Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның бірінші тарауы: «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту» деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың маызы». Бұнда оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні негізге алынды. Бақылау, лездеме жұмыстары арқылы оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі ретінде қарастырылды. Екінші бөлімде «Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі» деп аталады. Бұл бөлімде мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі терең ұғынылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4

І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.................................................5
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы................................................5-7
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі..8-10
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы....................................................................................................11-17

ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері............................................18
2.1. Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.....18-24
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері................................25-29
2.3. Диктант және оның түрлері......................................................................30-32

Қорытынды..........................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

жазба жумыс туралы.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)

Оқушылардың тілін дамытуда қазақ тілі сабақтарында келесі жұмыстар жүргізіледі:

  1. сөйлеудің дыбыстық жағынан жұмыс;
  2. сөздің мағыналық бөліктері бойынша жұмыс;
  3. сөз және фразеологизмдермен жұмыс;
  4. сөздің морфологиялық формасы бойынша жұмыс;
  5. сөз тіркестерімен жұмыс;
  6. тіл мәдениеті бойынша жұмыс;
  7. сөйлем бойынша жұмыс;
  8. стилистика бойынша жұмыс;
  9. ауызекі сөйлеу бойынша жұмыс.

Осыған байланысты оқушылардың  тілін дамыту 3 бағытта жүргізіледі

1. Оқушының сөздік  қорын байыту. Жаңа сөзбен толықтыру,  сөздің мағынасын, қолдану аясын  анықтау. Сөздік қор қазақ тілі  сабақтарында жаттығу орындау, шығарма, мазмұндама жаздыруда жүйелі түрде  өткізілетін сөздік жұмыстарымен қамтамасыз етіледі. Бұл жерде маңызды талаптардың бірі- оқушыларды таныс емес сөзді көруге, сөздікті қолдануға дағдыландыру.

2. Қазақ тілінің әдеби  нормаларын меңгеру. Бұл сөздерді дұрыс айтуға, сөз тіркестерінің, сөйлемнің құрылысын білуге, сөз таптарының стильдік мүмкіндіктерін, синтаксистік құрылымын білуге дағдыландыру. Мысал үшін берілген үлгіде сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру.

Зат есім+зат есім

Сын есім+зат есім

Зат есім+етістік

Есімдік+ зат есім

3. Оқушының жазбаша  тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ  басталады. Тілдік жаттығуларды  жазбаша түрде орындау оқушының  жазбаша тілін дамытудың алғашқы  басқышы деуге болады. Диктант  түрлері жазбаша тілдің негізгі  шартты белгісінің бірі болып саналады.

Дегенмен оқушының тілін  жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше. Мазмұндама жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі.

Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да жазбаша мазмұндауға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.

Мазмұндама арқылы балының  өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі арқылы көрінеді. Ол берілген мәтінге байланысты, оның негізінде орындалады.

Мазмұндама жүргізу  мақсатына қарай:

  1. үйрету
  2. бақылау

Мазмұндау тәсілі бойынша:

  1. ауызша
  2. жазбаша

Мәтінді жеткізу тәсілі бойынша:

  1. қысқа мазмұндама
  2. мәтінге жақын мазмұндама
  3. шығармаға жақын мазмұндама болып түрленеді.

Қазақ тілі сабақатарында  көбінесе ауызша мазмұндау жұмыстары басымырақ. Мәселен: берілген мәтіннің мазмұнын айтыңдар, сұрақтар бойынша мәтінді әңгімелеңдер.

Бақылау мазмұндама жылына 2-3 рет болуы мүмкін. Үйрету мазмұндама, бақылау мазмұндамаға қарағандаалдын ала дайындалуды қажет етеді. Дайындық бірнеше сабақ бұрын немесе бір сабақ бұрын басталуы мүмкін. Мазмұндама жазбас бұрын бірнеше жұмыс жүргізіледі. Мысал үшін модуль бойынша жазылатын болса, модуль басталған күннен-ақ дайындық жұмыстар басталуы керек. Ал бақылау мазмұндаманы дайындықсыз, 2-3 рет оқылған соң оқушылар жаза бастайды.

Мәтінге жақын мазмұндама- оқушы мәтін мазмұнын мәтіндегі  ретімен жүйелі түрде толық жазады. Мәтіндегі оқиғалар мазмұндамада түгел  қамтылады. Бұл мазмұндаманы жазуда оқушы мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуде алған тәжірибесіне сүйенеді. Бұл мазмұндама түрін жинақтағы «Бай баласы мен жарлы баласы» мәтіні бойынша 7- сыныпта өткізуге болады.

