Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17
ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34
2.2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушылардың-жеке-тұлғасын-қалыптастырудың-педагогикалық-мәселелері.doc

— 292.50 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері.

 

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................3

І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.

    1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
    2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17

 

ІІ  - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.

2.1. Бастауыш сынып оқушылары  жеке тұлғасын қалыптастыруда  мектеп пен жанұяның бірлескен  жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34

2.2. Оқушылардың жеке  тұлғасын қалыптастыруда мектеп  пен жанұяның бірлескен жұмысының  мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45

 

Қорытынды................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................56

Қосымша.....................................................................................................58

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі.

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан – 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.

Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.

Бұл жөнінде ежелден – ақ ұлы ойшылдарымыз Әл – Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы – қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым – қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір – бірімен тату – тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір – біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі – зайыптылық және ата – ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті – баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы – негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.

Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата – анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айдаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю.П, И.В Гребенников, А.И. Лихачев, Ю.П Петров, А.О Пинт және т.б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж.Б Қоянбаев, Р.М Қоянбаев және т.б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.

Көрнекті педагогтар К.Д Ушинский, А.С Макаренко, В.А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л.С. Выготский, Л.С Рубинштейн, Л.В. Зоньков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, А.Г.Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т.Тәжібаев, С.Қ. Қалиев, К.Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.

Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш.А. Амонашвили, К.К. Платонов, В.С. Библер, Б.М. Теплов, А.Н. Лук, Б.Т. Ананьев, В.А. Крутецкий, В.И. Кириенко, Н.С. Лейтес, А.В. Петровский, В.Т. Пушкин, Д.Б. Богословский, В.Ш. Андреев, Г.А. Давыдова және т.б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар  М.Ә. Құдайқұлов, Е.Ө. Жұматаева, А.Б. Мырзабаев, Л.Т. Дирксен, К.К. Жұмадилова, және т.б.

Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ.Жарықбаев, А.В. Петровский және т.б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І – ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер – оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең «Көзі ашылмаған балалықтай» даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.

Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге талдау жасау барысында бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде көрініс таппағандығын көрсетеді. Бұл кезең оқушылардың жеке тұлға болып дамуының және қалыптасуының бастапқы кезеңі болып табылатындықтан, жанұя тарапынан берілетін тәрбиенің мәні аса маңызды.  Алайда, жанұя тәрбиесінің педагогикалық маңыздылығы мектептен бірлесе отырып, жұмыс атқарса, онда жемісті болар еді. Сөйтіп, оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда оның педагогикалық мәселелерінің ғылыми-теориялық негізінің жоқтығы мен практикалық мұқтаждығының арасында қайшылық айқын байқалады. Осы қайшылықтың шешімін табу бізге зерттеу тақырыбын «Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық  мәселелері» -деп алуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелерін  теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу.

Зерттеу пәні: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

    Зерттеу обьектісі: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбие үрдісі.  

Зерттеу міндеттері:

- Кіші мектеп оқушыларының  тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін;

- Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттерін айқындау;

- Кіші мектеп жасындағы оқушылардың  жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі ерекшеліктерін айқындау;

-Кіші мектеп жасындағы оқушылардың  жеке тұлғасын қалыптастыруда  мектеп пен жанұяның бірлескен  жұмысының мазмұны мен әдіс-тәсілдерін айқындау.

Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Бәйдібек ауданындағы №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте өткізілді. Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

І-тарау. Бастаушы сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларының  тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері.

Бүгінгі таңда қоғамдағы «Тәрбиенің мақсаты-жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру қажет»-деп көрсетеді.  Осыған байланысты біз бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелерінің мәнін ашу үшін «жеке тұлға» деген ұғымға түсініктеме анықтама беруге болады.

«Жеке тұлға» ұғымы психологтардың көзқарасы бойынша, жеке организм-жеке адам тұлғасы. Бұл саналы іс-әрекет обьектісі. Тұрақты және әлеуметтік маңызды қасиеттерге байланысты, жеке адам-қоғам мен ұлттың бірлескен мүшесі, жеке тұлға өзіндік сана мен қоғамдық сананың пайда  болуына байланысты қалыптасады.

Жеке тұлға ретінде жеке адам немесе организмнің барлық психологиялық ерекшеліктері қарастырылады .

Жеке тұлға-бір жағынан интеграциялық ұйым.  Оның бойында танымдық, аффектілік, тұлғалық сипатын көрсететін қасиеттер сақталған. Оның басқа адамдардан айырмашылығы да сонда.

Күнделікті тіршілікте жеке тұлғаның әртүрлі қасиеттері ашыла түседі. Психалогиада жеке тұлға туралы көптеген психологтардың пікірлері бар.  Олардың әрқайсысы жеке тұлға туралы әртүрлі анықтама береді.

Адамның жеке тұлға диагностикасын қолайлы жағдай туғызу мен қалыптастыруға ең тиімді жолдар іздеуде, оның құрылысын зерттеуде, пайда болу заңдылықтарын білуді қажет етеді.

Жеке тұлға теориясы-адам бойында қалыптасқан ойлар мен гипотезалар  жиынтығы. Жеке тұлға теориясын зерттеу көптеген жаңа ойларға қол жеткізеді. Бізге қызығушылық туғызатын бастапқы: адам табиғаты. Біздің мақсатымыз-адам бойындағы қалыптасқан қасиеттерді зерттеу.

Жеке тұлға теориясы-негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп, қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді. Ол адамның мінезінің сан қырлы ерекшеліктерін түсіндіреді.

Жеке тұлға теориясы-адамның күнделікті тыныс-тіршілігін түсіндіре алады. Жеке тұлғаның өзара қарым-қатынасы-олардың болашағына, көзқарасының  дамуына, алдын-ала болжам жасайды.

Психология ғылымында «жеке тұлға»  туралы мынадай теорияларды айтуға болады.

  1. Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (4865-1939ж) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы зерттеуге келтірілген.
  2. Жеке тұлғаның Эго теориясы (Э. Эриксон). Бұл  теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.                                 
  3. Джулиана Роттердің әлеуметтік ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Д.Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіріледі. Бұл теория-әлеуметтік үйрену, адамның мінез құлқын, тұрмыс қызметін әлеуметтік ортада қабылдауға негізделген. Ол көбінесе адам сұранысына байланысты, ортамен қарым-қатынас жасау арқылы қалыптасады.
  4. Альберт Бандураның әлеуметтік когнитивтік теориясы. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Оның дәлелденуіне «адамдар концепциясы, яғни мінезі мен қоршаған ортаға өзара бейімделеді. Бұл  ретте жеке тұлға дәрменсіз обьект емес, ортаны бақылайтын сананы әрі күш қуаты бар адам ретінде танылады және ол ойланған жетесіне жетіп, оны іске асырады. Бұл теория бойынша мінез құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен сыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.

Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967)  Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша  адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның негізін айқындайды. Бұл теория кейде «жеке тұлғаның теориясы» деп аталады. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады. 

Раймонд Кеттелдің жеке тұлға қасиетінің құрылыс теориясы. Бұл теория эмпирикалық әдістің зерттеулерін нақты пайдалануға негізделген. Кеттел факторлық талдаудың көмегімен жеке тұлғаның игі қасиеттерін ашу мақсатында мінездің ғылыми моделін конструкциялаған. Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті, Кеттел бойынша, жеке тұлға белгілі бір жағдай кезінде дәлелденуге арналған жеке адамның мінезі. Адамның жеке қасиеті Кеттел бойынша, оның гипотезиялық психикалық құрылысы. Ол адам мінезінің белгілі бір істі бітірудегі, оны аса бір ынтамен, ниетпен ойлап істеудегі психологиялық сипаттамасы, адамның іске деген құлшынысы. Кеттел бойынша игі түйін – адамның туа біткен қасиеттері. Кеттел игі қасиетті оның болмысына – конститутцияның көзіне байланысты сипаттайды.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері