық мәселелері
2.1. Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың әдістемелік негізі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелерді қолдану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамыта оқыту технологиясын бастауыш білім беру жүйесінде қолдану.doc

— 317.00 Кб (Скачать документ)

Одан кейін 20 жыл көлемінде дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды.

Жүйенің авторлары “дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды” атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу. Әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.

Мақсаты балаларға дайын пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығын берумен шектелетін, нәтижесінде догмалақ ойлауы басым, дайын нұсқаулар мен бұйрықтарды орындай білетін адамдарды тәрбиелейтін қазіргі мектепте орын алып отырған дәстүрлі оқыту жүйесі мұндай адамдарды даярдауда негіз бола алмайтындығын өмір көрсетуде.

Сондықтан да шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесінің ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз.

Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Ол оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т.б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субьектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды.

“Дамыта оқыту” идеясын алғашқылардың бірі болып 1959 – 60 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанмен, белгілі себептерге байланысты өрістетіп кете алмады. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолдана бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланып келеді.

Л. С. Выготскийдің теориясы Д. В. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғасатырылады. Баланың өзін - өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді.

 Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарады. Ослайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс – тәжірибеге батыл ене бастады.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды.

Дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады.

Үлгілі көрсету.

Түсіндіру.

Бақылау, бағалау.

Яғни мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Сонан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгенін анықтау мақсатын-дағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады.

<h1 clas

Информация о работе Дамыта оқыту технологиясы