Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17
ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34
2.2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушылардың-жеке-тұлғасын-қалыптастырудың-педагогикалық-мәселелері.doc

— 292.50 Кб (Скачать документ)

Бастауыш сынып оқушылары эстетикалық және физиологиялық  жағынан, адамгершілік-имандылық тұрғысынан тәрбиелеп қалыптастырудың маңызын аша көрсетіп, олардыц мінез-құлқын осы заман талабына сәйкес жетілдіруге деген сенімін арттырады. Оны іске асырудың маңызды құралы ретінде оқу ісінде, жекелеме және ұжымдық түсіндірмелі әңгіме түрінде, кештер мен конференцияларда, саяси хабарлар мен пікір таластарда кеңінен колданады. Бұл істердің бәрінде сендіру әдістерінің нәтижелі болуы оның мазмұнына және эмоционалдық сезімге құрылуына байланысгы болмақ.

Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі жеке бастың қалыптасып дамуы үшін тәрбие ісіндс зор рөл атқарады.

Бір данышпан жеке бастың рухани дамуы үшін үш жағдай - үлкен мақсат, үлкен кедергілер және үлкен өнеге керек деген  екен.

Бастауыш сынып окушысы үлкендердің іс-әрекетіне еліктей отырып, оны саналылықпен және моральдық сеніммен ерекше қабылдап, өзіне «қайталайды». Оқушылар басқаның аса жоғары мұратты іс-әрекетін байқап, бакылай отырып ерлік, еңбек сүйгіштік, саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізіп, өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше баға беретін болады. Баланың басқаға еліктеуі оны көшіре салу емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сыннан өткізу арқылы басқаның адамгерішілік сезімі мен көзқарасына сын көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдайды деп қараймыз.

Бұл жағдайда бастауыш сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қарай бастайтын болды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сынып оқушыларының өзіне жақын адамдардың жеке үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажетіне үлгі етіп жаратуы тәрбиедегі ең маңызды іс болып саналады. Басқаның жеке бас үлгісін жастарға өнеге еткенде, келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан талдау жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.

Жаттықтыру әдісі жеке басты іс-әрекетке, тәртіптілікке қалыптастыруда аса маңызды роль атқаратын тәрбие әдісінің бір түрі. Әсіресе мәдениетті, жақсы мінез-құлықты оқушының бойына дарытып, әдет. дағдыға айналдыру үшін жаттықтыру, қайталап үйрету үлкен роль атқарады. А.С.Макаренко тәрбие ісінде оқушыларды практикалық іс-тәжірибемен байыту, олардың мінез-құлқына мәдениеттік дағды мен әдетті сіңіру аса қажет деп санады. Ол «Мінез-құлқымыз саналы болуы керек, бірақ одан тәрбие ісінде үнемі сапалылыққа ғана сүйену керек деген ұғым тумайды. Нағыз этикалық мінез-құлық нормасы саналылықтан әдет дағдыға, іс-тәжірибеге сіңісіп, мүлде дағдылы әрекетке айналғанда ғана шынайы мәдениетті азамат тәрбиелейміз. Сондықтан да балалардың бойында жақсы әдет дағдыларды  мықтап орын алуы үшін оны үнемі жаттықтыру керек дейді.

Сонымен, «жаттықтыру әдісі дегеніміз оқушының бойына қажетті жағымды іс-әрекетті, мінез-құлықты әлденеше рет қайталау арқылы жаттықтырып сіңіру, оны қалыпты мінез-құлық дағдысына біртіндеп айналдырып қалыптастыру».

Осы әдіс арқылы оқушының бойына мәдениетті мінез-құлық дағдыларын сіңіруде тәрбие құралы ретінде оқу жұмысында да, әр түрлі сыныптан тыс қоғамдық жұмыстарды атқаруда да еңбекке, мәдени-көпшілік, саяси тәрбие, спорт жұмыстарына араласуда, сондай-ақ сөйлеген сөз, жүріс-тұрыс, әңгіме, баяндама т.б. іс-тәжірибеде қолданып жаттықтыру, іске асыру арқылы жүргізіледі. Бір сөзбен айтқанда, баланың оқу-тәрбие процесіне байланысты мектепте істейтін іс-әркеттерінің бәрі жаттықтыру арқылы іске асырылады. Жаттықтыру тәрбиенің жалпы әдісі ретінде баланы саяси, қоғамдық, адамгершілік, дене және эстетикалық жағынан дамыту міндеттерін шешуде қолданылады. Әсіресе, бұл әдісті баланы адамгершілікке тәрбиелеуде кеңінен қолдану қажет. Ол баланы үстел басында отыруға, жүріп-тұруға, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретуден бастап, принципшілдікке, адалдыққа, отан сүйгіштікке, ерлікке, саналы тәртіпке үйрету сияқты жоғары моральдық қасиеттерді олардың бойына сіңіруге дейін қолданылатын әдіс.

Жаттықтыру дене тәрбиесінің көркемдік эстетикалық қабілетті дамытудың  негізгі әдісі  болып саналады.

Баланың бойында әдет-дағдыны немесе іс-әрекетті мінез-құлық дағдысы етіп қалыптастыруда жаттықтырудың педагогикалық негізі жөнінде К.Д.Ушинский де көптеген пікірлер айтқан болатын. Ол жаттықтырудың іс-әрекет, қимыл үстіндс «адам психологиясынан алатын орнын айқындай келе жаттықтыруды  іске асырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынады:

а) балалардың   алдына   белгілі   бір    іс-әрекет   жасауға    ынталылық туғызатындай   міндет қою;

ә) сол    іс-әрекетті шешуге   қажетті білімді алдын-ала меңгерту;

б) оқушыға іс-әрекет кезінде іске асырылатын  әрекетті  алдын-ала қайталап жасатып үйрету;

в) кейін   ол     іс-әрекетті  әлденеше  қайталатып  жаттықтыру, қалыпты дағдыға айналдыру;

г) оқушылардан жаттығуды жетілдіре   түсуді талап ету;

е)  іс-әрекет үстіндегі  адамның  мінез-құлқының үнемі  бағытталуда болатынын ескерту.

Оқушылардың мінез-құлқын бақылау, оған талап қою әдісі.Бала ойынға

алданып, теледидардан   қызық  кино,     концерт  көріп,   спорт жарыстарына

қатысып,    үй    тапсырмасын   орындамауы    мүмкін.    Сондықтан    баланың мектептен тыс уақыттағы мінез-құлқын бақылаудың немесе оны еңбектің бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәлімдік маңызы зор. Талап қою дегеніміз баланың іс-әрекетін белгілі бір бағытқа бейімдеу. Талап қою -баланың жауапкершілік сезімін ояту. Бұл әдісті іске асырудың құралы -мұғалімнің сұрауы, орынды нұсқау беруі. Оның ерекшелігі баланың тез іс-әрекет етуіне, оның мінез-құлқын өзі реттеп тәртіпке келтіруге үйретеді. Ол көбінесе мұғалім мен оқушының ара қатынасы дұрыс, бірін-бірі түсінген, дұрыс талап қоюды, мінез-құлқын белгілі нормалар мен ережелерді орындауға ынталандыруды көздейтін әдіс. Сондай-ақ, ол белгілі тапсырмалар мен талаптарды орындауға бағытталады. Ал оны орындаудың құралы күнделікті баланың мінез-құлқын, іс-әрекетін, жұмысын бақылау, тапсырмалардың орындалу барысы туралы әңгімелесу, баланың тәрбиеші алдында есеп беруі немесе сыныптас жолдастары алдында есеп беруі арқылы іске асырылады. Бақылау баланың іс-әрекетін бақылай отырып, бағыт-бағдар беруге бейімделе жүргізіледі.

Баланы бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекет түріне ауыстырудың психологиялық-педагогикалық негізі басқаша. Кейбір бала үнемі бір іспен шұғылданғанды жақсы көреді. Мысалы, детективтік әдебиетті көп оқу, денсаулыққа зиянды ойындарға әуес болуы немесе үзілісте балалық мінездерді көбірек күйттеу т.б. Бала жақсы көретін іске тиым салу үнемі тәрбиелік нәтиже бере бермейді. Ондай жағдайда баланы еңбектің екінші түрімен айналыстыруға тура келеді. Бала өзі үйренген істен екінші іс түріне ауыспайды. Алғашқыда мұғалімге риза болмай, қарсылық білдіруі де мүмкін. Ондайда балаға екінші іс-әрекеттің пайдалы жағын жайлап түсіндіріп, ол істі істеуге оқушының ынтасын біртіндеп туғызу керек.

Тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастыратын маңызды әдістерінің бірі -ынталандыру.

А.С. Макаренко «Жазалау - адам мінезінің берік болуына мүмкіндік туғызады, баланы өзінің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, оның еркі мен адамгершілік орнын қалыптастыратын тәрбиелеуге ықпал етеді» -деді.

Мадақтау әдісі дегеніміз – тәрбиешінің баланың қарама-қарсы жазалау баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы жағымсыз жағдайларды көріп, оның қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сай келмейтіндігіне тәрбиешінің көзқарас, пікірін білдіруі.

Мадақтау мен жазалау әдісінің психологиялық негізі баланың ішкі жан дүниесінің күйініш, яки сүйініш сезімімен байланысты. Бұл сезім баланы өзінің іс-әрекетіне талдау жасауға, өзіне-өзінің баға беруіне итермелеп отырады. Сонымен бірге теріс іс-әрекеттен бойын тежеуге үйретеді. Олай болса, жазалау, я мадақтау әдісі оқушыларда адамгершілік сана-сезімнің оянуына, дамуына ықпал етеді, өзіне-өзі талап қоя білуге үйретеді. Мадақтаудың әдісі: мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, жолдастарының алдында алғыс жариялауы, мектеп дирекциясының бұйрығымен   алғыс  жариялау,  т.б.  сыйлықтар  беру,   мақтау грамотасымен, алтын, күміс медалімен марапаттау. Одан басқа мектептің «Құрмет» кітабына жазу, «Құрмет» тақтасына фотосуретін қою т.б.

Мадақтау әдісін баланың жас ерекшеліктеріне қарай лайықты қолдану керек. Төменгі сыныпта мадақтау жиірек қолданылады. Мысалы, бала партада түзу отырғанда, қолын дұрыс көтергенде, сабақ үстінде тыныш отырғанда, т.б. Ал жоғары сыныптарда баланың іс-әрекетінің күрделі түрлері мадақталады. Мысалы, бала үнемі үй тапсырмасын орындап келеді. Көрнекі құрал жасайды, еңбекке белсене қатысады т.б. Әрине мадақтауды жиі қолдануға болмайды. Ол оқушыны дандайсытуы мүмкін. Мадақтау әдісін жеке оқушыға да, бүкіл сынып ұжымына да қолдануға болады.

Жалпы адамның жағымды жағын көре білудің, жақсы істерді үлгі етудің тәлімдік мәні зор. Осы мақсатпен - кейде мектептің қабырға газетінде «Біздің мектептегі іс-әрекеттер» деген айдармен мақала ұйымдастыру орынды (немесе «Олардың ісі - басқаларға үлгі» т.б.)

Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қорыта келе айтарымыз, барлық әдісті тиісті жерінде орынды қолдану, оларды бір-бірімен байланысты деп қарау ғана жеке басты қалыптастыруда нәтиже береді. Оның бәрі оқу-тәрбие жүйесінде тиісті орнымен жұмсалғанда ғана нәтижелі болып шығатынын ескеру керек. Тәрбие әдістерін кешенді түрде орынды қолданғанда ғана тәрбие ісі жемісті болмақ.

Бала тәрбие үрдісінің объектісі ретінде сырттан үлкендердің, қоғам-ұйымдардың және түрлі сананың, табиғат пен әлеуметтік ортаның сын сезініп, белгілі әлеуметтік тәжірибені және ақпаратты игереді.

Бала обьективті тәрбие үрдісінің мүшесі ретінде әлеуметтік жүйеге еніп, белгілі тәуелділікке түседі. Соның барысында, балалардың дағдылары қалыптасып, іс-әрекеті, санасы, дүние туралы түсінігі қаланып, тұлғаның психикалық қасиеті мен ойлауы дамиды. Сөйтіп, бала қоғам өмір мен өндіріске қатынасатын мүшеге айналады.

Бала-тәрбие үрдісінің субъектісі ретінде табиғи күш пен қабілеттері негізінде алғашқы қажеттіліктер мен түрткілерге және қызығуына байланысты дамиды. Оның қабілеті мен қажеттіліктерінің қалыптасу мүмкіндігі мол, өйткені ол әлеуметтік орта және тәрбиемен тығыз байланысты, баланың жеке басының қалыптасуы тек ішкі заңдылықтармен шектелмейді, сол сияқты әлеуметтік жағдайдың ықпалынан да оның түрлі қыры, мысалы, дарыны, қызығуының дамуы немесе дамымауы мүмкін. Бала-тәрбие субьектісі ретінде біртіндеп қалыптасып, азаматтық тұлға, ол өз түрткісі мен іс-қылығының әсері арқылы қоғамдық сананы, түсінікті, идеяларды саналы түрде таңдап, оны бойы сіңіреді. Біріншіден даралық қасиетті, қажеттілікті, өмірлік үстанымды түрлі ықпалды, сапалы қарым-қатынасты, өзара әрекеттесуді талдауды үйренеді.

Тәрбиелілік ұжымда және қоғамдық ұйымдарда немесе бірлестіктері әр оқушы қоғамдық өмірдің түрлі қырын, мәселен, экономикалық жағын игереді. Бала еңбек ету барысында адамдардың қоғамдық меншікке болатынын   түсінеді. Еңбек ұжымы арқылы адам  қоғамдық қатынастардың

белсенді мүшесіне айналады. Оқушылар нарықтық мәселелер жайлы, мысалы, жалға беру және алуан экономикалық мәселелердің түр-қырларымен танысады. Нарықтық қатынастың тәжірибелік жағын түсіндіріп баланың ұжымдық тәрбиесі мен еңбекке шығармашылық қатынасын нығайтады. Бастауыш сынып оқушыларына (7-10 жасар) «Балдырған сатысындағы «Бизнес» бағыты арқылы нарықтық қатынастардың алғашқы түсініктерін өздерінің өндірген заттары арқылы тәжірибе жүзінде іске асыруға болады. Кішігірім бизнес жасауға, нарықтың мәнін түсінуі өздері өндірген заттар туралы, өзін-өзі қаржыландыру (қолөнер, мектеп жасындағы тәжірибе учаскесі) жайлы түрлі мәселелік жағдайлар тудырып, оны тәжірибе жүзінде жүзеге асыруға жаттықтыру белгіленеді.

Балалар ұжымын ерікті оқушылар қоғамы арқылы мектептен өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, бейбітшілік үшін күресуге, мектептегі сайлау жұмыстарына, мерекелер мен фестиваль жұмыстарын ұйымдастыруға қатыстыру арқылы ел жандылыққа баулып, азаматтық тәрбие беруге бодады.

Бастауыш сыныпта ұлттық ерлік дәстүрлерді насихаттап, оқушыларды Отан алдындағы борышын орындауға, Отанын қорғауға, денсаулығын нығайтып, денесін шынықтыруға, табиғатпен үйлесімділікке келуге, әскери бөлімдермен және шекарашылармен байланыс орнатып окушылардың азаматтық тәрбиесін «Ерлік» бағыты бойынша жетілдіру көзделеді. «Балдырған» сатысының оқушыларымен түрлі жарыстар ұйымдастырып, олардың тәндік саулығын нығайтуға да болады.

Оқушылар ұйымының әлеуметтік қыры. Ұжымдағы балалардың бойында әлеуметтік әділеттілікті сақтау, келісімге келу, азаматтық, ізгі жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даярлығы тәрізді сипат қаланады. Мектеп ұжымының әр мүшесі өзін әлеуметтік өмірді жетілдіруге тиістімін деп сезінуі қажет. Ұжым мүшелері әрқайсысының отбасы туралы, оның мұқтаждары мен қатынастары, істері жайлы біліп, біріне моралдік көмек көрсетеді. Оқушылар бірлестіктерінде балалардың дарындылығы мен қабілеттері дамиды. Оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, ұжым мен жеке тұлға арасындағы байланыстың мәнін түсінеді. «Балдырған» сатысындағы «Іздер бағытында қоғамдық әлеуметтік өзгеріс, нарықтық қатынас, ғылыми техникалық жетістіктің алғашқы элементтерін игеру (мультимедия компьютерлік ойындардың бағдарламасын жасап, шығармашылық ізденіске түсу), өмірлік құндылыктарды игеру, жеке бастың қасиеттерін дамытуды көздейді.

Оқушылар ұйымында балалардың мораль мен адамгершіліктің қоғамдық құбылыс ретіндегі түсініктері жетіледі. Ұжымдық еңбекті ұйымдастыру барысындағы бір-біріне тәуелділікті, достық қатынасты, қоғамдық моральге бой ұсынуды, бір-бірінің, өзінің, ұжымның және қоғам алдындағы жауапкершілігін саналы түсінеді.

Жоғарыда келтірілген ғалым педагог-психологтардың талдауларын басшылыққа   ала   отырып,      бастауыш   сынып   оқушыларының     тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық   психологиялық негізін    келесі сызба арқылы көрсетуімізге болады:

№1  сызба




 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытуда жанұя тәрбиесінің ролі ерекше мәнге ие. Осыған орай, біз келесі тақырыпта жанұя тәрбиесінің факторы туралы  мәселелерді  қарастырамыз.

 

 

   

 

 

 

II - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының   жеке тұлғасын қалыптастырудың  әдістемелік негіздері

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері