Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 09:03, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның бірінші тарауы: «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту» деп аталады. Бұл тарау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың маызы». Бұнда оқушылардың алған білімін жиі және жедел тексеруде қысқа мерзімді жазбаша жұмыстардың үлкен мәні негізге алынды. Бақылау, лездеме жұмыстары арқылы оқушылардың терең әрі нақты білім алуына, сондай-ақ білім алу барысында жіберілген олқы тұстарын тез арада анықтауға мүмкіндік беретін басты құралдардың бірі ретінде қарастырылды. Екінші бөлімде «Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі» деп аталады. Бұл бөлімде мектепте балалардың білімін жетілдіруде, әдебиетті терең түсінуде, одан алған әсерін сезіне білуде орны ерекше жұмыстың бір түрі- жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі терең ұғынылды.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3-4

І. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстарды дамыту.................................................5
1.1. Қазақ тілінің жазба жұмыстардың маңызы................................................5-7
1.2. Қазақ тілінің жазба жұмыстарын ұйымдастырудың озық тәжірибесі..8-10
1.3. Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы....................................................................................................11-17

ІІ. Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері............................................18
2.1. Мазмұндама – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың негізгі құралы.....18-24
2.2. Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері................................25-29
2.3. Диктант және оның түрлері......................................................................30-32

Қорытынды..........................................................................................................33

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................34

Прикрепленные файлы: 1 файл

жазба жумыс туралы.doc

— 181.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

        1.3.  Жазба жұмысының инновациялық түрлері арқылы тіл дамыту технологиясы.

Диктант дәстүрлі оқыту үрдісінде  ежелден келе жатқан жазба жұмыстардың  бір саласында жатады. Диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде пайдаланылып келеді. Дәстүрлі оқытудағы барлық диктанттың басты мақсаты- балалардың білімін тексеру, бақылау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге дағдыландыру, сауаттылыққа баулу болып келеді. Оқыту үрдісін технологияландыру кезеңі диктант түрлерін және оны жүргізудің жаңа инновациялық жолдарын жетілдіру мақсатын алдыға қойып отыр. Шығармашылық сипаттағы диктанттардың кейбір түрлері дәстүрлі оқыту үрдісінде де жүргізіліп келеді.

Диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиядан  іздену- тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.

Қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген  шығармашылық диктанттың төрт түрін  ұсынуға болады: сөздік диктанттың жаңа түрі; модельге негізделген диктант; «өзің біл» диктанты; «бестік »  диктанты.

Шығармашылық диктанттарды жүргізудің басты мақсатын төмендегідей саралауға болады: қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру; сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу; көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту; тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру.

Шығармашылық диктанттарды жүргізуде мына мәселелер ескерілуі  тиіс: диктант мәтініне суреттеулер, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың  алынуы; даралап, саралап оқытуды  басшылыққа алу; көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну; оқиғаның жалғасы тұжырымды жоспар түрінде ұсынылады; диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерін ұсыну.

Диктант жазар алдында  шығармашылық байқау жариялауға болады. Байқау оқушыларды ынталандырады, олардың  назарын бір мақсатқа жұмылдырады.

Ал қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген  бұл сөздік диктанттың әдістемесін  нақты мысалдармен түсіндіруге  болады.

I кесте. Сөздік диктанттың I түрі

Мұғалім оқитын сөздер

Оқушылар тауып жазатын  оның мағынасы

Көксерек

 

Құрмаш

Аңшылар ауылға әкелген  қасқырдың бөлтірігі

Көксеректі бауырына басып, аялап өсірген бала.


 

Сөздік диктанттың II түрі. Керісінше, сөздің мағынасы айтылады, оқушы ол сөзді табады.

II кесте. Сөздік диктанттың II түрі

Мағынасы

Сөздер

Аңшылар ауылға әкелген жетім бөлтіріктің аты.

 

Бөлтірікті өсірген  бала.

 

Көксеректі бастан теуіп  еңіреген адам

Көксерек

 

 

Құрмаш

 

Құрмаштың әкесі


 

Мұндай диктанттарды қазақ тілінің  қай тақырыбы болмасын әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармаларды негізге  ала отырып, бірлікте жүргізуге болады. Сөздік диктантына қойылатын талаптар: тұжырымдылық, яғни сұрақтың да, жауаптың да нақты, жинақы әрі мәнді болуы; алғырлық, шапшаңдық; әдебиеттен алған білімдерін қазақ тілі пәніне пайдалана білулері.

Шығармашылық іс-әрекеттің өнімді жолдары баршылық. Соның бірі алған білімді модельдей білу, оны мазмұны мен мәніне қарай көз алдыға келтіру немесе бір белгілермен жобалау, сұлбасын, нобайын салу, бейнесін болжау болып табылады. Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылды емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады. Модельдеуді диктанттарға да пайдалануға болады.

Сөздік диктанттардың келесі түрі модель толтыру негізінде жазылады. Оның әдістемесі. Диктант екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде диктант мәтіні оқылады. Ол әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Мысалы, 6-сыныпта оқып жатқан Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім ?» өлеңінің негізінде жазғызуға болады. Көп нүктенің орнына оқушылар керекті сөзді тауып жазады, яғни Мағжанның өзіне берген бағасын еске түсіре отырып жазады. Екінші кезеңде мұғалім алдарына ұсынған модель-сызбаны толтырып, диктантты ары қарай жалғастырады.

 

Үлгі:

                                                                    Арыстанмын


                                                                   Күнмін


    Мен кім?                                               Жолбарыспын                                                                  


                                                                   Тұлпармын

                                                                   Бұлтпын 

 

Екінші кезеңде өлеңді еске түсіру мақсатында мұғалім мәнерлеп оқиды. Сызбаның сұлбасы ғана беріледі, ал оқушылар әдебиеттен, қазақ тілінен алған білімдері бойынша оны жоғарыдағы үлгіге қарап өздері толтырады.

Сөздік диктанттың бұл  түрі мына кезеңдерден тұрады.  Бірінші  кезеңде тапсырмалар беріледі, мақсат түсіндіріледі. Екінші кезеңде оқушылар керекті сөздерді теріп жазады, өлеңнің түпнұсқасындағы сөздерді дәл жазу арқылы ақын «Менінің» моделін толтырады. Үшінші кезеңде қазақ тілі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Моделдеріндегі есімдіктерді, зат есімдерді тауып, тұлғасына қарай талдайды. Талдау түрлері мұғалім қалауына қарай басқаша да болады. Төртінші кезеңде оқушы өзіне «Мен кім?» деген сұрақ қоя отырып, «Мағжан ізімен» деген тапсырма орындайды. Онда олар өздеріне өздері баға беріп, өз «Менін» толтырады. Бесінші кезеңде осы соңғы тапсырманы «Сен кімсің?» деген сұрақ арқылы, бір-біріне баға беру арқылы жалғастырады. Осы жұмыстардың үлгісі төмендегідей болады.

Мағжанның «Мені»

Мен кім?- Арыстанмын

-Жолбарыспын

Оқушының өз «Мені»

Мен кім?- Жас тұлпармын

  • Жас қыранмын т.с.с

Бір-біріне берген баға:

Сен кімсің? – Үлгілі баласың т.с.с.

Соңғы бесінші кезеңдегі  тапсырмалардың білімділік мәнімен  қатар тәрбиелік мәні де зор. Ол әділдікке, турашылдыққа, өз-өздерін бағалай  білуге әсер етеді. Сөздік диктанттарда да оның тәрбиелік жағына ерекше көңіл бөлген жөн.

Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен  түрлендіруші орнында болды. Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына  баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді. Үшіншіден, өздерін-өздері, бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетлдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады. Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, түзету жасауға тиімді болып келеді. Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды. Бұл үрдіс бесінші, алтыншы кезеңдерде жүзеге асады. Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.

Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі- «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдыда жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді. Ол оқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді. Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түрі де шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, түзету жұмысын жүргізеді.

«Өзің тап» диктанты арқылы тіл дамыту үрдісін жүзеге асыру  әдіс-тәсілдерін төмендегі жолдармен  жүргізуге болады.

6-сынып. Қазақ тілі: Көсемше.

Әдебиет: Д.Исабеков «Ата үміті».

Берілген тапсырмалар.

  1. Көсемшелерді қайталаңдар.
  2. Д.Исабековтің «Ата үмітінің» мазмұны мен бас кейіпкерлерін еске түсіріңдер.
  3. Алдыңда үзінді жатыр. Асты сызылған көсемшелердің «Ата үмітіндегі» түпнұсқасын табыңдар.
  4. Диктантты жазып болған соң мәтіндегі 2 көсемшеге, түпнұсқадағы 2 көсемшенің жасалу жолына талдау жасаңдар.

Түн жарымы ауды. Немересі ойлап жатып-ақ қалғып кетіпті. Жас  ұлғайған  сайын ұйқы үркек бола ма, ертеңге де керек адамбыз, дем  алайын деп қанша көз жұмса  да, Тоқаңның кірпігі айқаспай-ақ қойды. Әрі Омаштың осы кезге дейін қайтып оралмауы ойын сан-саққа шашыратып, көңіліне әлдеқалай бір күдік пен қорқыныш туғызды. «Бұ пәтшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды жұтып-жұтып қазан арыққа түсіп кетті ме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды тарыдай шашыратып, немеремнің жүрегінің отын алады-ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді, бар болғыр. Ала сиырды үш мезгіл тұқыртып арқандау мұң боп жүргенде, адырда ұйықтап, дермене ору не теңім еді. Е, Алла, әйтеуір, арты қайырлы болса болғаны да!».

«Өзің тап» диктантының  тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды: оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді; сөздік қорының баюына ықпал етті; пәнаралық байланыс негізінде  алған білімдерін толықтырды.

Бестік диктанты. Шағын шығармашылық диктанттардың бірі- «Бестік» диктанты.

Оның моделі төмендегідей:

1            2             3            4           5

Сөз –  сөйлем-  сұрақ-   жауап-   жазу.

Диктант әдебиеттен оқып жатқан тақырыппен байланыстырылады. Мысалы, 6-сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан «Біржан сал Абай аулында» деген үзінді берілген. Оқушылар алдын ала диктантты жазудың әдістерін меңгеруі керек. Сол себептен де мұғалім түсінік жұмысын жүргізеді. Әдебиеттен өтіп жатқан шығарманы қайталап оқып, қайталауды тапсырады. Дайындық кезеңі үйде орындалады. Ал сабақта мұғалім диктанттың тақырыбын жазады. Оның моделі әр оқушыға таратылады, модельден ауытқуға болмайды, оның қатары қатаң сақталады.

Диктантты жүргізу  әдістемесі.

Мұғалім «Сөз» дегенде, бала «Біржан» деуі мүмкін немесе «Абай» деуі мүмкін.

Мұғалім «Сөйлем» дегенде  оқушылар «Біржан Абай аулында» немесе «Біржан Абай аулында қонақта  отыр» деуі мүмкін. Енді сұрақ қойылады.

Сұрақ: - Біржан Абай аулына неге келген?

«Өнерімен үлгі беруге келген»  немесе «Абай оның әнін тыңдауға шақырған» деген сияқты жауаптар айтылуы мүмкін.

3 кесте. Диктант жүру  барысындағы мұғалім мен оқушының  іс-әрекеті.

Мұғалім сұрағы

Оқушы жаубы

Оқушы жазған диктант  мәтіні

Сөз

Сөйлем

Сұрақ: неге келді?

Жауап

Біржан

Біржан Абай аулында

 

Өнер шашуға келді

 

Біржан Абай аулына өнер шашуға келді.


 

Түзету жұмыстарынан кейін дайын болған мәтінді мұғалім  қайталап оқып жазғызады. Осы үлгіде диктант ары қарай жалғасады.

«Бестік диктанттың»  өзіндік ерекшелігі сол- мәтін әдебиеттен оқып жатқан көркем туындыдан алынады, екіншіден, ол қазақ тіліндегі тақырыппен байланыстырылады, үшіншіден, оқушы  әдеттегі диктанттардағы өнімсіз іс-әрекеттен, яғни көшіруші, қайталаушы емес, оның мәтінін өздері құраушы дәрежесінде болады.

«Бестік» диктанттарды поэзиялық шығармалар негізінде  де жүргізуге болады. Өлең мәтіні оқушылардың  алдында жатады. Мұғалім сұрақтарына  оқушылар өлеңнен жауап іздеп, тауып  жазып отырады. Бұл жұмыстар көру диктантына үндес болып келеді.

 

 

 

ІІ. Қазақ тіліндегі  жазба жұмыстардың түрлері.

2.1. Мазмұндама  – оқушының сөйлеу тілін дамтыудың  негізгі құралы.

Мектептерде оқушылардың  сөйлеу тілін дамыту айтылым және жазылым арқылы екі түрлі бағытта  іс жүзіне асырылады. Осы уақытқа дейін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде ауызша айтылым арқылы тіл дамыту жұмыстары басымырақ болып келеді. Ал қазір тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, күнделікті өмірде, кеңсе жұмыстарында, өндіріс пен шаруашылықта, ғылымның барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану өрісі кеңейіп, іс қағаздары қазақша жүргізіліп жатқанда, мемлекет тілде тек ауызекі сөйлеумен шектелудің жеткіліксіз екені айқын байқалуда. Сондықтан ауызекі сөйлеумен қатар, сауатты жаза  білуге дағдыландырудың маңызы күннен-күнге арта түсуде, өйткені адам өз ойын жазбаша, сауатты, әдеби-көркем тілде жеткізе білгенде ғана, тілді толық меңгерген болып саналады. Бұл нәтижеге жетуде көптеген жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері жүргізілуі қажет.

Оқушылардың жазбаша  тілін дамыту әдісі де жаңадан дамып келеді. Оқушылар тілдік нормаларды айту, сөзді қолдану, сөйлем құрастыруды біле отырып, жазбаша, ауызша өз ойларын жеткізуге, тілдік құралдарды қолдануға талпыну керек.

Информация о работе Қазақ тіліндегі жазба жұмыстардың түрлері