Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.

Содержание

І. Кіріспе..................................................................................................................3

І Тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері. 5
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмауда олардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алудың педагогикалық негіздері. 5
1.2. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары. 17
ІІ – тарау. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту барысында кемшіліктерді түзету. 28
1.1. Бастауыш мектеп математикасының негізгі тақырыптарды меңгерту 28
1.2. Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау жолдары. 38

Қорытынды. 43

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 44

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-үлгермеушілік-себептерін-болдырмау.doc

— 222.50 Кб (Скачать документ)

Баланың бұрыңғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасыдағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым-қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтыратын осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта пайда болады. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмей, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдермен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесінділік бұзылған жағдайда пайда болады.

 

 

І – тарау.    2-§.

Бастауыш мектеп  оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың  алғы шарттары.

Мектеп оқушыларының сабақ үлгермеушілігі  және соған байланысты бір  сыныпта екінші жылға қалушылық күрделі проблема. Бұл проблемамен педагогика ғылымының әр түрлі саласымен айналысатын және аталған мәселеге әртүрлі көз қарастаға мамандар айналысады. Бірақ автордың бәрі де үлгермеушілік проблемасын негізгі екі аспект бойынша

    1. Мұғалімнің сабақ беру бойынша саласы және
    2. Оқытқан кезде баланың дұрыс дамуы деген бағытта жете зерттеуде.

Кейде типті сыныптағы оқу  жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда  бір неше нашар оқитын және  үлгірмейтін оқушылар болады. Бұл  құбылыс мейлінше сан алуан  себептердін туады. Кейде ұзаққа созылған сырқаттан болады. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың ерекшелігін ескермеуінен және онымен өзінің жұмысын онша дұрыс құрмағандығынан болуы ықтымал. Кейбір оқушылар белгілі бір пәннің қиындығын әрдайым дұрыс бағалай бермейді, сондықтан да қалып қояды, басқаларда бір пәнмен әуестеніп кетеді, бұдан қалған пәнге нұқсан келеді. Көп жағдайларда оқушалардың үлгермеушілігі ата-аналар тарапынан оқуы мен  мінез-құлқы бақылаудың жоқтығы нан болады. Отбасы бүкіл ғасырлай бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Әр бір бала өзінің алғашқы тәрбиесін отбасынан яғни ата-анадан алады. “Ұяда нені көрсе - ұшқанда соны ілер” дегендей бала тәрбиесінде ата-ананың алатын ролі ерекше. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы  мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің үйелменде, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасыдағы басты мәселелердің  бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыруы. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Ата-аналар балаларын белгілі  бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни  ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың  мінез - құлқы шешуші фактордың  бірі А. С. Макаренко балалар тәрбиесі  жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздік жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз… Сіздің жеке мінез - құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе… Ата –аналардың өздеріне талап қоюы, өз үйелменің қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”-деді.

Отбасында болатын маскүнемдік, ұрыс-керіс неке бұзушылық сияқты  теріс әрекеттердің болуы тікелей әкемен анаға байланысты. Осындай өрескел қалыптардың негізінде ата-ана бір-біріне дөрекілік өкпе сөздер айтады, бірін-бірі кемсітіп абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Сөйтіп, олар өзін-өзі бақылауды тохтадады. Кейде олардың  ұрыс-керісі төбелеске әкеліп соқтырады. Бұл жағдай балалардың жанын тебірентеді, өз үйінен жеркенеді, ата-аналар үшін олардың сенімі болмайды.

Маскүнемдікке жиі салынатын  ата-аналардың нашар қылықтары  да өз балаларына әсерін тигізбей  қоймайды. Мұндай азғын ата-аналар туралы ұлы педагог А. С. Макаренко “..егер сіз дөреке немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажетіде жоқ”-деп жазған.

“Егер әке немесе ана ішкілікке салынса, үйелмендегі мектеп жасына дейіңгі және кіші мектеп жасындағы балалар жүйке ауруынан (невроз), қояншық ұстамадан (эпилепция) азап шегеді, олардың ақыл-ойы нашар дамиды” – деп дәрігерлер қорытынды жасайды.

Сонымен, ерле зайыптылардың бір-біріне  жасайтын опасыздығы, бала өміріне, оңың келешегіне қалай болса солай жауапсыздықпен қарауы еш бір адамгершілік нормаға симайды.

Кейбір отбасында бала бір  қалыпты өсіп жетіле бермейді. Біздің байқауымызша оның себебі  әке мен ананың қамқорсыздығынан, қадағалаусыздығынан, мейрімсіздігінен туады. Осының нәтижесінде жеткіншек шақтағы яғни өтпелі жастығы балалардың даму кезеңдерінде кенеттен кейбір өзгерістер болады. Бұл кезеңде олар ерекше назар аударуды қажет етеді. Өйткені балалар әлеуметтік өмірдегі түрлі құбылыстарға жеткілікті түсіне бермейді.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар  баланың өміріне тікелей әсер  етеді. Оқушының сабаққа деген  көз қарасын өзгертеді. Оқушалардың  сабақ үлгермеушілігінің негізгі  себептерінің бірі болып табылады.

Нашар оқу, үлгермеушілік және  екінші жылға қалу оқушыға өте жаман әсер етеді. Ол өз күшіне деген сенімнен айралады, оқуды жиі тастап кетеді. Үлгірмеушілікпен екінші жылға қалып қоюшылық мемлекетке үлкен материалдық нұқсан келтіреді. Сондықтан нашар оқу мен үлгермеушілікті жою мұғалімнің аса маңызды борышы.

Ы. Алтинсарин “Халқ мектебі үшін ең керектісі – білімді мұғалім. Егер оқушының сабаққа қызығуы жоқ болса, онда ол жерде мұғалімнің шеберлігі қажет”-деген болатын.

Мұғалім баланың екінші анасы. әрбір сабақтың қызықты, тартымды  болуы – мұғалімнің шеберлігіне және білімділігіне байланысты.

Сухамлинский “Баланың баланың жүрегі неге айналатыны-үлпіреген гүлге не қатып қалған қабаққа айналатыны (педагогика) мұғалімге байланысты”.

Мектеп табалдырығын аттаған  және адам заттың камелетке  жеткенге дейіңгі тәрбиелеуші ықпалында болытын адамға берілетін білімдер, адам, азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қалаңған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білім бірінші қойылу керек. Әліппені үйренбей тұрып оқу қаншалық мүмкін болмаса, мұғалім тұлғасының ролін терең түсінбей тұрып оқу тәрбие процесінің деңгейін білу мүмкін емес.

Жаңа қоғамдағы қазақ ұлттық  мектебінде әр шәкірттің білім  алуымен бірге психологиялық  моральдық бейнесін қалыптастырып  дамыта білетін ұстаз тұлғасы  оның идеялық сенімі, рухани байлығы, адамгершілігі, биік боғанда ғана қоғам болашағы қалыптасады.

Мұғалім міндеті оқушыны ізденіске  құлшындыру, алған ұғымдарын тұрмыс  қажеттілігінде тұтына алатындай  дербес тұлға тәрбиелеу. Ол үшін  мұғалім сынып ұжымындағы әрбір  оқушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, тұлғалық даму жағдайын бақылау (білімі, іскерлігі, дағдысы) бағдарламасын жасап зерттеу керек. Мұғалім әр оқушының өзіне тән тұлғалық психологиялық ерекшеліктерімен танысуы, әр оқушыны себъект ретінде қабылдап жұмыс жасауына ықпал етуі тиіс. Мұғалім жеке тұлғаны зерттеу әдістемелер блогын  құрып (сауалнама, тест, ойын т.б.) зерттеу нәтижелерін талдауы арқылы оның әлеуметтік психологиялық даму деңгейіне ықпал етуі және жеке тұлғаның қалыптасуына жұмыс тануы міндетті.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы, орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүніе жағдайларында алыңған терең білімнің кәсібі дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге өзін өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жаупты шешімдер қабылдауға қабилетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық, психологиялық шеберлігі мен біліктілігін, білімділігі мен әдіскер шығармашылығының болуын талап етеді.

Ұстаздықтың басқа мамандық иелерінен айрымашылығы айналадағы адамдармен жан жақты қарым-қатынас жасап барлық күш құатын, білімін жұмсайды. Дегенмен әр оқушының және басқалардың ерікшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасаудың өзіндік мән жайы бар.

Әрбір мұғалім өз сабақтарын түрліше өткізедіде бала бір сабақта белсенді отырса бір сабақта ықыласы болмайды. Және осындай жағдайда оқушы мен мұғалім арасында реніш пайда болады. Баланың басқа әрекетпен айналысып сабаққа немқұрайлы қарауының, сабақтарда әр түрлі мінез көрсетуінің өзіндік себептері бар.

Ұстаз үстемдік көрсетіп білік  етіп шектен тыс қаталдық жасамай  әжепті түрде педагогикалық сабырлықпен  қатаң талап қою, оқушыны дер  кезінде қадағалау керек.

Ұстаздың қойған талабы қадағаланбаса  оқушы салақтыққа, теріс әдеппен  дағдыға бейімделіп кетеді. Жұмыстың бәрі аяқсыз қалады. Мұғалім ұстамждылығы, шеберлігі болмаса тәрбиесінде үлкен қәтелік жіберіп алуы мүмкін. Көпшілік жағдайда асығыстық түсінбеушілікке әкеліп соғады. Кейбір оқушы мұғалімнің қойған сұрағына жауапты біліп тұрады. Бірақ жауап бергенде қорқып ойын толық жеткізе алмайды. Осындай жағдайда мұғалімнің әдептілігі мен сабырлығы өте қажет.

Нашар оқуды болдырмау құралдарының  бірі оқушлармен қосымша жұмыс  жүргізу болып табылады. Қосымша  сабақтардан бастаудан бұрын  жұмыстың йормасымен оның көлемін  дұрыс белгілеп алу үшін оқушының  нашар оқуының себебі мен сипатын  білудің маңызы зор. Егер оқушы ауру болғандықтан кенжелеп қалса, бірақ жақсы үлгіретін болса онда мұғалімнің басшылығымен жұмысты дербес жұмыс істеумен ұштастырған құлайлы болады. Егерде оқушы жалқауланатын болса, оны онша қамқорлыққа ала бермеген жөн. Оны мұғалімнің және жолдастарының бақылау мен жұмыс істеуге көндіріп, ата-аналар және басқалар тарапынан оның жұмысына бақылау қою керек.

Алдын ала, қосымша жеке-дара  жүргізілетін жұмыс өте тиімді  келеді. Нашар оқығаны байқалысымен-ақ  мұғалім оқушыға қажетті көмек  көрсетіге тиіс. Қосымша сабақтар еріктіде, міндетті де сипатта болуы мүмкін.

Нашар оқитын оқушыға көмек  беру үшін күшті оқушыларды  тарту мүмкін де пайдалы. Бірақ  бұл жұмысты мұғалім ұйымдастыруға  тиіс. Алайда қосымша сабақтарды  шамадан асырып жіберуге болмайды. Әсіресе қосымша сабаққа класты түгел қалдыруға жарамайды. Мұнда сабақ тиісті нәтиже бермейді.

Үлгірмеушілік сабақ барысында  қалыптасады және оның алдын  алуға, күресуге болады. Нашар бағаға  әкеп соқтыратын оқушы үлгірмеушілігінің  себетері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормаларды бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізлері мыналар: 

  • жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;
  • үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;
  • мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;
  • мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ жұмыс жүргізбеу;
  • тәрбие жұмысындағы алқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға ұзақтылығы және тиісті шара қолданбауы;
  • бағалаудағы біржақтылық;
  • оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;
  • сабақ қалдыру, оқушының аурып қалуы т.б.

Тұрақты түрде жоғарі үлгірімдегі оқушылар арасында психологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде бұл балалардың өздерінің жеке ерекшіліктері бар екені байқалды. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған білімді жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның мақтауының нәтижесінде өзін-асыра, жоғары бағалауда кездеседі, мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой-еңбегінен аз шаршайды. Осы жағымды факторлардың бәрібірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Тұрақты түрде үлгірімі төмен  оқушыларды зерттей отырып басқаша  мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі байқалады. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді.

Үлгерімі төмен оқушылардың  ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.

Нашар оқудың алдын алу үшін  артта қалу мен үлгірімінің  төмендеуінің себептерін анықтау  қажет.

Таным әрекетінің нәтижелігі-ақыл  ой әрекетінің даму дәрежесіне  байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптасуы үлгірімінің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Компоненттердің қайсысы үлгірімнің  төмендеуіне негізгі себеп болуына  байланысты артта қалу түрлі  болып бөлінеді: педагогикалық жағынан  назардан тыс қалған балалар және нашар оқитын оқушылар.

Информация о работе Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау