Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2015 в 20:14, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................2
I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау...............5
1. 1. Психология ғылымында қарым- қатынастың теориясы.........................5
1. 2. Зейін психологиясы және оны теориялық талдау..................................13

II.Бөлім: Студенттердің зейіні мен қарым-қатынасының психологиялық
ерекшеліктері.............................................................................................21
2.1 Зейін мен қарым- қатынас.........................................................................21 2.2. Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері.......................................................................................................25

III.Бөлім: Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу......................................................................29
3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама...............................30
3.2. Зерттеудің нәтижелерін талдау..............................................................32

Қорытынды................................................................................................39 Әдебиеттер тізімі.......................................................................................41
Қосымшалар..............................................................................................46

Прикрепленные файлы: 1 файл

58__-___i-ii_- (1).docx

— 110.80 Кб (Скачать документ)

«....Әр түрлі ортада қарым-қатынаста болып өскен адамдармен салыстырғанда жан-жақты дамыған болады».

В.М. Бехтерев қарым-қатынасты «тікелей» және «орташа» деп ажыратады.

Қарым-қатынастың тікелей түрінде ол еліктеу мен көндіруді қарастырады, еліктеуге адамның өзара индукциялық және зерттеулік механизмі арқылы тұлғалық өсуге тән факторлық рөлді жатқызды, ал көндіруді психикалық жағдайды бір адамнан басқа адамға немесе басқаға оның еркінің қатысуынсыз санасыз түрде берілу процесі сияқты анықтады. Ол көндіру рөліндегі лидерлердің жалпы қозғалыста және біріккен адамдардың қоғамдық ойларының механизімдегі өзара әрекетінің мәніне көңіл аударды. Оның ойынша, «адамдардың белгілі бір эмоционалдық жағдайларды жұқтыруы, оларды логикалық ақыл қортындыларына көндіруге тырысқаннан, әлдеқайда жылдам, әрі эффективті жүреді».

В.М. Бехтеревтің идеяларының дамуы өзінің шәкірті В.Н.Мясищевтің, одан кейін А.А.Бодалев, Б.Г.Ананьев сияқты ізбасарларынан жалғасын тапты.

Қарым-қатынасты филасофиялық тұрғыда талдаған көпке танымал ғалымдардың бірі – М. С. Каган. Ол қарым- қатынасты субъект арқылы өзара әрекеттесудеп түсінеді. Оның көз қарасына сәйкес, өзара әрекеттесу қарым-қатынас болып келмейді, себебі мұнда біз субъектінің объектіге ретіндегі адамға деген қатынасты қарастырып отырмыз. Ал бұл оның пікірінше қарым-қатынасқа жатпайды.

       М. С. Каган қарым-қатынастың төрт функционалды жағдайын бөліп қарастырады: - қарым-қатынас мақсаты субъектінің өзара әрекеттесуінен тыс; - қарым-қатынас мақсаты өзара әрекеттің өзінде; - қарым-қатынас мақсаты партнерді қарым-қатынас инициаторының тәжірибесіне, құндылықтарына ортақтастыру; - қарым-қатынас мақсаты инициатордың өзін партнер құндылықтарына ортақтастыру. Функционалды жағдайларға сәйкес қарым-қатынас түрлері қарастырылады: қарым-қатынасқа бола, басқаны өз құндылықтарына және өзгенің құндылықтарын өзіне ортақтастыру ретінде заттық іс-әрекетке қызмет ету. Бірінші түрге мысал ретінде қарым-қатынастың іс-әрекет мақсаттарын іске асыратын дәстүрлердегі, ойындардағы қарым-қатынасты алуға болады; екіншісіне мысал – достық қарым-қатынас; үшіншісіне – тәрбие; төртіншіге -өзін-өзі тәрбиелеу. Берілген жіктеуден қарым-қатынас мақсаттары мен құралдары арасындағы байланысты аңғаруға болады.

        В.А.Мясищевтің еңбегінде қарым – қатынас белгілі бір жағдайда бір – біріне қатысты немесе бір – біріне әсер ететін нақты тұлғалардың өзара әрекеттерінің процесі сияқты түсіндіріледі.

      А.А.Бодалев қарым-қатынасты іс - әрекетің ерекше түрі деп қарым-қатынасты адамның тұлға және іс - әрекет субъектісі және жеке даралық ретінде дамуының негізгі факторы болатынын атап өтеді. Қарым-қатынастың тәрбиелік мәнін ол тек дүниетанымды кеңейтуде ғана емес, сонымен қатар, тұлға интеллектісінің дамуындағы рөліне тоқталған.

 В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте  қарым – қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік  өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның ЖОО-да тәрбиелеу  мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым – қатынас адамгершілік-құндылық потенциялға ие. В.А. Кан-Калик қарым – қатынас функцияларын ішкі және сыртқыға бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру,бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.

 М.А. Буева қарым-қатынасты тек рухани  ғана емес, сонымен бірге материалдық, әлеуметтік – шынайы процесс ретінде қарастырады. Онда іс- әрекетпен, тәжірибемен, дағдылар мен икемділіктермен алмасу іске асады.               Т.В.Пеленина қарым-қатынастың тұлға қалыптасуындағы рөлі жайлы қалыптасуының бір факторы ретінде қарастырады. Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі болып келеді. Сонымен, қорытындылай келе, қарым-қатынасты субъект- субъектілік қатынастар болып келетінін айтуға болады, себебі ол іс-әрекет және өзіне үлкен рухани адамгершілік-құндылық потенциалды кіріктіреді.

 Қарым-қатынаста  адамдар өзін көрсетеді, өзі үшін және басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі.Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынас қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынаста адамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан моралъ, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады: адамның бүкіл өмірі барысында психикалық процестері мен мінез- құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық. Қарым-қатынастың мазмұнына, мақсатына, құралдарына қарай бірнеше түрлерін бөліп қарастыруға болады. Мазмұны бойынша ол материалды түрде (іс-әрекет өнімдері және заттарымен ауысу), когнетивті түрде (біліммен алмасу), кондиционды түрде (пихикалық және физиологиялық жағдаймен алмасу), мотивациялық түрде (қажеттіліктермен, түрткілермен, қызығушылықтармен, мақсаттармен алмасу), іс-әрекеттік түрде (әрекеттермен, амалдармен, икемділіктермен) болады. Қарым-қатынас құралдарына келетін болсақ, оны қарым-қатынас үрдісінде біреуден екіншіге берілетін ақпаратты кодтау, тасымалдау, өңдеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ақпаратты кодтау –бұл біреуден екіншіге ақпаратты беру әдісі. Мысалы, ақпарат тура денелік контакт көмегімен (денемен, қолмен сүйену) беріледі. Ақпарат адамдармен сезім мүшелері арқылы белгілі қашықтықта беріле алады (адамның екіншіні сырттан оның іс-әрекетін бақылауы).Аталғандардан басқа да ақпарат беру тәсілдері белгілі. Оларға  тіл және белгілік жүйелер; жазу түріндегі (мәтін , сұлба, сурет, сызу), ақпаратты сақтау және беру (радио-видеотехника)жатады.  

Құралдары бойынша қарым-қатынас тікелей емес, тура және жанама болады.

 Тікелей емес қарым-қатынас табиғи мүшелер (қол, бас, дене) арқылы жүзеге асады. Тікелей емес қарым-қатынас жазбаша түрдегі немесе техникалық құралды пайдалану негізіндегі толық емес психологиялық байланыс.

 Тікелей қарым-қатынас ақпарат алмасу және қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін арналған арнаулы құралдарды қолданумен байланыст. Бұлар табиғи заттар (таяқ, тас, жердегі із т.б.) немесе мәдени (белгілік жүйелер, символдар жазбасы, радио теледидар,) Тура қарым-қатынас кезіндегі бір-бірімен сөйлесіп отырған адамдардың жеке байланысты және қабыдау, мысалы: дене байланыстары, адамдардың бір-бірінің әрекеттеріне жауап қайтару. Жанама қарым-қатынас басқа адамдар шыға алатын аралықтар арқылы жүзеге асады. Мысалы, мемлекет арқылы, топтық, отбасылық деңгейлер арасындағы әңгіме. Инструментальды деп қарым-қатынастың өзінен қанағаттанушылық алудан басқа бір мақсат іздейтін, өзіндік қажеттілікпен реттелетін, қзіндік мақсат болмайтын қарым-қатынасты айтады. Мақсатталған-бұл арнайы қажеттіліктерді қанағаттандыруи құралы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды түрлері болып вербальды және вербальді емес қарым-қатынас алынады. Вербальды емес қарым-қатынас құралы ретінде сөздік тілді қолданбайды. Оған мимика, жест, пантомимика көмегімен түсінісу жатады. Вербальды қарым-қатынас тек қана адамға тән. Өзінің коммуникативті мүмкіндіктеріне байланысты ол вербальді емес қарым-қатынасқа бай болады.

Адамзат тәжірибесін игеруде жазудың, кітаптың, басқа әр түрлі техникалық құралдың пайда болуы тікелей емес қарым-қатынас жасаудың жүйесін күрделендірді. Қарым-қатынас ары қарай жеке адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас болып бөлінеді. Жеке адам аралық қарым-қатынас – топтарда, жұптарда жеке дара ерекшеліктерін білу, қайғы-қуанышына ортақтасу, түсіну, бірігіп іс-әрекет ету негіздерінде қалыптасатын түрі. Көпшіліктік қарым-қатынас – көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетиаклық қарым-қатынастарды да жатқызады. Қарым-қатынаста адамдар өзін көрсетеді, өзі үшінжәне басқалар үшін психологиялық қасиеттерін аша түседі. Сонымен бірге ол қасиетті қарым-қатынаста қалыптасады да. Адамдармен қарым-қатынастаадамның адамзаттық тәжірибені игеруі, қалыптасқан мораль, құндылықтар, білім мен іс-әрекет түрлерін игеруі, жеке адам және дара адам түрінде қалыптасуы іске асырылады. Яғни қарым-қатынас адамның психологиялық дамуының маңызды факторы. Жалпы алғанда қарым-қатынасты былай анықтауға болады:адамның бүкіл өмірі барысында психиаклық процестері мен мінез-құлқы қалыптасатын жан-жақты шындық.                                                                                                             Қорыта келгенде көптеген әдебиеттердегі ғалымдардың теорияларына талдау жасай отырып қарым–қатынас механизмдерін, қарым – қатынастың тиімділігін анықтайтын, өзара түсінікті сипаттайтын күрделі психологиялық құрылым деп түсінеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. 2.  Зейін психологиясы және  оны теориялық талдау

       Зейінді өзіндік процесс немесе адамдардың іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілі болып табылады деген сұрақ кейінгі он жылда, әсіресе советтік әдебиеттерде күрделене түсті. Егер 1920-1930-шы тіпті, 1940-шы жылдардағы мақалаларда жоғарыдағыдай айтылса,қазіргі кезде зейінді қалай түсіну жайлы сұрақтар талдануда. Советтік психологияда зейін адамның психикалық іс-әрекетке бағыттылығы немесе шоғырлануы сияқты анықталмайды.

        Зейінді өзіндік көрініс сияқты емес танымдық психикалық іс-әрекеттің жағы сияқты қарастыру көрінісі советтік әдебиетте әсіресе С.Л.Рубинштейн мен Н.Ф.Добрынинаның еңбектерінен көрінді. Добрынинаның еңбегінде зейін психикалық іс-әрекеттің бағыттылығы, шоғырлануы сияқты анықталады.Осыдан зейін бірден-бір кез келген психикалық іс-әрекет сипатының қасиеті екені белгілі. Рубинштейн зейінге танымдық процестердің бір жағы деген анықтама береді. /31.281-283/.

      Зейінді пайда болуы жағынан зерттеу біріншіден сананың бірден-бір нақты-психологиялық теориясы болып келді.Алғашқыда зейінді зерттеу дәл осы сананың индивидуалдық мәселелерінің контекстіне қатысты болды. Жалпы психологияда зейін мәселелері жан-жақты қарастырылған.                                      Сондықтанда ең бірінші көзге түсетіні бұл зейіннің әр түрлі анықтамаларының көп болуы. Зейінді зерттеуде әр түрлі тәсілдерді қалайда жүйелеуге тырысу үшін зейінінің әр түрлі теорияларын, осы мәселелердің зерттеу тарихын қарастырған жөн.

Өз уақытында орыс психологы Н.Н.Ланге сол уақыттағы философиялық және психологиялық әдебиеттерден орын алған зейіннің негізгі теорияларының жүйелілігін тексеріп, негізгі сегіз теорияны бөлді.

  1. Зейін қозғалысқа бейімделудің нәтижесі.
  2. Зейін сана көлемінің шектеуі.
  3. Зейін эмоцияның нәтижесі.
  4. Зейін апперцепцияның нәтижесі.
  5. Зейін жүйке тітіркендіргіштерінің нәтижесі.
  6. Зейін ерекше белсенділік, жан қаблетінің нәтижесі.
  7. Зейін іс-әрекет түрлерінің бірі.
  8. Зейін жүйке тежелулерінің нәтижесі.

Зейіннің осы теориясын қысқаша қарастырудың өзінде зерттеу көрінісінің сипатында көп жоспарлықтың жатқандығын көрсетеді./31.274-275/.

У.Джемс зейінді толықтай физиологиялық шартқа тәуелді психикалық процесс ретінде қарастырады. Және ол зейін объектілерінің солай анықталатынына сенімді./16.119-140/.

     Зейінді  психофизиологиялық  зерттеу  және  оларды  талдау.

Ағзаның белсенді ұйымдасуының таңдамалы бағытының көрінудегі еріксіз зейінніңформасын зерттеу басты жағдайда психофизиологиялық зерттеудің контекстінде жүзеге асырылады. Осы зерттеумен олардың теориялық көріністері мен түсініктеріне тән негізгі бағыттарды қарастырамыз.

        Шеррингтон воронкасы. Зейіннің физиологиялық табиғатын түсінуде танымал физиолог Чарльз Шеррингтон еңбегінің маңызы зор болды. Координация қозғалысын зерттей отырып, ол «Шеррингтон воронкасы» деген атқа ие болған жүйке жүйесі жұмысының бірден-бір принциптерін анықтады. Шеррингтонның теориясы бойынша, адамға әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса,  олар бір-бірін толықтырып, немесе бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып әлсіздері жеңіліп күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологияларға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар – зейін.

Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсіндіреді.

       Зейін мәселесіне қатысты физиологиялық зерттеудің тағы бір маңызды көрінісі,- бұл бас миы бөлігінде тітіркендіргіштердің ретсіз орналасуы.

Оны өңдеумен айналысқан советтің атақты физиологы И.П.Павлов болды.

Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін мида пайда болатын индукция заңдарымен байланыстырады. Бұл заң бойынша мидың бір саласында иайда болған қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы, немесе пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп Павлов зейіннің физиологиялық негіздерін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады.

       Зейіннің физиологиялық негізін академик Ухтомский доминант теориясымен түсіндіреді. Доминант – мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Бұл теория бойынша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштардың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштырды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғанаәрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндай құбылысты субдоминант деп атайды.

       Э.Б.Титченер бойынша зейін адам рухының өз дамуында үш кезеңнен тұрады: бірінші зейін жүйке жүйесіне күшті әсер ететін әр түрлі әсерлермен анықталуы сана орталықтарымен шектеледі; екінші зейін сана орталықтарының жалғасы белгілі қабылдау немесе елес басқалардың уайымының қарама-қайшылығына қарамастан шектеледі. Зейіннің рухани процесі басында қарапайым; одан кейін ол күрделенеді – шоғырлану мен ойластыру жағдайында өте жоғары дәрежедегі күрделілікті иемденеді. Яғни Титченер өмірді толықтай қарастыра отырып былай дейді – оқыту мен тәрбиелеу кезеңі зейіннің екінші кезеңі, ал ересектік пен өзіндік іс-әрекеті бар кезең ерікті бірінші зейіндік кезең болып табылады. /12.30-33/.

Информация о работе Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу