Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 11:49, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі.....................................4
1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер...................................................................9
1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы......................................10
1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма....................................................12
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...............................................................18
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы..........................................20
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы..........................................................21
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22
Қорытынды ................................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................28
Төрт морфемалы аналитикалық
форманттар күрделенген
Күрделенген аналитикалық
Аналитикалық форманттардың тілде 3 түрлі жолмен жасалғанын байқауға болады: 1) күрделі етістік арқылы; 2) еді, екен, емес, жоқ көмекші етістіктері арқылы; 3) анапитикалық форманттардың өзара бірігуі арқылы.
Анапитикалық форманттар етіст
Аналитикалық форманттар
Аналитикалық форманттар
Аналитикалық форманттар
Аналитикалық форманттар
Аналитикалық форманттар нақ осы шақ мағынасын білдіреді. -п отыр, -п жатыр, -п тұр, -п жүр, -п келе жатыр, -п бара жатыр аналитикалық форманттары нақ осы шақ жасайды. Мысалы, Баймағамбет сөйлеп отыр (М.Әуезов).
Аналитикапық форманттар
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы
Етістік түбірі білдіретін жалпы гамматикалық мағынаға ешбір өзгері енгізбей, оған қосымша грамматикалық мағына үстейтін және жіктелуге негіз болатын белгілі бір грамматикалық тұлғалар жүйесінің жиынтығы етістіктің таза грамматикалық категориялары болып табылады.
Етістік қимылды, іс-әрекетті білдіретіндіктен, сөйлемде көбінесе қимыл иесі – субъектінің пікірі, іс-әрекетті шындыққа қаншалықты қатысты екенің көрсетіп, модальділік мәнге ие болып отырады. Етістіктің жалпы грамматикалық мағынасының үстіне үстелетін осындай модальділік мәндер рай категориясының жеке түрлері негізінде іске асады.
Ашық рай қимылдың, іс-әрекеттін белгілі бір негізде болу-болмауымен, яғни шақтық ұғыммен байланысты. Басқаша айтқанда, үш шақтың бірінде қолданылған етістік ашық рай тұлғасында тұрған болып есептеледі.
Шартты рай қимылдың, іс-әрекеттін болу-болмау шартын білдіріп, етістік түбірлерге, етістіктің етіс, күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларының үстіне -се, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады да, жіктеліп қолданылады. Мысалы: Осы мен, тегі, ақын болсам керек.(Ә) 1. Мен бар+са+м. 2. Сен барсаң. Сіз барсаңыз. 3.Ол барса.
Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттін орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйыру мәні ІІ-жақта айқын болады да, ІІІ-жақта бұйыру, өтіну мәні басым болады, ал І-жақта бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді.
Қалау рай айтушының қимыл, іс-әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, тілегін, ынтасын білдіріп, етістік түбір мен етістіктің күшейтпелі, болымсыз етістік тұлғаларына –ғы/гі, -қы/кі қосымшалары үстеліп, оның үстіне тәуелдік жалғауы қосылып «кел» көмекші етістігі тіркесіп немесе етістік түбірге -са (-се) игі еді, -ғай (-гей), -са екен тәрізді аналитикалық форманттар тіркесу арқылы жасалады. Мысалы:
1. Менің барғым келеді.
2.Сенің барғың келеді.
Сіздің барғыыңыз келеді.
3.Оның барғысы келеді.
Етістіктің шақ категориясы.
Шақ іс-қимылдың, жай күйдің
орындалу мезгілі мен сөйлеп
тұрған уақыт арасындағы қарым-
Шақ категориясы сөйлеп
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, өтіп жатқаның білдіреді. Осы шақ мағыналық мағыналық ерекшелігіне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ болып бөлінеді. (199-б)
Нақ осы шақ – қалып
етістіктің тікелей жіктелуі
арқылы не көсемшенің –ып, -іп,
-п, -а, е, й, тұлғасындағы негізгі
етістікке осы қалып
Ауыспалы осы шақ – а, е, й тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы жасалады: барады, айтады т.с.с. Оны бір грамматика ауыспалы осы шақ деп берсе, енді бірі, жалпы осы шақ. Мысалы: құс ұшады, әнші ән салады (Ы.М. ҚҚТ, 34-б).
Өткен шақ – қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткенің (немесе болмай қалғаның) білдіреді.
1. Жедел өткен шақ (-ды, -ді, -ты, -ті) қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттың алдында ғана болып өткенін білдіреді.
2.Бұрынғы өткен шақ - қимылдың, іс-әрекеттін сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді. Оның айғақты түрі есімшенің –ған/ген қосымшасы арқылы, айғақсыз түрі –ып, іп, п арқылы жасалады.
3. Ауыспалы өткен шақ есімшенің –атын, етін, итін, (баратын, баратын кім?) -ар, -ер,- р және еді көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады.
Келер шақ - қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатынын білдіреді.
1. Болжалды келер шақ – ар, ер, р, с.
2. Мақсатты келер шақ – мақ, мек.
3. Ауыспалы келер шақ – а, е, й .
4. Сенімді келер шақ – ғалы, гелі (отыр, жүр, жатыр).[10. 163-178]
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы.
Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін – етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады:
І – сөйлеуші жақ.
ІІ – тыңдаушы жақ.
ІІІ – бөгде жақ.
Морфологиялық көрсеткіш
Сонымен бірге жіктік жалғаудың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше. Ол сөйлемді тиянақтап, бір жағы қимылдың иесі – бастауышпен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады.
Жақ деген ұғым мен жіктелу бір-бірімен толық балама емес. Өйткені, жіктік жалғау тек жақтың мағынамен ғана шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас еді. Өйткені жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар.
Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің
қай жақ арқылы іске асатынын
білдіреді де, субъекті мен предикат
арасындағы семантикалық және
грамматикалық қатынасты
Жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік емес. Әдетте жіктік жалғау етістік түбіріне тікелей жалғанбайды, ал есім сөздерге тікелей жалғанады. Сондай-ақ етістіктің жіктелуі біркелкі емес.
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы
Тілдің грамматикалық жүйесінде сөз таптарының морфологиялық құрамына қарай түбір және әр түрлі грамматикалық түр-тұлғаларға бөлінуі етістікке де тән құбылыс. Етістік- қазіргі кезде түбір күйінде қолданылмайтын, түбір тұлға және неше түрлі грамматикалық мағынаның тұлғалық көрсеткіштері мен формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұратын сөз табы.
Етістік - ең күрдел і сөз
табы ретінде субьектінің іс-
3.1Сабақтылық-салттылық категориясы
Бүкіл етістікті қамтитын салттылық, сабақтылық мән әрі лексикаға, әрі грамматикаға қатысты категория ретінде түркологияда зерттелуі жағынан аса дами қоймаған мәселелердің бірі. Етістіктің салт етістік, сабақты етістік деп бөлінетін түрлері ертеден айтылғанмен, олар етістіктің салттылық-сабақтылық категориясы ретінде танылмаған. Категория ретінде салт, сабақты етістіктер арнайы зерттеудің тақырыбы болмаған. Сондықтан да ертеде шыққан түрколог ғалымдар еңбектерінде етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасы мүлдем аталмайды. Кейінгі түрік тілдері грамматикаларының авторларының еңбектерінде етістіктің салт етістік, сабақты етістік түрлері аталады, бірақ оны етістіктің жеке категориясы ретінде танымайды. Олар етістіктің салттылық, сабақтылық мағынасын етіс категориясының ішінде атайды. Енді бір топ ғалым-түркологтар етістіктің салттылық, сабақтылық категориясын етіс категориясынан бөліп, оның жекелігін көрсөтеді. Бұл топтағы ғалымдар етістіктің салттылық, сабақтылығын жеке категория ретінде тани отырып, оның етіс категориясымен байланысы барына, салттылық, сабақтылыққа етіс жұрнақтарының әсері болатынына тоқталады. Сөйтіп, етіс көрсеткішінің етістіктің салттылық, сабақтылығын жасайтынын көрсетеді. Келесі топтағы ғалымдар етістіктің салт, сабақтылық мағынасын бөліп жеке қарағанмен, оны категория деп санамайды.
Етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де және қандай тұлғада тұрса да, не сабақты, не салт мәнін білдіріп тұрады. Етістіктің бойындағы осы салттылық-сабақтылық қасиет оның әрі семантикалық сипаты, әрі етістікке ғана тән ерекшелік болып саналады. Етістікке тән салттылық пен сабақтылықты таныған ғалымдарда оны қандай категория деп атаумен байланысты әр түрлі пікір бар. Башқұрт тілінің ғалымдары сабақты, салт етістік категориясын лексика-грамматикалық категория санаса, кей грамматика авторлары оны лексика-семантикалық категория дегенге жақындатады. Бұдан жалпы салт және сабақты етістіктер туралы оқулықтарда белгілі дәрежеде мағлұмат беру ертеден келе жатқан дағдылы құбылыс екені байқапады. Ал қазақ тілінде алғаш жазылған Ахмет Байтұрсыновтың « «Тіл-құрал» атты оқулығында салт етістік пен сабақты етістіктер етістер құрамында аталып, «Сабақты етіс дейміз - еткен іске бір нәрсе сабақ хаулы болса,...»; «Салт етіс дейміз - өткен іске сабақталып, байланып тұрған еш нәрсе болмаса,...») -деген ережемен берілген. Яғни етіс ішінде қаралған.
Қазақ тіл білімінде сабақты
етістік пен салт етістік
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі
зерттелу мен оқулықтардағы ой-