Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 10:22, дипломная работа

Краткое описание

Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.
Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3-5

I – тарау. Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары.

1.1. Жазуға үйретудің тарихынан .........................................................................6-10

1.2. Жазуға үйретудің мақсат – міндеттері, принциптері................................... 11-13

1.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы психо-физиологиялық ерекшеліктері......................................................................14-21

II – тарау. Жазуға, оқуға үйретудің әдістемелік жолдары.

2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.............................22-32

2.2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды оқуға үйретудің жолдары..................33-44

2.3. Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері...............................................................................45-48

Қорытынды....................................................................................................49-52

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................53

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Балаларды-оқуға-жазуға-үйрету-процесінде-талдау-жинақтау-әдісін-қолдану-жолдары.doc

— 556.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                            Шымкент Университеті

«Педагогика және психология» 

кафедрасы

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: «Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары»

 

 

 

     

                 Ғылыми жетекшісі: Г.Мырзадәулет

                                                                                       Орындаған: ПМ2-1кз тобының студенті М.Басқараева

 

 

 

                                                        

 

 

                                                               

                                                               ШЫМКЕНТ -2007

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................................3-5

 

I – тарау. Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары.

 

1.1.  Жазуға үйретудің тарихынан .........................................................................6-10

 

1.2. Жазуға үйретудің  мақсат – міндеттері, принциптері................................... 11-13 

 

1.3. Жазудың графикалық дағдыларын қалыптастырудағы  психо-физиологиялық ерекшеліктері......................................................................14-21

 

II – тарау. Жазуға, оқуға үйретудің әдістемелік жолдары.

 

2.1. Жазудың сапасы және оны қалыптастыру жұмыстары.............................22-32

 

2.2. Дауысты, дауыссыз  дыбыстарды оқуға үйретудің жолдары..................33-44

 

2.3. Бастауыш мектепте оқуға, жазуға үйретудің негізінде жүргізілген эксперимент нәтижелері...............................................................................45-48

 

Қорытынды....................................................................................................49-52

 

Әдебиеттер тізімі...............................................................................................53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Зерттеудің  көкейкестілігі.

Білім беру саласында  жүріп жатқан демократияландыру  мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш сыныпта  күрделеніп оқу мен жазуды байланыстыру, көркемдей шапшаң жазу сияқты талпыныс жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.

  Бастауыш метепте оқу, жазуды үйретудің әдістемесі басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ ерте кезден пікір – талас туғызып келеді.

Американдық психолог Ф.Фришен  ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 –  жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Оқу, жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінің де әсері мол. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың  аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.

Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.

Мұндай оқу, жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.

1. Өзінің зерттеулер  немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі  негізінде жасалынған қорытындылар  немесе әдістемелік нұсқаулар.  Бұл жазуды байытуға әсерін  тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.

2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.

3. Жасалған іс –  тәжірибиелер арқылы әдістердің  өзгеруі.

Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.

Көркем жазу саласында  көптеген сұрақтар пікірталас тудырып, ауқымды мәселеге айналды.

Олар:

а) 5 – 6 жасар баланы қалай  жазуға оқытамыз?

ә ) үзіліссіз және үзіліспен  жазуды қалай қолданамыз?

б) тік және көлбеу жазуды қалай қолданамыз?

в) қай қолмен жазған  дұрыс?

г) әріптің көлемі қандай болу керек?

Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.

Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің  алғашқы кезінде курсивті жазу емес,  құрамында көптеген элементтері  бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.

Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен  әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті.

АҚШ елінің кей мектептерінде  жазудың алғашқы кезінде машинамен  басып үйренді.

Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды. Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналасты.[1./12- 16 б./,2/7 – 9 б./]

Оның ойынша жазуға оқытудың алғашқы кезінде оқушыны таза параққа жазып үйрету керек деп  есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер  шешілген.

Дегенмен, мынадай жағдайды елестетіп көрейікші: техника жоғарғы  деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор.

Міне осыдан келіп  зерттеу мақсаты туындайды.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына жазуды оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді анықтау.

Оқу, жазуды үйретуді зерттей келе, бастауыш мектепте оқу, жазудың жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.

Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта оқу, жазудың маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.

Зерттеу пәні – Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.

Зерттеудің  өзімізше ғылыми жаңалығы – Бастауыш мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, оқу, жазуды үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.

Жұмыстың практикалық  маңыздылығы – бастауыш мектепте тіл сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.

Зерттеудің  теориялық мәні – оқу, жазудың жалпы даму тарихына, оқу, жазуды зерттеген әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың еңбектеріне шолу жасалынды.

Зерттеудің  методологиялық негізі - бастауыш мектептің 1,2, 3,4 –ші сыныптарындағы оқу, жазуды үйрету сабағын жүргізудің қажеттілігімен пайдасын анықтап көрсетті.

Дипломдық жұмысымызда  қолданылған зерттеу әдістері – оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.

Зерттеудің  өміршеңдігі – оқу мен жазуды байланыстыра жүргізген жеке тұлға, сауатты да жан – жақты болып дами алады.

Зерттеу кезеңдері  – 1. Кезеңде ғалым - әдіскерлер, физиолог – гигиенистер еңбектеріне шолу және талдау жасалып (реферат, баяндама, жаттығу) теориялық негіздері қарастырылды.

2. кезеңде білімгерлер  арасындағы ғылыми – практикалық  конференцияда «Көркем жазу сабақтарын  жүргізудің жаңаша жолдары» деген  тақырыппен баяндама жасалынды. Ғылыми жұмыс негізінде «Білімгер - зерттеуші» атағы берілді

3. кезеңде жүргізілген  жұмыстар негізінде диплом жұмысын  жалғастырылды.

Зерттеудің  базасы – Тараз қаласындағы № 36 қазақ орта мектебі .

Диплом жұмысының  құрылымы – кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан,қосымша және әдебиеттер тізімінен қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I – тарау.  Балаларды оқуға, жазуға үйрету  процесінде талдау-жинақтау әдісін  қолдану жолдары.

1.1.  Жазуға үйретудің тарихынан.

Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.

Өте ерте кезде адамдар  тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу  тарихының алғашқы кезеңі еді.

Мәселен, бес жүз мың жыл бұрын өмір сүрген Египет фараоны Наршер өзінің жеңістерін тасқа суреттер арқылы дамып қалдырғысы келеді.Алайда, бұл жеткіліксіз еді. Осы кезде жазудың бір түрі – иероглиф пайда болды.

Иероглиф сөзі « киелі  таңба» деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде иероглифпен  Қытай мен Япония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде  пайда болған.

Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар  сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Екі мың жыл бұрын өмір сүрген Финикиндіктер тек дауыссыз дыбыстарды     ойлап тапқан. Олардың тілінде сол әріптермен сөйлеуге болатын еді. Финикин елінің жазуымен басқа да елдер танысып, соның негізінде ертедегі грек елі алфавит ойлап табады. Бұл алфавитте дауысты және дауыссыз дыбыста болды. Әр елдіңоң алфавитінің пайда болуы ұзаққа созылды. Ерте кезде Грек елінің ғалымы Пеламед алғаш 16 әріп жасаса, уақыт өте жазу дамыту үшін 3,6 т.б. әріп қосып осылайша грек елінің алфавиті пайда болды.

 Славян халықтарына  келетін болсақ, қазіргі кезде олардың өз алфавиті бар. Алайда ерте кезде Славян елінің өз жазуы болған жоқ. Х ғасырдың екінші жартысында Греция елінен шыққан ағайынды Кирим және Мефодий ұлы Моравия ( қазіргі Чехословякия елінің территориясы ) еліне келіп славян елінің жазуын қалыптастыруымен айналысты. Олар славян тілін жақсы білгендіктер, славян алфавитін жасау қиынға соққан жоқ. Бұл славян елдерінің оқуы мен жазуына мүмкіндік берді. [1. / 18 – 23 б./ ]

Қазақ алфавитінің шығу тарихына тоқталсақ Қазан төңкерісіне  дейінгі оқулықтарды екі түрге бөліп қарастыру қолға алынып келеді.

1. Ы.Алтынсарин құрастырған  орыс алфавитіне негізделген  оқулықтар.

2. Араб алфавитіне  негізделген оқулықтар.

Ы.Алтынсарин жаңа оқулық жасау мәселесімн 60 –жылдардың басында  – ақ шұғылданды. 1879 жылы басылып шыққан « Қазақ хрестоматиясының» негізін К.Д.Ушинский сияқты  озық ағартушылардың оқулықтары негізінде жасаудың мақсат етіп қойды және қазақ дыбыстарын орыс әріптермен таңбадау мүмкіншілігін қарастырып, сол ойын осы «Христоматияда» жүзеге асырды.

Білімін көтеретін, тақырыбы оларды ызықтыратын кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс  әріппен шығаруды ұсынды.

Ал А.Е. Алекторовтың, А.В. Василевтің әліппелері орыс алфавитін  қазақ қауымына ұсыну, соның негізінде  жұртшылықтың сауатын ашу ниетінен жазылған еңбектер болатын.

А.Е.Алекторовтың өзінің «К мудрости ступенька» атты еңбегінде: « В этих школах совсем непримимы  учебные книги щвестиых нашых  педагогов Бунакова, Ушинского, Водовозова, Пехомирова и Корфа: материалы их обращается в совершенно неудобоваримую пищу там, где учатся дети киргизов»

Бұл әліппелерде қазақ  дыбыстарының орыс дыбыстарына ұқсастарын береді де, тек қазақ тіліне ғана тән ң, і, ұ, ү, тәрісдес дыбыстарды әліппенің  сонына қояды. Екі тілде бірдей кездесетін, ашық естілетін жуан дауыстылар мен созып айтуға келетін с, ш тәрізді дауыссыздар алдымен беріледі. Шұғыл дауыссыздар кейінге қалдырылады. Осыдан кейін араб алфавитіне негізделген әліппелер де шыға бастады. Соның бірі – Нұрбаевтың « Қазақша  әліппе» оқулығы. Мұнда автор талдау жинақтауда негізделген дыбыстың ұсынғанымен араб, әліпбиі қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтіні анық болатын.Сонымен бірге әліппедегі жаттықтырулардың кейбірі татар әдістерімен берілді.

А.Байтұрсынов ағарту, сауат ашу төңірегінде атқарған қызыметі айрықша. 1912 жылы Орынборда басылған  «Оқу құралдарына» А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың негізделген әріптермен меңгертуді көздеген. Әлипбиді қазақтың төл дыбыстық артикуляциясына дәл келтіре отырып, меңгертуді нысана еткен. Әліппеде бірті – бірте жеңілден күрделіге қарай меңгерту принципін ұстанған.

Мысалы: алғашқы сабақта  а, р, з, дыбыстарын өтуді ұсынса да оқыту  барысында базалық үш әріпті бірден көрсетуді қолдамайды. Әуелі жеке дыбыстарды қайталап айттырып, содан соң әріпті көрсетіп ғана оқытуды ұсынады.

Алғашқы сабақта бір  – екі буынды сөздерденаспайды.Екінші сабақта  л – таңбасы да осы  әдіспен меңгертемін .Әрбір сабақта  А.Байтұрсынов көрнекілік, жүйелілік, ғылымилық, түсінуде қолайлылық қағидаларын ұсынған. Бұл принциптер әлі күнге маңызын жойған жоқ.

Информация о работе Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары