Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның бірінші тарауы: «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту» деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың маызы». Бұнда оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні негізге алынды. Бақылау, лездеме жұмыстары арқылы оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі ретінде қарастырылды. Екінші бөлімде «Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі» деп аталады. Бұл бөлімде мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі терең ұғынылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4

І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.................................................5
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы................................................5-7
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі..8-10
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы....................................................................................................11-17

ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері............................................18
2.1. Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.....18-24
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері................................25-29
2.3. Диктант және оның түрлері......................................................................30-32

Қорытынды..........................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

жазба жумыс туралы.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)

Жай жоспар                                                    Күрделі жоспар

  1. Күннің райы                                          1. Аңшылық
  2. Аңшының көңіл-күйі                           2. Орман ішінде
  3. Орман іші                                              3. Түлкінің қулығы
  4. Байқалған құлақ
  5. Атып алынған түлкі
  6. Аулауға әкелінген түлкі
  7. Зейнұрдың әрекеті
  8. Түлкінің әрекеті

Нені байқадым?

  1. Алдымен күрделі жоспарды ғана ұсынып көрдім. Айтуға қол көтерген бала саны аз болды. дегенмен айтылды.
  2. Содан соң жай жоспарды көрсеттім.
  3. Әдейі бір қатардың бір жағында отырғандар жақсы оқитындар болғандықтан, оларға осы күрделі нұсқаны ұсындым. Қалғаны жай жоспарды алды. Тақтаны сүртіп тастадым
  4. Егер жай жоспарды ғана ұсынсам, сынып түгел жақсы жазып шыға алады екен. Ауызша айтқанда аттап кеткен тұстарын толықтырып жазыпты. Мынадай сөйлемдермен қорытындыланған жұмыстар болды: «Түлкінің аяғынан тағы ату керек еді». Ал осы аталған жұмыстар әлгі күрделі жоспар алған топтан шықты. Сонда менде мынадай ой туды: «Мазмұндаманың аясын кеңейте берсе шағын шығармаға ұласады екен».

Ал енді әңгімені талдау барысында өзіміз практикалық жұмыс жасап көрейік. Мен сіздерге «Пістенің кесірі» деген қысқа әңгімені оқиын.

  1. Мазмұнын біліп алыңыз
  2. Енді осыдан қандай ой түйіндеуге болады, еркін жазып шығыңыз.  2-3 сөйлем жазыңыз.
  3. Дәл осы сәтте баланың бойындағы қай қасиетті сіз анық байқадыңыз?
  4. Шынында кінәлі кім? Тек кінәлі бейнені ғана іздестіріп көріңіз.
  5. Енді осыдан қандай шағын шығармалардың тақырыптарын тудыруға болады? Сіз ше? Әуелі жобаңызды айтыңыз.
  6. Ал енді мен ұсынатын тақырыптарға назар аударыңыз. Ішінен қалағаныңызды жазып алыңыз. Міне, бұл- үйге тапсырма болады.

а. көше тазалығы-сауаттылық кепілі

ә. оқушы тәртібі- өзекті мәселе.

б. жәндіктерге де қамқорлық  керек.

в. егер торғайларға жем  табылмаса...

г. аяушылықтың негізі адамшылықта.

Байқайсыз ба, айтылған тақырыптар- мәтіннен шыққан қорытындыларым. Сонымен жоғарыда айтылған ойларымызды қорытындыласақ, біз мынадай тұжырымға келеміз.

* Мазмұннан идея туды, идеядан тақырып туды.

* Ойға алған жұмысты  атқару үшін мұғалімнен демеушілік, кеңес беру және ойтүрткі жасау  ғана байқалады. Ал негізгі жұмысты оқушы атқарады.

* Егер де сіздің  алдыңызда күрделі тақырыптың  соңын қорытындылау тұрды делік.  Көркем шығарманың не кейіпкеріне,  не тіліне, не автордың шығармашылығына  талдау жасалу керек. Одан соңғы  сабақ- екі сағаттық шығарма.  Осының алдында қандай дайындық жүру керек?!

1. Мазмұн түгел түсінікті  болуы керек.

2. Сол көркем шығарманың  идеясы мен тақырыбын бала  біле алуы керек.

3. Талдау барысында  қорытынды түйін жасалынуы керек.

4. Сондағы басты бейне-  қаһарман тұлғасы ашылуы керек:

несімен қызықтырды; өнегелі қандай қасиеттерімен ерекше.

  1. Осы шығармадағы өздеріне ұнаған сөздер мен сөйлемдерді тырнақшаға алып, жазып алу керек.
  2. Жоспар құруға лайықты тірек сөздер табуы керек, болса сол кітаптың өз сөздерінен алуы керек.
  3. Ең бастысы оқушы ойын қозғайтындай нақты тақырып берк керек, бір сөзбен жауап беретін  сұраулы сөйлемнің қажеті жоқ.
  4. Бір шығармадан бірнеше тақырып таңдатып үйрету керек.

Сіз осы жерде бір  жазушының бір романы туралы жазылатын  әлденеше сынды, пікірді, монографиялық  еңбекті, диссертацялық қорғауды еске алыңыз.

Олай болса, шығармаға  дайындау деген- баланы зерттеуге жетелеу  деген сөз. Алатын нәрсесін, жазатын  тақырыбын ойша елестетіп, жазып, түзеп, өңдеу арқылы күрделі жұмыс орындалады.

Міне, бұл үдерісте мұғалім  мынадай екі жақты жұмысты басты нысана етеді, етуі керек.

Шығармаға дайындау

1. Сөз үйрету                                                                     2. Ой тастау

Сөздің мағынасын білдіру                                                Сөзден идея тудыру

Сөздерді таңдай білу                                                         Идеяны түсіндіру

Әр шығарманың әр бөліміне                                            Идея мен тақырып

лайықты сөз қолданысын меңгеру                                   байланысын білу                                     

 

Шығармаға қойылар талап  әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат- біреу: негізгі тақырып  не, соны басты бағдар ету керек. Жоспарлау соның айналасында  ғана болуы керек. Мысалы, «Даланың дана ұстазы» (Ыбырай Алтынсаринның ағартушылығы туралы). Кіріспе ұстаздық, даналық, Ыбырай туралы жазу керек. Негізгі бөлімде Ыбырайдың ағартушылығы туралы мақсатын, соған ұмтылысы мен табысын, кедергілер мен әр түрлі көзқарастарды жеңе білгенін, еңбегі мен жемісін, сол кезде алған бағасын, ізі мен өнегесін жазу керек.

Қорытындыда Ыбырай ағартушылығы туралы бүгінгі, сол кездегі кереғар  пікірлерді қорытып, өз ойын жазу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        2.3. Диктант және оның түрлері.

Әрбір бөлімді өткенде  ағымдағы жазба жұмыстары алынып отырады. Әсіресе, дыбыстық, буындық шығарашылық диктанттар көп болса артық емес. Тек дитантты түрлендіріп, көбірек пайдаланып отырса, оқушының қызығушылығы артады. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушының ізденіс, қызығушылығын қалыптастыру арқылы зиятерлігін арттыру.

Диктант түрлері: сөздік диктант, есте сақтау диктанты, көру диктанты, терме диктант, шығармашылық диктант, бақылау диктанты.

Диктантты өткізуге қойылатын  жалпы талаптар:

  1. Диктанттың өткізілетін түрі екі, үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі ескертіледі.
  2. Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдарын негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілеген еміле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
  3. Диктанттың қай түрі болсын мәтін орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс жасап, негізінен үш рет оқылады.
  4. Мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
  5. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.
  6. Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгіріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.
  7. Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырады. Ең соңында оқушы жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

Көру диктанты. Бұл  диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп буын, жеке сөздер, сондай ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын  ала аумақты қағазға үлкен  етіліп жазылып ілулі тұрғаны  дұрыс. Оны оқушылардың екі үш рет асықпай оқып шығуына, естеріне сақтауына бір екі минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп өз беттерінше дәптерге жазады.

Өздік диктанты. Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуға маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өздік диктантты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.

Шығармашылық диктант. Диктанттың бұл түрі үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе шәкірттер ескерту, бақылау диктанттарына сенімді даярлықпен келеді.

Сөздік диктанты. Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында  жазылады. Оған оқушылар жыл бойы меңгеруге  тиісті термин сөздер, омоним, антоним  сөздер мен жазылуы қиын байырғы сөздер алынады. Мәтіннің көлемі он, он бес сөзден аспауы керек. Сөздік диктанттың көру, өздік диктанттары ретінде де, мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.

Терме диктант. Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай мұғалім оқып тұрған мәтінді әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерін теріп жазады.

Есерту диктанты. Бұл  диктант көлемі орфографиялық емілеге  тән сөздік қоры жағынан бақылау  диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай  тек кеше не бүгін ғана өтілген  тақырыптарды ғана емес, осы уақытқа  дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан да бұл диктантқа енген мәтіндер бірін бірі қайталамай өткен материалдарды тиянақтап толықтыра түсуге тиіс. Ескету диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.

Бақылау диктанты. Бұл  диктант айына бір не әрбір  үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау  диктанттары оқушылардың бұрын  өтілген материалдары қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Оқушылардың жазба жұмыстарына  назар аударып, оны зерттеу, шәкірттерге  шығарма, мазмұндама жаздырып үйретудің  амал-тәсілдері орыс тілді педагогикада ХVІІІ ғасырдан басталған. Мектеп шығармасының  теориясы мен әдістемесінің ертеден келе жатқан тарихы бар.

Зерттеуші Н.М.Соколов  өзінің «Оқушылардың жазба және ауызша сөзі» еңбегінде оқушылардың  әдебиет теориясының элементтерін меңгере отырып, оны жазба жұмыстарында пайдаланудың қажеттілігін ұсынады. Сондай-ақ шығарма жазу барысында шәкірттердің көргендері мен бақылау нтижелері бойыеша ой түйіндеу мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Мектептерде оқушылардың  сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта  іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа  дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ  тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекет тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза  білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бұл нәтижеге жетуде көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет.

Оқушылардың жазбаша  тілін дамыту әдісі де жаңадан  дамып келеді. Оқушылар тілдік нормаларды айту, сөзді қолдану, сөйлем құрастыруды біле отырып, жазбаша, ауызша өз ойларын жеткізуге, тілдік құралдарды қолдануға талпыну керек.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

1. Қазақстан мектеп  № 3, 2002 ж.

2. Қазақстан мектеп  № 11, 2006 ж.

3. Қазақстан мектеп № 8, 2005 ж.

4. Қазақстан мектеп  № 4, 2006 ж.

5. Бастауыш мектеп  № 12, 2004 ж.

6. Бастауыш мектеп  № 2, 2008 ж.

7. Бастауыш мектеп  № 3, 2004 ж.

8. Қазақ тілі мен  әдебиеті № 1, 2008 ж.

9. Қазақ тілі мен  әдебиеті № 4, 2008 ж.

10. Қазақ тілі мен  әдебиеті № 8, 2005 ж.

11. Қазақ тілі мен  әдебиеті № 10, 2001 ж.

12. Қазақ тілі мен  әдебиеті орыс мектептерінде  № 2, 2008 ж.

13. Қазақ тілі мен  әдебиеті орыс мектептерінде  № 9, 2006 ж.

14. Қазақ тілі мен  әдебиеті орыс мектептерінде  № 3, 2003 ж.

15. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде № 6, 2001 ж.

 

 




Информация о работе Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері