Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 20:14, реферат
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Кіріспе..................................................................................................................2
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау...............5
1. 1. Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы.........................5
1. 2. Зейін психологиясы және оны теориялық талдау..................................13
II.Бөлім: Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктері.............................................................................................21
2.1 Зейін мен қарым- қатынас.........................................................................21 2.2. Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................................................25
III.Бөлім: Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу......................................................................29
3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама...............................30
3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау..............................................................32
Қорытынды................................................................................................39 Әдебиеттер тізімі.......................................................................................41
Қосымшалар..............................................................................................46
Зейін ол тәуелсіз психикалық процесс емес, адамға қажетті психикалық іс- әрекеттің компоненті ретінде ілгері басады, сондықтан да сананың кез келген жұмысы белгілі формада сол немесе басқа болмыстың көрінісі ретінде болады.
Мюллер
зейінді сол кездегі әсермен
байланысты бас ми бөлігіндегі
сезімталдықтың уақытша
Эббингауз
зейіннің физиологиялық
Зейінді
бірден-бір зерттеген француз
психологы Т.А. Рибоны айтуға болады.
Ол әсіресе өзінің еріксіз
зейін теориясын зерттеумен
Орыстың педагогі К.Д.Ушинский зейін – сыртқы дүниедегі материялардың барлығын санамызға жіберіп отыратын есік дейді. Егер осы есік дұрыстап ашылған болса ғана, студенттер лектордың айтқанын ұғып біліп алады, егер бұл есік жабық болса, онда лектордың айтқанын жөнді ұғып, есінде қалдыра алмайды.
П.Я.
Гальперин зейін концепцияларын ұсынды.
Ол зейінді іс-әрекеттің ішкі бақылауы
сияқты қарастырды. Оның ойынша зейінді
осы түрде қарастыру зейінді өзіндік көрініс
сияқты елестетуге мүмкіндік береді, яғни
бұлзейін феномендерінің өзбетінше өмір
сүру формасын табуға мүмкіндік береді.
Зейін жайлы мұндай елес оның ақыл-ой әрекетінің
кезеңдік қалыптасуының жалпы теориялық
контекстінде дамыды.
Зейіннің
тағы бір теориясын Д.Н. Узнадзе
және оның шәкірттері дамытты.
Осы теорияға сәйкес зейін
объективтілік актісімен
Философ, психолог, Юм Дэвид – болмысты білу міндетін емес, тұрмыстың өмірге басшылық ететін дәрежесін қолдады. Сенім туғызатын білімнің негізгісі – математика объектілері, қалғандары тек қана тәжірибеден туады, деп түсінген. Тәжірибенің дәлелдейтіні – себеп пен әрекеттің ара-қатынасы.
Гештальтпсихологиядағы зейін мәселесі. Гештальтпсихологиясындағы зейін мәселесіне келсек, олар зейін болмайды деп тұжырымдады. Шынындада бұл теория зейінді түсінуді керек етпеді және олардың шығарған қортындысы бойынша зейін өзіндік көрініс болып табылмайды. Гештальтпсихология қатынастағы фигуралар мен фондардың арасындағы қозғалыстарды зерттей отырып, зейін болмайды деген қортындыға келді. Сонымен Гештальтпсихология аймағында еріксіз зейін ғана ескерілді.(мысалы, мен аудиторияға бір қарағанда бірнәрсе бірінші көрінеді, ал бірнәрсе фон ретінде қызмет атқарады. Бұл менің кейбір перцептивтік белсенділігімнің еріксіз жағы). /39.263-265/.
Зейінге ақпараттық тәсіл. (Информационный подход к вниманию).
Қазіргі кездегі зейінді зерттеудің өте маңызды бағыттарына тоқталамыз.
Яғни, зейінді
қазіргі шетелдік және
Зейінге ақпараттық тәсіл аймағында қолданылатын маңызды ұғымдарға «мәнді» және «мәнсіз» ақпараттар жатады. Ақпаратты мәнді және мәнсіз деп бөлу ақпараттық тұжырымдама аумағында зейін актісінің маңызды функциясы болып табылады.
Ауыстырып қосқыш пен оны күрделендіру нұсқауларының моделі.
Осыдан зейін актісіне қатысты көптеген әр түрлі схематикалық көріністерді ұсынады. Зейіннің бірінші сызбасы «ауыспалық үлгісі» деп аталады. Осы сызбаға байланысты субъектінің танымдық белсенділігі келесі жағдай бойынша ұйымдастырылған. Адам үшін ақпаратты бір уақытта түсіретін екі канал бар. Мысалы бұл сіздің жаныңызда тұрған екі адамның бір уақытта сөйлегенде, солардың әңгімесін қабылдауы болуы мүмкін. Бұл жүйенің бірінші звеносы. Яғни сол немесе басқа ақпарат ОЖЖ белгілі бір бөліктерінде бір уақытта әрекет етеді.
Сондай-ақ «ауыспалық» деп аталатын кейбір гипотетикалық қондырғыларда бар. Бұл қондырғы ақпарат келіп түскенде осы екі каналдың сол уақытта қайсысы негізгі болатынын анықтауға арналған. Басқаша айтқанда сол сәтте кімді сіз тыңдасаңыз – сол «ауыспалық» жұмысын қамтамачыз етеді.
Сонымен зейінді зерттеуде ақпараттық тәсіл жайлы айтқанда біз осы тәсілдің келесі өте маңызды ерекшеліктеріне тоқталамыз.
Біріншіден, ақпараттық тәсілдің
теоретиктерніне ыңғайлы
Екіншіден,
Басқа танымдық процестермен салыстырғанда зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.
Сондай–ақ зейін – адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, сондай–ақ адамдардың басқа адамдармен қарым – қатынасындағы іс- әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесс.
Өзінің құрылымында зейін біржақты психологиялық көрініс болып табылмайды, ол психологияда қасиет немесе осы сана функциясының жағы деп аталатын әртүрлі көріністермен сипатталады.
Енді зейіннің қасиеттеріне келсек әдетте, оның тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін және оның белгілі бір нәрсеге аударылуын, зейіннің көлемін, зейіннің шоғырлануын және т.б ерекшеліктерін айтады.
Зейіннің тұрақтылығы деп адамның белгілі бір іске назарын салып, оған ұзақ уақыт берілуін айтады.
Зейіннің орталық феномені ретінде С.Л.Рубинштейн (1946) психикалық іс-әрекеттің таңдамалылығын, мақсатқа бағытылығын, шоғырлануын бөледі. Психикалық іс-әрекет ретінде зейіннің шоғырлануы зейіннің басқа қасиеттерімен бірлікте болады, және де бірінші кезекте зейіннің көлемі мен шоғырлануын сипаттайтын, екінші комплекстердің қасиеттерімен – көлем мен ауыспалылық..
Сонымен зейіннің шоғырлануы дегеніміз адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологияда зейіннің көлемі адамның бір уақытта олардың қабылдауының зейініне бағытталған объектісінің саны сияқты анықталады.
Көлем мен шоғырланудың функционалдық өзара қатынасының сипаты өте күрделі болып келеді. Зейін полясының объектілері бір – бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарлауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғырлануын бір әрекет объектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды.
Әрекет объектісі мен әрекеттің өзі өзгеруі
мүмкін, ал іс - әрекеттің жалпы бағыты
сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа
ерекшелігі зейін тұрақтылығы мен шоғырлануының
өзара байланысы болып табылады. «Зейіннің
тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын,
яғни оның уақытша экстенсивтілігінің
ұзақтығымен анықталады».
Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс - әрекет процесінде бір – бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс - әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді.
Студенттер зейінінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған мәселелерді А.П.Кашина (1977), В.А.Маликованың (1979) зерттеулерінен байқауға болады.
Қорыта келгенде зейіннің зерттеуімен байланысты теориялық сұрақтарды көптеген шетелдік және советтік авторлар өзінше қарастырды. Яғни осы теориялардан зейіннің психологияның көптеген салаларында маңызы өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысы да зор екенін байқауға болады.
II.Бөлім:
Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының
2.1. Зейін және қарым-қатынас
Біріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты
қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғарғы
формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде
адам зейін актілерін реттеп отыратын
белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің
жеке зейінін реттеу жайлы белгілі көріністері
бар. Айталық көптеген бірлестіктерде
қарсыласқа ұзақ уақыт көз аламай қарау
әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін,
сондай-ақ ол үнемі еріксіз болады. Мысалы
сіз метрода кетіп баражатырсыз, және
ұзақ уақыт біреуден көз алмай қарап тұрсыз.
Басқа адамның реакциясы немесе сіздің
зейініңіздің объектісі – не ашулану,
не түсінбеушілік болады. Неге? Өйткені
адамның басқа адаммен қатынасқа түсуіне
байланысты зейін салу не салмау жоспарына
қатысты саналы қалыптасатын немесе тұрмыстық
практикада жинақталатын нормалар бар.
Адамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа адамдармен әдеттегі қарым-қатынас тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.
Зейінсіздікте басқа субъект өте сирек сол адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамның өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады.
Сондықтанда зейін мәселесі тұлға мәселесінің аймағына да қатысты – бұл фигураның фоннан жай ғана бөлінуі сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілінің сипаты емес.
Зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс - әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс - әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.
Сондай –ақ зейін – адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, сондай –ақ адамдардың басқа адамдармен қарым – қатынасындағы іс- әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесс.
Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым –қатынасының және күнделікті қарым–қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым –қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.
Қарым–қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.
2.2. Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық сипаты
Студенттерде зейін дамуының бағыттылығы олардың болашақ мамандығына деген талаптарына сәйкес көрінуі керек. А.И.Богословский зерттеген бірінші курс студенттерінің кейбір психикалық сапаларын бірнеше жылдың ішінде әр түрлі әдістемелермен арнайы зерттелген көрсеткіштері бойынша мектептен студенттер ұжымына көшкен жеткіншектердің зейін ерекшелігіне қарағанда, қызығушылықтары мен дағдылары тез өзгереді. Осы жағдай жоғарғы оқу орнының оқытушыларын бірінші курс студенттерінің жақсы оқуы үшін қажетті сапаларын қалыптастыруға міндеттейді. Зерттеуде студенттердің зейін диапазонының күштілігі 0,7-10-нан 700-900шартты бірлікке тең болды (Добрынин әдістемесі бойынша). Сондықтанда студенттер лекцияны тек тыңдап,жазбайды немесе берілген материалдың мәнін түсінбей, барлығын қатарынан жазып алады. Зейінді қалыптастыруда зейінге сияқты оның қасиеттерінің де кәсіби талаптары ескеріледі. Мысалы оқытушының зейіні жеткілікті түрдегі тұрақтылық, көлем, шоғырланумен сипатталып, жеңіл ауысып, орналасуы мүмкін. Студенттердің іс-әрекетінде әр түрлі зейін қасиеттері көрінеді: тұрақтылық, көлем, шоғырлану, орналасу, ауыспалық. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды. Мысалы, тұрақтылық пен шоғырлану студентке сыртқы ортадан кедергі болса да ұзақ уақыт өз жұмысына шоғырлануға мүмкіндік береді. Ал зейіннің тұрақсыздығы мен алаң болушылығы қабылдаудың анықтығын, нақты есте сақтауды, реакция жылдамдығын төмендетеді.
Информация о работе Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу