Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 17:21, реферат

Краткое описание

Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.............
2.2.Жас ерекшелігіне байланысты мектеп педагог-психологының ауыл мектептеріндегі балалармен жүргізетін жұмыстары
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері 12.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

6-7 жасқа дейін баланың  заттарды, дүниені, қоршаған ортаны  қабылдау ерекшелігі репродуктивті бейнелі-елес күйінде болса, 7-8 жастағы баланың қабылдауы оқытудың нәтижесінде продуктивті бейнелі-елес түріндегі қабылдауға қарай өзгереді.

Атап көрсетілгендей, баланың психикалық дамуының әрбәр кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі, жетекші түрімен сипатталады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекеті жетекші болады. Бұл жастағы балалар үйінде, тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүрсе де, олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.

Алты-жеті жасар бала мектеп табалдырығын аттасымен-ақ оқушы  болады. Оның өмірінде ойын әлі маңызды  орын алғанымен осы уақыттан бастап біртіндеп басымдылығын жоғалтьа бастайды.Бастауыш сынып оқушыларының жетекші іс-әрекеті  оның мінез-құлық түрткілерін (мотив түрлерін) елеулі өзгертетін, оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытатын жаңа көздерін ашатын оқу болады.

Бірінші сынып оқушылары  бастан кешіретін қиыншылықтардың  негізгі түрлері. Көбінесе үш түрлі  қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі  жаңа мектеп тәртібіне байланысты тиісті дағдылар болмаса, балада әдеттен тыс шаршау, оқу жұмысын бұзу т.б. сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке-дара ерекшелітерін есепке ала отырып, шаралар қолдануы қажет.

Бірінші сынып оқушыларының бастан кешіретін қиыншылықтарының  екінші түрі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, отбасында болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірбан бола отырып, мұғалім қайткенмен де беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерінұсынып, оны анықтаудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне  баға береді.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман  сезіне бастайды. Алғашқыда олар сабақ басталардан бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен қарап, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге даярлықтары сезілоіп тұрды, бірақ 1 сыныпта оқу үрдісі әдетте балалар белгілі бір джаяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасалған. Әдетте, бұл білімге деген қажеттілік арнайы қарастырылмаған.

        Сонымен қатар тәрбие жұмысына ерекше назар аудару қажет. Тәрбие жұмысының осындай кезеңдерін басынан өткізген студенттер өздерінің болашақ мамандығына қызығушылығы мол,болашақта жұмыс тауып істеуге мүмкіндігі бар, ақпараттық мәдени деңгейі жоғары екендігіне сенімді болды және мамандықты меңгеру процесі оның қабілетіне лайықты болады. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды білім нәрімен сусындату,  өз бетімен білім алуын, өзін-өзі тәрбиелеуін үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Маман тұлғасының ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың алғышарттарының  бірі өз сүйіп таңдаған мұғалім мамандығының білімді, жаңашыл, ізденімпаз ұстаз ауылына іс-әрекетімен де өнеге үлгісімен де білім мен мәдениет таратады, оның өз ортасының алдыңғы қатарлы азаматы болуы -өмір талабы. Мұғалімнің біліктілігін арттыруды ұдайы, үздіксіз ұйымдастыру –оның кәсіби деңгейіне теориялық біліміне  байланысты. Кәсіби білім арқылы оның шығармашылық қабілеті де дамиды. Ол үшін болашақ мұғалім мәдениетінің негізі педагогикалық шеберліктің қалыптасуы.

Педагогикалық шеберлік дегеніміз  болашақ мұғалім тұлғасының жеке дара, психологиялық, интеллектуалды күштері мен қабілеттерінің өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінің процесі. Шығармашылық шеберлік ізденіс процесі арқылы жүзеге асырылады.

Ал, кәсіби шеберлік –мамандығы және өзін-өзі ұйымдастыру шеберлігін қалыптастыратын тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы.

Педагогикалық шеберліктің құрылымы: [7.23].

-гуманитарлық бағыттылығы: қызығушылықтар, құндылықтар, идеялар;

-кәсіби білімдері; 

-педагогикалық қабілет: коммуникативтілік,  перцептивті қабілеттер, динамизм, эмоционалды тұрақтылық, креативтілік;

-педагогикалық техника:  өзін-өзі  бағдарлау.

Педагогикалық міндеттерді шешуде қарым-қатынас жасай алу (дидактикалық біліктілік, ұйымдастырушылық қабілет, контактілі қарым-қатынас жасау  зор роль атқарады. Педагогикалық  қарым-қатынас педагогикалық кәсіби мәдениетті қалыптастырады. Ал, педагогикалық шеберлік –педагог тұлғасынының іс-әрекет барысында дами бастайды.

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің  құрылымы төмендегідей негізгі үш топқа  бөлінеді:

    1. аксиологиялық компонент
    • адами құндылық қасиеттердің жиынтығы. Олар объективті

(тарихи тұрғыда қалыптасқан). Бірақ  адамның оларды игеру барысында   олар субьектке айналады.

    • әлеуметтік кәсіби құндылықтар. (нормалардың, ережелнрдің

идеялардың жиынтығы).

    • Жеке кәсіби мақсаттар, міндетте, маманның дүниетанымдық

көзқарасы.

    1. технологиялық компонент
    • кәсіби іс-әрекеттің технологиясы. Кәсіби іс-әрекеттің түтас

жүйеде жүзеге асуы.

    1. Жеке шығармашылық компонент
    • маманның психологиялық саланы меңгеруі. Бұнда тұлғаның

кәсіби түрде ойлау қабілеттілігімен анықталады: жоғары белсенділік, жауапкершілік, ұйымдастырушылық қабілет, өзінің мінез құлқын бағалау. Сондай ақ болашақ маманның шығармашылық ерекшелігі айқындалады.

Ауыл мектептеріндегі  педагогикалық шеберлік, педагогикалық компетенттілік т.б. қасиеттер де қалыптасуы керек. В.М. Шепель компетенция шеңберіне адамның білім, ептілік, тәжірибе теориялық дайындығын кіргізеді. Педагогикалық психологияда “компетенттілік” педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген пікір қалыптасқан деп өзіндік тұжырымдама жасайды. 

Әлқожаева Н.С. “Ақпараттандыру технологиясының  болашақ маманның коммуникативтік  компетенциясын жетілдіруге ықпал” деген мақаласында ақпараттық мәдениетті қкалыптастыру -қазіргі білім берудегі үлкен міндеттің бірі. Келешекте  ақпараттық мәдениетадамның кәсіби ғана емес, жалпы мәдениеттің де көрсеткіші болып уақыт өте келе қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның дамуының маңызды бір факторына айналады. Техниканың дамуы педагогикалық технологияның да сапалары мен салаларын ғылыми дамып, нәтиже беруіне өз үлесін қосады деп есептейді [9. 212].

Жаңа технолдолгиялардың қарқынды дамуы, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай өзгерістерге алып келуде. Сыртқы және ішкі саясат саласына, тұрмысқа, медицинаға, мәдениетке, қоғамдық және жекелей көзқарасқа, ғылымға түбегейлі әсер етіп, белсенділік пен дамуға ат салысады. Нәтижесінде, әртүрлі мәселерді шешуге қажетті біліммен қамтамассыз ететін мүмкіндіктер пайда болды. Бұл ақпараттық процесс технологиялық байланыс жүйесі мен компьютердің қазіргі коммуникалдық жәрдемі арқылы өз шешімін тауып отыр.

Олай болса ақпараттық технология жоғары оқу орындарында терең  оқытылса, болашақ маманның ақпараттық мәдениеттінің қалыптасуына ықпал  ете отырып, оның кәсіби шығармашылық қабілеттінің артуына үлкен септігін тигізген болар еді.

Бізде университетте болашақ мамандардың  ақпараттық мәдениетін қолдануға мүмкіндіктер бар мысалы: “интернет зал”, жаңа талаптарға сәйкестендірілген кітапхана, электронды кітаптар оқуға болады, бірақ студенттер санына шақсақ жетіспейді,  әлі студенттердің ақпараттарды пайдалану мәдениеттілігінің төмендігінен кейбір студент қолдану ережесін білмейді. Менің ұсынарым алдын-ала 1 курста болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру курстары жүргізілсе, болашқа маманның ақпарат құралдарын меңгеріп, ақпараттық білім деңгейінің  көтерілуіне септігін тигізері  еді. Жаңа ғасырдың алғашқы бастамасы жаңа ақпараттарды өз ыңғайыңа қарай қолдана білу қажеттілігін қарай қолдана білуді талап етеді.

       Нарықтық қатынастар орныға бастаған тәуелсіз еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.

ХХІ ғасыр қоғам талабына байланысты білімдендіру ғасырына айналуда. Қазақстан Републикасының қазіргі кездегі саясаты экономикалық өзгерістерге сай қоғамдық өмірдің барлық саласындағы демократиялық жағдайларға байланысты білім беру мәселелері маңызды орынға ие болуда.

Міне біз үшінші мыңжылдыққа аяқ басып жаңа дәуір табалдырығын аттаған шақта, екі ғасырдың тоғысуын бірдей көру қазақ халқы, қазақ жастары үшін мақтаныш. Ендеше, егеменді Қазақстан еліміздің болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық тәрбие  мәселесі - деген сауалдар бізді мазалайды.

Аталмыш сауалдарға жауап іздеп көрерік. Қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптап, адами, кәсіби, танымдық, іскерлік, біліктілік т.б сапалы қасиеттерді қалыптастыруда ұлттық тәрбиені бүгінгі таңның кезек күттірмейтін келелі мәселелерінің бірі болып отырғанына көз жеткіздік.

Бүгінгі таңда жас  ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең  түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Жалпы айтқанда әрбір жеке адам қоғам  тұлғасы ретінде жеке тәрбие жұмысына, жеке өзіндік өмір бейнесіне, жеке құқыққа, танымдық қасиетке, жеке түрткі күшіне ие болатын жан. Адам белгілі бір  қоғамның мүшесі, ол қандай да болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны “жеке адам” етеді. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі оның дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет қызығушылығынан жақсы байқалады. Танымдық іс-әрекеттер адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын, білімін қалыптастыратын, шығармашылық қызметінің тарихи үрдісі.

Ұлттық тәрбие арқылы болашақ маманның тұлғасының  танымдық қасиеттер - оқушының тіл байлығының дамуынан, ойлау қызметінің  артуынан байқалады. Егер оқушылар өздерінің оқыту процесіндегі бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынып, оның ерекшеліктері мен заңдылықтарын, компоненттерін меңгеруге қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық қызығушылық пен танымдық іс-әрекеттің артқанын байқаймыз. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады

Маман жеке тұлға болып  қалыптасуы үшін – ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабарлар болуы керек. Өмірге көзқарасы, дүниетанымы кең болуы керек. Дүниетаным - ғылыми, көркемдік, құқықтық, саяси,  діни болуы мүмкін. Ұлттық тәрбие мәселесін айтпас бұрын, жалпы тәрбие мәселесіне тоталайық.

Тәрбие сөзінің мағынасы – дүниеге келген қорғауды қажет ететін, өмірге қалыптаспаған жас баланың алғашқы тамақтануынан, қадам басуынан басталады. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс.Аға ұрпақ өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Жас кезінде қалыптасқан әдет, дағды т.б. қасиеттер бала болашағының негізі.

 

 

Қорытынды

 

Ауыл тұрғындарының  арасында өмір сүруге қажетті тұрақты  әлеуметтік қатынас орнаған жағдайда әлеуметтік орта  қалыптасады. Ол  орта халықтың мәдени-тарихи өмірін қоғамдық сұраныстарға сай дамытуды көздейді, сөйтіп   өздері қоныс тепкен мекендегі білім беру ұйымдарындағы оқыту үрдісіне тікелей қатысты  болады.  Мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтендіру жүйесінің құрамдас бөлігі ретіндегі мұндай  инфрақұрылым әуыл әлеуметін құрайды.Оның социумдық қызметі әлеуметтік-тарихи, әлеуметтік-экономикалық және мәдени бағыттарда дамып, жеке адамдардың өзара қатынасы мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыс  ауыл өмірінің тұрмыстық және шаруашылық негіздерін   қамтитын болады. Бұл мәселе әлеуметтік мүдделерді қанағаттандыруға, салауатты өмір салтын орнатуға қажетті саяси шешімдер  сабақтастығында жүзеге асады. Дей тұрғанмен, қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы ауыл өмірінде көптеген қиыншылықтар да кездеседі.

     Ауыл мектебінің жұмысын жақсарту мен жандандыру  мектептің құрылымдық-мазмұндық жүйесін,  оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, өзіндік ой дербестігін дамытуды ойластырғанда ғана шешімін табады. Ауыл  мектептеріндегі оқыту үрдісіне олардың материалдық-техникалық базасының,  ақпараттық қорының толымсыздығы,  мектеп үйлерінің жылумен қамтамасыз етілмеуі, педагог мамандардың тұрақтанбауы,  мұғалімдерге әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жасалмауы, шағын жинақталған мектептерде қызмет ететін арнайы мамандарды даярлаудың қолға алынбауы, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тапшылығы, көрнекі құралдар, соның ішінде жаңа технологиялардың өріс алмауы,  және ауыл  әлеуметі мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың жоқтығы т.б. қоғамдық әрі тұрмыстық жағдайлар әсер етеді. Бұл қайшылықтар ауылдың экономикасының даму деңгейінің төмендігімен, атап айтқанда ауылдық жерлерде энергия, транспорт, және коммуникациялық желілердің деңгейіне сай еместігін көрсетеді. Әрине, мұндай кемшіліктер ауылдық жердің бәріне бірдей тән емес. Қазіргі кезде өз шама-шарқысына қарай тығырықтан шығудың әртүрлі жолдарын қарастырып жатқан ілгері басқан ауылдар да баршылық. Сол себепті де ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуді мектептен бастаған жөн. Ауыл мектебі өркениетті елдің сипатын танытатындай дәрежеге жеткенде ғана  білім сапасы артатын болады.

Информация о работе Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері