Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 17:59, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
І – тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері…………………………………………………….......8
1.2. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері...................................................................17
ІІ - тарау. Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сынып оқушылары жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері.............................................................................................34
2.2. Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының мазмұны мен әдіс - тәсілдері.....45
Қорытынды................................................................................................53
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Кіші-мектеп-жасындағы-оқушылардың-жеке-тұлғасын-қалыптастырудың-педагогикалық-мәселелері.doc

— 292.50 Кб (Скачать документ)

Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы. 1902-1987 ж.

Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген. Субьективтік әлем – оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі. Роджерс субьективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.

Жеке іс-қимыл теориясы. Іс-қимыл теориясы кәсіптік даму үрдісінің методологиялық негізі болып есептеледі. Ол субьектінің (индивид не әлеуметтік топ) белсенділігін туғызатын және сол белсенділік арқылы дамудың арнаулы жағдайын айқындайды.

Кеңес дәуіріндегі педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және көбінесе жобалау пәні ретінде ғана қарастырылады.

Соның салдарынан отандық мектептердегі біржақты көзқарас, демек, оқу-тәрбие үрдісін тек ынтымақтастық ретінде түсінетін ұғым әлі жойылып біткен де жоқ, педагогтар мен оқушылардың жеке тұлғалық өзара қарым-қатынасы. Көрнекті отандық психологтар Я.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, А.Г.Ковалев, Г.С.Костюк, А.В.Петровский, А.И.Божович, И.С.Кон, жеке тұлға теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Отандық психологтардың және педагогтардың көпшілігінің пікірлері бойынша, адамдық индивидтің генетикалық детерминтелген сапасы – жеке тұлғаның даму жағдайында және биологиялық қабілетте үлкен рөл атқарады. Бұл ретте адам биологиясының жануарлар биологиясынан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін, сондай-ақ адамға тән арнаулы адамдық қажетінің туа пайда болады. Оған қарым-қатынас қажеттілігі жатады және қажеттілік жеке тұлғаның өзі болып саналу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Іс-қимыл қарым-қатынасында жеке тұлғаның даму көзі қоғам болып қарастырылады. Оның дамуының қозғаушы күші ретінде заттық іс-қимыл жүйесінің қайшылығы алынады.

А.Н.Леонтьев жеке тұлғаның дамуы және оның құрылымдық тұжырымдамасын жасаған кезде іс-қимыл түсінігіне көрнекті орын берген. Ол жасаған классификацияға сәйкес, А.Н.Леонтьев теориясын адамның өмірлік-психологиялық (мотивтік) және мінез-құлықтың (іс-қимыл) сипатын түгел қамтитын психодинамикалық, құрамды-динамикалық деп бағалауға болады.

А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович сияқты жеке тұлғаның ішкі жан дүниесін мотивациялық деңгейге жатқызады. Оның теориясының тағы бір маңызды түсінігі «Жекелей ойлаушылық» болып табылады. Ол адамның қарым-қатынас мақсатын, оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және қатынас мақсатын оның іс-қимылының қандай түрге бағытталғанын және оның мотивтік ерекшелігін туғызатын жайларды анықтады. Жеке тұлғаның іс-қимылының әр түрлілігі – көптігі оның биік сипаты екендігін және ірі тұлғалылығын көрсетеді.

Қазіргі таңдағы ұлттық тәрбие беру жүйесінде бастауыш мектеп кезеңі бала өмірінің алты, жеті жастан – он, он бір жасқа дейінгі аралықтағы кезеңді қамтиды.

Бастауыш сынып кезеңіне тән негізгі белгілер мынадай: бұл жаста мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады. Мұнда баланың өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең болып саналады. Бұл белгілер оның мінез-құлқында санасында күрделі, ол кейде қиыншылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық қасиеттерінің негіздері нақ осы бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады. Сондықтан бүгінгі таңда көптеген ғалым-психологтарының ерекше назары, бастауыш сынып оқушыларын дамытудың резервтерін анықтауға бағытталған. Бұл резервтерді пайдалану балаларды ары қарай оқу және еңбек қызметіне неғұрлым табысты дайындауға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері туралы мәселелерді Ресей – Кеңес ғалым психологтары: А.В.Петровский, Р.С.Немов, В.С.Мухина, С.Ф.Жустков, Д.Б.Эльконин, Л.В.Заньков және т.б. Ал Қазақстандық ғалым психологтар: Қ.Жарықбаев, М.Мұханов және т.б. еңбектерінен кездестіруімізге болады.

Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған мынадай қағида бар.

Баланың класқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының сабақтағы, жанұядағы және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да, нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарасын, міндеттерін және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлардан айырмашылығын дереу түсіндіру керек. Жаңа ережелер мен нормаларды сөзсіз орындауды талап ету – бастауыш сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес, олардың тіршілігін ұйымдастыруы қажетті шарт болып табылады.

Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиетінің дамуында «Мен» деген ұғымның мәні жатады. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болғаны жақсы. Егер бастауыш сынып оқушысының өзі жөніндегі бағасы, құрбыларының бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасына төменге түседі, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

 Бастауыш сынып оқушысының жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сала тұрғысынан бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік жігері қандай, ашуланғыш не сабырлы келе ме, өсімдікті ажыратудағы талғамы және озгелермен қатынасы қандай екендігін қарастыратын болсақ, бастауыш сынып оқушысына қойылатын талаптарды мөлшер немесе норма деп атайды. Балада мектепке келмей тұрып, нені істеуге болатынын не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін, бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Мысалы, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуге болмайды. Тапсырманы орындамаса, сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл «нормаларды» бұзуға жатады. Әуелгі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ, бірте бірте міндеттерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі осыларды орындау дәлелденген және дәстүр болып кеткен.

Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада: әуесқой, ақкөңіл өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамдарды аяп соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде, 7-8 жастағылардың әуесқойлығын алсақ өзгелерге сұрақ қойғанды, мектепке дейінгілер сияқты «Бұл не?» - деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» - дейді. Сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар. Өйткені бастауыш сынып оқушылары нәрсенің не екенін гана білгісі келмейді, соның бәлендей сырын, себебін білгісі келеді.

Бастауыш сынып оқушысында кейде ашуланғыштық қасиеті де болып тұрады. Баланы үйінде көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге  тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда, «Жақсы», «Өте жақсы», деген баға алса, жұрттың көзінше, соған қатты куанғанын жасыра алмайды.

Бастауыш сынып оқушысының ерік жігерін недәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін - өзі меңгере алмайды, импульстік іс жасап калатыны кездеседі. Импульстік іс деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт, баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуіне, яғни өзін - өзі меңгере алмауынан кездеседі.

Бастауыш сынып оқушысының өз құрбыларымен қарым қатынасы әртүрлі және осының өзі бұрын бала бақшада өстіме, соған орай келеді. Бұлардың ұжымшылдық қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі І сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бірқатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ 2-3 сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлыгы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларындағы басты қажеттілік - оқушы болу.  Ол сыртқы пішіні мен   оқуда   озат болу  ниетімен,  оқушының  мінез-құлқымен, «мектеп оқушысын»     алдымен     мұғалімнің,     содан     соң     құрбыларының     тануымен, сыныптағылармен бірге болуға талаптанумен айқындалады.

Оқушының тұлғалық бейнесі осы міндетті өтудің көрінісі. Бұл жаста баланың бойында өзін оқушы сезіну, жақсы үлгеруші, қолынан бәрі келетін «екінші» немесе «үшінші» оқушысымын деген мақтаныш сезімі билейді.

Жеке басының тұлғалық дамуының мүмкіндіктері: Оқудағы таңдаулар бұл сапалы білімді, оқу қызметін түсінуді қалыптастыру, қарым- қатынасқа, бірлескен оқу қызметіне сапалы түрде бірінші кезең ретінде қарау, қол жеткен табысты нығайту.

Жоғарыда қарастырылған бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуы мен психологиялық ерекшеліктері жалпылай келе, бұл жас кезеңнің тұлғалық қасиеттерін №1 сызба түрінде көрсетуге болады.

Л.В.Петровский өз еңбегінде бастауыш сынып оқушыларының жеке басының даму мүмкіндіктерін жан жақты сипаттайды. Баланы моральдық жағынан тәрбиелеу мектепке дейін басталады. Алайда, ол мектепте ғана орындалуы үнемі де мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқын да, кең жүйесінде кездеседі.  Бастауыш   сынып    оқушыларына   мінез-құлық   нормалары    мен ережелерінің аса кең жиынтығы үйретілді, оларды оқушылар мұғаліммен және үлкендермен өзара қарым қатынас жасаудың әртүрлі жағдайларында, сабақтарда, үзілісте, жолдастарымен араласқанда, қоғамдық орындарда және көшеде болғанда басшылыққа алуы тиіс. Балаларда мінез-құлық нормалары мен ережелерін сақтау көбінесе үлкендердің көңіл күйіне, қалыптасқан жағдайға және өз қалауларына байланысты деген сезім пайда болады. Баланың моральдық өрісінің дұрыс қалыптасуының ең қауіпті жауы мінез құлық нормалары мен ережелер жалған сипатта және ішкі қажеттіліктер үшін емес, қандай да бір сыртқы жағдайлардың әсерімен, соның ішінде жазаланамын деп қорыққандықтан орындалуы керек деген ұғым пайда болады.

Балалардың мінез құлық нормалары мен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен мұғалімнің олардың орындалуын ескерудің жақсы жетілген әдістер мен тәсілдер жүйесінің бар екендігін білдіреді. Осы нормалар мен ережелерді айқын тұжырымдау, орындаушылықты міндетті түрде мадақтап және ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікке бұдан кем емес міндетті және тиісті шаралар қолдану бастауыш сынып оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудің маңызды шарттары. Балада осы жаста қалыптасқан осындай моралдық қасиеттер-жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі болады.

Бастауыш сынып оқушыларының өзара және мұғаліммен қарым қатынасты бағдарлауының алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (тұйықсыздық, әдепсіздік). Бірақ, балалармен өзара қарым қатынасты орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Оқушылардың тұлғалық  қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері.

Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне  айналды.

Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.

Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш.Амонашвили,   В.Давыдов, Л.Заньков,   В.Репкин,   Д.Эльконин  және т.б.)

Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В.Давыдов тұжырымдамасы).

Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.

Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын  қанағаттандыратын көздерді өз бетімен  іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастырудың әдістемелік негіздері