Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 11:49, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі.....................................4
1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер...................................................................9
1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы......................................10
1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма....................................................12
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...............................................................18
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы..........................................20
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы..........................................................21
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22
Қорытынды ................................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................28
Сөйтіп, біріншіден, етістіктің
түбір тұлғасы мен бұйрық
Сондай-ақ қалып етістіктері есімдерше, етістік тұлғаларының ішінде есімдерше жіктеледі.
Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін, көрермін;
Сен отырсың, тұрсың, жатырсың, жүрсің, көрерсің;
Сіз отырсыз, тұрсыз, жатырсыз, жүрсіз, көрерсіз;
Ол отыр, тұр, жатыр, жүр, көрер.
Біз отырмыз, тұрмыз, жатырмыз, жүрміз, көрерміз;
Сендер отырсыңдар, тұрсыңдар, жатырсыңдар, жүрсіңдер, көрерсіңдер;
Сіздер отырсыздар, тұрсыздар, жатырсыздар, жүрсіздер, көрерсіздер;
Олар отыр, жатыр, тұр, жүр, көрер.
Қалып етістіктерінің мұндай ерекшеліктері олардың түбір тұлға емес екендігінен болып отыр. Қазіргі кезде түбір деп айтылып жүргенмен, етістіктің белгілі формалары негізінде қалыптасқан да, онда сол формалардың грамматикалық қасиеті қалып қойған. Жатыр етістігінің жат түрінде қолданылуы оның түбір емес екендігін көрсетеді. Сондай-ақ отыр етістігі ол тұр - ол турар тұлғасынан қалыптасқандығы белгілі. Ал тұр мен жүр де, етістіктің тұрұр және жүрүр тұлғаларынан қалыптасқан, кейін соңғы -ұр, -үр қосымшасы түсіп қалғанмен, оның грамматикалық қасиеті, процессуальдық мәні сақталып қалудың нәтижесінде қалып етістіктері осындай ерекшеліктерге, яғни әрі түбір тұлға ретінде 2-жақ бұйрық рай тұлғасымен омоним форма құрап, әрі процессуальдық мәні сақталып, осы шақтың (нақ осы шақгың) негізгі грамматикалық көрсеткіші болып саналып, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында, нөлдік формада жұмсалуға ие болған.
Сонда қалып етістігінің осы мәндері бір тұлғадағы ерекшеліктері ме? Деген сұрақ туады.
Қалып етістіктерінің осындай әр түрлі мәндері бар бір ғана тұлғасының көрінісі емес. Мысалы, тұр - түбір десек, сен тұр - бұйрық райдың 2-жағы (жекеше, анайы түрі), ол тұр - 3-жақта жіктеліп қолданылған, бұлардың мағыналары қандай әр түрлі болса, формалары да сондай әр түрлі, түбірден басқасы - әр грамматикалық категорияның нөлдік формалары.
1.2 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы
Толық лексикалық мағыналы етістіктер жетекші етістіктер деп аталады. Мысалы, Кешкі алты боп қалды, қонақ үйдің фоэсіне жинала бастадық (Ш.Жиенқұлова). Мұндағы жетекші етістік жиналу лексикалық мағынаны білдіріп түр, ал осы тіркестегі баста етістігінің тойды баста дегендегі қолданыстағы бастау мағынасы жоқ, сондықтан оның лексикалық мағынасы болмағандықтан, ол жетекші етістік емес, грамматикалық мәндегі көмекші етістік болады.
Жетекші етістіктің барлығы
сөйлемде субъектінің іс-әрекет
Жетекші етістікке тән
1. Жетекші етістіктің міндетті түрде лексикалық мағынасының болуы қажет.
2. Жетекші етістік көмекші етістіктен бұрын тұруы керек, Бұл орын тәртібі үнемі тұрақты болып келеді.
Тіліміздігі кез-келген
Грамматикалық дамудың
Көмекші етістіктердің өзіне тән бір ерекшелігі - көмекші етістіктердің лексикалық мағынасының болмауы. Мысалы, Екі көзі көкпеңбек, беті-мұрны қызарған, сағал сары Баймағамбет Абайдың мінезіне күліп жіберді (М.Әуезов). Берілген сөйлемдегі жібер көмекші етістігі қолданылған, ол етістікте ешқандай лексикалық мағына жоқ, күліп жіберді дегенде әңгіме күлу туралы болып отыр.[5.123-131]
Профессор А.Ысқақов көмекші етістіктердің қызметі туралы былай дейді: «Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасын толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалық абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады. Мысалы, шөлдеп кеттім және шөлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады... деген етістіктердің бірі-бірінен ерекшеленетін нәзік реңктерін тек көмекші етістіктердің жетекші етістіктерге үстейтін мағыналарынан ажыратуға болады».
Көмекші етістіктер жетекші етістікке көсемше, есімше жұрнақтары арқылы тіркеседі. Мысалы, кел + е қойды, кет + іп қалды, кел + ген еді, келе + тін болды, кел + се екен, кел + іп алды т.б.
Кейде бір жетекші етістікке
бірнеше көмекші етістіктер
1.3 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма
Көмекші етістікгердің
Толымды көмекші
Толымды көмекші етістіктер әрі жетекші, әрі көмекші қызметте жұмсала алады. Мысалы, Ол жұдырықпен қойып қалды, олардан қалып қойды дегендегі алдыңғы тіркесте қал етістігі көмекші, екінші тіркесте жетекші бол ып тұр.
Ал толымсыз көмекші
Аналитикалық форманттар
«Аналитикалық формант»
Грамматикалық категориясы
бар зат есім мен сын есімдегі
грамматикалық аналитизм
Аналитикалық формант туралы айтпас бұрын аналитикалық форма ұғымына түсінік берген жөн. Аналитикалық сөз формасының өзіне тән бірнеше белгілері бар.
Біріншіден, сөздің аналитикалық
формасы дербес сөз бен
Екіншіден, сөздің аналитикалық формасы грамматикалық категориясы бар сөз таптарына қатысты.
Қазақ тілінде грамматикалық
категориялары бар сөз таптары
деп зат есім, сын есім және
етістік аталып жүр. Осы үш
сөз табының ішінде етістіктің
аналитикалық формасы
Үшіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасайтын көрсеткіш -аналитикалық формант.
Аналитикалық формант - сөздің аналитикалық формасын жасаушы көрсеткіш. Мысалы, келе жатыр, айта бастады, білсе екен, өте жақсы деген сөздердегі =е жатыр, =а баста, =са екен, өте дегендер - аналитикалық форманттар. Аналитикалық формант деп қосымша мен көмекші сөздің бірлігінен тұратын, не тек көмекші сөзден тұратын категория мағынасын білдіретін морфологиялық көрсеткішті атасақ, ол сөздің синтетикалық формасын жасайтын грамматикалық қосымшамен бірдей қызметтегі тілдік бірлік болып саналады.
Төртіншіден, сөздің аналитикалық формасын жасаушы аналитикалық форманттың құрамы тұрақты, оны өзгертуге болмайды. Мәселен, қимылдың өту сипаты категориясының мағынасын білдіретін =а бер форманты түбір етістікке тіркесіп, қимылдың қайталануын, созылуын білдіреді: айта бер, жаза бер. Осы формант тек осы құрамда ғана осы мағынаны білдіреді, оның құрамын өзгертсек, бұл мағынаны білдірмейді. Мысалы, бұл форманттың құрамындағы =а жұрнағының орнына =п жұрнағын қойып =п бер түріне көшірсек, ол қимылдың созылуын, қайталануын білдірмейді: айтып бер, жазып бер. Бұл аналитикалық формант құрамының тұрақтылығын дәлелдейді.
Бесіншіден, аналитикалық форманттар
грамматикалық категориялардың
мағынасын білдіретін
Демек, аналитикалық формалы
сөз лексикалық мағынамен
Етістіктің аналитикалық
Аналитикалық формант
Аналитикалық форманттар
Бір морфемалы аналитикалық форманттарға 0 еді, 0 екен, 0 емес, 0 жоқ форманттары жатады, олардың саны аз, бірақ тілде өте жиі қолданылады. 0 еді аналитикалық форманты - қатыстық өткен шақтың көрсеткіші. Мысалы, Менің бүгінгі шарықтаған табысымды Александров, Жүргенов, Құрманбек көрсе ғой, қуаныштан жүректері жарылып кетер еді (Ш.Жиенқұлова).
0 екен форманты да өткен шақтық мағына береді. Мөселен, Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екінтіге тақап қалған екен (М.Әуезов). Жоғарыда 0 еді мен 0 екен аналитикалық форманттары өткен шақтық мағынаны білдіреді. Бірақ 0 еді формантын субъекті өзі қатысқан өткен уақыттағы іс-қимылмен байланысты қолданса, екінші мысалдағы 0 екен формантын субъектінің өзі қатыспаған, көрмеген еткен кездегі іс-қимыл туралы айтқан кезде ғана қолданады.[7.178-192]