Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 17:21, реферат

Краткое описание

Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................
АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
2.1. Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.............
2.2.Жас ерекшелігіне байланысты мектеп педагог-психологының ауыл мектептеріндегі балалармен жүргізетін жұмыстары
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері 12.doc

— 101.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе.........................................................................................................................

Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері

2.1. Білім берудегі  психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.............

2.2.Жас ерекшелігіне  байланысты мектеп педагог-психологының  ауыл мектептеріндегі балалармен  жүргізетін жұмыстары

Қорытынды................................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі нарық жағдайындағы ауыл мектебіне, оның ішінде шағын жинақталған мектептерге мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде қалыптасқан жағдай ешқандай сын көтермейді. Оңтайландыру желеуімен ауылдық жерлердегі мектептердің, оның ішінде шалғайдағы елді мекендерде орналасқан шағын жинақталған қазақ мектептерінің жабылуы ешкімді де бейтарап қалдыруы тиіс емес.

Адам бойындағы ұлттық мінез-құлық қасиеттерін, өз халқының рухани дүниесін қалыптастырып, ұлтымыздың зиялыларын даярлайтын, рухани дүние  негізін құрайтын, рухани дүние негізін  қалайтын ауыл мектебі болады.

Жалпы білім беретін  ауыл мектептерінің қала мектептерімен  салыстырғанда айырмашылықтары  бар екендігі сөзсіз. Атап айтсақ, олар ауыл мектептерінің көбіне тән шағын  жинақталған сипаты, ауыл мектептерінің  ірі мәдени, ғылыми орталықтардан  алшақтығы, шалғай елді мекендерде орналасуы, ауылдық жерлерде мектепке дейінгі, мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жеткіліксіз болуы, мектепке қарасатын шағын аудандардың аумақтық жағынан шашыраңқылығы және т.б.

2006 жылы Республикадағы 779 мектептің 4-сыныптарында 33811 оқушыдан ашық 15 тапсырма бойынша тест тапсырмалары алынды. Орташа балл ретінде Республика бойынша 11, 44 балл көрсетілді. Бұдан ауыл мектептерінде оқушылардың  білім сапасын жетілдіру көкейтесті мәселенің бірі болып отырғанын байқадық.  Республика бойынша қалалық жалпы білім беретін орта мектептің саны  – 2141,  6016 ауыл мектептері.

Кез келген мемлекетттiң  өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң  негiзi мектепте қаланып, мектепте  қанат  жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”,-  деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу  қажет екенiне баса мән бердi. Сол себепті де  қазiргi нарықтық экономика жағдайындағы ауыл социумының бiлiм беру ісін ұлттық құндылықтар мен әлемдiк педагогика жетiстiктерiн ұштастыру аясында дамытудың ғылыми-әдiснамалық негiздерiн жасау мақсатында жүйелi жұмыстар жүргiзудiң  қажеттiгi  заман талабынан туындап отыр.

    Ауылдағы бiлiм  мекемелерін  реформалап, оны нарықтық экономика жағдайында нормативтiк құқықтық, ғылыми-әдiстемелiк негiзде ұйымдастыру, басқару, қаржылық-материалдық жағынан қамтамасыз ету, ауыл мектептерiнің  құрылымдық жүйесiн жетілдіруді қоғамдық өмiр мен әлеуметтiк құбылыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, дамыту да өзекті мәселелер қатарынан орын алып отыр.

 

 

 

1. Білім берудегі психологиялық қызметтің теориялық негіздемелері.

 

Бұрынғы КСРО кезеніңдегі  психологиялық қызметінің, адам психикасының әлеуметтік  табиғаты   және   дамуы   туралы,   ягни   оның  филогенездік онтогенездік   дамуындағы іргелі теориялық ережелер осы айтылғалы білім     берудегі     психологиялық    қызметтің    тұжырымдамасының негіздемесі бола алады.

Адам психикасы  Л.И. Божович, Л.С. Выготский, А.В. Запорожец, К.Леоньтев,    А.В.    Петровский,    С.Л.    Рубинштейн,    Д.Б.    Элькони ғалымдардың    айтуынша, дамудың нәтижесі, психикалық, жетілу адам дамуындағы жиналған тәжірибені әлеуметтік тәжірибені меңгеру үрдісінде болады. Айтылған  теориялық  болжамға  сүйенер   болсақ  тұлға-сана  әрекеттің қоғамдық турін меңгеру  негізінде өмір бойы  қалыптасатын, психологиялық құрылым. Тұлгалық қалыптасу өмірдің ең алғашқы минуттарынан басталып, баланың дамуымен бірге жүреді.

Психиканың  дамуы  Л.С.  Рубинштейннің айтуынша тек қана өсу  деп қарастырмай, сонымен қатар өзгеру үрдісі ретінде, ягни сандық өзгерістер сапалық, түбегейлі, маңыздыға ауысып, екпінді көріністі қайта құрылымдар болып көрінуі.

Баланың психикалық дамуының алғышарты және негізі оның өзінің іс- әрекеті. А. Н. Леонтьевтің  айтуынша, баланың психикасының жетістіктерін  меңгерту немесе үйрену болып табылады. Бұл үрдіс бала іс-әрекеттері адамзат жетістіктері қамтыған көрініс тапқан, қоршаған орта құбылыстары заттарға қатысты іске асады. Бала өзі белсенді пиғылмен еңбектенген кез-келген   оның тұлға ретінде қалыптасуы жүреді. Қалыптасу жүреді, алдымен онтогенездік даму    сатысында    басты    болып    табылған    ic-әрекет    әсерімен    баланың психологиялық    тұлғалық    ерекшелігімен    психикалық    үрдістерінде өзгерістерде шартты болған жағдайда жүреді. Басты ic-әрекетті ерекшелеудің мәні, өcin келе жатқан адамның психикалық дамуына оның тигізер әсерінің маңызы үлкен. Осыған байланысты білім беру мекемелерінде әлі де, оқыту тәрбиелеудің ауызша (сөздік) орын алып отыр. Әрине санаға әсер ете отырып тәрбиелеу - маңызды 6ipaқ да басқа әдістер жоқ емес. Тәрбиелеудің сөздік әдісіне көп көңіл бөлу, оқыту  адамилық формализмге - білімді формалды меңгеруге әкеп соқтыратын және Рубинштейннің айтканындай, оның меңгеру ic-әрекетін ескермей, үлкен балаға адамилық нормаларды енгізіпп білдіруі, баланьың ақыл-ойының  дамуы мен оның тұлғалық қасиеттері және сапасының түпкі негіздерін  келтіреді.

Баланың  кез  келген  іс-әрекетті  меңгеруі,  үлкендермен  әрдайым қарым- қатынаста болып, араласып және олардың басшылығымен жүзеге асады. Сондықтан да, әрбір баланың тұлғалық және психикалық дамуына қажетті маңызды болған шарт- бұл үлкендермен қарым-қатынас. Үлкендермен    қарым-қатынаста болу.

Үлкендермен   қарым- қатынас жасау баланың тұлғалық

қалыптасуының әрбір сатысына тән ерекше қызмет атқарады.

Зерттеудің  ғылыми және практикалық маңыздылығы

Ғылыми   тұрғысы -  мектеп   жасына  дейінгі   және   мектеп балалардың    психикалық    қалыптасуының    алғышарттарын    және қалыптасу   жағдайын,   жас   ерекшелігіне   байланысты   психикальық  дамуы болатын    заңдылықтардың    дара    көріністерін,    сондай-ақ    психологияның дамуындағы     жаңа     ғылыми-практикалық     бағыттардың,     әдіснама практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүйелеуге кездейді.

Бұл жерде  негізгі мәселе- қазіргі білім  беру жағдайында психологиялық коррекциялау, психологиялық диагностикалау, психологиялық алдын-алу дамыту багдарламаларын құрып, психологиялық әдістемелер, әдіс тәсілдерді ғылыми   негіздеу,    ягни   психологиялық   кәсіби   білімнің   нақты   байланысты қолданылуы.. Бұл зерттеулердің академиялық зерттеулерден айырмашылығы, ол тек қана қандай да бір психологиялық заңдылықтар мен механизмдерді зерттепқоймай, баланың тұтас тұлга болып қалыптасуындағы айтылған дұрыс дамуын қамтамасыз ететін жағдайды анықтайды. Зерттеу жұмыстарында ғылыми қызметкер практик психологтың анықтаған өзекті мәселелерін сөз етеді.

Тәжірибелік тұрғысы  – психологиялық қызмет көрсетудің бұл тұрғысын білім беру мекемелерінің (бала-бақша, мектеп ж.т.б. мекемелер( педагог-психологтары жүзеге асырады. Олардың міндеті – топпен, жеке баламен, ата-анамен, тәрбиеші және мұғаліммен нақты мәселені шешуге арналған басты тұғырлардан айырмашылығы, бұл бағытта жұмыс істейтін психолог-педагогқа жаңа әдістемелерді жасау міндетті емес. Бірақ психология ғылымының бұл жаңалықтарын кәсіби сауатты қолдануға міндетті. Олар ғылыми-зерттеу орталықтарына жедел шешуді талап ететін көкейкесті, өзекті мәселелерді шеше алады.

Қолданбалы тұрғысы  – білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің  психологиялық білімді талап  етеді. Бұл бағыт бойынша негізгі қалам көрсететіндер психологиялық білімді талап етеді. Олар психологтармен бірлесе отырып және немесе жеке психологиядағы соңғы жаңалалықтарды қолданып, оқыту-тәрбиелеу бағдарламасын құруға, әдістемелік материалдарды әзірлеп, оқыту бағдарламалары мен жоспарларын құруға, оқулықтар жазуда бірлесіп жұмыс істейді.

Ұйымдастыру тұрғысы  – нақты жұмыс жасап жатқан, ұйымдастыру.

Білім берудегі психологиялық қызмет мақсаты:

Бала мәселелері бойынша, практикалық психологтардың кездесетін сәтсіздіктері, күмәндары, қиындықтары мен негізгі мәселелеріне талдау жасай отырып, оларды зерттеу әдебиеттер арқылы танысқаннан кейін, психологиялық қызмет көрсету саласының мақсаты балалардың психикалық және психологиялық саулығы, - деп айтуға болады.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:

Психологиялық жұмыстың негізгі жұмыс қызметі болып  табылады.

Психологиялық ағарту –  педагогикалық ұжымның, оқушылардың  және ата-аналардың психологиялық  біліммен алғашқы танысуы. Жұмыстың негізгі мағынасы мынада:

а) мұғалімдерді және ата-аналарды жас ерекшелік, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерімен, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру;

 ә) жаңа психологиялық  зерттеулер қорытындыларын тарату  және түсіндіру;

б) психологиялық білімге  деген қажеттілікті қалыптастыру, оларды баламен жұмыс жүргізуде немесе өзінің жеке дамуында қолдану.Мектеп педагог-психрологының бұл жұмыс түрінің негізгі нысандары – дәрістер, әңгімелесу, семинарлар, көрмелер, әдебиеттерді жинақтау ж.т.б. Осы жұмыстардың барлығы берілген мектептің, белгілі контингент оқушыларының нақты мәселелерін талқылауға бағытталады.

Психологиялық алдын-алу  – баланың психикалық және тұлғалық дамыуындағы болуы мүмкін келеңсіздіктердің  алдын-алуға бағытталған жұмыстар. Психологиялық алдын-алудың міндеттері мыналар болып табылады:

а) мектеп оқушының әрбір  жас кезеңінде толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына қажетті психологиялық  ахуалды сақтау жауапкершілігін  қалыптастыру,

ә) баланың зерделік және тұлғалық дамуындағы белгілі қиындықтар мен ауытқулардың пайда болуына әкеліп соғатын ерекшеліктерін дер кезінде болжамдау;

б) оқушылардың келесі жас кезеңіне өтуіне байланысты туындайтын клеңсіздіктердің алдын-алу.

Психологиялық алдын-алу  жұмысы білім беру үрдісіне қатысушыларының  барлығымен жүргізіледі.

Психологиялық диагностика  – оқушыларды, тәрбиеленушілерді  терең психологиялық-педагогикалық  зерттеу, тұлғаның жеке ерекшеліктері  мен икемділіктерін, оқыту және турбиелеу  үрдісіндегі баланың потенциалын, мүмкіндіктерін, кәсіби өз-өзін анықтауын, сонымен қатар оқуындағы, дамуындағы, әлеуметтік бейімделуіндегі ауытқулардың себептері мен механизмдерін анықтау болып табылады. Психологиялық диагностика жеке және топпен жүргізіледі.

Психологиялық түзету –  балалық шақтағы тұлғаның қалыптасу  үрдісіне және оның жеке ерекшеліктерін сақтап қалуға педагог-психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, дәрігерлердің, әлеуметтік педагогтардың және басқа да мамандардың біріккен іс-әрекеті негізінде белсенді әсер ету.

Психологиялық кеңес  беру – оқу үрдісінде кездесетін дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне байланысты, педагогикалық қызметкерлерге, олардың ата-аналарына  және басқа ада оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық кеңес беру арқылы көмек көрсету.

 

2. Жас ерекшелігіне байланысты мектеп педагог-психологының ауыл мектептеріндегі балалармен жүргізетін жұмыстары

 

Бала өмірінің ерекше бір кезеңі, оның мектепке дейінгі  тәрбиеден өтіп, мектеп оқушысы атты әлеуметтік рөлді қабылдауы. Бұл  кезеңнің (6-7-ден 10-11 жасқа дейін) өзіне  тән негізгі белгілерін келесі жағдайдан байқауға болады: біріншіден бала мектеп оқушысына айналады, яғни бала өз бойындағы балалық шақтың белгілерін оқушылық ерекшеліктерімен ұштастырады. Мұндай белгілер оның мінез-құлқында, санасында қайшылықтар мен үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты, бұл шақ баланың көзі ашылмаған потенциалын дер кезінде байқап, дұрыс дамуына қолдау көрсетуімен маңызды. Бастауыш сыныпта адамның тума қасиеттеріне қоса, өсе қалыптасатын адам бойындағы психикалық қасиеттердің негізі қаланып, даму барысында әдетке айналуы анық. Сондықтан да ғалымдарды бастауыш сынып оқушыларының потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау мен дамытудың тиімді бағыттарын таңдау мәселесі толғандырады. Осы бағыттағы зерттеулер нәтижесін пайдалану, балаларды оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі, еңбек қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушылары  дамуында анатомиялық-физиологиялық  жетілу үрдісі жүріп, дененің барлық мүшелерінде, жасушаларында елеулі өзгерістер болады. Омыртқажддағы мойын, арқа, бел бүгілістері дамиды да, бірақ әлі қатаюы аяқталмайды, омыртқаның иілгіштігі мен ширақтығы дұрыс отыру тәрбиесімен қатар, спорттық жаттығумен шынығу нәтижесінде қалыптасады. Сондай-ақ дамудың ыңғайлы жағдайы болмаса, теріс зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысының денесі дұрыс дамып, тұлғасының сымбатты қалыптасуының маңызды шарты – баланың физиологиялық ерекшелігіне өлшемі ыңғайлы, жиһаздардың болуы (үстел, парта)баланың қабылдауына сай болуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Аяқ сүйектерінің қатаюы 9-11, ал білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жасқа қарай аяқталады.Осы жәйтті ескерер болсақ, бастауыш сынып оқушысының жазбаша жұмыстарды үлкен күш жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, шаршап, ұзақ жаза алмайды. Бастауыштың 1-2 сынып оқуышарына жазбаша тапсырмаларды аса көп берудің тиімсіз екендігі анықталады.

Информация о работе Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің ғылыми - әдістемелік негіздері