Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3-5

I – тарау. Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары.

1.1. Жазуға үйретудің тарихынан .........................................................................6-10

1.2. Жазуға үйретудің мақсат – міндеттері, принциптері................................... 11-13

1.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы психо-физиологиялық ерекшеліктері......................................................................14-21

II – тарау. Жазуға, оқуға үйретудің әдістемелік жолдары.

2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.............................22-32

2.2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқуға үйретудің жолдары..................33-44

2.3. Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері...............................................................................45-48

Қорытынды....................................................................................................49-52

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары.doc

— 556.00 Кб (Скачать документ)

32.Х, х әріптің жазылу  емлесі.

 

Үзіліспен жазылады. Үзіліссіз  жазған қиын болғандықтан әріпті онай жазуға үйретілмейді.

Әріпті жазуды былай  түсіндіреді: « Бірінші сол жақтағы  жарты дөңгелекшені, одан кейін оң жақтағы жарты дөңгелекті саламыз». Бұл әріп үзіліспен жазылады.

Мынадай қателер кетуі  мүмкін:

            Жарты  дөңгелекше дұрыс салынбаған;


  Жарты сопақшаның арасынан қашықтық сақталынбаған.


33. Һ дыбысының жазылу  емлесі.

Һ дыбысының біріншіэлементі тік сызық, ал екінші элементі г әріпі сияқты таңбаланады. Бір үзіліспен жазылады.

34. Ц, ц әріпінің  жазылу емлесі.

Мұғалім ц әрібі қай  әріпке ұқсайтынын сұрайды. И әрібінен қандай айырмашылығы бар? Ц әрібі  и әрібі сияқты жазылады, бірақ оның имекшесі бар. Имекшесі у әрібінің имекшесі сияқты жазылады,  бірақ кішілеу келеді.

Мынадай қателер кетуі  мүмкін:

             Имекті қалай жазу керектігін қайта  қараймыз.


35. Ч, ч әріпінің  жазылу емлесі.

Мұғалім әріпті жаза отырып түсіндіреді: « әріпті  үстіңгі сызықтан сәл төмен жерлден бастаймыз. Жоғарыға апарып, кішкене имек жасап сәл төмен түсіреміз де жоғарыға қарай қосатын штрих жасап қолымызды алмай өзімізге қарай ілмекшесі бар сызық сызамыз».

Үлкен Ч әрібін жазғанда мұғалім балалардан бұл әріптің бірінші элементі неге ұқсайды деп сұрайды. ( Үлкен У әрібін, ал екінші элементі имекшесі бар сызық) Бұл әріптерден кететін қате де немес оны түзеу де бір.

36. Ш, ш әріптің жазылу  емлесі.        Ш әрібін жазған жеңіл болады, себебі оқушылар и әрібін жазған. Мұғалім тақтаға әріпті жаза отырып, оның қалай жазғанын айта отырады. « Ш әрібін и әрібі сияқты бастаймыз. Екінші элементін жазғаннан кейін сызықты жоғарыға көтеріп қосып тұратын штрих салып ілмегі бар сызық сызамыз. Ш әрібінде екі бірдей элемент бар. Ш әрібі басқа элементтермен байланысқан кезде қателер кетуі мүмкін:

     Элементті тастап кету;


Бұл жерде бірдей элементтерді санап алу қажет.

Үлкен ш әрібі де, үлкен  И әріпке ұқсас жазылады. Айырмашылығы элементтер санында ғана.

37. Щ, щ әріптердің жазылу емлесі.

Бұл әріпті ц әрібінен салыстыра өтеміз. Яғни, оның айырмашылығы бір элемент артық. КЕздесетін қателер  мен оны түзеу ш, ц әріптер  сияқты.

38. Ъ әрібінің жазылу  емлесі.

Бұл әріпті жазу қиын емес. Әріпті түсіндіргенде қандай әріптермен ұқсайтынын сұраймыз. Ч әрібі сияқты жаза бастаймыз, ал аяқталғанда жіңішкелік белгісі сияқты аяқтаймыз. Келесі әріптерен немесе алдыңғы әріптермен байланысу қайталау қажет.

             39. Ы, ы әріптердің жазылу емлесі.


Ы әріпі жазылу қиындық  тудырады. Мұғалім былай түсіндіреді: « әріпті жұмыс  жолының жоғарғы сызығынан бастап, өзімізге қарай төменгі сызыққа сәл жеткізбей дөңгелек жасаймыз. Дөңгелекті әріптің ортасына дейін апарып, кішкене имек жасаймыз, бірақ ол имек жазылған жерге тимеу керек. Одан кейін сызықты жоғары қарай қозғалтып дәптерден қолымызды алмай жұмыс жолының жоғарғы сызығынан жазамыз».

 Мынадай қателер  кетуі мүмкін:

    Бұл қателер имекті дұрыс  салмағаннан кетеді. Қатені түзеу  үшін мұғалім тағы  да түсіндіреді  немесе имекті  нүктелер арқылы көрсетіп үстінен бастырады.


Мәселен былай түзеуге  болады:

Мұғалім: -  Сіздердің  кейбіреулеріңіз әріпті дұрыс жазбапты ( тақтаға көрсетеді )

 


Бұл жердегі қатесі неде? Неге кейбіреулеріңіз олай жазасыңдар? Сіздер дөңгелекті жасағансыздар, бірақ  имекті ұмытып кетіпсіздер. Олай болса, қайта жазып көрейік.

Оқушылар 3 – 5 әріп жазады. Сонымен  қатар мынадай қателер кетеді:               Неге былай жазғансыздар?


Имек пен қоса дөңгелегі  дұрыс жазылмаған. Қайтадан жазып  көрейік деп, бір жолдың соңына дейін әріптерді жазады.

40. Кіші және үлкен  І әріптің жазылу емлесі.

Үлкен  және кіші і  әріпі бір үзіліспен жазылады. Үлкен І әріпі имекшесі бар  сызық, тек оның жоғарғы жағында  кішкене сызықшасы бар. Бірінші  элементі жазып біткен соң, жоғарғы  жағына нүкте қоямыз. Ал, кіші  і әріпін орындау тіпті оңай. Бұл әріп қай әріптерде элемент ретінде кездесетінін сұраймыз. Осыдан кейін әріпті жазамыз. І әріпінде қате өте сирек кездеседі. Сондықтан қате кеткен жағдайда оқушымен жеке жұмыс жасаймыз.

41. Ф, ф әріптің жазылу емлесі.

Бұл әріптің формасы  күрделі.Сондықтан оны жазуда қателер  кетеді. Әріп үзіліссіз жазылады.

             Алдыңғы немесе келесі әріптермен үзіліссіз  байланысады.


              Жазудағы қателер:


  Формасының бұзылуы;          екінші элемент -----  жазылған;


Алдыңғы немесе келесі әріппен  байланысу қайталанады.    Үлкен Ф әрібі бір үзіліспен жазылады.

              Әріпті үзіліссіз жазуға болады. Бірақ қиындау келеді.


             Мынадай қателер кетуі мүмкін:


            


42. Ю, ю әріптің жазылу емлесі.

Ю әрібі үзіліссіз  жазылады немес келесі әріппен үзіліссіз  баланысады.Әріпті бастағанда н әріпі  сияқты бастаймыз. Екінші бөлігіне әріпі  сияқты саламыз. Екінші  элементі әртүрлі  жазылады. Ол келесі элементімен байланысуына байланысты.

    


Үлкен Ю әріпі де біріншісі  н әрібі сияқты, ал екінші сопақша. Үлкен Ю әрібінің келесі әріппен  тек төмен жағынан ғана үзіліссіз  болады.

43. Э, э әріптің жазылу  емлесі.

Келесі әріптермен үзіліссіз  байланысады. Ортасындағы элемент  бөлек жазылады.

              Әріпті жазғанда оның формасына, аяқ жағының қайырылуына назар аудару керек.


44. Я, я әріптің жазылу  емлесі.

 

 

 

 

2.3.  Бастауыш  мектепте оқуға, жазуға үйретудің пәні негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері.

Бастауыш сынып оқушыларының  каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастырудың  деңгейі белгіленді.

( төмен, орта, жоғары )

Төмен: бастауыш сыныптың оқушыларында әріп элементтен жазу жөнінде  қызықтары бар, бірақ ол жөнінде  білімі жеткіліксіз, яғни қазіргі штрихтарға көңіл бөлінбеген. Жазудағы гигиеналық талаптары ескерілмеген. Ол жөніндегі – түсініктері төмен . Арнайы каллеграфиялық  жазуды дамытуды физиологиялық психологиялық гигиеналық іскерлікпен мүмкіндіктері толық меңгермегендер.

Орта: графика - каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыруда орфаэпиялық және орфаграфиялық    дағдылары жазуда тік механикалық түрде пайданылады, шғрмашылық іскерлікті көрсетпейтіндер.

Жоғары: каллеграфиялық жазу дағдылары дұрыс, әсіресе өз бетінше жұмыс жүргізуде қызығушылығы жоғары, арнайы жазу үлгілері дәптерлер негізінде түрлі нәтижелік үлгілерге сүйене отырып, жазу дағдыларды жетілдіргендер, әсіресе өзін - өзі ұйымдастыруға шабытпен ұмтылатындар. Жазудағы мұғалімнен алған теориялық – практикалық мүмкіндіктерді терең түсініп, оның әрбір жазу кезеңдерінде, физиологиялық – психологиялық, гигиеналық, педагогикалық іс - әрекеттерін тиімді пайдалана білетіндер.  Эксперимент үш кезеңде өтілді.

№ 36 орта мектептің бастауыш буыны 1 сыныбында өткізілді. Анықтау  эксперимент жүргізу барысында  баламен әңгіме – сұхбат, жазуға арналған жаттығу әдістері, логикалық ойын түрлері оқушылардың тіл сабағында сауатты, шапшаң, көркем жазу дағдыларының бастапқы жағдайы анықталынды. ( Яғни, көркем жазудағы әрбір әріп элементтерін білу, жалпы сауатты жазу жайлы білімі мен іскерлігі талапқа алынды. )

Анықтау барысында сыныптағы  оқушылар жазу жайлы ұғымдары бар, бірақ  оны қызығушылықты үйлесімділікпен  орындауда шрифт, штрих, конфигурация сияқты элементтерін ажырата білу, бас әріп кіші әріп элементтерінің дәстүрлі жазу үлгілерін, үзікті жазу, буындап жазу, сөзбен сөйлемді жазу сияқты жазу мәдениеттінің негізгі көрсеткіштерінің маңызын білу керектігі байқалды.

 Қалыптастыру эксперименті  үш кезеңде өтілді:

    Оқушыларға  жазу дағдыларын қалыптастырудың  тиімді жолдарын тілге сүйне  отырып, жекелеген жүргізу қарастырыды.

І кезеңде – балаға жазу дағдыларын сауатты, шапшаң түрде  үйретуде тіл сабақтарын логикамен  байланыстыра отырып қалыптастырдық. Кезеңнің негізгі міндеті оқу  мен жазуды бірдей байланыстыра жүргізу  К.Д. Ушинскийдің негізіне сүйене отырып, жүргізген сабақтардағы мүмкінтермен тексерілді.

ІІ кезеңде – көркем жазуға үйрету арнайы қазақ тілі мен  ана тілі сабақтарда өткізілді. Сабақтардың  көздеген мақсаттарына байланысты көркем жазуға уақыт арналып орфаграфиялық  орфаэпиялық жазу нормаларымен жұмыс істеудің әр түрлі амал жолдарын іздестіре білу, оны сабақ үрдісінде нәтижелі пайдалана білу қамтамасыз етілді.

ІІІ кезеңде – арнайы бастауыш мектептің аптасына бір  рет берілетін көркем жазу сабақтарында жазу мәдениеті арқылы өз бетінше  шығармашылық әрекеттер жасауына  үйрету қажеттігі туды. Бұған сауатты жаза білетін бала ғана дұрыс, шапшаң оқудан хабары бар, өз ісіне жауап бере алатын, сабақ, сабақтан тыс уақтында да өз бетінше жұмыс істей алатын тұлға бола алады. Эксперимент барысында 1 сыныпта арнайы санақ арқылы дағдыландыру, оған қоса ойын – жаттығулары сияқты жұмыстар жүргізілді.

 

Сабақтың тақырыбы:  Аа әріпі мен дыбысы.

Сабақтың мақсаты:

    1. оқушыларға жаңа дыбысты таныту, таңбалы жазуды меңгерту;
    2. Сөйлеуін, ойлауын, байқампаздығын, іс - әрекетін дамыту;
    3. Білімділікке, әдептілікке, дыбыстық, буындық, талдау жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, суреттер,  кеспе әріптер, дидактикалық материалдар.

Оқытудың әдісі:  Әңгімелеу, сұрақ – жауап, ізденушілік, санау бойынша оқыту.

Оқыту түрі: Ұжымдық саяхат.

Оқыт технологиясы: Дамыта оқыту.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, математика, сурет.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Жаңа сабақ. Сергіту сәті. Әліппемен

жұмыс. Дыбыстық талдау. Дидактикалық ойындар, бекіту. Қорытынды.

Оқушылардың назарын  сабаққа аудару.

Балалар, бүгін біздің сыныпқа қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып құрмет көрсетейік. Қазір қандай сабақ, балалар?

- Әліппе.

Сергіту сәті.

Балалар, ұйқымызды ашып алайық. Бәріміз орнымыздан тұрады.1, 2, 3, 4

Жақсы. Отырамыз.

- Балалар, қазақ тілінде неше әріп бар? ( 42 әріп )

- Неше дыбыс бар? ( 40 дыбыс, екеуі белгі. )

- Балалар, дыбыс дегеніміз  не? Дыбысты танимыз, айтамыз.  Әріпті ше? Жазамыз,оқимыз. Дұрыс.

- Бүгін біз сабағымызды  орманға саяхат жасаудан бастаймыз.  Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.  өздеріңді орманда жүрміз деп есептеңдер. Ал, енді ашыңдар. Не көрдіңдер? Ағаштар, құстар мен аңдар. Ағаштардың аттарын атаңдаршы? Қайың, шырша, емен, терек т.б. Ал, құстардыңатын атаңдаршы? Аққу, торғай, сауысқан т.б. Балалар, орман қандай жерді атаймыз. Орман деп ағаштар көп жерді айтамыз

Енді саяхатымызды жалғастырамыз. Енді баққа барамыз. Ал бақта не көрдіңдер? ( Ағаштар ) Қандай ағаштар? ( Алма ағашы, алмұрт ағашы, алхоры т.б. ) Олай болса, осы айтқан сөздеріңнің бәрі қандай әріппен басталады? ( Аа )

- Балалар! Біз бүгін дыбыстармен танысудан бастиаймыз. Аа әрпі мен дыбысымен танысамыз. Қане, бәріміз айтып көрейікші. А – А – А – А. Қалай айтылып тұр. Созылып, қандай дыбыс екен. Дауысты.

- Жақсы.

- Балалар, дыбыстар  нешеге бөлінеді? ( Екіге ) 

Сонымен Аа дыбысы дауысты екен. Қандай түспен бояу керек? ( Қызыл түспен ) Қане, енді бәріміз қызыл түсті көрсетейікші? ( Көрсетеді).

- Балалар, міне мынау  Аа әріпінің баспа түрі. Аа  әріптің жазба түрі. А бас әрпі, а кіші әріпі.

« Тез ойла, сөз ойла » деген ойын ойнаймыз. А әріпі бар сөздерді кім көп айтады. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз.

І қала  ІІ жеміс  ІІІ көкеніс

Астана  Алма   Картоп

Алматы  Алмұрт  Асқабақ

Ақтау  Ананас  Қызанақ

Атырау  Апельсин  Орамжапырақ

Қарағанда  Банан   Жуа

Павлодар  Анар   Баклажан

Қауын

Қарбыз

Көп сөз айтқан топты  мадақтау. Ойынымызды жалғастырамыз.

« Кім жылдам? », « Жеміс  жеу» ( Жемістер безендірілген балалар  шығады. 1. Алма, 2. Қауын, 3. Банан, 4. Алмұрт, 5. Апельсин ).

Сонымен Аа әріпі сөздің соңында, басында, ортасында кездеседі екен.

Кітаппен жұмыс. Суретпен жұмыс істеу.

Дыбыстық талдау –  Ал – ма. Алма туралы кім өлең біледі? Ал тағы өлең білетіндерің бар ма?

- Жақсы, керемет өлең  біледі екенсіңдер! Қане, айтыңдаршы? Сыныпта кімнің аты А әріпімен  басталады? ( Айнұр, Ақмарал, Айдана, Аружан, Ерлан.)

- Жақсы.

 Сергіту  сағаты.

Ормандағы аюдың

Құлпынай көп екен

Теріп – теріп алайық

Қалтамызға салайық.

- Қане, кім құлпынай  теріп, аюға көмекбереді? Мына  құлпынай өсіп тұр, оны теру  үшін шартын орындау керек.  Құлпынайдың ішінде жасырылған сөздер бар. Егер кімде – кім сол сөзді оқып білсе, сол құлпынайды алады.

Информация о работе Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары