Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 21:09, дипломная работа
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай ,өсер бала болар ма?» деген өлең шумақтары тегін айтылмаса керек.
Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан.Бала ойын арқылы өзінің қуанышын ,ренішін, арманын бейнелесе,ертеңгі күні яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына и
Баланың бірінші әрекеті ойын ,сондықтан да ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы қадамы.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай ,өсер бала болар ма?» деген өлең шумақтары тегін айтылмаса керек.
Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан.Бала ойын арқылы өзінің қуанышын ,ренішін, арманын бейнелесе,ертеңгі күні яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші,басты құбылыстың бірі деуге болады.Ойын мен еңбектің бір біріне ұқсас сипаатары көп, сондықтан кейбір педагогтар,жақсы ойын жақсы жұмыс сияты да, жаман ойын жаман жұмыс сияқты деп қарайды.
Баланың қуанышы да, реніші де ойын кезінде айқын көрінеді. Ойын кезінде бала ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады,қиялы , шығармашылық қабілеті дами түседі.
Ойын тәрбие құралы, ақылды,ойды, тілді дамытады, сөздік қорды , сезімді кеңейтеді. Баланың мінез құлқын тәрбиелеп, адамгершілікке жетелейді.
Ойын эстетикалық тәрбие құралы.Балалар негізінен ойын үстінде тез тіл табысады. Баланың ойынына қарап, оның психологиясын білуге болады. Кейбір балалар ойын кезінде еркін қозғалып , басқалармен тез тіл табысса, кейбір балалар басқа балалармен араласа алмай ,көңіліне ұнаған ойыншықты басқалардан сұрауға батылы жетпей тұрады. Әрине бұндай кезде балаға ойынға араласу үшін үлкендердің көмегі қажет.
Ойын кезінде ойыншықтарды өзіне жинап алып, « менікі» дейтін балалар көп. Педагогтың міндеті балаға ұрыспай жай ғана «мен» дегенннің орнына , «біз», «біздікі» деген ұғымды айтуға дағдыландыру.
Бала ойыны үшін қажетті құрал ойыншық. Ойыншық бала ойынын қызықты , әрі көңілді өтуі үшін оған көп көмектеседі. Мысалы, машинаны ойнап отырған балалар ойын кезінде жол жасап,құрылыспен шұғылданып, бір бірімен тығыз қарымқатынаста болса,қуыршақ ойыны кезінде қыздар өздерін қуыршақпен салыстрып, олармен сөйлесіп ,тілін дамытады. (Мысалы, сенің шашын ұзын, менікі де әдемі; сенде бантик, ал менде әдемі түйреуіштер)
Біздің балабақшамызға
балалармен ұлттық ойындар көп
ойналады. Ұлттық ойындар ды меңгеру
барысында балалар мен
Қазіргі заман талабына сай қалыптасқан : «Әріп таңдау», «Сымсыз телефон», «Сынарын табу» сияқты ойындармен қатар көптеген спорттық ойындар да жиі кездеседі.
Әрбір ойын балларды бір біріне жақындастырады, қиыншылықты жеңіп, табысқа жетуге баулиды.
Ойын,балалардың жас ерекшелігіне
қарай ұйымдастырылуы керек. Мен
өзім жұмыс жасайтын сәбилер
тобында ойын ересек балаларға
қарағанда кең көлемде емес.
Жалпы ойынның қандай түрі болса да атадан балаға , ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты бала бойында өнердің нұрын себу. Ұлттық ойындардың заман талабына сай өзгертіліп, жанартылып отырғандары жөн.
Қорыта айтқанда, бала ойнай да , ойлай да білсін. Балалар біздің болашағымыз ,өміріміздің жалғасы. Олардың ойын арқылы алған тәлім тәрбиесі болашақта балаға дұрыс жол көрсетеді.
Бала тәрбиелеудегі қимылды ойындардың маңызы.орысша дипл.кіріспесі қысқаша.
Ойын өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып , денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы , ынтасы артып, жетіле түседі.Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады.Ұстамдылығы, жағдайлады салыстырып бағдарлау іскерлігі жетіле түседі.
Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері бірдей қызмет етеді де, соның нәтижесінде олар бірқалыпты жетіледі. Алайда қимылды ойындардың маңызы тек мұнымен ғана шектелмейді, олар сондай ақ балалардың жан жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар , ойынның зор тәрбиелік білімділік күші жекелеген гимнастикалық жаттығуларға қарағанда жоғарырақ тұратын күрделі әрекет, баланың жеке басын тәрбиелеудегі ең жақсы құрал деп саналады. Баланың ойын үстіндегі сергек де ширақ болатынын ,сезімтал келетінін, бар ынта ықыласымен ойынға беріліп кететінін білеміз.
Қимылды ойындар зеректілікке, байқағыштыққа , зейінділікке , қиялдауға , дұрыс сезімдерін дамуына мүмкіндік жасайды.
Бала өзінің тең құрбылары арасында олармен тең сезінуге тиіс. Ойындағы белсенді әрекет балалардың күшіне деген сенбеушілікті, ұялшақтықты, жасқаншақтықты болдырмайды. Қимылдарды дәлме дәл орындау батылдық ептілік , тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және коллективте өзінің тиісті орнын алуға көмектеседі.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың допппен , шеңбермен , жіппен секіру, тас лақтыру және басқада затармен ойнайтын көптеген қимылды ойындарында ержені балалардың өздері белгілейді.Қай жағдайда да болса да келісім барлық ойнаушылар үшін заңды ереже болып табылады.
Бұл дәстүрлердің тәрбиелік мәні үлкен. Балаларды тәртіптілікке шақырады, өз беттерімен келісе білуге,келісіп әрекет жасауға , көпшіліктің пікірімен санасуға тәрбиелеуге көмектеседі.
Жоғарыда айиылғандардың бәрі қимылды ойындар арқылы алуан түрлі міндеттерді шешуге болатындығын көрсетеді. Ал ол үшін бұл ойындарды балалармен күнделікті жұмыста кеңінен қолдану керек.
Қимылды ойындарды пайдаланған кезде дидактикалық принциптерді: қолайлылықты, жүйелікті, бірізділікті, белсенділікті, парасаттылықты сақтау керек.
Бұл ойындар жинағында «Балалар бақшасындағы тәрбие программасына» сәйкес 3 жастан 7жасқа дейінгі балаларға арналған ойындар іріктеліп алынады.
Ойындар, әрбір жас тобы үшін балалар қимылының басымдылық процесіне қарай орналастырылған: жүру, жүгіру , лақтыру, секіру, өрмелеу.
Мысалы, жас ерекшеліктері әртүрлі топтарда пайдаланылатын, жұртшылыққа кейіннен белгілі «Аққуқаздар» деген ойындар балаларға мынадай нәрсені ескеру керек : қаздар жайылып жүрген кезде шөп жұлып жейді ,су ішеді. Осы қимылдарға еліктеп бала еңкейеді, мойнын созады, басын артқа қарай шалқайтады т.б. сюжетті ойындар ды мұндай қимылдар үшін әртүрлі уақытта себеп табуға болады.
Жаысна қарай бөлінген әр топтың ішінде де бұл принцип сақталған.Мысалы, кішкентай балалр алғашқыда, негізінен балалрдың қимылына жағдай жасайтын, жүгіруге , секіруге , ынталандыру міндеті н атқаратын ойындар берілген.Ол одан кейін қимылдың сапасына талаптар қоятын ойындар орналастырылған.Мысалы, ал,алғашқыда балаларға сәл биіктіктен секіретін ,одан кейін бір орында тұрып , екі аяқпен алға қарай жылжып секіретін ойындар беріледі.
Ересек балалар топтарында терең оларға, жоғарыға, жүгіріп келіп және бір орнында ұзындыққа секіруге жаттықтыратын ойындар іріктеліп алынған. Айналып тұрған секіргіш жіп арқылы секіреді.
Естияр балалар мен ересек балалар топтарында «Кеглилер» (ағаш қадаларды ағаш доппен құлату), «Қар дөңгелектер» және жүріп бара нысанаға лақтыруға тапсырма беріледі. Мысалы, «Аңшылар мен қояндар» ойыны.
Мектепке даярлық тобына балалар үстел үстінде ойнайтын ойындар ( «ұшқыш қалпақтар») және басқада дәлдікті ғана арттыратын емес, сондайақ қимылдар шоғырландыратын , соққыны белгілі бір нысанаға бағыттауға үйрететін ойындарды ойнайды.
Қимылды ойындардың бәрі сайып келгенде балалар қимылының жеңіл де әсем, батыл да сенімді болуына бағытталған.
Ойынның мазмұнын, ережесін балаларға анықайтып беру, ойындағы қимылдарды дәл де айқын орындау үшін тәрбиеші балалармен жұмыста пайдаланылатын қимылды ойындарды жақсы білуге міндетті.
Қимылды ойындардың әсері көп жағдайда ойынның алдына қойылған міндеттердің ауыр жеңілдігіне және дене күшінің дәрежесіне байланысты болады. Ойын көп күш қуат жұмсауд талап етіп, бала организмін қатты жұмыс істеуге мәжбүр етуіне қарамастан , олар әдетте қуанышты , жақсы көңіл күй тудырады. Алайда бұл қуанышты көңіл күй баланың дұрыс дамып жетілуіне оның алдына белгілі бір күш жұмсауды талап ететін , бірақ орындай алатын, міндет қойылған жағдайда ғана дұрыс көмектеседі.
Балалардың істеген әрекеті процестің өзінен сондай ақ оның нәтижесінен болсын, бірлесіп істеген ісәрекеттің сергек немесе күйініштерінен болсын, бәрібір оған қуаныш әкелуі керек.
Мұндай жағдайда олар тағы да ойнай беруді сұрайды, ал одан ересегірек балалар топтарында өз беттерімен де ойнайтын болады.
Ойындардың әрбір топта
тұрақты ойналып тұруы балалардың
өздерінің инициативасымен
Ойындар үй ішінде, сондайақ далада өткізілгенде де тез қимылды қажет ететін ойындармен алмастырып отыру керек. Жазда, ыстық күндерде , қимылды ойындар учаскесінің көленкелі салқын жерінде немесе орманның шетінде өткізіледі.Қыста серуен кезінде, ойындарды жүгіру, секіру тәсілдері арқылы ұйымдастырып, қимылға мейлінше жағдай жасау керек: «Поезд», «Торғай және автомобиль», «Пятнышки» (доп ойынының бір түрі), «Қар дөңгелектер», «Мұз қалау» және басқа қимылды ойындар қыс кезінде демалумен алмастырылып отырылуы керек, балалардың денесінің артық қызып терлеп кетуіне жол бермеу керек.
Барлық жас ерекшеліктері бар топтарда тәрбиеші ұйымдастырған қимылды ойындар балаларға қызықты болып, қызу да шапшаң, сезімді, емінеркін өткізілуге тиіс.Тек осы жағдайда ғана олар бала тәрбиелеудің тиімді құралы бола алады.
Бұл жұмыстың әр топта жүйелі жүргізілуі үшін, бірде бір баланың назардан тыс қалмауы үшін , тәрбие жұмысының перспективалы жоспарында, сондай ақ әр күнге арналған жұмыс жоспарында , сондайақ әр күнге арналған жұмыс жоспарында да қимылды ойындар белгіленуге тиіс. Тәрбиеші қандай қимылды ойындарды бүкіл топпен өткізетінін, қандай ойынды азғана топпен, қандайын жеке балаларға ұсынатын белгілеп қояды.
Тәрбие жұмысы жоспарында көрсетілген әр жас ерекшелігі бар топтар бойынша белгіленген жаңа міндеттер соларға байланысты шешіледі.
Балалық шақ адам өмірінің
осынау бастапқы кезеңін біз
алаңсыз тіршілікпен
Әйтсе де балалық шақ біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана ма екен? Ересектерге , біздің тіршілік жағдайларымыз тұрғысынан қарағанда, балалар алаңсыз көрінеді. Олар тек киімі бүтін, қарыны тоқ болса ойнап күлуді ғана білетін сияқты көрінеді. Барлап қарасақ, балалар өмірінде де ересектер өміріндегі күрделі , қиын, кейде шешілмейтін мәселелер көп секілді. Олар балалрды ренжуге , қапалануға мәжбүр етеді.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін өзі сезінуінің алғашқы сатысы , демек адамгершілік, ақыл ой және басқа да қасиеттерінің қалыптасуының ең маңызды кезеңі . Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын ,өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс әрекеті ойын.
Ойын дегеніміз жас ерекшелік қарамайтын , адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс.Ойын төзімділікті , алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділінінің , көп білуді, сондай ақ , басқада толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бірі. Сондықтан ойынды әр уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын тек баланың дене күшін қуатын молайтып,оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық , қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.
В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойын қалыпты дамуы да жоқ.» және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.
Ойынды зерртеу мәселесіиен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған.
Халқымыздың тарихи мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай қайсысы да адамға , оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай құнды мәдени игіліктердің бірі ұлт ойындары.
Ойында халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.Халқымыз терең мағыналы дана сөзін «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан.Еңселі ел болып, ана тілін, ата салтын, дәстүрін қатй түлетуде. Жаңарған елге, жаңа тіл заңы және тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңаша көзқарасты ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде. Осыған орай елімізде балабақшадан басқа,мектептерден 4-5жастағы балаларға арналған шағын орталықтар құрылды.