Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.

Содержание

І. Кіріспе..................................................................................................................3

І Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері. 5
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық негіздері. 5
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары. 17
ІІ – тарау. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету. 28
1.1. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту 28
1.2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау жолдары. 38

Қорытынды. 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-үлгермеушілік-себептерін-болдырмау.doc

— 222.50 Кб (Скачать документ)

Педагогикалық жағынан назардан  тыс қалған балалармен жұмыс  орындау нашар оқитындармен салыстырғанда  әлде-қайда тиімді болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие  үрдісінде көбірек біліктілікті  қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан  тыс қалған балаларды мектепке  дейін қолға алу керек. Мектепке  дейіңгі балармен оқу-тәрбие жұмысын  жүргізу сапалы білімге, олардың  сезімдеріне бағытталуы керек. Осы  мақсатпен әр түрі дидактикалық және ролдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балардың сөйлеу қабилетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейн мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет.

Психологиялық тұрғыдан алып  қарағанда сабақ үлгірмеушілік  проблемасы әлі жеткілікті зерттелген  жоқ. Бұл өте қажет. Өйткені сабақ  үйрену әр баланың жеке басына  тән қасиеттеріне, анығырақ айтқанда  оңың мектепте өтілетін пәндерге  деген көз қарасына байланысты. Оқушылардың сабақ үлгірмеушіліктің психологиялық проблемасына арналған алғашқы еңбек Н. А. Менчинскаяның редакциясымен педагогика ғалымдары институтының авторлар коллективі шығарған кітап болды.

Сабақ үлгермеушіліктерді зерттеу, мұның себептерін және нашар оқитын оқушылардың жекелеген типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы: А. Гельманд педагогикалық тұрғыдан үлгермеушіліктің ерекше үш категориясын бөліп қарайды. Автор бірініші категорияға оқушының барлық пәнінен бірдей ұзақ уақыт үлгірмей, оқудын жалпы және өте кенжелеп қалып қоюын жатқызады. Екінші категорияға сабақты ішінара негізгі деген пәндермен үнемі үлгермейтін оқушылар жатады. Ал үшінші категорияға кіретін оқушылар сабақты ауық-ауық қана үлгермейді. Психологиялық талдау негізінде Л. Славин сабақ үлгермейтін мектеп оқушыларынын бес топқа бөледі.

    1. Оқуға деген көз қарасы дұрыс емес балалар.
    2. Материалды қиналып ұғатындар.
    3. Сабаққа дайындалу әдептері мен тәсілдері қалыптаспағандар.
    4. Еңбектене білмейтіндер.
    5. Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар.

Сабақ үлгермеушіліктің бұлардан  басқада сипаттамалары мен топтастырылуы  бар. оқушылардың сабақ үлгермеушілігін  зерттеу мәселесінің ең күрделі  жайы мектеп программасын игермеудің  себептерін анықтау болып табылады.

Сабақ үлгермеудің себептері  көп. Балалардың дамуына оларды қоршаған ортаның тигізетін әсері өте мол. Оқушының сабақ үлгеруіне кластағы педагогпен балалар коллективі елеулі ықпал етеді.

Республикада бірінші болып, 1-2 сыныптарда сабақ үлгермейтін  оқушыларды психологиялық жағынан  зерттеу жүргізіле бастады. Мектеп оқушылары педагогика ғылымдары академиясы мақұлдаған психологиялық 10 методика бойынша зерттелді, сондай-ақ педагогикалық мінездеме – анкетаны пайдаланып, кей бір мұғалімдермен әңгімелер өткізілді, оқуға үлгермейтін балаларды бақылау мақсатымен сабақтарға кіріп жеке жұмыстар жүргізді.

Бақылау барысында Алматы  мен  Шевченко қаласындағы сабақ үлгермейтін  мектеп оқушылары арасынан белгілі  бір дәрежеде психологиялық дамуы  тоқталып қалған 166 баланы тапты. Олар соқыр емес, керең де емес, психологиялық ауруға ұшырамаған да, кемақыл да балалар емес.

Соңғы жылдары мұндай балалар  дефектология ғылымы-зерттеу институты  қызметкерлері барынша зер сала  зерттейтін объектілерге айналды.

Көп жағдайда педагогтардың  инфантилизмге ұшыраған балаларға  әр түрлі себептермен жеткілікті көңіл бөое бермейтіні бар, сөйтіп олар үнемі сабақ үлгермеушілер қатарында жүреді. Кейбір мұғалімдер өз тарапынан әдепсіздік көрсетіп, психикасы дамып жетілмеген балаларды мазақ қылып, күлкіге айналдырады. Кейде ата-аналардың өздері де баласының мектептегі сәтсіздігін жете түсінбей оны жалқау, жетесіз деп кінәлап, педагогикаға сайымсыз жазалар қолданады. Бұдан психикасы дамып жетілмеген балалар жақсармайды, керісінше оқуға, мектепке деген ынтасы жоғалады, мінез-құлықтары өзгереді, интеллектуалдық дамуы тоқтап қалады, сөйтіп оларды іс жүзінде кемақыл балалардан ажырату қиындық келтіреді. Қазақстанда аталған балалар проблемасы теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да түбегейлі шешілген жоқ. Олар жалпы білім беретін мектептерде оқып, сабаққа үлгермеуші оқушылар санын көбейтумен келеді. Үнемі сабаққа үлгермей мектепті тастап кетушілерде осындай балалардың арасынан шығады. Ал олар үшін арнаулы мектеп ашса, дұрыс тәрбие берсе, онда инфантилизмге ұшырағандар кемақыл балалардай емес, сапалы білім алып, саналы азамат болып шығар еді. Оларды еш уақытта да кемақыл балалар оқитын арнаулы мектептерге беруге болмайды. Өйткені ол мектептерде кемақыл балаларға білім бермейді, тек қарапайым еңбекке ғана машықтандырады, ал инфантилизмге ұшараған балалардың ақыл-естері дұрыс, сондықтан оларға бұл мектептерді білім жеткіліксіз, оның үстіне  кемақыл балалармен бірге оқу намыстарына тиіп, психикаларына теріс әсер етеді.

Сабақты қалай үлгіретінше қарамайақ  жалпы білім беретін мектепте  оқыта беруге болады?-деген аудандық психаневрологтың тұжырым қағазы да бұл балалар үшін, пайдалы деуден аулақпыз. Өйткені дәрігерлердің мұндай тұжырымдары бір –екеу болса, онда онша қауіп те, қиындық та жоқ. Республика көлемінде балаға тек дәрігерлік тұрғыдан қарап, педагогикалық мәселені екінші кезекке ысырып қоятын мұндай фактәлер көбее түсуде. “Оқуға рұқсат ету” правасына сүйенген дәрігерлер айналасы 10 –15 минут ішінде баланы үстірі қарап шығады да, мұғалімнің шағымын тыңдап, “Бұл оқушының сабақ үлгерімін ескермей-ақ оқыта беруге болады”-деп анықтама жазып қоя береді. Сөйтіп мұғалім балаға тиянақты білім беру жауапкершілігінен оңай құтылады, инфантелизмге ұшыраған баланы артқы партаға әкеп отырғыза салады. Ол оқып жүрме, жоқ па онда мұғалімнің шаруасы жоқ. Өйткені ол дәрігердің тұжырымы бойынша үлгермейтін оқушылар санатына қосылмайды.

Балалардың артта қалуы мен  нашар болдырмау және алдын  алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді  қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі–баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің ақыл-сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аноманияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте  ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық  жағдайлардың ықпалынан, назардан  тыс қалған балалар тез көңгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын  алу үшін жұмыс балалардың  ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу  қабилетін дамытуға, практикалық  тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы  керек.

Қазіргі мектептерде балалардың  естеу, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз ауқыт бөлінуде. Сондақтан практикалық интеллекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазір мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сүрет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады. Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Баланың айналасындаға адамдармен  өзара қарым-қатынас тәсілдері  және оның кез келген психикалық  іс-әрекетінің 

  

 

 

 

 

 

ІІ – тарау.    1-§.

Бастауыш мектеп  математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету.

Бастауыш мектептердегі негізгі  пәндер қазақ тілі, математика, ана  тілі, дүние тану т.б. пәндер болып  саналады. Солардың ішінде бастауыш  сыныптарда өтілетін математика  пәніде үлкен рол атқарады.

Жалпы оқыту процесінде баланың  таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл - ой қабілеті, білімді өз  бетімен меңгеру белсенділігі  дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды  терең түсінеді, іздену нәтижесінде  пайда болған сұрақтардың жауаптарын  табады.

Оқушылардың білімді, шеберлік  пен дағдыларды игеру процесіне  білімді қабылдау, ұғыну, бекіту  және оларды практикады қолдану  енеді. Бұл бұындар сабақта сан  алуан үйлесімен көрініп, оның  сан қылы құрылысын анықтай  алады.

Сабақта білімді игеру процесінің негізгі бұындарының әр алуан комбинациясы оқу материалының сипатына, сабақтың дидактикалық мақсатына, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, сондай-ақ коллектив ретіндегі сол сыныптың ерекшелігіне байланысты.

Сабақтың құрылуына оқушылардың  жас ерекшеліктері, олардың дербес сабақтарға дайындық дәрежесі шешуші ықпал етеді. Оқушы әліде болса, ұзақ уақыт бойына, өзінің назарын іс-әрекеттің белгілі бір түріне шоғырлауды үйренбеген оқытудың алғашқы кездерінде мұғалімге сабақ түрін жиі өзгертіп отыруға тура келеді. Оқушылардың жасына, оқу шеберліктері мен дағдыларының жинақталуына қарай мұғалімнің басшылығымен істелген жұмыстар мен сабақтағы оқушылардың дербес істерінің ара-қатынасы да өзгереді. Мұғалімге коллектив ретінде, сыныптың ерекшеліктерімен оның ұйымшылдығымен санасуға тура келеді.

Бастауыш сыныптарда математиканы  оқыту күнделікті өмірде және  тұрмыста күнделікті қолданып, метепте  басқада пәндерді табысты оқу  және білімін жалғастыру үшін  қажетті білім, білік, дағдыларын  қалыптастыру, оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту.

Математикалық білім беруде  мемлекеттік стандартта жалпы  адамзаттың мәдениетті қалыптастыруға, халықтың педагогика элементтерін  ендіруге оқуды, өмірмен ұштастыруға  көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасындағы жалпы  бастауыш сатысындағы “Математика” оқу пәні бойынша мемлекеттік білім беру стандарты (1998 ж. және Қ.Р.М.Ж. МБС. 2.2003-2002ж.) негізінде дайындалды. Математикалық білім стандарты бойынша бастауыш сынып оқушылары міндетті білім, білік, дағды алуы тиіс. Сонымен бірге математика пәні бойынша бастауыш мектеп оқушыларының мүмкіншіліктеріне сәйкес білім алуы керек. Осы міндеттерге байланысты қазір көптеген жаңа технологиялар қолданылады. Математика оқулықтарында оқушылардың мүмкіншіліктерін арттыратын, дамытатын күрделі есептер және шығармашылық есептер берілген.

Математиканы оқыту процесінде  баланың таным белсенділігі дамиды, тереңдейді. Логикалық ойлауы, ақыл-қабілеті  артады. Бастауыш сыныпта математика  сабағында әр түрлі көрнекілікті  қолдану нәтижесінде сабақ әрі  қызықты, әрі жақсы өтеді.

“Математика” пәні бойынша бастауыш білім стандартындағы білім мазмұнын анық құрылымын анықтау төмендегідей ұстанымдарды ескеру арқылы жүзеге асырылады:

    • ізгілендіру
    • интеграция
    • дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Математикалық білім стандартында математикалық білім, білік, дағдыларды игеру, танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға, еңбекке бейімдеу оқушының ақыл-ойының, математиканың стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту көзделген. Сондай-ақ ата дәстүр, әдет-ғұрып, сал-сана, халықтың және ұлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мұраларын үндестіру меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға, жан-жақты дайындық арқылы баланы жеке тұлға етіп қалыптастыруға басымдық берілген.

Сонымен бірге, “Математика” оқу пәнінің мақсат, міндеттері, зерттеу объектілері, даму болашағы, базистік оқу жоспарындағы орны нақтыланды.

1-4 сыныптар арасындағы “Математика” пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі – 612 сағат.

“Математика” оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегідей білімдерден құрылады:

Теріс емес бүтін сандар мен  шамалардың арифметикасы.

Алгебраның элементтері.

Геометрияның элементтері.

Сонымен бірге білім мазмұнда  білім беру оқыту керектігі  анықталды.

Республикадағы білім деңгейін  дамыған елдердің деңгейіне көтеру - қазіргі басым бағыттардың бірі.

Ал білімді даралаб, саралаб  берудің басты бағыттарының бірі – дарынды, талантты балалар мен жас өспірімдерді оқыту. Негізгі мақсат оқытуды дамушының қызметін іске асыру, оқытуды адамның тәжірибелік іс-әрекетімен қоршаған ортамен байланыстыру, білім мазмұнын ізгілендіру.

Осыған орай “Мектептің бастауыш сатысындағы оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдірудің әлемдік тенденцияларына талдау” тақырыбы бойынша мектептің бастауыш сатысындағы білім берудің жаңа бұын оқулықтарын еңізу жағдайында күтілетін нәтижелері айқындалуда.  Респубоика мектептерінде жаңа бұын оқулықтарын еңгізу жағдайында бастауыш сатыдағы оқу –тәрбие үрдісінің сапасын жетілдірудің әлемдік, отандық тенденцияларына шолу жасалуда.

Соңғы соңғы жылдары республика мектептерінің мұғалімдері мен ата-аналар, оқушылар және ғалым педагогтер, әдіскерлердің пікірлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасында жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жалпы бастауыш білім бойынша (қазақ тілінде – 10; орыс тілінде–10, 2002 ж) оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар, 2003 ж); 3-сыныпқа арналған жаңа бұын оқулықтары; оқу әдістемелік кешендер жетілдіріліп-толықтырылып, баспадан шығарылуда.

“Математика” пәні бойынша оқу бағдарламасын жетілдіру барысында білім мазмұны бойынша 1-4сыныптар үшін жеке-жеке оқушы дайындығының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар түсінігінің болуы тиіс, білуі тиіс, үйренуі тиіс болып анықталады.

Мұның өзі бағдарламада көрсетілген  міндетті талаптарына оқушылар білімінің сәйкестігін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Бұл білім сапасын жетілдірудің тағы бір кезеңі ретінде қарастырылады.

3-сыныптың “Математика” оқулығы (қазақ, орыс мектептері үшін) мемлекеттік міндеті стандартқа және оқу бағдарламасына сәйкес жетілдіріп, “Атамұра” баспасынан жарық көрді.

Әрбір оқушы осы оқулықтағы  білімдерді, ұғымдарды терең меңгеруі  тиіс. Мұнда мұғалімнің ролі ерекше.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау