Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 11:36, реферат

Краткое описание

Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компьютерлік технология жақсы дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.

Содержание

Кіріспе
Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.
1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................
2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................
Мектеп жасына дейінгі балаларға санауды үйретудің тиімді әдістері
3 Мектеп жасына дейінгі балаларға ауызшап санауды үйретуде халық педагогикасын пайдалану..................................................................................
Қорытынды ........................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

математика.doc

— 131.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе

 

Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы.

 

1 Мектеп дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен байланысы............................................................................................................

 

2 Мектеп жасына дейінгі  балаларға қарапайым математикалық  ұғымдарды қалыптастыру.......................................................................................................

 

Мектеп жасына дейінгі  балаларға  санауды үйретудің тиімді әдістері.

 

3 Мектеп жасына  дейінгі балаларға ауызшап санауды  үйретуде халық педагогикасын  пайдалану..................................................................................

 

Қорытынды ........................................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

 

 

 

 

 

   Кіріспе

 

Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым  математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы

 

Қазақстан Республикасының  президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы “Жаңа  әлемдегі жаңа Қазақстан” халыққа  жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің  қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.

   Өндірістік  орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік  технологиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда.

   Қазақстан  бүгінде әлем таныған өркениетті  елдер қатарына қосылуға бет бұрған  жағдайда демократиялық жолмен дамушы  мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін  арттыру қажеті туындап отыр.

   Бүгінгі  таңда ағымдық ақпараттық құралдар  мен компьютерлік технология жақсы  дамып отырған кезде қоғам  талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі  қажет. Осы орайда әлемдік білім  берудің озық  үлгісін қолдана  отырып, білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс-жүзінде қуаттандыра біліп,  балабақша шеберханаларын қажетті матеиалдармен, құрал-жабдықтармен сұраныссыз  жабдықтап отыр, ең негізгісі – жеке тұлғпны жауапты етіп тәрбиелеуді талап етіп отыр.

   Демек,  бүгінгі күні балабақшаларда қарапайым математкалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін  көтеру мақсатында  баланың дүниетанымын қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуге көп үлесін қосуда.

   

 

  1. Мектепке дейінгі  қарапайым математиканың  басқа ғылымдармен  байланыстылығы

 

Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым  математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді  қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек  1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мазмұны.

Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында  өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың  көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін  қалаған тұңғыш педагог, әрі –  журналист-публицист.     

       Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.

       Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке  дейінгі тәрбие мен білім беру  жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие»  кітабын жазған. Бұл Қазақстан  оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

      Аталмыш  кітапқа алғысөз жазған қазақ  халқының ұлы перзенті Ахмет  Байтұрсынұлы былай деген: «Заман  амалының жарысынан, заман көшінің  қатарынан қалмай өмір сүру  үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау

керек».     Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады: 1«Күллі жер жүзінде» 2 «Мектеп жасына толмаған бала» 3.«Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?» 4.«Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі» 5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.      

      Сонымен  қатар, Италия балабақшаларының  балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.      

       Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.       

      Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.       

      Автор бұл  еңбегінде ең бастысы бірігіп  ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.       

      Нәзипа  Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған  бала тәрбиесінде оның жас  ерекшеліктеріне назар аудару  қажеттігін нақты мысалдармен  түсіндірген. Ол баланың қалыппен  дамуы үшін оған айтылатын  сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін  тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған  мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.

       Н. Құлжанова  мектеп жасына толмаған бала  тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет  атқаратындығына айрықша көңіл  бөліп былай деген: «Балаға  керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы  мектебі, бар қызығы ойын. Ойында  бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

       Н.С.  Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы  бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда  қаласында 5000 данамен басылып  шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі»  кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің ғылыми теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б.Баймұратова, Қ.Меңдаякова, Ә.Әмірова, М.Тұрыскелдиева, А.Е Манкеш, М. Жиенбаева т.б. педагог-ғалымдардың еңбектеріне атауға болады.

  Мектепке  дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне  лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан  ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ  білім академиясында қызмет ететін  ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы  « Балбөбек»  бағдарламасы жарық көрді.

 

 

  1. Мектеп  жасына  дейінгі   балаларға  қарапайым математикалық   ұғымдарды қалыптастыру

 

       Кіші жастағы баларға математиканы  оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін  сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік  және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.

       Бастауыш сыныптардағы математиканы  оқыту материалының мазмұны кіші  жастағы оқушылардың математикалық  дайындығына, білім, білік және  дағдылар деңгейіне қойылатын  талаптардың өзгер-уімен байланысты  дәстүрлі модельге елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.

Өндірістік  орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік  технологиялармен жабдықталып, қарқынмен  дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы  жақсаруда.

Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.

 

Оқыту міндеттері:

      1) Балалардың мектептік өмірге  бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін  дамытуға көмектесу, мектепке  дейінгі мекемелердегі дайындықтан  өтпеуіне байланысты өз қатарластары  және үлкендермен сөйлесуге тарту;

      2) Әр оқушының мектепке дайындық  деңгейін анықтау;

      3) Мектепке дейінгі кезеңде алған  қарапайым білім, білік және  дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу  және толықтыру;

      4) 10 көлеміндегі  заттарды санай алу және сандарды  оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;

      5) «Теңдік»  және «теңсіздік» ұғымдарына  дайындық ретінде заттардың екі  тобын салыстыру)

      6) Қосу және  азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға  тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;

   7) «Шама»  және  «сан» ұғымдарын оқытуға  дайындық  ретіндегі заттардың  ұғындықтарын  салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын  өлшеу және  өлшем бірлігі –  1 см-ді енгізу  сияқты ұғымдарды меңгеру;

   8) Геометриялық  фигуралардың  қарапайым түрлері,  заттардың  бір-біріне қатысты  орналасуымен  және амалдар мен  әрекеттің  өту ретімен кеңінен  таныстыру;

   9) Бүтін  және  бөлшек ұғымдарына дайындық  ретінде  фигураны бөліктерге  бөлу және оны бөліктерден  қалыптастыру;

   10) Дәптермен  жұмыс  істеу: оның беттерін  шамалай  алу, жаза білуге дайындық  ретінде қарапайым элементтерді  жазуға үйрету.

 

Осыған  байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық  сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды  қалыптастыру.

   Оқушыны мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап, әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы, сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.

  Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін – олардың  қарапайым ұғымдар жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды? Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне: түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын салыстыра ала ма: «артық», «кем», «сонша» терминдерінің мәнін түсіне ме? (Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен таныс па? Кеңістік  түсінігі қандай деңгейде («Шалқан», «Үйшік»  ертегілері бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде  т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма?   Нәтижелері  сабақты ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде  көрсетіледі.

Информация о работе Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдарда қарапайым математиканың ғылым болып қалыптасу тарихы