Бастауыш сыныптарда математиканы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 06:45, реферат

Краткое описание

Математиканы оқыту мәселесінің тарихына шолу
"Алғашқы философиялық ұғымдар мен білімдер осыдан 3000 жылдай бұрын Үнді, Қытай елдерінде пайда болса, 2600 жылдай бұрын грек елінде пайда болған. Бұл кездері, егер Ф.Энгельс пікіріне сүйенсек, үш қана білім саласы болыпты. Олар математика, астрономия, механика" (21). Демек, өз бастауын адамзат баласының "неге бұлай?" деп қоршаған ортаға сергек қарай бастаған кезінен алатын математика ғылымынын бұл күнде колданылмайтын саласы жоқ деуге болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТАРИХИ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

12. Бастауыш білім мазмұнын алты  білім саласы құрайды: «Тіл және  әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру». 

15. «Математика және информатика» білім саласына енетін пәндер: «Математика», «Информатика».

16. «Математика және информатика»  білім саласы пәндерінің мазмұны  қамтамасыз етуі тиіс:

1) математикалық білім мазмұны  және іс-әрекетті ұйымдастыру  формасы арқылы тұлғалық қасиеттерді  тәрбиелеуді; 

2) арифметикалық амалдар, қарапайым  шамалар мен өлшеу, алгебра мен геометрия элементтеріне қатысты базалық ұғымдар және әрекет тәсілдерін, объектілер мен субъектілер арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін пәнаралық ұғымдарды игертуді; 

3) объектілер мен субъектілердің  арасындағы сандық және сапалық сипаттамалардың байланысын және қатынасатын көреететін графиктерді, диаграммаларды, кестелерді, сұлбаларды, сызбаларды, карталарды болмыстың ақпараттық моделі ретінде пайдалану; 

4) есептер шығаруды, шығармашылық  және ізденіс сипатындағы проблемаларды  шешуді, өздігінен математикалық  дәйектеу және модельдеу дағдыларын  қалыптастыруды; 

5) математикалық тіл мен ақпараттық  модельді өз қызметін модельдеу, бағдарламалау үшін қолдануды; 

6) пәндік (математикалық) нәтижерлер  алу және метапәндік құзыреттіліктерді  қалыптастыруға ықпал ететін  әмбебап оқу әрекеттерін меңгертуді; 

7) мазмұнның дамытушылық және  қолданбалы бағыттылығын күшейтуді; 

8) танымдық қабілеттерді, функционалдық  сауаттылықты, диалектикалық және логикалық ойлауын.

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Бастауыш білім берудің мақсаты – оқу, жазу, есептеу дағдыларын меңгерген, оқу-танымдық, еңбек, қарым-қатынас әрекеттеріне ынта-ықыласы қалыптасқан, рухани-адамгершілік, ұлттық-мәдени құндылықтарды бойына сіңірген тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. 

39. Бастауыш білім беру қамтамасыз  етуі тиіс:

1) оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгі  дағдыларын қалыптастыру; 

2) оқушылардың креативті және сыни ойлауын жетілдіру; 

3) оқушылардың креативті, шығармашылық, әлеуметтік, танымдық, коммуникативтік  қабілеттерін қалыптастыру; 

4) өздігінен білім, білік игеру, өзін-өзі жетілдіру, өз ойын ашық, еркін жеткізе және дәлелдей  алу білігін дамыту; 

5) адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, эстетикалық талғамға, рухани құндылыққа, өзіне және қоршаған ортаға деген оң қарым-қатынасқа тәрбиелеу; 

6) салауатты және қауіпсіз өмір салтын сақтау мәдениетіне баулу.

«Математика» пәні бойынша бастауыш білім беру деңгейін бітірген білім алушыдан күтілетін нәтижелер:

1) математикалық бастапқы білімді  қоршаған ортадағы объектілер  арасындағы сандық және кеңістіктік  қатынастарды баяндап және түсіндіріп  беру үшін пайдаланатынын; 

теріс емес бүтін сандарды, олармен амалдар жүргізуді, есептер және оларды шығару әдістерін; 

ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, аудан, көлем және олардың өлшем бірліктерін; 

санды теңдіктер мен санды теңсіздіктер, санды және әріпті өрнектер, теңдеулер және оларды шешу әдістерін; 

геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері және тектік-түрлік белгілер бойынша жіктелетінін пәндік мазмұн («Білім») ретінде игеріп, оның мағынасы мен маңызын («Түсінік») түсінуі тиіс; 

2) төмендегі сыни және шығармышыл  ойлау дағдыларын («Қолданыс»):

сандармен және шамалар мәндерімен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша орындауды; 

өрнектердің мәндерін есептеп табуды, қарапайым теңдеулерді шешуді, кез келген есепті амалдар арқылы және екі амалмен шығарылатын есептерді теңдеу құрудың көмегімен шығаруды; 

қарапайым шамаларды өлшеуді және алынған нәтижелермен арифметикалық амалдар орындауды; 

геометриялық фигураларды бір-бірінен ажыратуды және кескіндеп көреетуді; 

3) келесі білім мен амалдарды  оқылатын нысандар арасында байланысты  анықтауда және олардың мағынасын (маңызын) әртүрлі формада және контекстіде ұғынуда қолдануы тиіс («Жүйелеу», «Қорыту»):

объектілердің сандық сипаттамасы және олардың арасындағы кеңістіктік қатынастар туралы деректерді кестелер, диаграммалар, қарапайым алгоритмдер, әрекеттер бағдарламаларын құру және жинақталған ақпаратты салыстыру, талдау, түсіндіріп беру;

математикалық білімді оқу-танымдық және оқу-практикалық есептерді шешуде және әртүрлі өмірлік жағдаяттарда; 

математикалық тілді (символиканы, модельдеуді, дәйектеуді, терминдерді) қатысым құралы ретінде; 

математикалық білімді әр алуан оқу және тұрмыс-тіршіліктегі жағдаяттармен байланысты проблемалар қою, оларды шешу бойынша болжам ұсыну және пайымдау түзу барысында; 

математикалық білімді өздігінен салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, топтамалау сияқты ақыл-ой және логикалық амалдарды жүзеге асыруда қолдану.

Оқулық мазмұнының кейбір жағдайларын өзімізге үйреншікті бастауыш математиканың білім мазмұны тұрғысынан талдасақ, ол былай болмақ:

Теріс емес бүгін сандардың нумерациясын қарастырайық.

Теріс емес бүтін сандардың алфавиті болып саналатын 10 көлеміндегі теріс емес бүтін сандардың 0-ден (нөл) басқасы жеке-жеке қарастырылмайды.

Бірден тоғызға дейінгі барлық цифр бір мезгілде әр түрлі цифрлармен қатар оқушыларға таныстырылады. Мұнда, Египет, Қытай, Вавилон, Араб, Рим, Майя, Славян цифрлары жайлы оқушылар мәлімет алады. Және де, мұнда және бүдан кейін араб цифрларына ерекше ден қойылады. Цифрлардың сан қатарындағы орнын анықтау үшін сан осі және оңдағы сандардың орналасу ретіне ерекше мән беріледі.

1-сыныпта оқушылар, негізінен, 1000 көлеміндегі сандардың нумерациясымен танысады. Алайда, жекелеген тапсырмаларда мыңнан артық сандар да пайдаланылады. Мысалы:

(214 - бет, 2-тапсырма)

Нүктелердің орнына қандай цифрларды қоюға болады?

1205 > 05

4104 < 104

1071 > .... 1 т.б.

Яғни, теріс немесе бүтін сандардың нумерациясы мәселесі біздің мектептерімізден мүлде басқа жүйеде қарастырылады.

Демеіс, бұл оқулық біздің басқа оқу құралдарымен үйлесімді емес, яғни пәнаралық, пөнішілік байланыс жүйеге түспеген, біздегі оқытудың теориялық негізіне, мақсатына сәйкес емес демекшіміз.

Осы сияқты шет тілдерін оқыту барысында пайдаланылып жүрген оқулықтар жайлы да ойлану керек.

б) Мектепте оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мүлдем немесе  жеткілікті мөлшерде жетпеуі жайлы.

"Оқулық жетіспейді" дегенмен де келісуге болмайды. Атаь айтқанда, статистикалық мәлімет бойыніиа, 1997-98

оқу жылында республикада 1-сыныпқа 316000 бала барды. Ал осы жылы балаларды оқытуға арналғап қазақ тіліндегі математиканың таралымы 180000, ал орыс тіліндегі математиканың таралымы 190000

  1. Оспанов Т.Қ., Өтеева Қ.А., Кайынбаев Ж.Т., Ерешева К.А., Математика. Жалпы білім бсретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. Алматы. "Атамұра". 1997, 144-бет.
  2. Оспанов Т.К., Утеева К.А., Қайыңбаев Ж.Т., Ерешева К.А., Математика. Учебник для 1-го класса общеобразовательной русскоязычной школы. Алматы. "Атамұра" 1997, стр. 144). Демек, оқулықтардың таралымы - 370000, ал 1-сыныпқа барған бала - 316000. Айырмашылығы — 54000. Мұғалімдерді, кітапханаларды, т.б. кітап алатын жерлерді есептегеннің озінде кітап жетпек түгілі, артылып қалуға тиіс емес пе! Мұндай жағдайды басқа пәндер бойынша да, басқа құралдар жағдайынан да байқауға болады.

в) Мамандар дайындау мәселесі.

Республика көлеміндегі барлық облыс орталықтарындағы университеттерде, Алматы және Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарында (Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, Қыздар педагогикалық институты, Л.Гумилев атындағы Евразия университеті), әр аймақта орналасқан педагогикалық колледждерде "Бастауыш мектептің мұғалімі" деген мамандық беретін факультеттер, бөлімдер бар.

Оларда бастауышта оқытылатын барлық пәндердің теориялық негізі, әр пәнді оқытудың әдістемесі және осы бағыттағы алуан түрлі арнаулы немесе факультативтік куретар оқытылады.

 

1.3 Базистік оқу жоспарының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп 1997-1998 оқу жылынан бастап түңғыш өз ғалым-педагогтарымыздың еліміздің ұрпақ тәрбиесі жайлы әлемдік және ұлттық мағынадағы тұжырымдарды, жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктерін, кең байтақ отанымыздың әр аймагының өзіндік талап-тілегін жүйелі түрде үйлестіре отырып дайындаған "Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандартына" кеше бастады. Және де, "...Республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін стратегиялық мәнді қүжат..." (14) болып табылатын "... білім берудің мемлекеттік стандартының басты деңгейде тұжырымдалуы..." (15) базистік оқу жоспарында көрініс табады. Демек, нақты айтсақ, білім стаңдартына көшу дегеніміз, "республиканың жалпы білім бсретін мектептері үшін нормативті қүжат" (16) болып табылатын базистік оқу жоспарына кошу дегенді білдіреді. Сондықтан да бұл күнде білім, тәрбие саласында жұмыс жасайтын әр қызметкердің базистік оқу жоспары жайлы мол мағлүматы болуы қажст.

Базистік оқу жоспары 1920 жылдан бері Кеңес мектептерінде қолданылып келген типтік оқу жоспарларына қарағанда мүлдем озгеше. Атап айтқанда, оның мынандай ерекшеліктері бар.

  1. Базистік оқу жоспары "... жалпы орта білім негізін анықтайды, мемлекеттің, жеке тұлғаның, жергілікті жердің мүддесін үйлестіреді" (15). Яғни, бұл қүжат қоғамның жеткіншек ұрпақ тәрбиесіне қойып отырған әлеуметтік талабына сөйкес мектепте міндетті түрде оқытылуға тиісті білім мазмұнын, оның қарастырылу реті мен мөлшерін анықтайды. Сол сияқты, мұнда орбір оқушы интеллектуалды тұрғыда толыққанды дамуы үшін, олардың бейімі мен қызығушылығын, қабілетін ескеру, сонымен бірге оқушыларға жергілікті жсрдің, еддің тарихы, мөдениеті, осы аймақтағы өндіріс салалары, тағы басқа ерекшеліктері жайлы мәлімет беру көзделеді.
  2. Базистік оқу жоспары екі беліктен - базалық (инвариантты) және мектептік (вариативті) беліктерден тұрады. Қүжат құрылымының мұндай болуы, жоғарыда айтылғандай, "мемлекеттің, жеке тұлғаның, жергілікті жердің мүддесін үйлестіру" жағдайынан туындайды.

Яғни, мемлекетте жүргізіліп отырған білім саясатьша сәйкес кез-келген мектеп тұлегі қоғам өміріне еркін араласау үшін міңдетті түрде игеріп шығуға тиісті белгілі білім қоры болуы қажет. Соңдықтан да жоспардың "базалық бөлігінде мектептің түріне, оқыту тіліне, алған бағдарына қарамай міндетті түрде оқытылатын пәндер жиынтығьі" (15) топтастырылған. Ал, жоспардың мектептік бөлігі, негізінен, оқушылардың талап-тілегін, бейімін, қызыгушылығын қанағаттаңдыру, сол сияқты оқушыларға жергілікті жердің, елдің қаңдай да ер^кшеліктері бойынша білім беру бағытын кездейді. Сондықтан да бұл бөліктегі пәндердің жиынтығы мен олардың мазмұнын, оны игеру үшін керекті уақыт мөлшерін, әсіресе, мектептің бастауыш және негізгі сатысында әр мектеп өзінше аньіктайды (жоғары мектептің оқу жоспары ерекше тоқталуды қажет етеді. Сондықтан оған жеке тоқталмақпьіз).

Базалық оқу жоспарының базалық және мектептік бөліктерінің арасалмағы мектептің әр сатысында әр түрлі, атап айтқаңда, бастауыш мектепте базалық бөлікке 89 % (3026 сағат), мектептік бөлікке 11 % (374 сағат), негізгі мектепте базалық бөлікке 85 % (4760 сағат), мектептік бөлікке 15 % (850 сағат), жоғары мектепте базалық бөлікке 56 % (1496 сағат), мектептік бөлікке 44 % (1-156 сағат) уақыт бөлінген. Жалпы білім беретік-

мектеп бойынша базалық бөлік 79 % (9282 сағат) ал мектептік бөлік 21 % (2380 сағат) болып табылады.

  1. Базалық оқу жоспары бойынша оқушылардың жалпы жүктемесін Қазақстанның Еуропа мен Азия құрлықтары түйіскен (географиялық мағынада емес, ұлттық, тарихи, мәдени, экономикалық мағынада) аймақта орналасқанын ескеріп соңғы ондаған жылдарда экономикалары қарыштап дамыған Азиядағы Жапонияда, Еуропадағы Швеция елдеріндегі сәйкес жағдаймен салыстыра қарастырайық.

 

Р/с

Мемлекет

аты

Оқу жылының ұзаклығы (жыл)

Окушы жуктемесінщ мөлшері (сағат)

 

 

баст мек

нег. Мек.

жоғ. мек.

орта мек.

Базалық

бөлік

Мектеп бөлік

жалпы жуктеме

1.

Қазақстан

4

5

2

11

9282 ягни

79%

2380 яғни 21%

11662

2.

Жапония

6

3

3

12

10395 ягни

75%

2730 яғни

21%;

13125

3.

Швеция

6

3

3

12

10931 ягни

86%

1717 яғни 14%

12648

Информация о работе Бастауыш сыныптарда математиканы