Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 11:49, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.
Кіріспе..............................................................................................................................3
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі.....................................4
1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер...................................................................9
1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің арақатынасы......................................10
1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық форма....................................................12
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...............................................................18
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы..........................................20
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы..........................................................21
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22
Қорытынды ................................................................................................................25
Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................................28
Мазмұны:
Кіріспе.......................
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан
алуан түрлігі.......................
1.1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер....................
1.1.3 Жетекші етістік пен көмекші етістіктің
арақатынасы...................
1.2 Көмекші етістіктер және аналитикалық
форма.........................
ІІ Бөлім Етістіктің грамматикалық категориялары.
2.1 Рай категориясы және шақ категориясы...................
2.2 Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
Жақ категориясы...................
ІІІ Бөлім Етістіктің жіктелу ерекшеліктері.
3.1 Салттылық және сабақтылық категориясы...................
3.2 Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттелу мен оқулықтардағы ой-пікірлері..............22
Қорытынды ..............................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қызметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика - семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі. Сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі осында.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ тіліндегі етістікті және оның лексикалық - грамматикалық категориялары жайлы ғылыми ой- пікірлер мен көзқарастарды салыстыра отырып, бұл категорияның қазақ тіл біліміндегі өзіндік орнын айқындап, айшықтап, кеңінен талдап, талқылап зерттеу.
Зерттеу әдісі: Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сипаттау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылады. Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: «Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында қолданылады. Осы келтірілген әрбір етістік 2 жақ-тың жекеше анайы түріне қаратыла айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін білдіреді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттер деп саналады».[ 1. 162] Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Етістік қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде «етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы» деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады. Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады. Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады.
«Етістіктің морфологиялық
белгілері мынадай: етістіктің түбірі
2 жақтың бұйрық райы болады
да, оның басқа түрлері оның
осы формасына қосымшалар
Демек, бұл айтылғандар етістіктің түбір тұлғасы өзіне о бастан тән қимыл, іс-әрекетті білдіру мағынасымен бірге, түбір күйінде тұрып бұйрықтық мағынамен 2 жақ жекешелік мағынаны білдіре алады деуге саяды. Яғни етістіктің түбірі мен 2 жақ бұйрық рай тұлғасы бір ұғым болып саналады. Бұл қазіргі қазақ тілінде қалыптасқан пікір.
І Бөлім Етістіктің қазақ тіл білімінде зерттелуі
1.1 Етістіктің лексика-семантикалық жағынан алуан түрлігі
Етістік категорияларының ерекшеліктерін айқындамас бұрын соларға негіз болатын тұлға - етістік түбірінің ерекшеліктерін анықтап алу қажет, өйткені, кейінірек көрсетілгендей, етістік түбірдің түрленуінде, сөйлемде қолданылуында басқа сөз таптарынан ерекшеліктері бар: лексикалық мағына білдірсе де, сол күйінде сөйлемде қолданыла алмайды, тікелей жіктелмейді т.б.
Қазіргі қазақ тілінде етістік - ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың ара-қатынасынан, грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, жаңа сөз жасау жүйесінен, қолданылу аясынан, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметінен т.б. лексика-грамматикалық қасиеттерінен байқалады. Етістіктің зат есім сияқты көне сөз табы екендігі, басқа сөз таптарын жасауға негіз болатындығы, яғни тарихи-генеалогиялық ерекшеліктері өз алдына бір төбе.
Ең алдымен, етістік семантикалық жағынан тілімізде қимылды, процесті, әр түрлі өзгеріс, құбылысты білдіретін сөздер болып табылады.
Қазіргі кезде сөздерді
Етістіктер басқа да мағыналы
сөз таптары сияқты түбір
Олай болса, бір ұғымды, яғни
етістіктің белгілі бір
Етістіктің түбірі білдіретін жалпы грамматикалық мағына етістіктің барлық басқа тұлғаларында сақталып тұратын қимылды білдіру мағынасы да, ал 2-жақтық, бұйрықтық мағына - етістіктің белгілі сөздермен (сен деген бастауышпен) сөйлемде белгілі (жақгық, жекешелік, бұйрыідық) қарым-қатынасқа түсудің және соның негізінде белгілі тұлғада жұмсалудың нәтижесінде пайда болатын мағына. Яғни бірінші мағына толық мәнді сөз болғандықтан лексикалық мағынаның жалпылануы (жалпы грамматикалық) негізінде (сөз табы ретінде) қалыптасқан, түбірге тән қимылды білдіру - жалпы грамматикалық мағына да, екінші - сөйлеу процесінде сен деген сөзбен байланысқа түсу нәтижесінде (субъектілік-предикаттық қатынасқа түсу нәтижесінде) пайда болатын мағына. Мысалы, қимылды білдіру етістік түбіріне тән болса, зат есім түбіріне заттық мағына, сын есім түбіріне заттың әр түрлі сынын, сапалық, қатыстық белгісін, түсін т.б. мағыналарды білдіру тән болып келеді. Сөздің түбір тұлғасы білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағынасы сөз табына қарай топтаудың бір межесі болып табылады да, ол сөз сол сөз табының грамматикалық тұлға пары арқылы түрленудің нәтижесінде кейін сөйлеу процесінде пайда болатын категориялық грамматикалық мағыналармен қатар өмір сүреді. Яғни түбір тұлғаға жаңа грамматикалық форма жалғанып, оған жаңа (категориялық) грамматикалық мағына үстелгеннен түбір білдіретін негізгі жалпы грамматикалық мағына жоғалып кетпейді. Егер түбір тұлға білдіретін грамматикалық мағына ондайда жойылып кетсе, онда жалғанған грамматикалық тұлға сол сөз табының сөз түрлендіруші формасы емес, басқа сөз табын жасайтын сөз тудырушы немесе сөзжасам көрсеткіші болғаны, сөйтіп ол сөз басқа сөз табына ауысып кеткені, я бұл сөз табының түбір тұлғасына ондай грамматикалық мағына тән болмағаны. Ал бұл жерде етістіктің шақтық, болымсыздық, шарттылық, жақгықт.б. мағыналарды білдіретін тұлғалары түбір тұпға мағынасын өзгертіп жіберетін сөз тудырушы көрсеткіш бола алмайтыны түсінікті. Түбір тұлға білдіретін мағына мен сол сөз табының әр түрлі формалары үстелуі арқылы пайда болатын грамматикалық мағыналардың салмағы, қызметтері бірдей емес. Басқаша айтқанда, түбір мен қосымшалар морфема ретінде морфологияның объектісі болғанмен, әртүрлі лексика-грамматикалық қасиеттері арқылы бір-бірінен ерекшеленетіні сияқты олар білдіретін грамматикалық мағына да, яғни түбірде жалпы грамматикалық мағына да, қосымша да, жеке грамматикалық мағына да бір-бірінен ерекшеленеді.[ 2. 128-136]
1.2 Негізгі және туынды түбір етістіктер
Түбір тұлға білдіретін
Сондай-ақ етістік түбірдің
грамматикаларда көрсетіліп
Етістіктің түбір тұлғасы
қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б.
білдіреді және ол - етістіктің
жеке сөз табы ретіндегі жеке
тұрғандағы семантикалық
Ал енді қазақ тілінде бұйрық райдың 2-жақ анайы түрінің сырт тұлғасы әуелден-ақ етістіктің түбір тұлғасымен бірден болған ба? деген заңды сұрақ туады. Оған жауап беру үшін бұйрық райдың жаққа қарай жіктелу ретін еске түсірейік.
Жекеше
Көпше
Мен бар-айын, кел-ейін
Біз бар-айық, кел-ейік
Сен бар-, кел-
Сендер бар-ыңдар, кел-
Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз
іңдер
Ол бар-сын, кел-сін
Сіздер бар-ыңыздар,
келіңіздер
Олар бар-сын, кел-сін
Әрине, 1 және 3-жақтарда бұйрықтық мағына 2-жақтағыдай емес. Ол түсінікті де, өйткені адам өзіне-өзі (1-жақ) немесе көрінбеген бөгде біреуге (3-жақ) тыңдап отырған адамға (2-жақ) қаратылған сияқты толық мәнде бұйыра алмайды. Сол ерекшелігіне және 1 мен 3-жақтың қосымша тұлғасына қарап, кейбір ғалымдар, 1 және 3-жақтарда бұйрық рай жүйесінен бөліп қарау керек деген де пікір айтқан. Бірақ бұлардың ондай мағына ерекшеліктері оларды бөлек-бөлек грамматикалық категорияның я парадигманың көрсеткіші деуге негіз бола алмайды.
Осы жүйедегі 2-жақтың жекеше, сыпайы түрі мен 2-жақтың көпше анайы және сыпайы түрінің тұлғаларына назар аударайық. Олардың қосымшалары: 2-жақ жекеше сыпайы түрінде -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, көпше анайы түрінде -ңдар, -ңдер, -ыңцар, -іңдер, сыпайы: -ңыздар, ңіздер, ыңыздар, іңіздер. Бұл қосымшаларды -ың (-ің, -ң), -ыз(-із) -ың (+ін.
+ң), -дар -(дер), -ың (-ің, -ң) ыз(із)+дар(дер) көптік ұғымның көрсеткіші, -ыз{із)-сыпайылық мәнді білдіруші, ал ~ың, -ің, -ң- екінші жақгың көрсеткіші. Демек, бұйрықтық және 2-жақтық (категориялық) грамматикалық мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық форма, яғни, етістіктің түбір тұлғасынан өзге екенін көрсететін грамматикалық көрсеткіші осы болған. Ол жеке тұрғанда (2-жақ анайы, жекеше түрінде) түсіп қалып қолданылған да, бұл форма сырттай ғана етістіктің түбір тұлғасымен ұқсас болып кеткен, ал басқа қосымшалармен қабаттасып келгенде, оның құрамында сақталып қалған. Бұл процесс кейінгі кездің жемісі емес, ертеректе болған, сөйтіп, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрінің мағынасы сақталып, грамматикалық формасы түсіп қалып, нөлдік тұлғада жұмсалуы, яғни етістіктің түбір тұлғасымен сырттай сәйкес келуі тұрақты нормаға айналған.