Қысқа мазмұндама- мәтіннің негізгі мазмұны ғана жазылады, мазмұнды толықтыратын, кейбір мәселелерін түсіндіретін, анықтайтын бөліктері қысқа мазмұндамада жазылмайды. Қысқа мазмұндамада оқушының ой қорытындысы өз сөзімен жазылады. Қысқа мазмұндамамәтінге жақын мазмұндамаға қарағанда, ауырырақ болып саналады. Бұл мазмұндаманы жазу үшін, оқушының өз ойын қазақша білдіре алатын тәжірибесі болуы керек.

Мәтіннің бір мәселесі бойынша мазмұндама жазудағы мұғалім  оқушының назарын мәтіндегі негізгі  мәселеге аударуды көздейді. Мұнда  мәтіндегі негізгі мәселені жақсы  түсініп, ал ол туралы толық баяндау  көзделеді. Мазмұндама мәтіндегі бір мәселенің мазмұнына байланысты түрде жүйелі баяндауды талап етеді. Жинақтағы «Есеннің кірпісі» мәтіні бойынша 8-сыныпта жазғызуға болады.

Шығармаға жақын мазмұндама ішінара екіге бөлінеді:

1.  Тапсырмасы бар  мазмұндама- әр түрлі тапсырмалармен  күрделенген мазмұндама түрі. Мәтінге жақын мазмұндаманың негізінде алынған, оқушылар мазмұндама жазуда портрет жазуға, оған мінездеме беруге, қорытынды жасауға, мазмұндаманы аяқтауға үйренеді. Қосымша тапсырма дегеніміз- мәтіннің қисынды басталуы, жалғасуы, аяқталуы, толықтырылуы. Бұл оқушыларды шығарма жазуға үйретеді.Мысалы, «Тұмар патша» мәтіні бойынша 9-сыныпта жүргізуге болады.

2.    Таңдамалы  мазмұндама мақсаты мәтіннің  бір бағытын, тақырыбын ашу.  Мәтіннен керекті бір материалды  алу, бұл мазмұндама мәтіннің  қысқартылуын, өңдеуін қажет етеді.

Сондықтан да бұл шығармаға  жақын мазмұндау түріне жатады.

Мазмұндама жазудың  мақсаттары қандай?

  1. бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру;
  2. жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану;
  3. ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
  4. мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға бағыттау;
  5. оқушының зейінін, ойын дамыту, оқушыны іс-әрекетке ұйымдастыру;
  6. оқушыны есту арқылы өз ойларын жеткізуге дағдыландыру.

Мазмұндама жаздыруда  мұғалім нені ескеру керек?

1.оқушының білім деңгейін;

2.дағдысын;

3.жас ерекшелігін;

4.оқушыны неге үйрету  керектігін;

5.мазмұндама түрлерін;

6.қазақ тілді мектептер  мен орыс мектептерінде мазмұндама  талаптары екі түрлі екенін ескеру, айырмашылығы неде екенін айқындау.

Қандай дайындық жұмыстарын жүргізу керек?

1.тақырыпты дұрыс таңдау;

2.дайындық жұмыстарының  түрін таңдау;

3.өткізу;

4.талдау, мониторинг жасау.

1. Тақырыпты таңдауда  басты талап алынған мәтіннің  оқушылар үшін білімдік, тәрбиелік мәні болу керек.

2. Сабаққа дайындық. Бұл  жерде мұғалімге тақырып бойынша  сұрақ-жауап жүргізуге болады. Мысалы  «Ана тілі» тақырыбына 11- сынпта  мазмұндама жазғызғанда, сабақтың  барысында «Ана тілі» әнін  тыңдатуға болады. Содан кейін «Ән не туралы?» деген сауалға оқушыларыңыз бірден «Ана тілі» туралы деп жауап береді. Үлкен сыныптарда оқушылардың өздері сабақтың мақсатын белгілеген жөн.

Тақырыптың тәрбиелік  мәні туралы, авторы туралы сөз болады. Мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін  мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды. Кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.

Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазғызасыздар. Содан кейін оқушыларыңыз екінші бағанадағы сөздермен және сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.

Мұғалім сөздердің синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін тауып, оны  орынды қолдануға болатыны оқушыларға ескертеді.

Оқушыларға мазмұндаманың  жоспарын жасату керек. Төменгі сыныптарда жоспарды мұғалім өзі ұсынады, кейін мұғалім көмегімен оқушы жоспарды жасайды, одан соң оқушылардың өздеріне жасату дұрыс. Оқушыларды жоспар жасауға үйретудің мәні өте зор, ол тақырыпты толық ашуға көмектеседі. Қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсаиын Айтқалиевтың жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесі

1. Қазақ тілінде ауызша  тіл мен жазбаша тілде кейбір  сөздердің айтылуы мен жазылуы  бірдей бола бермейтінін оқушылардың  есіне түсіру.

2. Үндестік заңын ескерту.

Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұл мазмұндаманы бастауға немесе өз ойларын қорытуға, дәлелдеуге, жалпы тақырыпты ашуға қолдануға болады.

Мазмұндаманы тексеру, оның талдауын дайындау. Әрбір оқушының жазба жұмысы бастан-аяқ қадағаланып мұқият қаралады. Оқушының мазмұндама жазу жөніндегі білімін, шеберлігі мен дағдысын есепке алып отыратын арнаулы дәптерге жазылады. Бекітілген нормаға сай әрбір оқушының мазмұндамасына баға қойылады.

Жалпы мазмұндамаға екі  баға қойылады:

  1. мазмұнына;
  2. сауаттылығына.

Мазмұндаманың талдану  реті.

  1. Мәтіннің мазмұнына сай толық жазылуы, мазмұндаманың көлемі. Мәтінді дұрыс ұғып, дұрыс бере алғандығы мен оның идеясын қаншалықты түсіну дәрежесі есепке алынады.
  2. Фактілік қателердің болмауы
  3. Мәтіннің жүйелі желімен жазылуы
  4. Логикалық қателердің жіберілуі
  5. Тілдік талдау кезінде жасалған ескертпелердің ескерілуі
  6. Грамматикалық қателердің болуы
  7. Өзіндік редакторлық түзетулердің болуы, оның сәтті қолдануы
  8. Пунктуациялық, орфоэпиялық, орфографикалық қателердің саны, оның сипаты
  9. Жазу мәдениеті

Мазмұндама жұмысының  көлемі мен бағалау өлшемдері

Мазмұндама нормалары

Сыныбы

Сөздер

5

80-100

6

100-120

7

120-140

8

140-160

9

190-200

10

200-220

11

220-240


 

Шартты белгілер

Шартты белгілер

Нені білдіреді?

[]

артық, керексіз

>

кеңейту

=

негізгі ойға келіспейді

~~~

жүйе жоқ

Z

азат жолдан жазу керек

Қ

қайталану

Х

орынсыз қолданылған  сөз

Е

есімдік дұрыс қолданылмаған

1,2,3

сөз тәртібі дұрыс  емес

С

сөйлем дұрыс қолданылмаған


 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Шығарма  жазуға дайындау жолдары мен әдістері.

Ең алдымен «Осы шығарма  жазу неге керек?» «Қалайда жаздыру  керек пе?» деген сұрауларға жауап  іздейік.

    1. Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым-түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
    2. Шығарма- оқушының жеке тұлға ретінде өзін  көрсете алуының белгісі, дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай болса, бұл- жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.

Нәтиже қай жұмыста  да нәтижелілігімен бағалы. Алдындағы  оқушысы ақ қағазға, өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын  танытып жатса, мұғалім жұмысының  шынымен нәтижесі болғаны ғой.

*  Енді осы жұмысқа баланы қалай  дайындап әкелу керек?

* Алдымен, оқушы сабаққа  қызығу керек. Әсіресе әдебиет  сабағының кіріспе және қорытынды  кезінде оқушы белсенділігі басымырақ  болатын жұмыстар ұйымдастырған  жөн. Жұмбақ шешуге үйрету керек,  оның да өзіндік құпия кілті бар жұмыс. Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жарысын беруге болады. Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру, ойланту. Кейіпкер туралы ой қозғату, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына төселдіруге болады.

* Дегенмен мынаны да  ескерген дұрыс. Әуелі баланы  мазмұндама жазуға үйрету керек.

Кей бала тыңдаған мазмұнын сол күйінде қағазға түсіре алады.

Кей бала мазмұнды тұтас  бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.

Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе  алмайды, не сөйлем құрай алмайды.

Кейбір бала мазмұндаманың  өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті  кейде өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл- шығарма жаза аларлық қабілетін танытқан бала.

* Енді сіздің жұмысыңыз  екі түрлі бағыт алады: 1. жаза  алмайтын баланы жаза білуге  жеткізу; 2. жақсы жазатын баланы  әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға,  шығармаға пікір жазуға баулу.

Сол сияқты жоспар құрғызу барысында да 2 түрлі нұсқа жасап, күрделі жоспарды кімге беру керектігін шешіңіз. Мысалы,  5-сыныпқа «түлкінің айласы» деген мәтінді мазмұндамаға бердім.

Информация о работе Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері