Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 11:36, реферат
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.
Кіріспе
Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................
Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері
3 Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану..................................................................................
Қорытынды ........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................
3. Әр жасөспірімнің
қалыптасып дамуына, өздері күнбе-күн
өмірден сезінетін, еститін,
көретін заттары мен
Халқымыздың
тілін, тарихын, ұлттық
бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың міндеті. Математика пәнін оқытуда мазмұны қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі өмір тәжірибесінен, салт-дәстүрінен, шаруашылық жүргізу тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттың табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерімен көрініс бере отырып оқытқан тиімді.
Халқымыздың
асыл қазынасын тиімді
Халықтық
педагогиканың математика
- мақал-мәтелдер;
- жұмбақтар;
- ойлан тап отауы;
- халық есептері;
- ертегі есептер;
- санамақтар;
- жаңылтпаштар;
- матемаикалық сиқырлар;
- тоғыз құмалақ ойыны;
Халықтық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалана отырып, математика-физика пәндерінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуе, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын аулақ салып, дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу мұғалімнің берген тапсырмасы бойынша оқушылардың үлкен мақсатты жұмысының нәтижесі. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі, ізденістері, өз бетінше бақылаулары қорытындыланады. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады.
Мысалы, мынадай
логикалық есептерді
Халықтық дәстүрлі ойындар:
“Бәйге” ойыны. Бәйге ойыны ат жарысы. Оған жүйрік, бапталған атпен шабандоздар қатысады.
“Ақсүйек ойыны”. Оқулықпен жұмыс жасауға.
“Ақ серек, көк серек ойыны”. Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге жаттықтыру.
“Қазақша
күрес ойыны”. Бұл ойында «Білекті
бірді жығар, білімді мыңды
жығар» дегендей білімдерін
“Сақина салу ойыны”. Бұл ойынға қатысушылар екі-екіден қатар отырады. Ойын бастаушы адамның қолында сақина болады.
Ол сақинаны қолдан қолға, жүгіртіп отырғандардың біреуінің қолына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны қасындағы көршісіне білдірмей орнынан шапшаң тұру керек. Егер ол тұра алмай қалса айып төлейді. Ал біз ойын ретінде білім және еңбек туралы мақал-мәтелдер айтамыз.
“Қыз қуу” ойыны. Тақтаға бір ұл мен бір қыз шығып, тездетіп есеп шығарады. Егер ұл бала бұрын шығарса, қызды қуып жеткен болып есептеледі, ал қыздан қалып қойған жағдайда айып төлеу ретінде қыздың қойған сұрағына жауап береді.
Санға қатысты мақал-мәтелдер:
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім ал)
2. Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сына ма, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)
6. Жүз теңгең болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Ер бір рет өледі, (қорқақ мың рет өледі)
11. Қырық кісі бір жақ (қыңыр кісі бір жақ)
12. Жалқаудың екі досы бар: (бірі - ұйқы, бірі – күлкі)
13. Бір түйір дәнде, (бір тамшы тер бар)
14. Бес бармақ жиылса, (жұдырық болады)
15. Алдына бір қарасаң, (артына он қара)
16. Досының мың болғанына мақтан, (дұшпаның жалғыз болса да сақтан)
17. Алты аға бірігіп әке болмас, (жеті жеңге бірігіп ана болмас)
18. Дос сегіз болса, (дұшпан сегіз)
19. Бермегенге бесеу де көп, (алғанға он болса да аз)
20. Бір құмалақ, (бір қарын майды шірітеді)
Жұмбақтар: (математикалық атаулар мен ұғымдарға байланысты)
1. Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсас бірақ достарым.
Фигура ол ең негізгі,
Дәл жауапты қостадым. (Шеңбер)
5. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)
6. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (Түзу)
Санға қатысты жұмбақтар:
1. Бір, үш, бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, мың бар.
Әрқайсысының құны бар. (Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар. (Киіз үй)
3. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ іс түсті. (Ара)
4. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар. (Домбыра)
5. 64 бөлмеде
32 тұрғын бар.
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді олар намысын. (Шахмат)
6. 1 ағаштың 12 бұтағы бар
Әр бұтағында 30-дан жапырағы бар.
Жапырақтың бір жағы ақ,
Бір жағы қара кәнеки ойлан тап? (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
7. Өзі 4 қанатты және 6 аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты. (Инелік)
8. Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)
9. Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам)
10. Екі ағайынды екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді. (Көз)
11. Таңертең 4 аяқты,
Түсте 2 аяқты,
Кешке 3 аяқты. (Адамның қартаю кезеңі)
12. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (қолғап)
13. Екі желім – күйдің көрігі, әннің көлігі (домбыра)
14. Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын бір шүмек. (домбыра)
16. Жүз төрт түйме, он бір ине. (Есепшот)
18. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар,
Иегінде сақалы бар. (Ешкі)
19. Ақ шапан үсінен,
Алты ай бойы шешпейді,
Қара шапан үстінен,
Алты ай бойы түспейді. (Қыс пен жаз)
Математикалық
сыныптан тыс жұмыстарды
Жаңылтпаштар:
1. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең-тең бұрыш, тұтас бұрыш
Тұтас бұрыш, тұтас бұрыш
Сәйкес бұрыш құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш құрған бұрыш.
2. Бес түп алма, «бестік» алғандікі
Төрт түп алма «төрттік» алғандікі
«Төрттік» алған бес түп алма алмайды,
«Бестік» алған төрт түп алма алмайды.
Санамақ:
1. Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан
Екі қой мен бір түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (8)
2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
3. Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қорытынды
Қорыта келгенде балаларды санауға үйретудің түрлі жолдары бар.
Кез-келген ата-ана баласының өсіп-жетілуінде, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрлысы жағынан жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы оқуға дайындауда ата-анасымен бірлесе отыра жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да, ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.
Балабақшадағы тәрбиешілермен тәрбиеленушілерге математика сабқтарында математикалық сауаттылықты сақтай отырып және өз сабақ барыстарында қолдану дайындығын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп оқытудың әдіс-тәсілдері, оқушылардың белсенділіктерін арттыру, оқу құрал-жабдықтарын ұқыпты қолдануға үйрету жолдарында қарастыру болып табылады.
«Математика оқыту әдісінде сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді», - деп жазған атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген оқушының сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалып-тастырудың жолдарын және ерек-шеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып, жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. Түйіндей келе, бұл баланың жеке тұлғасының қалыптасуы және ақыл-ойының, таным үрдістерінің дамуы болып табылады. Демек, баланы мектепке даярлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтпайтын әлі де зерттеуді қажет ететін міндетті мәселелердің бірі болып қала бермек.
Мектепке
дайындау бағдарламасымен
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
демекші бала тәрбиелеудегі