Дамыта оқыту технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 16:44, курсовая работа

Краткое описание

Егемендікке ие болғалы Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінде болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп әкелді. Республика мектептерінде оқыту жаңадан жазылған төл оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы біршама.

Содержание

Кіріспе
І тарау. Бастауышта білім беруді ұйымдастырудың тарихи мәселелері
1.1. Бастауыш мектепте дамыта оқыту теориясының тарихнамасы
1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесінде оқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

ІІ тарау. Бастауыш мектепте жеке пәндерді оқыту барысында дамыта оқыту технологияларының практикалық мәселелері
2.1. Қазақ тілі пәнінде дамыта оқыту технологияларын қолданудың әдістемелік негізі
2.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану барысындағы озат педагогикалық тәжірибелерді қолдану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дамыта оқыту технологиясын бастауыш білім беру жүйесінде қолдану.doc

— 317.00 Кб (Скачать документ)

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский мынадай негізгі жолдарды белгіледі:

1. Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін помещиктік – буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді, мұны ол өзінің көзқарасында қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.

2. Халықтың идеяның басты бір сипаты-қоғамшылдық, соған байлансыты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық жолдар арқылы іске асады.

Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыруына да көңіл бөлді. “Ой еңбегінен кейін дене еңбегімен айналысу жанға жайлы ғана емес, ол әрі өте пайдалы тынығу”, -деп есептеді.

Сөйтіп, дидактиканың негізгі проблемасы  формальдық және материалдық білім мәселесін дұрыс қойып, ғылыми түрде шешті.

Ушинкий білімнің осы екі бағытын қамтитын пәндерді де анықтайды. Оның ойынша, мектеп те табиғат және қоғам жөнінде білімдер оқытылуы тиіс, олар: ана тілі, тарих, география, математика, жаратылыс, шет тілдер, өзінің халықтық идеясына сәйкес бұл пәндердің негізгісі-ана тілі деді.

Ана тілі баланы тек жазуға және оқуға үйретіп қоймай, айналасын қоршаған дүниені білуге, оқиға мен құбылыстардың ішкі сырына түсінуге көмектеседі. Сондықтан да Ушинский: Ана тілі бүкіл ақыл – ой дамуының негізгі және тәрбие мен оқу процесін ана тіліне байланыстыра құрған жөн. Ана тілін оқытуда негізгі назар картиналар бойынша әңгіме жүргізуге бөліну тиіс.

Ушинский әр пәнді оқушының шамасы жететіндей, ол еркін игеріп кете алатындай ғана бағытта оқыту керек деді: “Бірде – бір мұғалім өзінің ең басты міндеті – тәрбиеленушілерді ой еңбегіне үйрету екендігін, бұл міндет сол пәннің өзін оқудан әлдеқайда аса маңызды екенін ұмытпауы керек” – деді. Бұл үшін Ушинский оқыушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын арттырып, білімге құмарту керектігін баса көңіл бөліп, мұғалімдерден де осыны талап етеді. К. Д. Ушинский дүние жүзілік классикалық педагогиканың қорытқан мұрасын ескеріп, орыс мектебі мен педагогикасының тәжірибесіне сүйене отыра, дидактиканың негізгі принциптерін анықтады.

          К. Д. Ушинский оқыту жұмыстарының негізгі жолы сыныптағы сабақ  жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский шығармаларында ретті, дұрыс ұйымдастырылатын жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіріп отыру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан сабақты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.

 К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – методикалық шеберлікте, ал методикалық шеберлік әртүрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеген. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін жоғары бағалаған: түсіндіріп оқыту, оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әртүрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).

Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің  бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді Ушинский. Бұл жөнінде ол: “Өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрсеткіші” – деді.

К. Д. Ушинскийдің айтуынша әрбір сабақтың басы өткенде меңгерілген білімді анықтау, оны жүйеге келтіру болуға тиіс. Әрбір берілетін білім мен дағдыларды оқушылар сыныпта өтіліп жатқан сабақ үстінде меңгеріп алатындай болсын. Үйге берілетін тапсырмаларды ретсіз үйіп – төгіп, ауырлата беруге болмайды.

К. Д. Ушинский сабақ жүргізудің кейбір мәселелері жөнінен: сабақты жоспарлау, оның құралдарын әзірлеу, дидактикалық мәселелерді іріктеудегі талаптарды сабақта қолдану, сыныптағы тәртіп пен гигиеналық режимді сақтау жөнінде нақты нұсқаулар береді.

Л. И. Толстой мектеп пен мұғалімнің оқу жұмысының ұйымдастырудағы міндеті – барлық балалардың сабаққа үлгеруін қамтамасыз ету деп есептеді. Ол үшін оқу матиралы қызғылықты және балалардың жеке көңіл күйі материалды жақсы қабылдайтындай дәрежеде болу керек деп санады. Сыныпта балаларды алаңдататын, үйреншіксіз, басы артық нәрселердің болмауын талап етті, мұғалім мен оқушылардың арасында еркін қарым - қатынас болуын, балалардың мұғалімнен түсінбегенін ұялмай сұрап отыруын, мұғалімнің әрқашан көмекке  даяр болуын қажет деп есептеді.

Л. Н. Толстой  оқытуда мынадай ережелерді орындауды талап етті: балаларға қиын, түсіне алмайтын және оларға белгілі мәселені айтпау, артық нәрселерді айтып баларды шаршатпау, сабақ материалының балалар тым қиын немесе жеңіл болып келмеуі, балаларды сабаққа қызықтыру үшін сабақ сайын белгілі бір жаңалықтың болуы. Балалар толық түсінген материалды ғана есте сақтау қажет деп санады. Ол балаларды өз бетінше жұмыс істеуге үйретуге, көп көңіл бөлді. Л. Н. Толстой оқытуда әр түрлі әдісті қолдануды, әсіресе көркем әңгіменің болуын талап етті. Оқытудың өмірге жақын болуын жақтап, Л. Н. Толстой балаларды байқағыш-тыққа үйрету қажет деп есептеді. Ясная Поляна мектебінде ол экскурсия және тәжірибе жасауды көп қолданды. Таблица мен картиналарды пайдалануды да қуаттады.

Л. Н. Толстой өзінің дидактикалық пікірінде бастауыш мектептің оқулығының қандай болуы туралы көп кеңестер ұсынды. Алдымен оқулықтағы материалдың қызғылықты, түсінікті, балалардың сезіміне әсер ететіндей есте қалатын болуын, оқулықтың тілі қысқа, анық болуын талап етті. Оқулық балаларға білім ғана беріп қоймайды, сонымен бірге олардың тілін дамытады деп есептеп, балаларға арналған кітап тілінің жақсы жазылуына ерекше мән берді.

Ясная Поляна мектебінің тәжірибесі, ол жөнінде жазылған пікірлерді мұғалімдік шеберлікті жетілдіруге Л. Н. Толстойдың зор мән бергендігін айқын көрсетеді. Оқытудың барлық тәсілдерін меңгеріп, оны оқушының және мектептің ерекшелігіне қарай пайдаланып, балаларды қызықтыра алса, оқушылардың белсенділігін арттырса, сонда ғана мұғалім жемісті, жұмыс істей алады. Мұғалім балаларды оқытып қана қоймай, оқу процесінде белгілі педагогикалық мәселелерді шешуге араласуы тиіс. Мектеп оқу орны ғана емес, ол әрі педагогикалық лаборатория деп саналады.

Ы. Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мұғалімдер ролінің айырықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің бір хатында: “Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жаңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісіміздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қазіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін…”.

“Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұхият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды”, - деп мұғалімдердің беделін жоғары көтерді. Оның ауылдық мұғалімдерге арнаған нұсқау хаттары, сірә, жайдан – жай жазылмаса керек. Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім – тәрбие беріп отыруы да, мектептердің көп шілігінде жылдық қорытынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң талап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз.

1.2. Бастауыштағы білім беру жүйесіндеоқыту процесінің өзіндік ерекшіліктері

Қазіргі күні ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни танымдық тәжірбені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу білім алу деген сөз.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.

“Даму” ұғымы философиялық сөздікте “… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,” – деп түсіндіреді. Диалектика заңы бойынша кез – келген құбылыс өзінің жеткен дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күш. Терістеу – белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

“Даму” ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағананы береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді. Олар:

1. Биологиялық фактор.

Бұл ата – анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым - қатынасының нәтежесі.

2. Әлеуметтік фактор. 

Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым - қатынас жасайтын адамдардың сипаттары мінез - құлқы және ақыл – ой бейнелері олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

3. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмысын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.

  Оқыту мен дамыту арасындағы тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төменгідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан –жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан – жақты, табысты болады. Оны жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады. Демек, шын мәнінде ертеңгі күнге меңзеу орын алады. Ғылым психологтар Л. В. Занков, А. А. Любинская, В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын өзгертулерге арналған зерттеулер жасалады. С. Л. Рубинштейн, Е. Н. Кабанова – Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И. Я. Лернер “даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы” деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс - әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл – ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П. П. Блонский бұған индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алу қабілетін жатқызса  және Д. Н. Богоявленский, Н. А. Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде  жоғары үлгерімге жетуді. Н. Д. Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу дағдысын жатқызады.

Л. В. Занков ақыл – ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуда іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс әрекеттер атқара білу.

В. В. Давыдов ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қортындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады. Бізге белгілі алғашқы дидактиктердің бірі Квинтилиан мектеп алдына, баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез - құлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз ету міндетін қойған.

ХVІІ ғасырдағы Я. А. Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл – ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.

И. В. Песталоцци баланың ақыл – ойын, барлық қабілет қасиеттерін оқыту әдістемесін әрекет етеді.  Дамыту идеясымен арқауланған бастауышта көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңында білімнің тиімділігі қабілеттің деңгейімен, әрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен анықталады.

Көп білгенмен ешқандай да шығармашылық қабілеттің байқалмауы мүмкін, яғни тіпті өзі өте жақсы білетін ғылым саласында да жаңа жағдайдың, құбылыстың шешімін өз бетінше таба алмай қиналатын сәттер адамдар басынан жиі өтеді. Бұл қалыптан тыс ойлай алмаудың салдары. Осы екінші деңгейге дамыта оқыту арқылы жетуге болатындығы жайлы өз пікіріміз бар.

“Дамыта оқыту” деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л. В. Выготский, А. Н. Лентьев, С. Л. Рубинштейн) және психиканы басқа да функциясын зерттеген (Б. Г. Ананьев, Г. С. Костюк, А. А. Любинская, Н. А. Менчинская) және т.б. іс - әрекет теориясының психологиясын жан – жақты талданды. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты – Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау. Өткізілген зерттеу жұмыстары бастауышта математикалық білім беру ісіне үлкен өзгерістер енгізді. Мысалы, 1969 жылы арифметика курсы математикаға ауыстырылды. Бірақ бұл курста да негізгі назар баланың жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру, жай типтік есептер шығаруында болып қалды. Оқыту әдістері, сабақ ұйымдастыру түрлері, білім, білік, дағды қалыптастыруға бағытталғандықтан, дамыта оқыту идеясы жүзеге аспады.

Информация о работе Дамыта оқыту технологиясы