Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2014 в 16:10, курсовая работа

Краткое описание

Тәрбиеші – оқу-тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік-техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында Тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік-мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші пед. оқу орындарында даярланады. Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам.

Содержание

Кіріспе
І. Негізгі бөлімі
1-тарау:Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі
1.1.Тәрбиешінің қызметі мен міндеттері
1.2. Тәрбиешінің жеке басына қойылатын талаптар
1.3.Тәрбиеші-педагогтың бейнесі
1.4.Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі
1.5.Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны
ІІ.Практикалық бөлім
ІІІ.Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тілектес курстық.docx

— 72.23 Кб (Скачать документ)

    Тәрбиешіге қойылатын талаптар:

1) тәрбиеші болатын адам  өзінің мінезін,жүріс-тұрысын жөнге  салып,балалар іс-әрекетін дұрыс  ұйымдастыра білуі керек;

2) арнаулы білім,білік  пен іскерлік-дағдыны  меңгеруі  керек;

3) баламен еркін,жақын  тарта сөйлесе білуі керек;

4) ол өзінің көзқарасымен,ым-ишарасымен  де өз ойын балаға жеткізіп,түсіндіре  алуы керек;

5) жұмысты ұйымдастыра  білетін,тиісті жерінде қатал  талап қоя алатын болуы,кейде  әзілдесіп,тиісті жерде көңіл  аудара алатын болуы шарт;

6) тәрбиешінің әрбір қимылы,жүріс-тұрысының  өзі балаларға өнеге,тәлім-тәрбие  берерліктей болуы тиіс.

   Жаңашыл педагог  Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей  талап қояды:

-педагог тәрбиеші әріптестеріне  мейрімді,жылы шырайлы,ықыласты  болуы керек;

-әріптестерімен қарым-қатынас  жасаудың әдебін,дауыс сарынын,жылы  үнін  игеруі керек;

-әріптестерінің табысына  қызғанышпен,күншілдікпен қарауға  құқы жоқ;

-әріптестерімен өз тәжірибесін  бөлісуге міндетті,үйренуге ұялмауы  керек;

-әріптестеріне жоғарыдан  менсінбей  қарауға құқы жоқ,әріптестерінің  ар-намысын,атақ-даңқын сақтауы керек;

-балаға байланысты отбасы  құпиясының бәрін білуі керек,бірақ  оны ешкімге шашпау,айтпау керек.

 

 

 

     1.3Тәрбиеші-педагогтың бейнесі:

1.Мектепке дейінгі тәрбиелеу   мен білім беру мазмұнын,әдіс-тәсілдерін  жетік білуі.

-материалды түсінікті  жеткізе білуі.

2.Сабақты өткізу әдістемесі.

-балаларды оқу-тәрбие  жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра  білуі және баланың іс-әрекетін  дұрыс бағалай білуі;

-тәжірибелік білім-білік  дағдыларды қалыптастыра білуі.

   Өзінің іс-әрекетін  сыни тұрғыдан бағалай білу  қабілеті:

-кәсіби біліктілікті  жетілдіре білу қабілеттілігі;

-балалармен дұрыс қарым-қатынас  орнықтыра білуі;

-ата-аналармен тіл табыса  білуі;

-сөйлеу мәдениеттілігі.

3.Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:

-өзінің эмоциялық көңіл-күйін басқара алуы;

-байланыстырып сөйлей алуға үйрете алуы;

-балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;

-педагогикалық терминдерді  дұрыс,тиімді пайдалана білу дағдысы.

4.Жас ерекшелігі психологиясы  туралы білімі:

-балалардың басым көпшілігінің  қызығушылығын туғыза білуі;

-балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;

-жеке-дара оқытудың  әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.

5.Жаңа технологияларды  пайдалана білу:

-қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;

-білім беруді дамыту  бағыттарын айқындай білуі.

   Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:

1.Сыртқы кескін-келбеті.

2.Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз ету.

3.Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.

4.Оқу тәрбие процесіндегі  қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.

5.Педагогикалық талаптарды  орындай білуі.

6.Әзіл-қалжыңға мән бере білуі.

7.Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай,қолдай білуі.

8.Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.

9.Шыдамдылық және төзімділік.

10.Басқалардың пікірін  сыйлай білу.

11.Балалардың құпия-сырын сақтай білу.

12.Басқа адамдарды түсіну және сезіне білу қабілеттілігі.

13.Еркіндік,икемділік.

14.Табан астындағы тосын  іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білу.

15.Байқампаздығы,бақылампаздығы.

16.Кез келген жағдайда  қарым-қатынас жасай алуы.

17.Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.

    Тәрбиешінің бойында  болатын маңызды сапалары:ақылдылығы,қайырымдылығы,мәдениеттілігі,білімділігі,кәсіби шеберлігі,балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі,белсенділігі,жан-жақты қызығушылығы,ұйымдастырушылық қабілеті,бір нәрсемен шұғылдануы,зиялылығы,әзіл-қалжыңға бейімділігі,басқаны тыңдай білуі,талдау жасай білу қабілеті,еңбексүйгіштігі,мейірімділігі,әділдігі,ашықтығы,шыншылдығы,әділеттілігі,әдептілігі,жақсылық жасай білуі.

   Тәрбишінің артистігі дегеніміз-түрлі қиын жағдайларға кездескенде тапқырлық көрсету.Баланың көзін жеткізетін іс-әрекет,тәсіл,ұтымды әдіс тауып,шеберлік көрсете білу.Өз сезімін,ішкі жан-дүниесін басқарып,ұжыммен қарым-қатынас үстінде ерік-жігерін икемділікпен іске асыру.Бұл мәселені кезінде А.С.Макаренко көтерген:"Педагогика ғылым ғана емес,өнер де,сондықтан педагог өз бойына артистік шеберлікті қалыптастыруы керек".Балаларға суық,ызалы,ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда,әзілді түсінетін,жайма-шуақ,шыншыл,өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды.Тәрбиешінің жұмысқа шат көңілмен,ширақ қарауы балаларды сергітіп,жұмысқа жұмылдыра түседі.

   Педагогтік оптимизм  туралы болғанда,психолог Владимир  Левидің өзіне-өзі гипноз жасау туралы кеңестерін пайдаланып (таңертең сенімді,әрі әсерлідауыспен:"Мен жұмысымды сүйемін!","Бәрі де жақсы болады!"т.б.),өзін-өзі сендіру тәсілін игеру қажет.Бұл педагогтік оптимизмді қалыптастырады.Педагогтік оптимизм үшін тәрбиешінің денсаулығы,күн тәртібі жүйелі түрде сақталуы қажет.Тәрбиеші киімінің эстетикалық талғамға сай,сәнді,жасына лайықты,жұмыс істеуіне ыңғайлы,тігілуі де көтеріңкі көңіл-күй тудырады.Балалар тәрбиешінің салдар-салпақ киініп,шашын жөндеп тарамай келгенін кешірмейді,ол дұрыс та.Адамның сыртқы келбет-көрінісі-айналасындағыларға  құрмет көрсетуі.Киім адамды жинақыландырып,тәртіпке салудың факторы бола алады.Мысалы:сәнді киініп тұрып балаларға дөрекі дауыспен айқайлауға,ерсі қимыл-әрекет жасауға болмайды.Ол сыртқы әсемдікпен үйлеспейді.Педагог әдептілігінің келесі бөлігі-тәрбиешінің кәсіби қарулануы.Өзін-өзі жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс жүргізу,мамандығы бойынша білімін тереңдету,педагогика және психология теориясын білу,әдістемені игеру,әдебиет пен өнерге ден қою,үздіксіз іздену.Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар:тыныс алуды реттеу,дауысты жолға қою,анық,мақамдап сөйлеу,орфоэпия нормаларын сақтау,әдеби тілді игеру,сөздің эмоциялық әсерлілігін қалыптастыру қажет. "Атына заты лайық педагог" болу үшін жоғары мәдениетті,идеялық сенімі мықты,азаматтық айқындамасы орнықты,кәсіптік білім деңгейі жоғары,жаңалыққа жаны құмар,тың шешім қабылдай алатын тәрбиеші болуы керек.Міне,осындай педагог қана болашақ қоғам иесі бүлдіршіндерге тыңғылықты тәрбие бере алады.

   1.4.Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі және қызметінің ерекшелігі.

   Оқу-тәрбие ісін жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастыра білген тәрбиешіні шебер тәрбиеші дейді.Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер меес,бірақ ол-дәрігер мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық (А.С.Макаренко).Шебер тәрбиешінің жұмысы өз ісін терең білумен,белгілі стилі мен даусы дауыс ырғағынан,тәжірибеде тексерілген әдіс-тәсілдер жиынтығынан,күнделікті оқу-тәрбиенің мақсат,міндетін анықтауынан байқалады.Шебер тәрбиеші тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін,не үшін істейтінін,қандай дәрежеге жеткісі келетінін саналы,анық және дәл біледі.

    Шебер тәрбиешінің  бөлмелерді жабдықтауы,тәрбие жұмысына  қажетті көрнекі құралдардың  түгел болуы,педагогикалық мақсатқа  сәйкестелінген болады.Олардың өз  орындарында тұруы жемісті еңбек  етуге жағдай жасайды.Шебер тәрбиешінің  негізгі қасиеттерінінң бірі-педагогикалық  әдептілік.Педагогикалық әдептілік  бала психологиясын және оның  жас ерекшеліктерін жете білуді  талап етеді.А.С.Макаренкокейбір  тәрбиеші баланың жіберген кемшіліктерін  тек қана айту,үйрету  әдістерімен  түсіндіріп,ұзақ уақыт адамгершілік  жайлы өсиеттер айтуын педагогтық  әдептілікке жатпайды.Пледагогтық  әдептіліктің қайнар көзі-балаларды  сүю және қадірлей білу.

   Педагогтік әдептілік  дегеніміз балаларға ілтипатты,сезімтал  болып,азамат ретінде олардың  жеке басынынң қасиеттерін қадірлеу,олармен  қарым-қатынаста өзінің жақсы  жақтарын көрсете,сөйлесе,түсінсе  білу.Тәрбиешіде қажетті әдептіліктің  болмауы балаларды алдау мен  өтірік айтуға итермелейді.Педагогикалық  әдептіліктің бір көрінісі-шамамен  сезу қасиеті онда тәрбие әдістерінің  көпшілігі нәтижелі болады.

    Қолайлы әдіс  таба білу-педагогикалық шеберлік  пен әдептіліктің көрінісі.Нағыз  беделді педагогтың күші оның  ұжымды ұйымдастыра білуі мен  сол арқылы балаларға әсер  ете білу қабілетінде жатыр.Шеберлік  бірден емес жылдар өтіп тәжірибе  жинақтаумен келеді.Шеберлік үйретумен,үйренумен,өз  ісіне деген сүйіспеншілік пен  тәжңрибемен,жұмысқа ұқыпты қараумен,саналы,ойлы,еңбекпен  қалыптасады.Бұл жөнінде А.С.Макаренко "Шеберлікке қол жетеді,атақты шебер металл жонушы тамаша шебер дәрігер болған сияқты,тамаша шебер педагог та болады,болуға тиіс"деген.

    Білікті маман  дайындау үшін жоғары оқу орындарында  педагогті тәрбиелеу,үйрету,қажетті  педагогикалық техниканы меңгерту  керек.Олай болса,шеберлікке жетудің  жолы-педагогті жоғары оқу орындарында  тәрбиелеу,үйрету,өздігінен педагогикалық  теорияларды меңгерту,балаларды,өз  мамандығын жақсы көру,шығармашылық  еңбек ету,тәжірибе жинақтау.

   Тәрбиеші  қызметінің ерекшелігі.Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты заманымыздың "ұлы ісін"атқарушы тәрбиеші мамандығының қыры да,сыры да көп,қиын да қызықты.Бұл іс тәрбиешіден балалардың күн санап өсуін,ақыл-ойының дамуын,психологиясының,дене құрылысының жетілуін,мінез-құлқының қалыпиасуын,дүние танымының кеңеюін үнемі көріп,сезіп отыруды талап етеді.Сондықтан тәрбиеші күнделікті жұмысында балаларының үздіксіз өсе беруін,білімінің молайып,идеялық көзқарасының,сенімінің артуын көздеп,оларға жүйелі ықпал етуді қарастырады.

    Тәрбиеші әрбір  тәрбие сағаты сайын балаларға  "жұмбақ дүниенің"құпия сырын ашады,алғашқы білім сатысына жетелеп,қиялын дамытады.Әрқашан да білуге құштар,көңілі шат,еліктегіш балалардың талабы мен мүддесінен шығып,дұрыс басшылық етіп,бағыт беру үшін тәрбиеші терең білімді,өнерлі,жан-жақты жетілген,өз ісінің шебері болуға міндетті.

   Қызметінің ерекшелігіне  байланысты тәрбиеші педагогтың  әдепті игеруі керек.Әдеп-мораль,оның  шығуы табиғаты туралы,белгілі  адмгершілік принциптермен нормалардың  негіз туралы ғылым.Ал педагогтік  әдептен педагогикалық мораль  құралады.

   Педагогтік әдепке  оның жақсылық пен жамандық,педагогтік  парыз,педагогтік әділеттілік,кәсіптік  намыс пен абырой,педагогтік бедел,ар-ождан,тәрбиешінің  еңбек тәртібі сияқты котегориялары  негіз болады.

    Жақсылық категориясының  мағынасы-ел үшін ерлікпен еңбек  ету,Отанның қуатын нығайту,абырой-даңқын  арттыру еңбек сүйгіштік,адалдық,шыншылдық,сыпайылық,адамдарға  деген сүйіспеншілік,жамандық атаулыға,Отанымыздың  дұшпандарына ымырасыз болу.

   Педагогтық бедел  категориясының мағынасы-тәрбиешінің  жеке басының кәсіби қасиеттеріеің  жиынтығы:қоғамға,табиғатқа,балаларға,педагогтер  ұжымына,ата-аналарға,жұртшылыққа адамгершілік  қарым-қатынасының көрінісі.Педагогтың  беделі оның білімін,мінез-құлқын,жеке  басының қадір-қасиетінмойындауға  негізделеді.

   Педаго әдептілігінің  негіне педагог еңбегінің әлеуметтік  мәні,жеке басының  адамгершілік  мазмұны,психологиялық жағынан қалыптасуы,кәсіптік  жағынан қарулануы,өзгелермен қарым-қатынасының  сипаты,мінез-құлқы,жасы,жынысы,мамандығы,отбасы жағдайы және т.б.жатады.

   Педагогтың жеке  басының психологиялық жағынан  қалыптасуы,кәсіптік бақылампаздығы,жүйке  жүйелерінің ерекше төзімділігі,ұстанымдылығы,ұжымдағы  қарым-қатынас стилі,табиғатқа,қоғамға,өнерге,әдебиетке,ғылымға,т.б.  қызығушылығы,эмоциялылығы,педагогтік  оптимизмі,артистігі,денсаулығы,дене  бітімі,сыртқы келбеті,жинақтылығы,белсенділігі,ұқыплығы,кез-келген  жаста жарқын жүзділігін,жағымды  көңіл-күйін,шығармашылық қабілетін  жалпы мәдениетін сақтауы.Бұл  мәнді компонент мамандыққа байланысты  жан-жақты қарулануды  талап етеді.

1.5.Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны.

  Ата-аналармен жүргізетін  жұмыстардың мазмұны,формасы,әдістеріне  тоқталамыз.Отбасы-бұл баланың   өмір сүру ортасы:қамқорлықтың  тұрақты көзі,тәрбиелеумен,қарапайым  біліммен қаруландыру және шешім  қабылдай білуге үйрететін ең  жақын адамдардың мейірім шуағын  сезінетін орын.Отбасында барлығы  жақсы болған жағдайда-балалар  жақсы жетістіктерге жетіп,өзінің  даму әлеуметіне көтеріле алады.

   Отбасымен педагогикалық  ынтымақтастық-баланың қанағаттану  деңгейі мен тәрбиешінің жұмысының  сапасын арттырады,ол төмендегі  жағдайларға негізделеді:өзара сапалы  қарым-қатынас,өзара сыйластық,әлемге  деген түсіністік көзқарас және  оның тиімділік ықпалын ұзақ  уақыт бойы сезіну,бір-біріне  серіктестік барлық қатысушыларға  жағымды әсер ететіндей болуы  тиіс,сонда ғана тәрбие мен  білім беру өз нәтижесіне жетеді.Осы  орайда,балабақшаның ата-аналармен  жұмысының мазмұны төмендегідей:

Информация о работе Балабақша тәрбиешісінің адам өміріндегі ролі