Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 16:10, курсовая работа
Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады. Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам.
Кіріспе
І. Негізгі бөлімі
1-тарау:Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
1.1.Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері
1.2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар
1.3.Тәрбиеші-педагогтың бейнесі
1.4.Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі
1.5.Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны
ІІ.Практикалық бөлім
ІІІ.Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
а) ата-аналардың педагогикалық,психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу,семинарлар ұйымдастыру,жеке топтық кеңестер,тәжірибелік жұмыстар, т.б.);
б) ата-аналарды оқу-тәрбие жұмыстарына қатыстыру;
(ата-аналар жиналысы,бірлескен
шығармашылық жұмыстар,материалдық-
в) балабақшаның
әкімшілігімен бірлескен
(ата-аналар комитеті,ата-
Ата-аналармен
жүргізілетін жұмыстың формасы
мен әдістері олардың
Ата-аналармен жұмыстың
әдістері:бақылау,әңгіме,
Ата-аналармен қарым-қатынас стртегиялары:
Арнайы ұйымдастырылатын жұмыстар:
1.Ай сайын өткізілетін ата-аналар жиналыстары.
2.Ата-аналар комитетін сайлауға арналған нұсқаулық жиналыстар.
3.Бағдарлама бойынша ата-аналарға арналған конференциялар.
4.Белгіленген үлгі бойынша есеп беру.
5.Ата-аналар портфолиосымен жұмыс.(Жылжымалы папка).
6.Жеке кеңестер,шағын топтық кеңес,үйге бару.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың формалары
Дәстүрлі |
Дәстүрден тыс |
-ата-аналар жиналыстары; |
-ата-аналармен тренингтер өткізу; |
-жеке топтық және |
-психологиялық демалыс сәттері ( разминка) |
-тәрбиеші-педагогтің жеке кеңесі; |
-пікірсайыстар жүргізу; |
-балалардың үйінде болуы; |
-дөңгелек үстел; |
-ашық есік күндері; |
-ауызша журнал; |
-ата-аналар кештері; | |
-ашық сабақтар; |
Педагогикалық білім беру-бұл бала тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен ата-аналарды таныстырады және олардың негізгі педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
Дәрістер-бұл бала тәрбиесінің мәні мен маңызына жан-жақты терең талдау жасау.Дәрістегі ең басты көңіл бөлетін мәселе-ол белгіленген жағдайға немесе құбылысқа талдау жасау болып табылады.
Конференция-бұл бала тәрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру және оны бекіту.
Ата-аналарға арналған конференциялар-балабақшаның тәрбиелеу мен білім беру жүйесінде ерекше маңызды орын алады.Ата-аналарға арналған конференцияларда болашақ қоғамның азаматтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері қозғалып,оны тәжірибеде жүзеге асырудың жолдары нақты қарастырылады.Ата-ананың рөлі,бала тәрбиесіндегі қиындықтар,отбасы тәрбиесінің маңызы,т.б. тақырыптар болуы мүмкін.
Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет.Мұнда белгілі ғалымдар,психологтар мен педагогтар,әлеуметтік педагог,дәрігер,т.б. міндетті түрде қатысулары қажет.Олар өз іс-тәжірибелері тұрғысынан мәселеге талдау жасайды.Конференцияның ерекшелігі-белгілі бір мәселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылуында.
Тәрбиеші ата-аналарды өзінің кәсіби жұмыстарын төмендегідей маңызды мәліметтермен таныстыруы мүмкін:
-баланың денсаулығының ерекшеліктері;
-оның қызығушылығы мен іс-әреккетіндегі жетістіктері;
-отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті;
-мінез-құлқындағы эмоционалдық әсерленуі;
-мінез сипатының ерекшелігі;
-ойын іс-әрекетіндегі белсенділігі;
-құрбыластарымен қарым-қатынас ерекшеліктері, т.б.
Үйге бару-мұнда тәрбиешінің ата-аналарымен жеке жұмысы және баланың отбасындағы жағдайымен танысу.
Ата-аналар жиналысы-тәрбиелеу мен білім беру жұмыстарына талдау жасау және тәжірибені педагогика ғылымы негізінде ой елегінен өткізу.
Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған нұсқау.
Балабақшада ата-аналарға
арналған жиналыстарда
Жетістіктеріміз:
1.Тәрбиешілер ата-аналар
жиналыстарына дайындалу және
өткізу барысында
2.Әр топтағы балалардың
ата-аналарының ұжымын
3.Ата-аналардың
4.Бала тәрбиесіндегі
педагог пен ата-ананың
5.Ата-аналардың педагогикалық,
Кемшіліктеріміз:
1.Ата-аналардыңаталған
жиналыстарға қатысу
2.Ата-аналармен қарам-қатынас
жасаудағы кездесетін
3.Ата-аналар жиналыстарының
өткізу формаларының
4.Педагогикалық біліктілік
пен іскерліктің
5.Балабақша жайында жағымсыз мәліметтер мен дұрыс емес ақпараттардың таратылуы.
6.Қаржы мәселесі жайында
дұрыс шешімдер қабылдану
Ата-аналар жиналыстарын дұрыс өткізу үшін педагогтар есіне:
1.Алға қоятын мақсатыңыз нақты,айқын болсын.
2.Жиналысқа арнайы
мамандарды шақыру ең тиімді
көмекші болмақ.Атап айтқанда
психолог,әлеуметтік психолог,
3.Ата-аналар жиналысына
тақырыбына сәйкес осы
4.Жиналысты өткізуге
алдын-ала дайындық кезеңін
5.Ұйымдастыру формасы
ата-аналардың белсенділігін
6.Жұмыс барысында
рефлексия жүргізуді ойластыру
(сөз ойла,тез ойла,арт терапия,сұрақ-сауалдар,ойын-
7.Жиналыс өткізілетін
орын таза,желдетілген болу
8.Ата-аналар жиналыстарында
балабақшадағы кезеңде баланың
іс-әрекеті немесе мінез-
9.Баланың жақсы
жақтарын айту сіздің
10.Ата-аналар жиналысына
қатысушыларды мадақтауды,
Жалпы ата-аналар
жиналысы-жылына екі рет
Ата-аналар оқулары-бұл
бала тәрбиесі жайында ата-
Ата-аналар
кештері-мұндай кештер ата-
Ата-аналар кештерінің мүмкін болатын тақырыптары:
1.Баланың дүниеге келуі және алғашқы жылдағы дамуы.
2.Баланың ең алғашқы кітабы.
3.Менің баламның болашағы?Мен оны қалай көремін?
4.Менің баламның достары.
5.Менің отбасымның мерекесі.
6.Біздің отбасымыздағы "болады","болмайды" ұғымдары жайында.
7.Туған күнді қалай тойласыз?
8.Біздің балаларымыздың айтатын әндері.
Аталған кештен
ата-аналар бір-біріне үлгі
Ата-аналармен жүргізілетін
тренингтер-бұл ата-аналардың
Дәрісті қорыта
келе,тәрбиешінің қызметі мен
міндеттері анықтап,
Қош келдің – әз Наурыз мерекесі.
Мақсаты: «Наурыз» мерекесі
туралы түсініктерін, білімдерін кеңейту
мақсатында халқымыздың салт-дәстүрін
балалардың бойына сіңіру
Саз залы әсем безендірілген. Мерекелік
көңіл-күйде сазды әуенмен топ балалары
кіреді.
1-бала: Армысыңдар ағайын,
Бармысыңдар, ағайын.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын!
2-бала: Наурыз келді, нұр келді
Түгел аймақ түрленді,
Наурызда күлімдеп,
Күн нұры төгілді.
3-бала: Басталды міне тойымыз
Ұнады әнмен ойымыз
Наурыз бақыт әкелсін
Тойға ұлассын тойымыз.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: - Міне, көктем келді,
Жер құлпырып көгерді.
Дала қысқы ұйқыдан оянып,
Бізге өзінің әсем жауқазындарын сыйлады.
Би: «Жауқазын».
(Би аяқтала бере, ортада билеп
жүрген жауқазынды Қара дауыл ұрлап әкетеді).
Жауқазындар: - Біздің жауқазын гүліміз
қайда? Қара дауыл біздің мерекемізге
кедергі жасағысы келіп тұр ма? Кім енді
біздің әсем жауқазынымызды Қара дауылдан
құтқарады?
(Ортаға батырлар шығады).
- Мен Ер Төстікпін – ең батылмын, батырмын!
- Мен Тазша баламын – ең айлакермін!
- Мен Желаяқпын – ең шапшаңмын!
- Мен Саққұлақпын – жердің асты-үстідегінің
бәрін естимін!
- Мен Таусоғармын – тауларды бір орыннан
екінші орынға қозғаймын!
Бәрі бірге: - Біз жігіттер – ең тапқырмыз!
(Ортаға жартылай шеңбер жасап, малдасын
құрып отырып, ақылдасады).
Ер Төстік: - Әрқайсымыздың өз басымыз
бар. Ал, қиыншылықты жеңуге дайынбыз ба?
Батырлар: - Ия, дайынбыз!!!
Ер Төстікпін: - Мен Қаратаудың бойымен
жүруді ұсынамын. Өйткені, жолда данагөй
Жамал әжені кездестіреміз. Мүмкін ол
бізге көмектесер.
Батырлар: - Аттанайық!!!
Жүргізуші: - Олар аттарына мініп Қаратау
жаққа жол тартты.
- Біздің батырлар данагөй Жамал әжеге
жеткенше, біздер көңілімізді көтеріп
ән салайық, Наурызға арнап, жыр арнайық.
4-бала: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан - дала қарлы шың.
5-бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке - ырыс сыйлашы.
6-бала: Армысың, Наурыз!
Қуаныш боп кір, төрлет!
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр, сый-құрмет.
(Батырлар Жамал әжені кездестіреді,
амандасады)
Тазша бала: - О, Жамал әже, сіз естіген
шығарсыз, біздің мерекеміздің рәмізін
Қара дауыл өз патшалығына алып кетті.
Наурыз тойымыздың көңіл-күйін түсірді.
Бізге қандай ақыл бересіз?
Жамал әже: (құмалақ ашып, бал тартады)
– Көмегімді аямай, көрген-білгенімді
айтайын. ...Сендердің гүлдерің аман-сау!
Бірақ та оны табу оңай емес. Сусыз шөлейттен,
суық таулар арасынан өтулерің керек.
Сендерді қиыншылық күтіп тұр. Еңселерің
түспесін. Мен сендерге көмектесемін,
мына ғажайып түйір жіпті беремін. Осы
түйір жіп сендерге жол көрсетеді.
Батырлар: - Рахмет, әже!! Біз аттанайық!
(Залды бір айналып шығып кетеді).
Жүргізуші: - Салт-дәстүрімізді
сақтаған,
Қазағымнан айналдым.
Батырларымызға сәт-сапар деп,
«Домбыра» ойынын бастадым.
Ойын «Домбыра».
Жүргізуші: - Батырлар бірнеше күн,
бірнеше түн жүріп келеді. Бір кезде алдарынан
ошақ басында отырған Мыстан кемпір кездеседі.
Батырлардың алдарында домалап келе жатырған
ғажайып түйір жіпке шап беріп, қағып алып,
тығып тастайды
Мыстан: - Әй, сендер мұнда неғып
жүрсіңдер?
Саққұлақ: - Біздер Қара дауыл патшалығын
іздеп келе жатырмыз, ол біздің гүлімізді
алып кеткен. Мыстан әже қайтар біздің
ғажайып түйір жіпті!
Мыстан: - Жоқ! Мен сендерге қайтармаймын
да, әрі өткізбеймін. Қара дауыл менің
досым ғой. Мен неге сендерге болысу керекпін?
Ал егерде ...сендер менің жұмбақтарымның
шешуін тапсаңдар, сонда ғана мүмкін ойланып
қарармын. Жұмбақтар болса, өте күрделі,
оның жауабын ешкім таба алмаған.
Желаяқ: - Саспа Мыстан әже, сенің жұмбақтарыңды
шешеміз!
Мыстан: - Олай болса, тыңдаңдар:
1. Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар. (киіз үй)
2. Құлағын бұрап тартқаны не? (Домбыра)
3. Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар. (Ұршық).
Мыстан: - Сендер расында тапқыр екенсіңдер...
Сонда да мен сендерге ғажайып түйір жіпті
қайтармаймын. Ол мүмкін өзіме де керек
болып қалар. Мен одан да өзіме тамаша
жемпір тоқырмын, мүмкін.
Жүргізуші: - Ой, мыстан әже, мүмкін
сіздің қатып қалған жүрегіңізді біздің
балалардың өлең-жыры жібітер.
7-бала: Келді Наурыз жар салып,
Кел, билейік, ән салып.
Жылда келсін, ұлы күн,
Тұрайық есен қарсы алып.
Ән: «Наурыз»
Мыстан: - Қалай тамаша әндетесіңдер?!
Менің жүрегім жылыды, тұла бойыма қан
жүгіріп, сендермен бірге би билегім келді
ғой. Рахмет, сендердің тамаша әндеріңе!
Мә, міне, ұстаңдар, ғажайып түйір жіптерің!
Мен домбыра сатып алып, ән айтуға үйренбесем.
Жолдарың болсын!
(Батырлар бастарын иіп Мыстан кемпірмен
қоштасады).
Жүргізуші: - Көп пе, аз ба, батырлар ұзақ
жол жүріп шөлдеп, шалдығып келе жатырса,
алдарынан Айдаһарды кездестіреді.
- Кімсіңдер?
Айдаһар: Желаяқ: - Біздер батырлармыз,
жауқазын гүлін іздеп келеміз.
Таусоғар: - Әй, Айдаһар, сенің құдығыңнан
су ішуге бол ма?
Айдаһар: - Бұл не деген сұрақ? Әрине болмайды!
Бұл құдықтан бір тамшы суды да татпайсыңдар!
Бұл құдыққа жүз жыл, сонша маған да. Жүз
жыл бойы бұл жерден қанша тірі жан өткен,
бірақ та ешқайсысы менің құдығымнан су
ішіп көрмеген. Сондықтан да аман-сау тұрғандарыңда
бұл жерден кетуге тырысыңдар!
(Батырлар ақылдасады).
Ер Төстік: - Айдаһар сен бізбен бірге ойын
ойнауға келісесің бе?
Айдаһар: - Ол не, ойын деген?
Жүргізуші: - Қазір біз көрсетеміз. Ойынымыздың
аты «Қыз қуу».
(Ойын шарты түсіндіріледі).
Ойын: «Қыз Қуу»
Айдаһар: - Менің көңілімді көтердіңдер.
Жарайды, құдығымнан су ішіңдер.
(құдығынан су алып береді).
Батырлар: - Рахмет, саған, Айдаһар!
Жүргізуші: - Батырлар әрі қарай жол тартты.
(Батырлар жолға шығады).
Жүргізуші: - Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
Қазақ биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
Би: «Жігіттер биі».
Жүргізуші: - Батырлар жолда келе жатады.
Бір кезде шаршап-шалдығып құлап, ұйқыға
батады. Батырлар жауқазын гүлінің жұпар
иісін сезеді.
Тазша бала: - Батырлар-ау, жауқазын гүлінің
иісін сеземісіңдер? Бірақ, гүліміз әлі
Қара дауылдың қолында.
(Осы кезде Қара дауыл ұшып келіп, батырлармен
шайқасады. Батырлар жеңіп, Қара дауыл
құлайды).
Батырлар: - Қайда, біздің жауқазын?
Қара дауыл: - Айтамын, айтамын, жауқазынның
қайда екенін, тек қана мені жіберіңдерші?
Ер Төстік: - Жібереміз, егерде зұлымдықты
қойсаң.
Қара дауыл: - Қоямын, зұлымдығымды қоямын.
Мені кешіріңдерші. Мен жалғыз болдым,
менің қара үңгірімде мұнайлы болды. Сосын
жауқазын менің көңілімді көтерер деп
ойладым. Мен қатемді түсіндім, мені жіберіңдер,
мен сендерге жауқазынды қайтарамын.
(Қара дауыл жауқазынды алып келеді).
Жүргізуші: - Барлық ертегідей, жақсылық
зұлымдықты жеңеді. Бүгін де біздің батырлар
гүлді құтқарып, мерекеміздің сәнін ашты.
Батырлар: - Біз туған жерімізге мерекені
қайтардық!!!
Ән: «Жауқазын»
Би «Наурыз».
Жүргізуші: - Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз – ендеше, қыз
бен жігіт айтысын тамашалайық.
Айтыс
- Наурыз көже – тағамның ең үлкені
Жадыратып, жаныңды семіртеді.
Дәм татыңыз, ағайын бұрыл бері,
Дастарханынан наурыздың дәл бүгінгі.
– дей келе, ертеңгілігіміздің соңында
баршаңызды дәм татуға шақырамыз.
Ән: «Наурыз»
Соңы.
Информация о работе Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі