Бастауыш сыныптарда математиканы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 06:45, реферат

Краткое описание

Математиканы оқыту мәселесінің тарихына шолу
"Алғашқы философиялық ұғымдар мен білімдер осыдан 3000 жылдай бұрын Үнді, Қытай елдерінде пайда болса, 2600 жылдай бұрын грек елінде пайда болған. Бұл кездері, егер Ф.Энгельс пікіріне сүйенсек, үш қана білім саласы болыпты. Олар математика, астрономия, механика" (21). Демек, өз бастауын адамзат баласының "неге бұлай?" деп қоршаған ортаға сергек қарай бастаған кезінен алатын математика ғылымынын бұл күнде колданылмайтын саласы жоқ деуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

 

Кестеден көрініп тұрғандай, Жапония және Швецияда оқу жылының ұзақтығы Қазақстанға қарағанда бір жыл артық. (Сондықтан да ол елдердегі оқушылардың жалпы жүктемесі біздің елдегіге қарағанда 1000-нан аса (Жапония) немесе 1000-ға жуық (Швеция) сағатқа артық.

Алайда, орта есеппен алғанда, әр оқу жылындағы жүктеме Жапонияда 1093 сағат, Швецияда 1054 сағат, Қазақстаңда 1062 сағат болып отыр. Ғылыми тұжырымға (А.ЕЛогинов) қарағанда, "... оқу жылының ұзақтығы 12 жыл болғанда 12000 сағат жүктемемен қалыпты оқу барысын үйымдастыруға болады" (17) екен. Демек, бүдан шығатын қорытынды, әр оқу жылы шамамен 1000 сағаттық жүктемеден түруы керек. Алайда, барлық елдерде бұл қағидадан аздап ауытқу бар. Осы тұрғыдан қарағанда республика ғалымдары дайындаған базистік оқу жоспары қазіргі білім бсру мэселесінің әлемдік үрдісімен үндес демекшіміз.

4. Базалық оқу жоспары бойынша базалық және мектептік жүктеменің ара салмағын жоғарыда айтқан елдердегі сәйкес жағдаймен салыстырайық.

 

Р/с

Мемлекет аты

Бастауыш мектеп

Негізгі мектеп

Жоғары мектеп

 

 

Базалық бөлік

Мем-ік бөлік

Баз-қ бөлік

Мек-ік бөлік

Баз-қ

бөлік

Мек-ік

бөлік

1.

Қазақстан

89%

11%

85%

15%

56%

44%

2.

Жапония

100%

-

88%

12%

43%

57%

3.

Швеция

100%

-

89%

11%

52%

48%


 

Кестеден көрініп тұрғандай, Жапония мен Швеция елдерінің бастауыш мектептерінде жүктеменің мектептік бөлігі мүлдем жоқ. Мұнда барлық пөндер барлық оқушы үшін міндетті болып саналады. Әрине, бұл жағдайды бастауыш мектеп жасындағы балалардың әліде өмірге саналы козқараспен қарамайтындығымен, олардың сезімдерінің (қызығушылдық, бейімдік, т.б.) тұрақсыздығымен түсіндіруге болады. Сол сияқты бұл мәселе Абай атамыздың "Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен, яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе озі іздегеңдей болғанша" (18) деген тұжырымы мен үндесіп жатқан жоқпа!? Сондықтан бастауыш мектеп жүктемесінің біраз бөлігін оқушылардың талап-тілегі үшін қалдыру жағдайын әлі де болса педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттей түсуіміз керек. Ал, мектептің келесі сатыларында және салыстырып отырған елдердегі жағдайлардың елеулі алшақтығы жоқ.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Мектеп партасындағы бүгінгі бала - ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі, басшысы. Сондықтан балаға болашақ деп қарап, оның біліміне ерекше мән берілу керек. ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесі міндеттерінің бірі - «азаматтық пен ел жандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге Конституцияға қайшы және қоғамға қареы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» деп атап көреетілген [2]. Болашағымызға қатысты, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» (М. Әуезов) дегендей мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз - ұлттық ерекшелігімізді қамтыған оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендер. Олар арқылы біз жеткіншек ұрпақты тәрбиелейміз. (А. Байтұреынұлы). Сондықтан, жаңа сипатты мазмұндағы мектепті оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету - ол мемлекеттік деңгейдегі саяси іс. Бастауыш кластағы ең негізгі, әрі өзекті пәндердің бірі - математика пәні болып табылады. «Математика»- мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бастауыш білім берудің барлық пәні болып табылатын математика бір жағынан өзге пәндерді оқытудың алғы шартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып - үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс - әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Мақсаты:

- Мемлекеттік білім стандарты  деңгейінде білім және білік  дағдыларын игерту;

- «Математика» пәнінің мазмұны  арқылы танымдық және өздігінен  білім алуға және мәдени мұралармен  үндестіру арқылы болымды тұлға  ретінде қалыптастыру;

- Оқушының ақыл - ойының математикалық  стилін, интеллектуалдық ерік пен  сезімге қатысты сапаларын дамыту;

- Математикалық білімін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру.

«Математика» оқу бағдарламасын оқу негізі ұстанымдарға сүйенеміз.

1. Ғылымилық ұстаным - кіші жастан  оқушылардың күнделікті өмірде  және оқу барысында жаңа ұғымдар  мен терминдерді қолданысқа енгізу.

2. Іс - әрекет ұстанымы - математикалық  ұғымдар мен амал - тәсілдерді  саналы берік игеруді қамтамасыз  ету.

3. Пән ішілік интеграция ұстанымы - әр түрлі оқу пәндерінің өзара байланысын түсінуге көмектеседі математикалық тілге үйрету болып табылады. 
4. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескерту ұстанымы - әр түрлі тапсырмаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

5. Шығармашылық ұстанымы - логикалық есептерді шешу практикалық бағыттағы тапсырмаларды көздейді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1 - 4 класстардағы «Математика» пәні бойынша жүктемесі.

1 - класс – аптасына 4сағат барлығы 136 сағат

2 - класс – аптасына 4 сағат барлығы 136 сағат

3 - класс – аптасына 5 сағат барлығы 170 сағат

4 - класс - аптасына 5 сағат барлығы 170 сағат

Математика оқулығы «Атамұра» баспасынан үшінші рет өңделген оқулықтармен оқытылады.

1 - кесте. 1 - класс математикасының  мазмұны

2 - кесте. 2 - класс материалының  мазмұны.

3 - кесте. 3 - класс материалының  мазмұны.

4 - кесте. 4 - класс материалдарының  мазмұны

4 - класс оқулығының авторлары: Т. К. Оспанов, Ш. К. Құрманалина, Ж. Т. Қайыңбаев, К. Ә. Ерашева – 2011 ж «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықпен оқып жатырмыз.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру үшін, математикалық ұғымдарды жете білу керек. Оқытудың негізгі формасы сабақ. Математика сабақтары көбінесе аралас сабақ түрінде өтеді, қайталау, білімді тиянақтау, білім деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылады. 
Математика сабағында қойылатын талаптар:

  1. Оқушының өзіндік іс - әрекеті басым болуы.
  2. Оқушының өздігінен білімділік дағдыларын игеруі.
  3. Сабақтың нақты бағдарламалармен жүргізілуі.
  4. Ауызша жаттығу жүйесінің қарастырылуы.
  5. Өз бетінше жұмыс түрлерінің жиынтығы.

Өзімнің педагогикалық іс - тәжірибемде әдіс - тәсілдерді ұтымды қолдана білуге ұмтыламын. Біздің алға қойған мақсатымыз - оқушылардың қай пән болмасын сол сабаққа ынталандыра білу. Сол арқылы тақырыпты жеке түсіндіру, әр сабақты қызықты өтуге, оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді ойын, ұлттық ойын, ертегі сабақ, саяхат сабақ, деңгейлік тапсырмалар, тірек сызбалар, жарыс, сайыс сабақтар, топпен жұмыс, қорытындылау есебінде тест жұмысын жүргіземін. Негізгі 4 - кластың оқулығының өзі дамыта оқыту технологиясының тұрғысында жасалынған. Есептерінің өзі жаңа ұғым, қайталау есептерін өз бетінше орындайтын жаттығулардан, геометриялық тапсырмалардан, оқушылардың логикалық және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулардан тұрады. Жаңа әдіс - тәсілдерді қолданғанда бір - біріне ұқсамайтын және оқушы жүрегінен жол таба білу қажет.

Математика пәні бойынша бірыңғай тек сабаққа ғана көңіл бөлмей, сыныптан тыс шаралар да өткізуіміз керек. Сыныптан тыс жұмыстар – іріктелу принципінде құрылуы керек. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды. Оқушылардың шамасы келетіндей қиынырақ материал алыну қажет. Өз ойым сыныптағы алдағы мақсатымда математика бұрышы болса жақсы болар еді.

- математика дәптерлер көрмесі;

- есептер құрастыру үшін цифрлы  мәліметтер, сурет қиындылары, альбомдар;

- бағалау анықтағышы;

- өз бетімен құрастыратын есептер, математикалық диктанттар, логикалық  тапсырмалар. 
Бұрыштың аты «Жас математик», «Ойлан, тап», «Тапқыр бол, әр кезде». Мұғалім үнемі материалдағы тапсырмаларды ауыстырып отыруы керек, ал материалды ауыстырып отырған септігін тигізеді. Математикаға оқыта отырып, ғылыми тұрғыдан алғанда, ой пікірлердің қалыптасу бастауларының бірі – халық педагогикасында. Есепке бай логикалық мақал - мәтелдерді айту. «Есеп, есеп, білмеген есек» математикалық сауаттылықтарын арттыруға жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі желісімен өткізу оқушыларды өте қызықтыратыны белгілі. Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың математикалық ұғымын кеңейтіп, ойлау қабілетін арттырады. Әр сабақта қорыта отырып қалай меңгергенін тексеріп, қадағалап отыреа, нәтижесін көруге болады.


Информация о работе Бастауыш сыныптарда математиканы